"Оскарға" жұлдыздар не киеді: жұрттың қызу талқысына түскен көйлектер фото

107
(Жаңартылды 18:27 26.04.2021)
Оскар сыйлығын табыстау салтанатында жұрт назарына ілігіп, қызу талқыға түскен киімдер топтамасын ұсынамыз. Олардың қатарында Одри Хепберннің гүлді көйлегі мен Натали Портманның "саяси астарлы" жамылғысы бар

Лос-Анджелесте кино саласындағы беделді "Оскар" сыйлығын табыс ету салтанаты өтті. Осы жылы коронавирус пандемиясына байланысты бұл шара өзгеше форматта ұйымдастырылды. Алайда жұлдыздар өздерін әдеттегідей әсем кейіпте көрсетуі үшін мейлінше қолайлы жағдай жасалды. Шараға қатысатын номинанттар АҚШ-қа келіп, он күндік карантиннен өтуге тиісті. Алайда бірқатар талаптарды сақтаса, бұл мерзімнің қысқартылуы да қарастырылды.

"Оскар" сыйлығын табыс ету шарасы жылдың маңызды оқиғаларының бірі болып саналады. Осыған орай осы салтанатты рәсімде өзінің киімімен ел есінде қалған жұлдыздарды еске алып көрелік. Олардың кейбірі мінсіз стилі үшін қолдау тапса, кейбірі талғамсыздығы үшін өткір сынға ұшырап жатты.

107
  • © AP Photo

    Актриса Одри Хепберн 1954 жылы "Рим демалыстары" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды. Ол бұл айтулы шараға гүлді көйлек киді. Фильм үшін дайындалған Paramount дизайнері Эдит Хедтің бұл туындысының актрисаға ұнағаны соншалық, ол модельер Юбер Живаншиден киімді қызыл кілемге арнап қайта тігуді өтінді. 2011 жылы бұл көйлек 132 мың долларға сатылды.

  • © AP Photo

    Paramount дизайнері Эдит Хед 1955 жылы "Оскар" иеленген сұлу бикеш Грейс Келли үшін де көйлек тікті. Актриса "Ауыл қызы" атты картинадағы рөлі үшін беделді мүсіншені алды. Ол бұл марапатқа аспан түстес көгілдір түсті және бел тұсы күлтеленген көйлек киді. Бұл Оскар тарихындағы ең қымбат киімдердің бірі. Бұл көйлек үшін пайдаланылған атластың өзі төрт мың доллар тұрды.

  • © AP Photo / George Birch

    "Оскарды" табыстаудың салтанатты 41-шарасында актриса Барбра Стрейзанд "Күлкілі бойжеткен" кинотуындысындағы рөлі үшін жеңімпаз атанды. Ол бұл жиынға бір қарағанда адамды жалаңаш тұрғандай етіп көрсететін киім киді. Мұны канадалық дизайнер Арнольд Скази әзірлеген. Осылайша Голливудта "жалаңаш" көйлектер дәуірі басталды. Бұл көйлек дизайнерге үлкен танымалдылық алып келіп, оның қолынан Барбара Буш, Хилари Клинтон секілді АҚШ-тың бірінші ханымдары да көйлек киді.

  • © AP Photo / Reed Saxon

    1986 жылы әнші әрі актриса Шер өзінің киімімен Стрейзандтан асып түсті. Америкалық дизайнер Боб Маки Шер үшін былғары шалбар, жылтырақты нымша, кашемирден тігілген жамылғыны мінсіз киім деп тапты. Сондай-ақ әнші қызыл кілемшеге құс қанаттарымен көмкерілген бас киім киіп шықты.

  • © AP Photo / Eric Draper

    1999 жлы "Оскар"сыйлығын табыстау кезінде Гвинет Пэлтроу жіңішке ілмешекті және түссіз шарфы бар алқызыл әрі нәзік Ralph Lauren көйлегімен жұртты тамсандырды. Тіпті сән саласының сыншылары да бұл киімге оң баға берді. Ол көйлек өзінің қарапайым пішінімен және қатаң конструкциясымен кербездік әдеміліктің үлгісіне айналды.

  • © AP Photo / Kim D. Johnson

    Бұл көйлек "Оскар" тарихындағы ең әдемі және ең сұрықсыз көйлектер тізіміне енген. Македониялық дизайнер Марьяна Пежоскидің қолынан шыққан бұл комбинезон аққу бейнесін сипаттап тұр. Бьорк салтанатты кештегі бұл айрықша киім үлгісін дөңгелек пішінді клатч сөмкемен толықтырып, аққудың жұмыртқалау процесін бейнеледі. Ең қызығы, арада 13 жыл өткен соң, 2014 жылы Valentino сән үйі дәл осы комбинезон көшірмесін көктемгі топтамаға енгізді.

  • © AP Photo / Kevork Djansezian

    Актриса Джулия Робертс дәл осы көйлекті киіп көрген кезде оның он жасар жиені "Сасықиістіге ұқсайсың" деп пікір білдіріпті. Алайда актриса кішкентай сыншының пікірін құлаққа ілмей, өз таңдауын ұзын шлейфті әрі ақ жолақты қара көйлекке тоқтатыпты. Бұл таңдауы теріс болмаған екен. Нәтижесінде Джулия Робертстің көйлегі киносыйлық тарихындағы ең әсем киімдердің бірі ретінде танылды. Valentino сән үйінің ақ-қара көйлегі актрисаны бір сәтте-ақ сән үлгісіне айналдырды. Ол Стивен Содербергтің "Эрин Брокович" фильміндегі әйел рөлі үшін мүсінше иеленді.

  • © AP Photo / Amy Sancetta

    2012 жылы салтанатты шараға Бред Питтпен бірге қол ұстасып келген Анджелина Джоли Atelier Versace брендінің барқыттан тігілген қара түсті көйлегін киді. Алайда актриса кез келген ыңғайлы жағдайда көйлек ойығынан оң аяғын жиі шығара беруі назардан тыс қалмады. Бұл әрекетті күлкіге айналдырғандар әлеуметтік желіде "@Анджелинаныңоңаяғы" деген атаумен аккаунт ашты.

  • © AP Photo / Jordan Strauss

    2015 жылы өткен "Оскар" сыйлығын табыстау шарасына Леди Гага киген киім де Анджелинадан қалыс қалған жоқ. Бұл жолы дизайнер Аззедин Алайя ойлап тапқан көйлек емес, осы киімге қосымша аксессуар ретінде әнші киген қолғап қатты сынға ұшырады. Ашық қызыл түсті былғары қолғапты желі қолданушылары сантехникалық жұмыстар мен ыдыс жуу кезінде киетін қолғапқа ұқсатты. Жалпы бұл кеш Леди Гага үшін сәтсіз болды. Киімінің күлкіге айналғаны аздай, музыка саласының сарапшылары оны Sounds of Music әнін нашар орындады деп сынады.

  • © AP Photo / Invision / Chris Pizzello

    Дженифер Лоуренс үнемі қызықты оқиғаға тап болып жүреді. Алайда 2013 жылдың кешін ол ешқашан ұмытпайтын болар. Ол "Ең үздік әйел рөлі" номинациясы бойынша марапатты алуға сахнаға көтерілгенде құлап қалды. Ол көйлегінің етегіне сүрінді ме, әлде биік өкшелі аяқ киімі кедергі болды ма белгісіз. Қалай болғанда да, актрисаның үстіндегі құны төрт миллион доллар болатын Dior көйлегі ел назарын аудармай қоймады.

  • © AFP 2021 / Mark Ralston

    2019 жылы танымал сериалдың жұлдызы Билли Портер салтанатты шарадағы ең қызу талқыланған тұлғаға айналды. Ол "Оскар" табыстау рәсіміне кеудесіне нағыз сәнқой ерлерге тән қара түсті смокинг, ал төменгі жағына кең белдемше киді. Бұл киімнің авторы – америкалық модельер Кристиан Сириано. Ол "Мінбер" реалити-шоуының ең жас жеңімпазы.

  • © AP Photo / Invision / Jordan Strauss

    Ал Натали Портман өткен жылғы жиынға жәй сәнді ғана емес, саяси астарлы киім киді. Dior сән үйінің қара түсті ұзын жамылғысына еңбегі елеулі әрі лайықты болғанымен "Оскар" сыйлығын алмаған әйел режиссерлердің фамилиялс жазылды. Актриса берген сұхбатында киноиндустрияда әлі де гендерлік теңсіздік бар екенін және көбіне фильмдерді ер адамдар түсіретінін айтты.

Өмір мен өлім, жеңіс пен жеңіліс: соғыс суреттері

53
  • Смерть солдата. Великая отечественная война 1941-1945 гг. Крымский фронт, Керченское направление апрель-май 1942 года.
  • Первые дни Великой Отечественной войны
Өртке оранған ауылдар, қаза тапқан сарбаздар, қоршаудағы Ленинград... Бұл кадрлар сонау сұрапыл соғыстың үрейі мен қорқынышын, Жеңіс үшін жанын қиған сарбаздардың ерлігін бейнелейді

Ресми мәліметке сәйкес, Ұлы Отан соғысы жылдарында 400-ден астам әскери тілші соғыс даласында еңбек етті. Олардың қатарында Макс Альперт, Евгений Халдей, Яков Рюмкин, Анатолий Гаранин, Всеволод Тарасевич, Марк Марков-Гринберг сынды танымал фотографтар да бар.

Әскери фотографтардың от пен оқтың ортасында жүріп, өз өмірлерін бәйгеге тіккені айтпаса да түсінікті. Олар соғыс даласындағы жағдайды суретке түсіріп, ахуал жайлы нақты деректер ұсынып отырды. Бұл соғыс жоспарын құру барысында өзекті рөл атқарды.

Кейде фотографтар арнайы құрастырылған көркем суреттер де түсірді. Бұл кадрлар мерзімді басылымның бірінші беттеріне басылып, соғыс кезінде кеңес халқын рухтандыруды мақсат етті. Әскери репортерлар мен танымал кадрлар жайлы біздің фотолентада.

Оқи отырыңыз: Отанға оралу: Ржев маңында қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды – видео

Макс Альперт (1899-1980) — кеңестік фотограф және фоторепортер. Ол кеңестік репортажды суреттер топтамасын алғаш қолданғандардың бірі. Соғыс жылдарында Альперт тылда да, ұрыс даласында да еңбек етті.

Яков Рюмкин (1913-1986) — Ұлы Отан соғысы басталған уақыттан бері "Правда" газетінің фототілшісі қызметінде болды. Оның Сталинград шайқасы кезінде түсірген суреттері көбірек танымал. Украина, Молдова, Румыния, Венгрияны азат етуге фототілші ретінде қатысқан. Берлиндегі шайқасты да суретке түсірген.

Евгений Халдей (1917-1997) — ол соғыстың барлық 1418 күнінде иығына "Leica" камерасын асынып, Мурмансктан Берлинге дейін жүріп өтті. Ол түсірген іс-шаралардың қатарында сыртқы істер министрлерінің Париждегі кеңесі, Қиыр Шығыстағы жапондардың жеңілісі, Потсдамдағы одақтас держава басшыларының конференциясы секілді көптеген жиын-кеңестер бар.

Анатолий Гаранин (1912 - 1990) — Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең мықты соғыс репортерінің бірі. Соғыс жылдарында "Фронтовая иллюстрация" газетінің тілшісі. Кеңес Армиясының түрлі майдандағы соғыс әрекеттерін суретке түсірген.

Марк Марков-Гринберг (1907-2006) — соғыс басталған алғашқы күннен бері майданда жүрген. Ол соғысқа байланысшы ретінде қатысқанымен, соғыс пен демалыс минуттарының ерекше сәттерін суретке түсіріп отырған. 1943 жылдан бері "Слово бойца" газетінің фототілшісі болған.

Всеволод Тарасевич (1919-1998) — кеңестік фотожурналистиканың классигі. Ұлы Отан соғысы басталған шақтан бері Солтүстік-Батыс саяси басқаруының, кейіннен Ленинград майданының фототілшісі болған.

53
  • © Sputnik / Max Alpert

    Макс Альперттің "Комбат" атты танымал жұмысы. Бұл сурет соғыстың символына айналды. Суретте: 18-армия 4-атқыштар дивизиясы 220-атқыштар полкінің кіші саяси жетекшісі Алексей Еременко жараланған рота командирі орнына тұрып, солдаттарды қарсы шабуылға бағыттау кезінде көз жұмды.

  • © Sputnik / Max Alpert

    Гитлершілер белорус ауылын өртеп жіберді. Беларусь, 1944 жыл.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    "Рейхстагтағы Жеңіс белгісі" кадры, 1945 жыл. Бұл сурет соғыстың аяқталуын бейнелейтін Берлиннің ең танымал фотосы ретінде тарихқа енді.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Фашистік Германияның Кеңес Одағы аумағына басып кіруін хабарлау кезінде көшеге жиналған Мәскеу тұрғындары, 1941 жылдың 22 маусымы.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Соғыстың тағы бір танымал суреті. Фотода: кеңестік автоматшылар Граф айлағында соғысып жатыр, 1944 жыл.

  • © Sputnik / Max Alpert

    Кеңестік әйелдер мен балалар үйлеріне оралуда. Автор бұл фотоны "Туған ауылға қайтқанда" деп атады, 1943 жыл.

  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Мәскеу түбінде тұтқынға алынған немістер бейнеленген сурет, 1941 жыл.

  • © Sputnik / Max Alpert

    Барлаушылар қорғаныс шебінен өтуде, 1943 жыл.

  • © Sputnik / Yakov Ryumkin

    "Бейбітшілік естеліктері" атты туынды. Сталинград, 1943 жыл.

  • Смерть солдата. Великая отечественная война 1941-1945 гг. Крымский фронт, Керченское направление апрель-май 1942 года.
    © Sputnik / Анатолий Гаранин

    Әскери фотограф Анатолий Гаранин Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең әсерлі кадрлардың бірін түсіріп алды. "Сарбаздың өлімі" атты сурет фоторепортаждың классикасына айналды. Суретте: Қырым майданы, Керчь бағыты, 1942 жылдың сәуір-мамыр айлары.

  • © Sputnik / Max Alpert

    Соғыс кезіндегі артиллериялық есеп, Солтүстік Кавказ, 1943 жыл.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Зенитшілер азат етілген Севастополь аспанын күзетіп тұр, 1944 жыл.

  • © Sputnik / Vsevolod Tarasevich

    Жау қоршауындағы Ленинград тұрғындары аязды күні сынған су құбырынан су алып жатыр, 1942 жыл.

  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Сталин атындағы механизация және моторизация әскери академиясы жанындағы танк полкі соғысқа аттанар алдында. Мәскеу, 1941 жылдың маусымы.

  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Ленинградтағы Нева даңғылындағы аэростаттар, 1941 жыл.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Анатолий Гаранин

    Атыс кезінде анасы баласын денесімен бүркеп жатыр. Красная слобода ауылы, Брянск майданы, 1941 жыл.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Граф айлағы жанындағы Севастополь қирандыларындағы тұтқын немістер, 1942 жыл. Бұл сурет Севастопольді қорғау кезінде түсірілген.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Қызыл Ту орденді гвардиялық авиация полкінің жауынгерлері Ұлы Отан соғысы кезінде Севастополь аспанында, 1944 жыл.

  • © Sputnik / Mark Markov-Grinberg

    Кеңестік сарбаздар хаттарды сұрыптап жатыр. 2-Беларусь майданы. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы.

  • © Sputnik / Анатолий Гаранин

    Мобилизация. Жауынгерлер легі майданға қарай бет алуда. Мәскеу, 1941 жылдың 23 маусымы.

  • © Sputnik / Mark Markov-Grinberg

    Оқу-жаттығу кезіндегі сарбаздар, Брянск майданы, 1942 жыл. Оқу-жаттығу кезінде танк сарбаздар жатқан окоптан өтіп жатыр.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Омолица ауылының тұрғындары Югославия жеріне бірінші болып ұшып келген кеңестік ұшқыш Семен Бойкоға қошемет көрсетуде, 1944 жыл.

  • © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Берлиндегі Александерплацтағы әскери реттеуші Мария Шальнева, 1945 жыл.

  • © Sputnik / Max Alpert

    Мәскеу, 1945 жыл. Жеңіс шеруі. Жеңілген фашист армиясының жалаулары Кремль қабырғасына қарай жығылуда.

  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Әуедегі шабуылдан қорғану әскерінің прожекторлары Мәскеу аспанын жарықтандырып тұр, 1941 жылдың маусымы.

Кілт сөздер:
фотограф, фото, Ұлы Отан соғысы, соғыс

Билл Гейтс 27 жыл отасқан әйелімен ажырасты: миллиардер мұрасы қалай бөлінді фото

81
Әлемдегі ең бай жұп – Билл және Мелинда Гейтс отыз жылға жуық заңды некеден кейін ажырасуға бел байлады. Танымал ерлі-зайыптының өмірі жайлы қызықты деректерді төмендегі материалдан оқыңыз

Билл және Мелинда Гейтс 27 жыл бойы берік некенің үлгісі болып келді. Олардың ажырасу туралы шешімі көпті таңғалдырды әрі жабырқатты. Миллиардердің әйелі өз сөзінде олардың некесі құрдымға кеткенін және оны еш жағдай қалпына келтіре алмайтынын мәлімдеді. Ал кәсіпкер мұндай шешімге не түрткі болғаны жайлы жақ ашпады.

"Қарым-қатынасымызды жақсарту бойынша жұмыстар жасағаннан кейін біз ұзақ ойлана келе некені бұзу туралы шешім қабылдадық" – деп жазды жұбайлардың әрқайсысы өз Твиттер парақшасында.

Алайда олар қайырымдылық қоры аясындағы жұмыстарды бірлесіп жүргізе береді. Bill & Melinda Gates Foundation компаниясында олар тең төраға ретінде қалды.

Оқи отырыңыз: Билл Гейтс коронавирустан кейін адамзатқа қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

Билл Гейтс – 65, Мелинда – 56 жаста. Олар ғаламшардағы ең бай адамдардың тізімінде төртінші орында тұр. Олардың мұрасы 130 миллиард долларға бағалануда. Сонымен қатар Microsoft негізін қалаушының жары әлемдегі ең  ықпалды әйелдердің қатарында.

БАҚ-тағы ақпаратқа сәйкес, ажырасқаннан кейін Мелинда Гейтс күйеуінің құны 1,8 миллиард доллар болатын құнды қағаздарына иелік етеді. Сондай-ақ Канада ұлттық теміржол компаниясындағы 1,5 миллиард доллар тұратын акциялар мен АҚШ-тағы Autonation ірі автоделдалының бағасы 300 миллион долларды құрайтын үлесі де бұйырды. Бұл Билл Гейтске тиесілі акциялардың шағын бөлігі ғана.

Миллиардтаған байлығына қарамастан, Гейтстер балаларына тек 10 миллион доллар көлемінде мұра қалдыру туралы шешім қабылдады. Экс-жұптың пікірінше, "тым көп ақша ешкімге жақсылық алып келмеген".

Гейтстер туралы қызықты фактілер мен фотоларды Sputnik материалынан тамашалаңыз.

81
  • © AP Photo / Elaine Thompson

    Ерлі-зайыптылар 1987 жылы Нью-Йоркте Microsoft іс-шарасы кезінде танысқан. Мелинда компанияда маркетинг жөніндегі менеджер қызметін атқарған. Суретте: Киркландтағы сұхбат кезіндегі Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда. Вашингтон штаты, 2019 жыл.

  • © AP Photo / Dave Weaver

    Билл Гейтс пен Мелинда 1994 жылдың 1 қаңтарында үйленді. Неке қию салтанаты Ланаи гаваи аралындағы гольфқа арналған алаңда өтті. Суретте: Гейтс пен әйелі неке қиылғаннан кейін бір аптадан соң, 1994 жыл.

  • © AFP 2021 / Adrian Dennis

    Мелинда Microsoft қызметкерлерінің жұмыс бабымен өткен кешкі аста Билл Гейтстің назарын өзіне аударған. Ол екеуі де бас қатырғыш есептерге қызыққан. Сондай-ақ миллиардердің болашақ жары кешкі ас кезінде оны математикалық ойын кезінде жеңген. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда Лондондағы Букингем сарайында, 2005 жыл.

  • © AFP 2021 / Getty Images North America / Jamie McCarthy

    Ерлі-зайыптының ортақ үш баласы бар: қыздары Дженнифер мен Фиби Адель және ұлы Рори. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда кіші қыздары Фиби Адельмен бірге, 2017 жыл.

  • © AP Photo / Andy Rogers

    Қазір Билл 65, ал Мелинда 56 жаста. Үйленгенге дейін миллиардер отбасылық өмір мен Microsoft-тағы қызметін бірге алып жүре алмаймын деп көп алаңдаған. Оның осыған қатысты күдігі де көп болған. Суретте: Билл Гейтс әйелімен бірге Сиэтлдегі Вашингтон университеті заң мектебінің жаңа ғимаратын ашу салтанатына қатысуда, 2001 жыл.

  • © AFP 2021 / Pool / Chris Young

    Билл мен Мелинда қайырымдылық қоры 2000 жылы құрылды және ол АҚШ-тағы ең ірі қор болып саналады. Білім беру және әлеуметтік бағдарламалардан бөлек, қор асқынған ауруларға қарсы дәрілерді әзірлеу жобаларын да қаржыландырады. Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері бұл қор осы инфекцияны зерттеушілер мен вакцина әзірлеушілерге 1,7 миллиард доллар қаржы бөлді. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Ұлыбритания королевасы ІІ Елизаветамен кездесуде, 2005 жыл.

  • © REUTERS / Rick Wilking

    Forbes ақпараты бойынша, Билл Гейтс ғаламшардағы ең бай адамдардың тізімінде төртінші орында тұр. Оның мұрасы 130 миллиард долларға бағалануда. Сонымен қатар Microsoft негізін қалаушының жары әлемдегі ең ықпалды әйелдердің қатарында. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Сан-Валлидегі Allen & Co конференциясында. АҚШ, 2014 жыл.

  • © AP Photo / Elaine Thompson

    2021 жылдың ақпанында бұл ерлі-зайыпты АҚШ-тағы ең ірі жер иеленушілер ретінде танылды. Оларға 1 мың шаршы километр жер телімі, соның ішінде, Американың 19 штатындағы 979,3 шаршы километр ауыл шаруашылыққа арналған жер аумағы тиесілі. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Сиэтлдағы Bill & Melinda Gates Foundation ашылу салтанатында. Вашингтон штаты, 2011 жыл.

  • © REUTERS / Pool / Kamil Zihnioglu

    Мелинда Гейтс Далласта, "Аполлон" бағдарламасы аясында жұмыс істеген авиағарыш инженерінің отбасында өскен. Оның анасы үй шаруасындағы әйел болған. Суретте: Microsoft негізін қалаған Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Парижде, 2017 жыл.

  • © AP Photo / Gazi Sarwar

    Билл мен Мелинда балалары 14 жасқа толғанға дейін оларға ұялы телефон сатып алып бермеген. Бұл олардың отбасындағы қатаң қағида болған. Суретте: Ерлі-зайыпты Гейтстер Бангладеште, 2005 жыл.

  • © AP Photo / Aftab Alam Siddiqui

    Билл және Мелинда Гейтс үш баласына тек 10 миллион доллардан қалдыру туралы шешім қабылдаған. Бұл миллиардтаған мұраның тарыдай ғана бөлшегі. Өзара келісім бойынша қалған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда Үндістанда, 2011 жыл.

Кілт сөздер:
келісім, ажырасу, фотолента
Иллюстративті фото

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға сот үкімі шықты

9
(Жаңартылды 13:44 14.05.2021)
Бұған дейін сотталушылардың адвокаттары сот процесінде туындаған шиеленісті жағдайды ескеріп, істі қарауды тездетуді сұраған

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Сот өткен жылы Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қарағанды облысының ювеналды сотында 55 адамға қатысты іс қаралды. Себебі, тәртіпсіздік кезінде сотталушылардың үшеуі 18 жасқа толмаған еді.

Сот алдына 49 ер адам мен 6 әйел келді. Оларды екі қылмыстық бап бойынша кінәлі деп таныды: 272-бап "жаппай тәртіпсіздік" және 380-бап "билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық".

Процесс барысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындап, прокурордың соттан сұраған жазасына келісті.

14 мамырда судья Кенжебай Ысқақбаев сотталушыларға қатысты жазаны анықтады. Тоғыз адам үш жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы 44 сотталушы төрт жылға шартты түрде жаза алды, қалған екі адам бір жарым жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Тұрғындар педофилді беруді талап етті

Сәтбаев қаласында жаппай тәртіпсіздік 2020 жылдың 24 шілдесіне қараған түні бес жасар қызды ұрлап, зорлағаннан кейін басталды. Ашуланған жергілікті тұрғындар өздеріне педофилді беруді талап етті. Алайда, полиция күдіктіні үйден байқатпай алып шықты.

Содан жаппай тәртіпсіздік басталды, жағдай ұлттық ұлан жауынгерлері көмекке келгеннен кейін ғана бақылауға алынды. Оған дейін полиция бөлімшесі мен олардың қызметтік көліктері талқандалды. Іс бойынша елуге жуық полиция қызметкері, 13 азаматтық тұлға, облыстық полиция департаментінің бір өкілі жәбірленуші ретінде қатысты.

Оқи отырыңыз: Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: адвокат сотталушылардың жүйкесі сыр бергенін айтты

Ал қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам сотқа дейін тергеу изоляторында қаза тапты. Ол өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.

9
Кілт сөздер:
Сәтпаев қаласы, педофил
Тақырып бойынша
Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған экс-депутат ұсталды
Алматыда жаппай вакциналау қайта басталады – денсаулық басқармасы мерзімін атады
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: бір адам тергеу изоляторында қайтыс болды
Түркістанда жаппай төбелестен соң қылмыстық іс қозғалды – видео
Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: 54 адамға қатысты сот басталды