Токиодағы Олимпиада ойындары осы жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Олимпиада алауы Фукусима префектурасындағы J-Village футбол орталығының аумағында тұтатылды.
Осылайша, жазғы Олимпиада ойындарына дейінгі төрт айдың кері санағы басталды.
Елдегі коронавирусқа қарсы шаралардың күшіне енуіне байланысты олимпиада алауының эстафетасын бастау салтанатына көрермендер қатысқан жоқ.
Ал алдын ала жоспар бойынша бұл шараға бас-аяғы үш мыңға жуық адамның қатысуы көзделді.
Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасының медалі қандай болады – алғашқы суреттер жарияланды
Жапония билігі инфекцияның таралу қаупі жоғары болғандықтан аталған шараның ауқымын едәуір қысқартты.
Алауды алып жүретін эстафета кезінде де сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Эстафета 121 күнге созылады.
Эстафета алауы Грекиядан олимпиада алауымен бірге жеткізілген шамдалдың көмегімен тұтатылды. Суретте: 2021 жылдың 25 наурызында олимпиада алауының эстафетасы басталған сәттегі Олимпиада ойындары 2020 ұйымдастыру комитетінің басшысы Сэйко Хасимото.
Токиодағы Олимпиада 2020 жылдың шілде-тамыз айларында өтуі тиіс болатын. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты ол кейінге шегерілді. Суретте: Фукусима префектурасында эстафета бастау алған сәттегі Жапонияның ұлттық әйелдер футбол командасының мүшесі
2021 жылдың жазында Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына көрермендер қатыспайды. Суретте: эстафета кезінде олимпиада алауын ұстаған факел ұстаушы.
Олимпиада 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. "Токио – 2020" атауы өзгермейді. Суретте: Фукусима префектурасында алау эстафетасының басталуы кезінде өнер көрсеткен бишілер.
Олимпиада алауының эстафетасы 121 күнге созылады. Суретте: Фукусима префектурасындағы эстафета кезіндегі балалар.
Алау күншығыс еліндегі 47 префектурадағы 859 муниципалитет арқылы өтеді. Суретте: эстафета кезінде алау ұстаушылар күзет қоршауымен жылжып келеді.
Жапониядағы Фукусима префектурасында Олимпиада алауының эстафетасы кезінде оркестр мүшесі музыкалық аспапта ойнап тұр.
Фукусима префектурасындағы Олимпиада алауының эстафетасы, 2021 жыл, 25 наурыз.
Эстафетаға 10 мыңға жуық адам қатысады. Суретте: Токио-2020 Олимпиада алауы эстафетасы кезінде қолына жазу тақтайшасын ұстаған ер адам.
Эстафета кезіндегі жапондар гүлдеген шие ағашының жанында тұр.
Фукусима префектурасындағы эстафета кезінде Олимпиада алауын ұстаған жапондар.
Бұл шара коронавирус инфекциясының таралуына жол бермейтін барлық сақтық шараларын қатаң сақтаумен ұйымдастырылды. Суретте: Фукусима префектурасындағы эстафета кезіндегі балалар.
Осы жылы адам баласы ғарышты бағындырғанына 60 жыл толып отыр.
Бұл тарихи оқиға да дәл биылғыдай дүйсенбіге дөп келген еді. Суреттер ғарышқа аттанған Юрий Гагарин мен жердегі адамдардың сезімін, көңіл-күйін толық жеткізе алмайды.
Адамзатқа ғаламшар атмосферасынан тыс кеңістікті зерттеуге мүмкіндік берген Гагариннің жүздеген сағатқа созылған дайындығы мен техниканың даярлануы кадр сыртында қалды.
Оқи отырыңыз: "Ешқашан ұмытылмайды": Олжас Сүлейменов Гагарин, ғарыш және Алматы туралы - видео
Бүгінде бес жүзге жуық адам орбитада болып қайтса да, Гагариннің небәрі 106 минутқа созылған алғашқы ұшуы адамзат үшін үлкен ерлік саналады.
1961 жылдың 12 сәуіріндегі тарихи оқиға қалай өткені және бүкіл әлем тұңғыш ғарышкерге қандай құрмет көрсеткені туралы суреттер топтамасынан көре аласыздар.
Тарихтағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин 1960 жылдың маусымында әйелі Валентина және қызы Еленамен бірге Клязма жағажайындағы демалыста суретке түсуде.
Юрий Гагарин ғарышкерлерді даярлау орталығында вестибулярлық дайындық кезінде. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.
Ғарышкер Юрий Гагарин ұшудан бірер сәт бұрын "Восток-1" ғарыш кемесіне баратын баспалдақта тұр. Байқоңыр ғарыш айлағы, 1961 жылдың 12 сәуірі.
Юрий Гагарин ұшудан бірер сәт бұрын "Восток-1" ғарыш кемесінің кабинасында. Байқоңыр ғарыш айлағы, 1961 жылдың 12 сәуірі.
Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин басқарған "Восток-1" ғарыш кемесі 1961 жылдың 12 сәуірінде Мәскеу уақыты бойынша 09 сағат 07 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.
Ғарышкер Юрий Гагарин (ортада) VIII Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде.
Куба Республикасы министрлер кеңесінің төрағасы Фидель Кастроның жеке шақыруы бойынша КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Алексеевич Гагариннің Кубаға келуі. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин Гавана қаласының тұрғындарымен амандасып тұр.
"Восток" ғарыш кемесі қонған жер.
КСРО ұшқыш-ғарышкерлері, Кеңес Одағының Батыры Валерий Быковский (оң жақта), Юрий Гагарин (ортада) және Валентина Терешкова.
КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Гагариннің Жапония мемлекетіне сапары. Хоккайдо аралының тұрғындары әлемнің тұңғыш ғарышкерін ереше ықыласпен қарсы алуда.
Әлемдегі тұңғыш кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин телефон арқылы КОКП ОК бірінші хатшысы Никита Сергеевич Хрущевке ғарышқа ұшудың сәтті аяқталғаны туралы хабарлап тұр. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.
КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы Никита Сергеевич Хрущев ғарышкер Юрий Гагаринмен телефон арқылы сөйлесіп тұр.
КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Алексеевич Гагарин (сол жақта) бейбітшілікті жақтаушылардың Пагуош митингіне қатысу үшін Канадаға сапары. Ғарышкерді әйгілі америкалық қаржыгер, "Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін" Ленин сыйлығының лауреаты Сайрус Итон шақырды. Юрий Гагарин Итон ханымға сыйлық ұсынып тұр.
Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин (оң жақта) 1963 жылдың 28 қыркүйегінде Париждегі Эйфель мұнарасына барған кезде телескоп арқылы қарап тұр.
Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин Лондондағы Гайд-Парк қонақ үйіндегі өз құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиында. Ұлыбритания, 1961 жылдың 13 шілдесі.
КСРО ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагарин КСРО халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінде. Ол "Машина жасау" ("Ғарыш") павильонының экспозициясын қызы Ленамен бірге тамашалап тұр. Юрий Гагарин қызына өзі ғарышқа ұшқан "Восток" ғарыш кемесінің түпнұсқасын көрсетуде.
Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин мен оның әйелі Валентина 1962 жылдың 6 қыркүйегінде Копенгагенде Дания королі Фредерикпен кездесуден кейін.
Ұлыбританияның соғыс істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Джон Профумоның әйелі, бұрынғы актриса Валери Хобсон ғарышкер Юрий Гагариннің қолын алуда. 1961 жылдың 11 шілдесінде КСРО-ның Лондондағы елшілігінде ғарышкердің құрметіне арналған қабылдау.
КСРО ұшқыш-ғарышкері Юрий Алексеевич Гагарин бір құшақ түймедақпен бірге.
Ғарышкер Юрий Гагарин Каир маңындағы Гиза пирамидалары орналасқан әйгілі туристік орынға сапары кезінде ежелгі Сфинкс жанында суретке түсіп тұр. 1962 жылдың 31 қаңтары, Мысыр. 1962 жылдың 31 қаңтары, Мысыр.
Кейбір ғалымдар бұл олжаның басты құндылығы пирамидалар еліне туристердің қызығушылығын қайта ояту мүмкіндігі деп санайды. Ал археологтар болса жоғалып кеткен "Алтын қаланың" ашылуы соңғы онжылдықтардағы ең үлкен айтулы оқиға екеніне сенімді.
Үлкен қала бұған дейін алпысқа жуық халықаралық экспедиция болып қайқан аумақтан табылды. Археологтар Тутанхамон жерленген храмды іздеген. Бұл перғауынның әйгілі саркофагы көп жыл бойы Ежелгі Мысырдың символына айналған болатын. Алайда мамандар әлдеқайда құнды олжаға тап болды.
Оқи отырыңыз: Су астына кеткен көне қалалар – фото
Жас шамасы үш мың жыл деп болжанған қалада қазірдің өзінде көптеген құрылыс табылды. Олардың қабырғаларының биіктігі үш метрге жетеді. Сондай-ақ көне керамиканың сансыз көп үлгісі, адам мәйітінің қалдықтары және жануарлар сүйегі табылды.
Түрлі елдегі мысыртанушы мамандар "Алтын қаланы" зерттеу ежелгімысырлық өркениеттің көп құпиясының бетін ашатынына сенімді.
Ер адам Луксор жанындағы "Алтын қаладан" табылған затты қолына ұстап тұр.
Перғауын Аменхотеп ІІІ үшін салынған храмды күзететін Мемнон алып мүсіндеріне жақын орналасқан Әл-Карна ауылының жанында тұрған адамдар.
Жұмысшылар Аменхотеп ІІІ билік еткен шақта "Атон дәуірлеуі" деген атауға ие болған 3 мың жылдық тарихы бар қаланың археологиялық қазбалары кезінде табылған тас боп қатқан балықты көтеріп келе жатыр.
Мысыр миссиясындағы археологтар ежелгі қала қалдықтарын Луксор аумағынан тыс құмнан тапқан. Мамандардың айтуынша бұл шаһар Мысырда анықталған ең ірі археологиялық қазба және ол перғауындардың алтын ғасырына жатады. Танымал мысыртанушы Захи Хавасс "Алтын қала" патшалар алқабы саналатын Луксорға жақын маңайда табылғанын мәлімдеді.
Луксордың батыс жағалауында перғауын Аменхотеп ІІІ үшін салынған храмды күзететін Мемнонның алып екі мүсінінің қирандылар келбеті.
Археологтар "Алтын қаланың" аумағын қазу кезінде адам қалдықтарын тапты.
Мысырдағы Луксор жанындағы "Алтын қаладағы" қазба жұмыстары кезіндегі археологтар олжаларының арасында жануарлар сүйегі де бар. Ол қаланың байырғы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Жұмысшы "Алтын қала" маңында суретке түсіп тұр. Жақында табылған қала король Рамсес ІІІ пен Аменхотоп ІІІ алып мүсіндерінің ортасында Нілдің батыс жағалауында орналасқан. Қалаға ІІІ Аменхотоп немересі Тутанхамон, кейіннен оның ізін басушы король Эйя билік еткен.
Археологтардың пікірінше, "Алтын қаладағы" қазба орындарынан табылған керамика үлгілері тарихи және мәдени құндылық бола алады.
Ер адам қолына археологтар қалпына келтірген "Алтын қала" олжасы – керамикалық ыдысты ұстап тұр.
Археологтар Луксор жанындағы жоғалып кеткен "Алтын қаладан" жануарлардың сүйектерін де тапты.
Құмда ғайып болған "Алтын қала" аумағы өте үлкен. Археологтардың пікірінше, шаһарға бірнеше перғауын билік еткендіктен ол жиі қайта жасақталып, кеңейтілген.
Жергілікті халық коронавирус пандемиясына қарамастан археологтар жұмысына үлкен қызығушылық білдіруде.
Жергілікті тұрғындар мен туристер үшін "Алтын қала" қазба жұмыстарына жақын маңда табылған экспонаттардың жылжымалы музейін ұйымдастырды.
Жұмысшы мысырлық миссия "Атонның дәуірлеуі" атауына ие болған 3 мың жылдық қаладан табылып қалпына келтірілген керамика ыдысты көтеріп бара жатыр.
Ғалымдардың пікірінше, көне қаланың құпиялары мен қазыналары бойынша тың жаңалықтарды ашуға кемінде он жыл қажет.
НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Соңғы күні Солтүстікатлантикалық альянс шығыс Еуропада күрт белсенділік танытып жатыр. Бұл Киевтің Донбаспен шекараға қосымша бөлімшелер мен техника жеткізуіне қатысты жауапты әрекет екені ешкімге жасырын емес, деп жазады РИА Новости.
Донбастағы жағдайдың кезекті рет өршуіне байланысты НАТО елдерінің авиациясы бұл аймақта жиі төбе көрсетіп жүр. Түйісу орнында RQ-4 Global Hawk барлаушы дрондары тұрақты күзетте тұр. Олар ДХР мен ЛХР әскерінің қорғанысқа даярлығын назардан тыс қалдырмауда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген суреттер сол мезетте киевтік әскери қолбасшылардың үстеліне жететініне еш күмән жоқ.Украина қарулы күштері де әуе барлауын күшейтті. Сарбаздар Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 соққы жасаушы дрондарын байқаған. УҚК-де мұндай алты дрон бар. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізу туралы келісімшарт жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапары кезінде жасалғаны мәлім болды.
Сонымен қатар, батыс авиациясы Қырым жағалауына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Британдық және америкалық Boeing RC135W және Lockheed P-3COrion радиоэлектронды барлау ұшағы мен P-8APoseidon кемеге қарсы ұшағы Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр. Олардың басты міндеті – Қара теңіз флоты кемелерінің әрекетін қадағалау және түбекте орналасқан әскери топтың әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің позицияларын анықтау.
НАТО өңірдегі әскери-теңіз қатысуын да күшейтіп жатыр. Сәуірдің соңына дейін АҚШ ӘТК-нің екі зымыран эсминеці Қара теңізге шығуы керек. Пентагонның ресми мәлімдемесі бойынша, кемелерді бағыттау қалыпты сипатқи ие. Алайда Кремль жағдайды назарда ұстап отыр. Себебі бұл эсминецтер елуден астам "Томагавк" қанатты зымыранын тасымалдайды.
"Америка Құрама Штаттарының әскери белсенділігіне, соның ішінде Қара теңізге кеме кіргізуіне келсек, бұл тұрақты болып жатыр. Қазір бұл әсіресе агрессивті қарқында орындалуда", – дейді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.
Тағы бір қызық жағдай: АҚШ ӘӘК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Киевке қандай жүк жеткізіп жатыр?
Мамандар FlightRadar интернет сервисінің көрсеткішіне назар аударып, АҚШ, Германия мен Балтық маңы елдерінен ұшып шыққан америкалық С-17 мен С-30 Борисполь әуежайына тоқтап, жүк түсіріп, кері қайтып жатқанын анықтады.
Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Вашингтон Украинаға радиоэлектронды күрес кешендерін жеткізіп жатыр. Бұл жақын уақытта УҚК шабуыл жасайды дегенді білдіреді. Ресей де қол қусырып отырмайтыны анық."Егер жағдай ушығатын болса, онда біз өзіміздің және қай жерде жүрсе де, өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Мұндай өршуге Киев пен оның Батыстағы кураторлары толық жауапты болады. Сондай-ақ біз Қырымнан, Қара теңіздегі жағалаудан аулақ болу туралы АҚШ-қа ескертеміз", – деді СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.
Батыс елдерінің ресейлік шекара маңында белсенділігінің артуына тағы бір себеп – НАТО әскерлерінің мамырдың ортасында өтетін ең ауқымды Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына дайындығы.
Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы әскери шара кезінде Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға көп көңіл бөлінеді. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелері мен "жер – жер" тобындағы зымырандардың жаттығуы өтеді. Ал Венгрия тыл қызметін атқарады. Маневрлерге украин әскери қызметшілері де қатысады.
Еуропадағы АҚШ Құрлық әскерінің ресми сайтында жарияланған баспасөз релизіне сәйкес, оқу-жаттығулар "АҚШ, НАТО бойынша одақтастар мен серіктестері арасындағы стратегиялық және жедел дайындық пен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған". Бұл маневрлер үшінші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейтіні жазылған. Алайда Defender Europe 2021 антиресейлік бағытта өрбитіні айдан анық.
Сондықтан Ресей мен Белоруссия қыркүйекте "Батыс-2021" маневрлерін өткізеді. Белоруссияның қорғаныс министрі Виктор Хренин атап өткендей, "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған елді мекендерде шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" деп санайды.