Алматыдағы атыс: "Бұқар Жырау" тұрғындарының зәресін ұшырған оқиға қалай өрбіді - фото

72
  • Бұқар Жырау тұрғын үй кешені
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары үшін сенбі демалыс емес, үрей мен қорқынышқа толы күн болды. Ер адам күзетшіні жаралап, бірнеше сағат бойы полиция қызметкерлеріне оқ атты, содан кейін өз-өзіне қол жұмсады

"Бұқар Жырау" тұрғын үй кешеніндегі оқиға бүкіл Алматыны дүрліктірді. Тұрғындардың басым бөлігі эвакуацияланып, полиция ғимарат пен жақын аумақты қоршауға алды.

Болжамдардың біріне сәйкес, ер адамның күзетшіні жаралауына ПИК-тің ұзақ уақыт бойы подъезде тұрған дивандарды сыртқа шығаруы себеп болған.

Оқиға орнына полиция жеткен кезде күдікті 17-қабаттағы өз пәтеріне қамалып алып, есіктен оқ ата бастайды.

Полиция қызметкерлері бірнеше  сағат бойы онымен келіссөздер жүргізуге тырысқанымен ол еш нәтиже бермеді. Басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірмес үшін тәртіп сақшылары пәтерге басып кіруге мәжбүр болды.

Полиция арнайы операцияны бастаған кезде ер адам өз-өзіне қол жұмсады.

"Бұқар Жырау" тұрғындары ол ара-тұра пәтер терезесіне түсініксіз сөздер жазылған плакаттар іліп, тұрғындар чатында үнемі дау шығаратынын және осы себепті оны чаттан шығарып тастағанын айтты.

72
  • Бұқар Жырау тұрғын үй кешені
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешені – 22 қабаттан тұратын биік ғимарат. Ол қаланың орталық бөлігінде, Алматының Бостандық ауданында орналасқан. Сондай-ақ жақын маңда Бұқар Жырау бульвары мен Есентай өзені бар, деп жазылған жылжымайтын мүлік жөніндегі сайтта.

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Полициямен атысқан ер адамның "Бұқар жырау" кешенінің 17-қабатындағы өз пәтерінің терезесіне ілген плакаты. Тұрғындар оның шу шығаратын мазасыз көрші болғанын және дөрекілігі үшін оны үй тұрғындарының чатынан шығарып тастағанын мәлімдеді.

  • © Sputnik / Стрингер

    "Бұқар Жырау" кешеніндегі атысқа не себеп болғанын жорамалдаған көршілер ер адамға ПИК-тің подъездегі дивандарды шығаруға қатысты шешімі ұнамағанын айтты.

  • © Sputnik / Стрингер

    17-қабаттағы пәтердің тұрғыны "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешені күзетшісінің аяғына оқ атты. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді.

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Полиция қызметкерлері "Бұқар жырау" ТК жанындағы аумақты күзетіп тұр. Әзірше қылмыскермен келіссөздер жүріп жатыр.

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Тәртіп сақшылары "Бұқар Жырау" ТК аумағын қоршауға алып, эвакуациялаудан бас тартқан тұрғындардан өз пәтерінен шықпауды сұрады.

  • © Sputnik / Тимур Ниталиев

    Көп сағатқа созылған келіссөздерге қарамастан "Бұқар Жырау" ТК-дегі атыс жалғасып жатты. Бір полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тарады.

  • © Sputnik / Тимур Ниталиев

    Ер адам өз пәтеріне қамалып, есіктен полиция қызметкерлеріне оқ атқан "Бұқар Жырау" ТК жанында жедел қызмет өкілдері шоғырланды.

  • Келіссөздер еш нәтиже бермегенін көрген полиция "Бұқар Жырау" ТК-де арнайы операция өткізді.

  • © Sputnik

    Бірнеше сағат бойы көршілерін үрейде ұстаған ер адам арнайы операция басталғаннан кейін 17-ші қабаттан секіріп кетті.

  • © Sputnik / Александр Мироглов

    Қалалық полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, 1968 жылы туған ер адам атыс шығарғаны үшін "жауапкершіліктен сескенген". Суретте: ер адамның құлаған орны.

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Жексенбінің таңында полиция келгенге дейін "Бұқар Жырау" аумағында тірі жан көрінбеді. Тәртіп сақшылары оқиға бойынша басталған тергеуді жалғастыруға кірісті.

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Полиция "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешеніндегі жұмысты жалғастырып жатыр.

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешенінде атылған оқ терезені тесіп өткен

Өмір мен өлім, жеңіс пен жеңіліс: соғыс суреттері

53
  • Смерть солдата. Великая отечественная война 1941-1945 гг. Крымский фронт, Керченское направление апрель-май 1942 года.
  • Первые дни Великой Отечественной войны
Өртке оранған ауылдар, қаза тапқан сарбаздар, қоршаудағы Ленинград... Бұл кадрлар сонау сұрапыл соғыстың үрейі мен қорқынышын, Жеңіс үшін жанын қиған сарбаздардың ерлігін бейнелейді

Ресми мәліметке сәйкес, Ұлы Отан соғысы жылдарында 400-ден астам әскери тілші соғыс даласында еңбек етті. Олардың қатарында Макс Альперт, Евгений Халдей, Яков Рюмкин, Анатолий Гаранин, Всеволод Тарасевич, Марк Марков-Гринберг сынды танымал фотографтар да бар.

Әскери фотографтардың от пен оқтың ортасында жүріп, өз өмірлерін бәйгеге тіккені айтпаса да түсінікті. Олар соғыс даласындағы жағдайды суретке түсіріп, ахуал жайлы нақты деректер ұсынып отырды. Бұл соғыс жоспарын құру барысында өзекті рөл атқарды.

Кейде фотографтар арнайы құрастырылған көркем суреттер де түсірді. Бұл кадрлар мерзімді басылымның бірінші беттеріне басылып, соғыс кезінде кеңес халқын рухтандыруды мақсат етті. Әскери репортерлар мен танымал кадрлар жайлы біздің фотолентада.

Оқи отырыңыз: Отанға оралу: Ржев маңында қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды – видео

Макс Альперт (1899-1980) — кеңестік фотограф және фоторепортер. Ол кеңестік репортажды суреттер топтамасын алғаш қолданғандардың бірі. Соғыс жылдарында Альперт тылда да, ұрыс даласында да еңбек етті.

Яков Рюмкин (1913-1986) — Ұлы Отан соғысы басталған уақыттан бері "Правда" газетінің фототілшісі қызметінде болды. Оның Сталинград шайқасы кезінде түсірген суреттері көбірек танымал. Украина, Молдова, Румыния, Венгрияны азат етуге фототілші ретінде қатысқан. Берлиндегі шайқасты да суретке түсірген.

Евгений Халдей (1917-1997) — ол соғыстың барлық 1418 күнінде иығына "Leica" камерасын асынып, Мурмансктан Берлинге дейін жүріп өтті. Ол түсірген іс-шаралардың қатарында сыртқы істер министрлерінің Париждегі кеңесі, Қиыр Шығыстағы жапондардың жеңілісі, Потсдамдағы одақтас держава басшыларының конференциясы секілді көптеген жиын-кеңестер бар.

Анатолий Гаранин (1912 - 1990) — Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең мықты соғыс репортерінің бірі. Соғыс жылдарында "Фронтовая иллюстрация" газетінің тілшісі. Кеңес Армиясының түрлі майдандағы соғыс әрекеттерін суретке түсірген.

Марк Марков-Гринберг (1907-2006) — соғыс басталған алғашқы күннен бері майданда жүрген. Ол соғысқа байланысшы ретінде қатысқанымен, соғыс пен демалыс минуттарының ерекше сәттерін суретке түсіріп отырған. 1943 жылдан бері "Слово бойца" газетінің фототілшісі болған.

Всеволод Тарасевич (1919-1998) — кеңестік фотожурналистиканың классигі. Ұлы Отан соғысы басталған шақтан бері Солтүстік-Батыс саяси басқаруының, кейіннен Ленинград майданының фототілшісі болған.

53
  • © Sputnik / Max Alpert

    Макс Альперттің "Комбат" атты танымал жұмысы. Бұл сурет соғыстың символына айналды. Суретте: 18-армия 4-атқыштар дивизиясы 220-атқыштар полкінің кіші саяси жетекшісі Алексей Еременко жараланған рота командирі орнына тұрып, солдаттарды қарсы шабуылға бағыттау кезінде көз жұмды.

  • © Sputnik / Max Alpert

    Гитлершілер белорус ауылын өртеп жіберді. Беларусь, 1944 жыл.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    "Рейхстагтағы Жеңіс белгісі" кадры, 1945 жыл. Бұл сурет соғыстың аяқталуын бейнелейтін Берлиннің ең танымал фотосы ретінде тарихқа енді.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Фашистік Германияның Кеңес Одағы аумағына басып кіруін хабарлау кезінде көшеге жиналған Мәскеу тұрғындары, 1941 жылдың 22 маусымы.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Соғыстың тағы бір танымал суреті. Фотода: кеңестік автоматшылар Граф айлағында соғысып жатыр, 1944 жыл.

  • © Sputnik / Max Alpert

    Кеңестік әйелдер мен балалар үйлеріне оралуда. Автор бұл фотоны "Туған ауылға қайтқанда" деп атады, 1943 жыл.

  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Мәскеу түбінде тұтқынға алынған немістер бейнеленген сурет, 1941 жыл.

  • © Sputnik / Max Alpert

    Барлаушылар қорғаныс шебінен өтуде, 1943 жыл.

  • © Sputnik / Yakov Ryumkin

    "Бейбітшілік естеліктері" атты туынды. Сталинград, 1943 жыл.

  • Смерть солдата. Великая отечественная война 1941-1945 гг. Крымский фронт, Керченское направление апрель-май 1942 года.
    © Sputnik / Анатолий Гаранин

    Әскери фотограф Анатолий Гаранин Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең әсерлі кадрлардың бірін түсіріп алды. "Сарбаздың өлімі" атты сурет фоторепортаждың классикасына айналды. Суретте: Қырым майданы, Керчь бағыты, 1942 жылдың сәуір-мамыр айлары.

  • © Sputnik / Max Alpert

    Соғыс кезіндегі артиллериялық есеп, Солтүстік Кавказ, 1943 жыл.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Зенитшілер азат етілген Севастополь аспанын күзетіп тұр, 1944 жыл.

  • © Sputnik / Vsevolod Tarasevich

    Жау қоршауындағы Ленинград тұрғындары аязды күні сынған су құбырынан су алып жатыр, 1942 жыл.

  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Сталин атындағы механизация және моторизация әскери академиясы жанындағы танк полкі соғысқа аттанар алдында. Мәскеу, 1941 жылдың маусымы.

  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Ленинградтағы Нева даңғылындағы аэростаттар, 1941 жыл.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Анатолий Гаранин

    Атыс кезінде анасы баласын денесімен бүркеп жатыр. Красная слобода ауылы, Брянск майданы, 1941 жыл.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Граф айлағы жанындағы Севастополь қирандыларындағы тұтқын немістер, 1942 жыл. Бұл сурет Севастопольді қорғау кезінде түсірілген.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Қызыл Ту орденді гвардиялық авиация полкінің жауынгерлері Ұлы Отан соғысы кезінде Севастополь аспанында, 1944 жыл.

  • © Sputnik / Mark Markov-Grinberg

    Кеңестік сарбаздар хаттарды сұрыптап жатыр. 2-Беларусь майданы. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы.

  • © Sputnik / Анатолий Гаранин

    Мобилизация. Жауынгерлер легі майданға қарай бет алуда. Мәскеу, 1941 жылдың 23 маусымы.

  • © Sputnik / Mark Markov-Grinberg

    Оқу-жаттығу кезіндегі сарбаздар, Брянск майданы, 1942 жыл. Оқу-жаттығу кезінде танк сарбаздар жатқан окоптан өтіп жатыр.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Омолица ауылының тұрғындары Югославия жеріне бірінші болып ұшып келген кеңестік ұшқыш Семен Бойкоға қошемет көрсетуде, 1944 жыл.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Берлиндегі Александерплацтағы әскери реттеуші Мария Шальнева, 1945 жыл.

  • © Sputnik / Max Alpert

    Мәскеу, 1945 жыл. Жеңіс шеруі. Жеңілген фашист армиясының жалаулары Кремль қабырғасына қарай жығылуда.

  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Әуедегі шабуылдан қорғану әскерінің прожекторлары Мәскеу аспанын жарықтандырып тұр, 1941 жылдың маусымы.

Кілт сөздер:
фотограф, фото, Ұлы Отан соғысы, соғыс

Билл Гейтс 27 жыл отасқан әйелімен ажырасты: миллиардер мұрасы қалай бөлінді фото

81
Әлемдегі ең бай жұп – Билл және Мелинда Гейтс отыз жылға жуық заңды некеден кейін ажырасуға бел байлады. Танымал ерлі-зайыптының өмірі жайлы қызықты деректерді төмендегі материалдан оқыңыз

Билл және Мелинда Гейтс 27 жыл бойы берік некенің үлгісі болып келді. Олардың ажырасу туралы шешімі көпті таңғалдырды әрі жабырқатты. Миллиардердің әйелі өз сөзінде олардың некесі құрдымға кеткенін және оны еш жағдай қалпына келтіре алмайтынын мәлімдеді. Ал кәсіпкер мұндай шешімге не түрткі болғаны жайлы жақ ашпады.

"Қарым-қатынасымызды жақсарту бойынша жұмыстар жасағаннан кейін біз ұзақ ойлана келе некені бұзу туралы шешім қабылдадық" – деп жазды жұбайлардың әрқайсысы өз Твиттер парақшасында.

Алайда олар қайырымдылық қоры аясындағы жұмыстарды бірлесіп жүргізе береді. Bill & Melinda Gates Foundation компаниясында олар тең төраға ретінде қалды.

Оқи отырыңыз: Билл Гейтс коронавирустан кейін адамзатқа қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

Билл Гейтс – 65, Мелинда – 56 жаста. Олар ғаламшардағы ең бай адамдардың тізімінде төртінші орында тұр. Олардың мұрасы 130 миллиард долларға бағалануда. Сонымен қатар Microsoft негізін қалаушының жары әлемдегі ең  ықпалды әйелдердің қатарында.

БАҚ-тағы ақпаратқа сәйкес, ажырасқаннан кейін Мелинда Гейтс күйеуінің құны 1,8 миллиард доллар болатын құнды қағаздарына иелік етеді. Сондай-ақ Канада ұлттық теміржол компаниясындағы 1,5 миллиард доллар тұратын акциялар мен АҚШ-тағы Autonation ірі автоделдалының бағасы 300 миллион долларды құрайтын үлесі де бұйырды. Бұл Билл Гейтске тиесілі акциялардың шағын бөлігі ғана.

Миллиардтаған байлығына қарамастан, Гейтстер балаларына тек 10 миллион доллар көлемінде мұра қалдыру туралы шешім қабылдады. Экс-жұптың пікірінше, "тым көп ақша ешкімге жақсылық алып келмеген".

Гейтстер туралы қызықты фактілер мен фотоларды Sputnik материалынан тамашалаңыз.

81
  • © AP Photo / Elaine Thompson

    Ерлі-зайыптылар 1987 жылы Нью-Йоркте Microsoft іс-шарасы кезінде танысқан. Мелинда компанияда маркетинг жөніндегі менеджер қызметін атқарған. Суретте: Киркландтағы сұхбат кезіндегі Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда. Вашингтон штаты, 2019 жыл.

  • © AP Photo / Dave Weaver

    Билл Гейтс пен Мелинда 1994 жылдың 1 қаңтарында үйленді. Неке қию салтанаты Ланаи гаваи аралындағы гольфқа арналған алаңда өтті. Суретте: Гейтс пен әйелі неке қиылғаннан кейін бір аптадан соң, 1994 жыл.

  • © AFP 2021 / Adrian Dennis

    Мелинда Microsoft қызметкерлерінің жұмыс бабымен өткен кешкі аста Билл Гейтстің назарын өзіне аударған. Ол екеуі де бас қатырғыш есептерге қызыққан. Сондай-ақ миллиардердің болашақ жары кешкі ас кезінде оны математикалық ойын кезінде жеңген. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда Лондондағы Букингем сарайында, 2005 жыл.

  • © AFP 2021 / Getty Images North America / Jamie McCarthy

    Ерлі-зайыптының ортақ үш баласы бар: қыздары Дженнифер мен Фиби Адель және ұлы Рори. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда кіші қыздары Фиби Адельмен бірге, 2017 жыл.

  • © AP Photo / Andy Rogers

    Қазір Билл 65, ал Мелинда 56 жаста. Үйленгенге дейін миллиардер отбасылық өмір мен Microsoft-тағы қызметін бірге алып жүре алмаймын деп көп алаңдаған. Оның осыған қатысты күдігі де көп болған. Суретте: Билл Гейтс әйелімен бірге Сиэтлдегі Вашингтон университеті заң мектебінің жаңа ғимаратын ашу салтанатына қатысуда, 2001 жыл.

  • © AFP 2021 / Pool / Chris Young

    Билл мен Мелинда қайырымдылық қоры 2000 жылы құрылды және ол АҚШ-тағы ең ірі қор болып саналады. Білім беру және әлеуметтік бағдарламалардан бөлек, қор асқынған ауруларға қарсы дәрілерді әзірлеу жобаларын да қаржыландырады. Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері бұл қор осы инфекцияны зерттеушілер мен вакцина әзірлеушілерге 1,7 миллиард доллар қаржы бөлді. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Ұлыбритания королевасы ІІ Елизаветамен кездесуде, 2005 жыл.

  • © REUTERS / Rick Wilking

    Forbes ақпараты бойынша, Билл Гейтс ғаламшардағы ең бай адамдардың тізімінде төртінші орында тұр. Оның мұрасы 130 миллиард долларға бағалануда. Сонымен қатар Microsoft негізін қалаушының жары әлемдегі ең ықпалды әйелдердің қатарында. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Сан-Валлидегі Allen & Co конференциясында. АҚШ, 2014 жыл.

  • © AP Photo / Elaine Thompson

    2021 жылдың ақпанында бұл ерлі-зайыпты АҚШ-тағы ең ірі жер иеленушілер ретінде танылды. Оларға 1 мың шаршы километр жер телімі, соның ішінде, Американың 19 штатындағы 979,3 шаршы километр ауыл шаруашылыққа арналған жер аумағы тиесілі. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Сиэтлдағы Bill & Melinda Gates Foundation ашылу салтанатында. Вашингтон штаты, 2011 жыл.

  • © REUTERS / Pool / Kamil Zihnioglu

    Мелинда Гейтс Далласта, "Аполлон" бағдарламасы аясында жұмыс істеген авиағарыш инженерінің отбасында өскен. Оның анасы үй шаруасындағы әйел болған. Суретте: Microsoft негізін қалаған Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Парижде, 2017 жыл.

  • © AP Photo / Gazi Sarwar

    Билл мен Мелинда балалары 14 жасқа толғанға дейін оларға ұялы телефон сатып алып бермеген. Бұл олардың отбасындағы қатаң қағида болған. Суретте: Ерлі-зайыпты Гейтстер Бангладеште, 2005 жыл.

  • © AP Photo / Aftab Alam Siddiqui

    Билл және Мелинда Гейтс үш баласына тек 10 миллион доллардан қалдыру туралы шешім қабылдаған. Бұл миллиардтаған мұраның тарыдай ғана бөлшегі. Өзара келісім бойынша қалған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда Үндістанда, 2011 жыл.

Кілт сөздер:
келісім, ажырасу, фотолента
Ақтоты Райымқұлова

Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

0
Министр өзінің қызметтен кетуі үшін алдымен өз орынбасарының кінәсі толық дәлелденуі тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пара алды деп айыпталған орынбасарының кінәсі дәлелденсе, оставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пара алды деген күдікпен ұсталған вице-министр Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетуге дайынсыз ба?", деп сұрады журналист мәдениет министрінің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте.

"Ең алдымен, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді және ең бірінші кінә дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін. Кінәсі дәлелденген жағдайда", – деп қайталады Райымқұлова.

Айта кетейік, биыл ақпан айында мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны хабарланды. Шенеунікке букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз: Мәдениет министрі жаңа норма туралы: әншілер дөрекі мінезі үшін жазаланады

0
Кілт сөздер:
отставка, Ақтоты Райымқұлова
Тақырып бойынша
Мөлдір Әуелбекованың орамал туралы әңгімесі: мәдениет министрі пікір білдірді
Әліпбиді латынға көшіру жұмыстарын басқа министрлік жалғастырады – Райымқұлова
Жаңа мәдениет министрі: Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?
Райымқұлова ұлттық киноны қолдау орталығы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Мәдениет министрі "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне қатысты ақпаратпен бөлісті