Су астына кеткен көне қалалар фото

232
Археологтар су астына кеткеніне қарамастан адамдардың үлкен қызығушылығына ие аңыз қалалардың рейтингін әзірледі

Әлем мұхиты құпияға толы. Археологтар мен ғалымдар сырын ашқан нысандар санаулы ғана.

Танымал Heritage Daily ғылыми-көпшілік басылымы су астына кеткен он ежелгі қаланы атады. Бұл тізімге пираттар астанасы Порт-Роял, ежелгі курорт Байя, мысырлық теңдессіз Гераклион кірді.

Тарих пен археологияның жақұты саналатын шаһарлар жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқи аласыз.

232
  • Атлит Ям - қазіргі Израильдің Кармель жағалауындағы Атлит шығанағында орналасқан неолит дәуіріндегі қоныс. Елді мекен 9,8 акр (40 мың шаршы метрге жуық) аумақты алып жатты. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 7000 жылға жататын тікбұрышты үйлерден, ошақтардан, құдықтан және тас шеңберден тұрды.

  • © Depositphotos / Patryk_Kosmider

    Олус - Криттің қазіргі Элунда қаласындағы Спиналонга түбегін материкпен байланыстыратын мойнақтың екі жағында орналасқан ежелгі Дориан қаласы. Бұл қоныстың бар болғаны туралы ең ежелгі дәлелдер біздің дәуірімізге дейінгі сегізінші ғасырдан Грекияға екінші парсы шапқыншылығы болған біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылды қамтиды.

  • © AP Photo / Amr Nabil

    Кей деректерде Тонис деп те аталатын Гераклион қазіргі Мысырдың Ніл өзенінің Каноп сағасына жақын орналасқан мысырлық ежелгі қала болған. Бұл қала туралы алғашқы жазбалар біздің дәуірімізге дейінгі XII ғасырға жатады. Ол Геродот, Страбон және Диодор сынды ежелгі шежірешілердің туындыларында кездескен. Ніл сағасындағы іргелес аралдарда салынған бұл қала ежелгі Мысырдың соңғы кезеңінде ірі сауда портына айналды. 2000-шы жылдардың басында археологтар суға батқан қаланың артефактарын жер үстіне шығара бастады.

  • Павлопетри - су басқан ежелгі қала. Ол Грекияның оңтүстігіндегі Пелопоннес түбегінде, Лакониядағы Пунта жағалауында орналасқан. Археологтар су түбінен табылған қыш ыдыстарды зерттеу негізінде Павлопетридің алғашқы тұрғындары микендер болғанын, бірақ 3500 жылы қаланы жау қолында қалғанын анықтады.

  • © Photo : Public domain

    Порт-Ройял бастапқыда Кэгуэй деп аталған. Ол біздің дәуіріміздің XVII ғасырында ағылшын порт қаласы және пираттар мен каперлердің әйгілі базасы болған. 1660 жылға қарай Порт-Ройял қаласында Кристофер Мингс, Генри Морган, Рош Бразилиано, Джон Дэвис пен Эдвард Мансвельт сынды танымал пираттар тұрақтаған. Ғасырдың соңына қарай қала жер бетінен жоғалып кетті.

  • Данвич Англияның Саффолк графствосының шығыс жағалауындағы ірі сауда порты және өркениетті қала болды. Ол біздің дәуіріміздің XIII ғасырында көлемі мен мәртебесі бойынша Лондон деңгейіне дейін дамыған. Қалада сегіз шіркеу, үш шағын шіркеу, діни ордендердің бес үйі, тамплиерлер прецепториясы, екі аурухана және гильдия ратушасы болған.

  • Равенсер Одд Йоркширдің Шығыс райдингінде орналасқан портты қала болды. Қала шамамен біздің дәуіріміздегі 1235 жылы құрылды. Ол Халлға қарай беттеген сауда кемелері есебінен қарқынды дамыды.

  • Байя - жартылай суға кеткен Рим қаласы. Ол Италияның қазіргі Баколи коммунасындағы Неаполитан шығанағының жағасында орналасқан. Қала туралы алғашқы жазбалар біздің дәуірімізге дейінгі 178 жылға жатады. Ол деректерде Aquae Cumanae деп аталған. Бұл қоныс гедонистік өмір салтын ұстанған танымал римдік курортқа айналды.

  • Доггерленд - бір кездері Британияны континенттік Еуропамен байланыстырған Солтүстік теңіз астындағы су басқан құрлық. Мезолит дәуірінде мұнда аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан ежелгі тайпалар өмір сүрген. Кейіннен біздің дәуірімізге дейінгі 6500-6200 жылдар аралығында болған соңғы мұз дәуірінен кейінгі теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл қала су астында қалды.

  • Дольчисте - қазіргі Түркияның Кекова аралында орналасқан Византия қаласы болған. Қала біздің дәуіріміздің екінші ғасырында жер сілкінісі салдарынан қирады.

Кілт сөздер:
фото, тарих

Ұйқыдағы жануарлар көз сүйсінерлік суреттер

89
Ұйқыдағы коала немесе абдан көріп пе едіңіз? Sputnik Қазақстан жануарлар ұйықтап жатқан сүйкімділікке толы сәттің суреттер топтамасын ұсынады

Көп жануар ұйықтағанды жақсы көреді. Олардың кейбірі тіпті қыс мезгілінде бірнеше айға ұйқыға кетеді.

Мысалы, коалалар тәуліктің 20 сағатын ұйқымен өткізеді. Ал ешкі мен қой күніне бірнеше рет ұйқытап алады. Мысықтар күн сайын 12-16 сағат бойы ұйықтайды.

Ал аю, қосаяқ, тасбақа, борсық, суыр, кірпі сынды мақұлықтар қыс маусымында ұзақ уақытқа ұйқыға кетеді.

Көктем – барлық тіршілік иесі ұйқысынан оянып, жердің бусанатын шағы. Ендеше тәтті ұйқыға кеткен жануарлардың сүйкімді суреттерін тамашалаңыз!

89
  • © AP Photo / DPA / Horst Ossinger

    Дуйсбург жануарлар бағында ұйқыға кеткен коала. Германия.

  • Қар үстінде бір мызғым алмақ болған хаскилер.

  • © AP Photo / Nati Harnik

    Омахтағы Генри Дурли хайуанаттар бағында тәтті ұйқыда жатқан арыстан күшіктері – абдандар. Шебраска штаты.

  • © Sputnik / Georgiy Bazaev

    Тбилисидге хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан бегемот.

  • © AP Photo / Martin Meissner

    Дуйсбург хайнуататтар бағында горилла баласы анасының арқасында ұйықтап жатыр.

  • Ұйқыдағы жанат тіпті сүйкімді.

  • Ал итбалық баласы – ақүрпек жымиып ұйықтайды.

  • © Sputnik / Pavel Lisitsyn

    Екатеринбург хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан түтіктістілер баласы.

  • © Sputnik / Natalia Seliverstova

    Мәскеу хайуанаттар бағындағы қызыл панда ағаш бөренеде қалғып жатыр.

  • © Sputnik / Vitaly Ankov

    Хайуанаттар бағында мекендейтін жеті айлық амур жолбарысы да тәтті ұйқыға кеткен.

  • © AP Photo / Sue Ogrocki

    Оклахома штатының Норман қаласындағы жануарларға арналған орталықта төрт апталық үш күшік бір-біріне жабысып ұйықтап жатыр.

  • © AP Photo / Lai Seng Sin

    Куала-Лумпурдегі Ұлттық хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан панда.

  • © Depositphotos / Pakhnyushchyy

    Ұйқыдағы марғау.

  • © Sputnik / Maksim Blinov

    Мәскеу хайуанаттар бағындағы ақ аю арктикалық түс көріп жатқан сыңайлы.

Кілт сөздер:
сурет

Отты өзен: үрей мен қызығушылық сезімін қатар тудыратын жанартау кратерлері фото

38
Нағыз жүрек жұтқан фотографтар вулканға тым жақын барып, қайнап тұрған лава мен көз жетпес биіктіктегі түтінді суретке түсіріп алды. Бұл көріністер бойға үрей ұялатып қана қоймай, көз тоймайтын сұлулығымен баурайды

Ғаламшардың түрлі жерлерінде түсірілген осы фотолардың арқасында жанартау кратерлерінің ішіндегі құбылысты анық көруге болады.

Аузынан жалын атқан бұл "айдаһарларға" қатты жақындау арқылы фотографтар өте үлкен қатерге бас тігеді. Адам абайсызда осы лаваға құлап кетсе не боларын елестетудің өзі қорқынышты! Себебі балқыған тау жыныстарының температурасы мың градустан асады.

Бірақ осы қауіпке қарамастан кей фотографтар бұрын-соңды кездеспеген әдемі суреттерді түсіре алды.

Соңғы жылдары ғалымдар жер бетіндегі вулкан атқылауы жаһандық сипатқа айналуы мүмкін екенін жиі айтуда.

Оқи отырыңыз: Антарктидада зерттеу жүргізген ғалымдар бүкіл өркениетке қауіп төнгенін мәлімдеді

Мысалы, бірнеше апта бұрын Исландиядағы Гелдингадалсгос вулканының атқылауы дронның көмегімен видеоға түсірілді.

Сондай-ақ 6 мың жыл "ұйықтаған" Фаградалсфьяль вулканы "оянды".

Ал Сицилияда Еуропадағы ең ірі вулкан – Этна атқылады.

Жер шарының түрлі аймақтарында түсірілген вулкан кратерлерінің таңғаларлық суреттерін Sputnik Қазақстан материалынан көре аласыз.

38
  • Гавайи аралдарындағы Mauna Ulu жанартауының кратеріндегі лава.

  • Камчаткадағы Горелый жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • © REUTERS / Cat Gundry-Beck

    Исландиядағы жанартау атқылауының жақыннан қарағандағы көрінісі.

  • © REUTERS / Hereward Holland

    Конгодағы Ньирагонго жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Гавайидегі Килауэа жанартауының кратеріне қарай құйылып жатқан лава ағыны.

  • Гавайидегі Килауэа жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Гавайидегі Пуу-Оо жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Никарагуадағы Масая жанартауының кратеріндегі лава суреті.

  • © CC0 / Geophile71 / Marum sept 2009

    Вануатудағы Амбрим жанартауының кратеріндегі лава.

  • Эфиопиядағы Эрта Але вулканының кратеріндегі лава көлінің таңсәрідегі көрінісі.

Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік пәтер саны 2018 жылмен салыстырғанда 9 есе өседі

0
(Жаңартылды 20:00 13.04.2021)
Көлгінов үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік пәтерлер саны артқанын, сол сияқты Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Елорда аудандарын "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз. Аудандар полиорталық қағидатына сай дамуда, яғни қажетті әлеуметтік нысандар жаяу қашықтықта орналасқан", — деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Көлгінов бүгін жеңілдікпен берілетін бірқатар қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Әлеуметтік тұрғын үй Алматы ауданында орналасқан. Тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында оңалту орталықтары, балабақшалар, балаларға арналған үйірмелер және тағы басқа әлеуметтік нысандар ашылады.

Әкімнің айтуынша, Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл бір мезгілде жаңа ТК тұрғындарының оқушы орындарына деген қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды 

"Үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырдым. Сапасыз жұмыс қабылданбайды", - деді ол.

Көлгінов мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өттіз. Биыл көрсеткішті 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін көтеру жоспарланған. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 9 есеге артады.

2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынып, пайдалануға берілсе, өткен жылы 7 мыңнан астам пәтер салынды.

0