"Қазақстандағы Венеция": Түркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды фото

411
  • Керуен сарай көпфункционалды туристік кешені ашылды
  • Кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсанда басталған
  • Керуен сарай туристік кешені инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City компаниясы іске асырды
  • Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы орналасқан
  • Кешен ішінде 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды
  • Керуен сарай туристік кешені
  • Қайық шеруі театрландырылған шоуы
  • Керуен-сарай кешенінің ашылу салтанаты
  • Тұрғындар бұл кешенді Қазақстандағы Венеция деп атап жүр
  • Ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр
  • Керуен сарай көпфункционалды туристік кешенінің ашылу салтанаты
  • Туристік кешенді аралап жүргендер
  • Керуен сарай көпфункционалды туристік кешені
  • Кешеннің ортасындағы Кеме қалған
  • Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан қаласы
Түркістанда 10 сәуірде "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды. Ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буфер аймағында орналасқан. Жалпы аумағы – 20,5 гектар

Кешеннің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Кешен ішінде Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар.

Оқи отырыңыз: Көне және заманауи: Түркістанда туристік кешен ашылды – видео

Түркістан қаласы облыс орталығы болған уақыттан бастап қалада құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соған сай түркі жұртының рухани астанасы туристер баратын қаланың біріне айналып жатыр.

411
  • Керуен сарай көпфункционалды туристік кешені ашылды
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    Түркістанда 2021 жылдың 10 сәуірінде "Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешені ашылды.

  • Кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсанда басталған
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    Кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсанда басталған.

  • Керуен сарай туристік кешені инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City компаниясы іске асырды
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    "Керуен сарай" туристік кешені инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City компаниясы іске асырды.

  • Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы орналасқан
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 гектар аумақта орналасқан.

  • Кешен ішінде 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    Кешен ішінде 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

  • Керуен сарай туристік кешені
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    "Керуен сарай" туристік кешеніне Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен дүкендер кіреді.

  • Қайық шеруі театрландырылған шоуы
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    Кешеннің ашылу салтанатында судағы "қайық шеруі" театрландырылған шоуы өтті.

  • Керуен-сарай кешенінің ашылу салтанаты
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    "Керуен-сарай" кешенінің ашылу салтанатына Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты.

  • Тұрғындар бұл кешенді Қазақстандағы Венеция деп атап жүр
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    Кешен ішін қайықпен аралауға болады. Тұрғындар бұл кешенді "Қазақстандағы Венеция" деп атап жүр.

  • Ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    Кешен ішінде ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр жұмыс істеп тұр.

  • Керуен сарай көпфункционалды туристік кешенінің ашылу салтанаты
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    "Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешенінің ашылу салтанаты.

  • Туристік кешенді аралап жүргендер
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    Түркістанға барып жаңа туристік кешенді аралап жүргендердің қарасы қалың. Оның арасында жергілікті тұрғындар мен өзге өңірлерден келгендер бар.

  • Керуен сарай көпфункционалды туристік кешені
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    "Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешенінің ішінде сауда орындарымен қатар қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар.

  • Кешеннің ортасындағы Кеме қалған
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    Кешеннің ортасында алып кеме бар. Оны жергілікті тұрғындар "Кеме қалған" деп атап кетті.

  • Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан қаласы
    © Photo : Түркістан облысының әкімдігі

    Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан қаласы облыс орталығы болған үш жылға жуық уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болды. Бүгінде қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.

Кілт сөздер:
Түркістан, фото

Әлемдегі жалғыз жүкті мумия құпияға толы фото

70
Поляк ғалымдарының жаңалығы дүйім жұртты таңғалдырып, археология және антропология саласында үлкен шу шығарды. Варшавадағы ұлттық музейде сақтаулы тұрған мумия әлемдегі алғашқы жүкті мумия ретінде құжат түрінде тіркелді. Артефакт жайлы суреттер топтамасынан тамашалаңыз

Біраз бұрын хабарлағанымыздай, мумия 1826 жылы Мысырдан Варшаваға жеткізілді. Саркофагтың ішінде Гор-Джехути есімді абыз жатқаны жазылған.

Алайда кейіннен артефакты мұқият зерттеу барысында бұл көне мысырлық дін қызметкері емес, құрсағында баласы бар жас әйел екені белгілі болды.

Мысыртанушы поляк ғалымдары үшін зерттеу нәтижесі ерекше жаңалыққа айналды. Тың ақпарат "ғаламшардың ең көне тұрғындары" туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Биіктігі үш метрге жетеді: Мысырда 3 мың жыл бұрын жоғалған қала табылды – фото

Осы ғылыми жаңалықтың арқасында сол заманда қандай ауру көп тарағаны және оларды емдеу жолдары туралы көбірек білуге мүмкіндік туды.

Мумиялау кезінде әйелдің құрсағында жатқан балаға тимегені бұл олжаны өзгелерден ерекшелеп тұр. Бұл құжатта "жүкті" деп көрсетілген әлемдегі алғашқы мумия.

Мумия мысырлық Фивы қаласында табылған және ол біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырға жататыны белгілі болды.

Құпияға толы олжаның суреттерін төмендегі материалдан көріңіз.

70
  • Бастапқыда бұл мумияны көне мысырлық абыз Гор-Джехутидың мәйіті деп санады. Бірақ кейінірек ол жүкті әйел екені белгілі болды.

  • © Photo : Warsaw Mummy Project

    Ғалымдардың айтуынша, мумиялау кезінде әйелдің құрсағындағы балаға тиіспеген.

  • Бұл қазіргі уақытта әлемдегі құрсағында баласы бар жалғыз мумия. Ол Жоғарғы Мысырдың патшалар мазарынан табылған.

  • © Photo : Olek Leydo / Warsaw Mummy Project

    Археологтар бұл олжаның маңыздылығын жоғары бағалап, ол "көне тұрғындардың денсаулығы" туралы толығырақ ақпарат алуға мүмкіндік беретінін айтуда.

  • Варшава университеті мумиясы бар саркофагты 1826 жылы сыйлыққа алды. 1917 жылдан бастап ол Ұлттық музейде сақталып келді.

  • © Photo : Warsaw Mummy Project

    Мумияның өзі Фивыда табылған және оны ғалымдар біздің дәуірімізге дейінге І ғасырға жатқызды. 2016 жылы сарапшылар компьютерлік сканерлеу жүргізді.

  • © Photo : Warsaw Mummy Project

    Мамандар мумияны зерттеу үшін заманауи технологияларды қолданды.

  • © Photo : Olek Leydo / Warsaw Mummy Project

    Мумияны сканерлеу түрлі фильтрлердің көмегімен барлық бөлшекті қарастыруға мүмкіндік беретін жаңа томографтың көмегімен жүргізілді.

  • © Photo : Warsaw Mummy Project

    Ғалымдардың ақпараты бойынша, әйел адам жүктіліктің 26-30 аптасында көз жұмған. Тістеріне жүргізілген зерттеу болашақ ананың жасы 30-дан үлкен болмағанын анықтады.

  • © Photo : Olek Leydo / Warsaw Mummy Project

    Құрсақтағы баланың жынысын анықтау мүмкін болмады.

  • © Photo : Olek Leydo / Warsaw Mummy Project

    Ғалымдар жүкті әйел босану кезінде қайтыс болған деп пайымдады.

  • © Photo : Warsaw Mummy Project

    Көне мысырлардың нанымы бойынша, қайтыс болған адамның денесін о дүниедегі өмірдегі нығмет күніне дейін сақтау керек болған. Әдетте Көне Мысырда мумиялау процесі кезінде адамның барлық ішкі органы сыртқа шығарылған.

Кілт сөздер:
Мысыр, фото, мумия

"Ғалам аруында" бақ сынаған сұлулар ұлттық киіммен сахнаға шықты фото

46
  • Камилла Серикбай
  • Мисс Непал Аншика Шарма.
  • Мисс США Ася Бранч
Ұлттық костюмдерді көрсету "Ғалам аруы" байқауының ең әсерлі сәттерінің бірі саналады. Сондықтан сұлулық жарысына қатысушылар осы киім үлгісі арқылы өз ұлтының құндылығын астарлап жеткізуге тырысты

Сап-сары күнбағыс, гүлдеген шие, әсем орхидея. Теңіз, күн және Диего Марадона. Осы атрибуттың барлығы байқауға қатысқан арулардың костюмдерінде көрініс тапты.

Байқауда Қазақстан намысын қорғаған қызылордалық Камилла Серікбай әлем байқауының сахнасына "Күнкей" сән үйінің дизайнері Сабина Наурызалинаның авторлық жұмысы – ұлттық нақыштағы киім мен сәукелені киіп шықты.

Ал басқа қатысушылар өз костюмдерін әзірлеу барысында "ұлттық" ұғымынан біршама ауытқып, фантазияға басымдық бергені анық байқалады. Ұлттық киімді дайындаған дизайнерлер өз елдеріндегі бар жақсыны айшықтайтын детальдерді шет қалдырмауға тырысқан.

Мысалы, Панама өкілі сахнаға арқа тұсына бекітілген алып зәкір штурвалымен шықса, Непалдан келген қатысушы альпинистерге арналған комбинезон және айрықша стильдегі бетпердемен шықты. 

Бұл байқау да қолайсыз жағдайсыз өтпеді. Кейбір мәлімет бойынша Украинадан келген арудың костюмі белорус суретшісі қолынан шыққан туындының плагиаты екені белгілі болды. Ал америкалық арудың костюмі 2018 жылы "Ғалам аруы" байқауына қатысқан қазақстандық Сабина Әзімбаеваның киім үлгісіне қатты ұқсас болды.

46
  • Камилла Серикбай
    © AFP 2021 / RODRIGO VARELA

    Байқауға Қазақстан атынан қатысқан Камилла Серікбай әлем байқауының подиумына "Күнкей" сән үйінің дизайнері Сабина Наурызалина дайындаған ұлттық костюмді киіп шықты.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Коста-Рика аруы Ивонн Сердас Касканте.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Доминикан Республикасының аруы Кимберли Хименес.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Аргентина аруы Алина Аксельрад.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Барбадос аруы Хиллари Энн Уильямс.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Боливия аруы Ленка Немер.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Канада аруы Нова Стивенс.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Сальвадор аруы Ванесса Веласкес.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Чили аруы Даниэла Николас.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Ұлыбритания аруы Дженетт Акуа.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Перу аруы Яник Масета Дель Кастильо.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Панама аруы Кармен Харамилло.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Дания аруы Алмонд Петри.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Украина аруы Елизавета Ястремская.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Ямайка аруы Микеал-Симон Уильямс.

  • Мисс Непал Аншика Шарма.
    © AFP 2021 / RODRIGO VARELA

    Непал аруы Аншика Шарма.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Индонезия аруы Аю Маулида Путри.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Мексика аруы Андреа Меза.

  • © AFP 2021 / Rodrigo Varela / Getty Images

    Вьетнам аруы Нгуен Тран Ханх Ван.

  • Мисс США Ася Бранч
    © AFP 2021 / RODRIGO VARELA

    АҚШ аруы Ася Бранч костюмі 2018 жылы осы байқауға қатысқан қазақстандық Сабина Әзімбаеваның киіміне қатты ұқсас болды.

Кілт сөздер:
фото, сұлулық байқауы
Газ терминалы

АҚШ сұйылтылған табиғи газ экспортын арттырды

0
Америкалық сұйылтылған табиғи газ экспорты (СТГ) рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ Вашингтон бұл дүрбелең жақында басылады деп қауіптеніп отыр

Өйткені, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін Еуропаға ресейлік арзан отын жеткізіле бастайды, деп жазды РИА Новости.

Наурызда америкалықтар шетелге күніне 10,5 миллиард текше фут сұйылтылған газ жөнелтіп отырды, деп хабарлады АҚШ энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы (ЕІА). Сәуірде бұл көрсеткіш 9,2 болатын. Оның өзі көктем басындағы мінсіз максимум болды.

Баяндамада көрсетілгендей, өткен жылы және осы жылдың қаңтарында АҚШ-тан жеткізілетін СТГ экспортының басым бөлігі Азияға тиесілі болды. Бірақ ақпан мен наурызда ол газдың жартысын Еуропа сатып алып тұрды. Себебі ол жақтағы спотта баға азиялықпен теңесті.

"Мамырда тәулігіне 8,6 миллиард футқа дейін қысқарады деп күтіп отырмыз. Жаз айларында Еуропа мен Азиядағы сұранысты қанағаттандыру аясында бұл көрсеткіш 9 миллиардтан жоғарылайды деген болжам бар", – дейді ведомствода.

Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылға қарай америкалықтар осы сегментте көшбасшы боулы мүмкін екенін жоққа шығармады. ХЭА есебі бойынша АҚШ, Австралия және Ресейдегі табиғи газды сұйылту бойынша бірлескен қуат ол уақытқа дейін СТГ әлем экспортының 90%-ін құрайды.

Алайда Катар сынды ірі экспорттаушы Азия нарығына АҚШ-қа жол бере қоюы екіталай. 2020 жылы таяушығыстық бұл мемлекет 77,6 миллион тонна СТГ экспорттады. Бұл жалпы жеткізулердің 26,5 процентін құрайды. 2024 жылға қарай Парсы шығанағы жағалауындағы кішкентай монархияның газ өндіру көлемі екі есе артады. Ақпанда Дохада Солтүстік кен орнының шығыс бөлігін пайдалану бойынша инвестициялық соңғы шешім қабылданды.

Катардан кейінгі орында 26 проценттік көрсеткішпен Австралия тұр. Үшінші орынға АҚШ (14,7) және төртінші орынға Ресей (10) жайғасты.

Солтүстік мұзды мұхиттағы мұнай және газ ресурстарын жоспарлы түрде игеру он бес жылдан бері ресейлік биліктің әлеуетінде тұр. Наурызда Ресейдің министрлер кабинеті сұйылтылған табиғи газ өндірісін дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бекітті. Ол пайдлы қазба көздерін әртараптандыруға, ең алдымен Арктика қайраңы мен Қиыр Шығысты пайдалануға бағытталған.

OilPrice америкалық басылымы жазғандай, егер АҚШ тақтатас өндірісі есебінен ірі экспорттаушының біріне айналса, Ресейге Арктика көмектеседі. Аймақтағы пайдалы қазба қоры үлкен: табиғи газ – 35,7 миллиард текше метр, мұнай мен конденсат – 2,3 миллиард тонна.

Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, 2025 жылға қарай Ресей жылына 68 миллион тонна сұйылтылған табиғи газ өндіріп, әлем нарығындағы үлесін 25 процентке арттыра алады.

OilPrice аналитиктері еуропалықтар үшін ресейлік құбыр желілік газ ғана емес, сондай-ақ сұйылтылған табиғи газ да тартымды екенін атап өтті.

"Ұзақ мерзімді келешекте Ресейдегі СТГ Еуроодақ тұтынушылары үшін оң шешім болады. Себебі АҚШ-қа қарағанда жеткізу жылдамырақ және арзан. Энергетикалық тәуелсіздікті қалайтын Литваның да Ресейден СТГ сатып алуы бекер емес", – деп санайды өнеркәсіптік тәуелсіз сарапшы Леонид Хазанов.

Оның айтуынша, америкалық жеткізушілер үшін Қытай мен Жапония басымдылыққа ие. Себебі бұл мемлекеттерде баға жоғары. Сондықтан ресейлік СТГ мұхиттың арғы жағынан жеткізілетін газды Еуропа нарығынан ысыруы мүмкін.

Қалай болғанда да сын-қатер де жоқ емес. 2025 жылға дейін сұйылтылған табиғи газдың әлем нарығында шамадан тыс көп болуы есебінен бағаның аса жоғары болуын күтудің қажеті жоқ.

0
Кілт сөздер:
мұнай, газ