Танымал суретші Джулиус Хорстуистың таңғажайып әлемі фото

63
(Жаңартылды 14:30 02.04.2021)
Өзін "фракталды суретші" деп атайтын өнер иесінің туындылары таңғажайып көрнектілігімен ешкімді бей-жай қалдырмайды

Компьютерлік графиканың таңғаларлық түрі саналатын фракталды өнер математикамен, табиғатпен және технологиямен тығыз байланысты.

Латын тілінен аударғанда ұсақталған, сынған, бөлінген дегенді білдіретін "фрактал" ұғымы алғаш рет 1975 жылы пайда болды.

Бұл ұғымды енгізген ғалым Бенуа Мандельброт табиғаттың өзі осы туындыларды қалыптастыратынын айтты. Ол жапырақтағы ирек сызық, қар ұшқыны, терезедегі өрнек, гүлдер мен жемістер фракталды құрылымға ие екенін алға тартты.

Оқи отырыңыз: Өткенге үңілу - өнегелі іс: Нұр-Сұлтан ғимараттарындағы мозаикалар – фото

Математикалық термин қалайша өнердің бір бөлшегіне айналды? Технологияның дамуымен бірге зерттеушілер математикалық теңдеулерді әдемілігі көз тартарлық картиналарға айналдырды.

Осы бағытта еңбек етіп жүрген суретші ретінде Джулиус Хорстуисті атауға болады. Оның алғашқы "фракталды" инсталляциясы 2013 жылы пайда болды.

Джулиус ұзақ уақыт бойы киностудиялармен бірге жұмыс істеді. Оларға визуалды эффектілер дайындады. Енді соңғы үш жылдан бері ол фракталды көркем сурет бағытында еңбек етуде.

Табиғат геометриясы мінсіз кейіпке енетін Джулиус Хорстуистің фантастикалық әлемімен таныса отырыңыз.

63
  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    Танымал суретші Джулиус Хорстуис іске кіріссе, қарапайым кеңістіктің өзі фракталды өнердің қанық бояуларымен әсерлене түседі.

  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    Бұл саяхат барысында табиғат пен өнер үндескен таңғажайып көріністердің куәсі боласыз.

  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    Мұның барлығы математикадан бастау алған. Зерттеушілер өз теңдеулерін елестетуді меңгерген кезде олар ғылымның жаңа бір тармағын ашып қана қоймай, технологияның дамуына жаңа серпін берді.

  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    Фракталды "кескіндеу өнері" – бұл ғылым, технология мен өнердің қоспасы. Көрермен бірде мұхит түбіне тереңдеп, енді бірде ғарыш кеңістігіне саяхаттайды. Бір қарасаң фэнтези әлеміне аяқ басып, фракталдар кеңістігін тамашалай алады.

  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    Музыкамен сүйемелденген қайталанатын көріністердің қозғалысы ұшып бара жатқандай немесе фридайвингпен айналысқандай әсер береді.

  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    Нью-Йорктегі Джулиус Хорстуистың ARTECHOUSE NYC аудиовизуалды инсталляциялар көрмесіндегі әр туындысы таңғалдырады.

  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    "Фрактал" ұғымы алғаш рет 1975 жылы математик Бенуа Мандельброттың арқасында пайда болды.

  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    "Фрактал" ұғымын қолданысқа енгізген ғалым бұл көп бөлшектерді табиғат жаратылысы деп санады.

  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    Бүгінде технологиялар фракталды өнер көмегімен бүтіндей бір кеңістік пен виртуалды әлемді құрастыруға мүмкіндік береді.

  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    Көп жағдайда фракталды инсталляциялар кинематографияда визуалды эффект ретінде қолданылады.

  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    Мұндай инсталляциялар "Интерстеллар", "Бастау", "Құмырсқа адам" фильмдерінде қолданылды.

  • © AFP 2021 / David Dee Delgado / Getty Images

    Джулиус Хорстуистың пікірінше бұл өнердің болашағы жарқын.

Кілт сөздер:
өнер

Мың бояулы қала: Алматының көктем шуағына бөленген келбеті фото

36
  • Весна в Алматы
  • Девушка в парке на скамейке
  • Весна в Алматы
  • Весна в Алматы
  • Весна в Алматы
  • Весна в Алматы. Расцвели Магнолии
  • Весна в Алматы
  • Весна в Алматы. Памятник Нургисе Тлендиеву
  • Весна в Алматы. Расцвели яблони
  • Весна в Алматы. Расцвели яблони
  • Весна в Алматы
  • Весна в Алматы
  • Весна в Алматы
  • Весна в Алматы
Коронавирус көктемнің келуіне кедергі емес. Себебі табиғат өз қарқынымен жаңарып жатыр. Ұзақ қыстан оянған көктемгі Алматының көрікті келбетін Sputnik материалынан тамашалаңыз

Алматыда көктем ерекше әсем. Пандемия мен коронавирусқа қатысты түрлі шектеулерге қарамастан табиғат тіршілігін тоқтатқан жоқ.

Оңтүстік астанада алма, магнолия мен басқа да жеміс ағаштары гүлдеп, айнала жасыл желек жамылып, далада хош иіс аңқыды.

Оқи отырыңыз: Сакура гүлдеді: карантиндегі Алматы көктемінің көрінісі – фото

Қала тұрғындары көп уақытын далада өткізіп, таза ауада жиі серуендейтін болған. Қыз-келіншектер де жеңіл киініп, сұлулықты еселей түсуде.

Sputnik Қазақстан фототілшісі Тимур Батыршин көктемгі қаланың бейнесі көрініс тапқан суреттер топтамасын әзірледі.

36
  • Весна в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәуірде Алматы таңы ерекше әсем.

  • Девушка в парке на скамейке
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Саябақта серуендеу көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Суретте: саябақтағы орындыққа жайғасқан алматылық бойжеткен.

  • Весна в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Күн сәулесі ұзақ қыстан оянған қаланы шуағына бөлеп тұр.

  • Весна в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Мұндай ауа райында төрт қабырғаға қамалып отырғың келмейді. Велосипед теуіп, самал желді сезінгенге не жетсін!

  • Весна в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Айнала гүл мен хош иіске толы. Әсіресе бүр жарған магнолия жиі кездеседі.

  • Весна в Алматы. Расцвели Магнолии
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Мұндай тамаша көріністі суретке түсірмеу мүмкін емес.

  • Весна в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Көк майсадағы сарғалдақтар да көздің жауын алардай.

  • Весна в Алматы. Памятник Нургисе Тлендиеву
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алматы ауасынан көктемнің жұпар иісі аңқиды. Суретте: қазақтың дарынды сазгері Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші.

  • Весна в Алматы. Расцвели яблони
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алма ағашы да гүлдеп тұр.

  • Весна в Алматы. Расцвели яблони
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алматы ауасында осы жемістің иісі сезіледі.

  • Весна в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алматы көшелері әдемі киінген бойжеткендерге толы.

  • Весна в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қаланың қысқы суық кейпінен із де қалмаған.

  • Весна в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қала тұрғындары уақытының көп бөлігін далада, таза ауада өткізетін болған.

  • Весна в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Көктемде оңтүстік астана ерекше сезімге бөлейді.

Кілт сөздер:
фото

Оңтүстік Кореядағы қос арал күлгін түске боялды фото

32
Оңтүстік Кореядағы Банвол мен Паркджи аралдары теңдессіз сұлулығымен туристерді баурап алады. Бұл аймақта айналаны күлгін түс көмкерген. Фотосессия жасап, көңіл-күйді көтеруге таптырмас орын! Фотодан тамашалаңыз!

Жергілікті билік Оңтүстік Кореядағы Банвол мен Паркджи аралдарын күлгін түске бояу туралы шешім қабылдады. Енді бұл өңірде үй мен көпірден бастап қоршау, шатыр, саябаққа дейін, тіпті қонақ үйлер де лаванда түстес.

Бұл креатив суретке түсу және серуендеу үшін келетін қонақтардың көңілінен шығып жатыр. Жалпы бастағы мақсат та осы еді – демалысқа арналған ерекше орын ұйымдастыру арқылы мейлінше көп туристер тарту.

Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең үздік шағын қалалар рейтингі – фото

Лаванда мен қоңыраугүлге толы бұл аралдар нағыз ертегі әлеміне түскендей әсер береді.

Ерекше аралдардың таңғажайып суреттерін Sputnik материалынан тамашалаңыз.

32
  • © Sputnik / Ryu Seng-il

    Банвол мен Паркджи шағын аралдары Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулден алты сағаттық жерде орналасқан. Оларды күлгін арал деп атайды.

  • © Sputnik / Ryu Seng-il

    Мұнда айналаның бәрі – ғимарат шатырлары, көпірлер, үйлер, қоғамдық көлік нәзік лаванданы еске салатын әдемі күлгін түске боялған. Суретте: туристер Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын байланыстыратын көпірдің үстімен кетіп барады.

  • © Sputnik / Ryu Seng-il

    Бұл жаққа жаяу немесе велосипед арқылы жетуге болады. Автокөліктерге жол жоқ.

  • © Sputnik / Ryu Seng-il

    Мұнда күлгін түсті дресс-код бар. Тамаша табиғатта серуендегісі келген туристер күлгін түсті киім киюлері керек. Әйтпесе ақы төлеуге тура келеді.

  • © Sputnik / Ryu Seng-il

    Бұл аралдарда күлгін қонақ үйлерде түнеп, мейрамханаларда күлгін астан дәм татуға болады.

  • © Sputnik / Ryu Seng-il

    Банвол мен Паркджиге ребрендинг жүргізу туралы ой кәрістерде 2015 жылы пайда болды. 2020 жылға дейін бұл идеяға 4,25 миллион доллар инвестицияланды.

  • © Sputnik / Ryu Seng-il

    Пандемия кезінде күлгін аралдың сұранысы артты.

  • © Sputnik / Ryu Seng-il

    Бірнеше жыл бұрын аймақта жаппай лаванда егілді. Көп ұзамай-ақ қырық мың өсімдік күлгін аралдардың әсемдігін еселей түсті. Суретте: Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы "күлгін" аралдарға қарай жол көрсетіп тұрған сілтеуіш.

  • © Sputnik / Ryu Seng-il

    Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын біріктіретін Періште көпірі.

Кілт сөздер:
Оңтүстік Корея, фото
Қар, архивтегі сурет

Қар және жаңбыр: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

0
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ертең, 18 сәуірде елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстікте қар аралас жаңбыр болжануда. Кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/c дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

Тағы оқыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, күндіз желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/c дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерді тұман басады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда 18 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 18 градусқа дейін көтеріледі, түнде – плюс бір градус. Жел жоқ.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, оқта-текте жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы плюс 19 градус, түнде плюс 8 градусты көрсетеді.

Шымкентте де күн ашық. Күндіз – плюс 22, түнде – плюс 11 градус.

0
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Көктемде 276 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖ министрі
Қар аралас жаңбыр: Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды