Суреттер сөйлейді: All About Photo Awards 2021 байқауының жеңімпаздары фото

43
All About Photo Awards 2021 байқауына қатысушылар әлемнің түкпір-түкпірінен жүрек тебірентерлік әрі сезімге толы суреттер ұсынды

All About Photo Awards 2021 суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды. Осымен алтыншы рет өтіп отырған байқауға әлемнің 26 елінен 40 туынды түсті. 

Қазылар алқасы жеңімпазды анықтау кезінде авторлардың креативтілігі мен көркемдік шеберлігіне баса мән берді. Сондықтан тек ашық түсті ғана емес, астарында терең мән-мағынасы бар суреттер таңдалды.

All About Photo жеңімпаздарына жалпы көлемі 10 мың доллар болатын ақшалай сыйақы беріліп, олар БАҚ-та кеңінен насихатталды.

Беделді байқауда жеңіске жеткен суреттер мен құрмет пен қошеметке лайық басқа да фотоларды біздің материалдан тамашалаңыз.

43
  • Калькуттадағы Барабазарда жұмыс істейтін жүк тасушы адамның тұрпатын бейнелеген британдық Том Прайстың фотосы байқау жеңімпазы атанды. Фотограф ауыр еңбекпен айналысқан мигрант жұмысшылар суреттерінің топтамасын әзірлеген. 2020 жылы Прайс бұл портреттерді сюрреалистік пейзажға көшіріп, өз үйі мен отбасынан алшақта жүрген мигранттардың жалғыздығын көрсеткісі келді.

  • Индонезиялық фотограф Джошуа Ирвандидің The Human Cost of COVID-19 сериясына жататын бұл суреті "Адам өмірінің бағасы" деп аталады. Мұнда инфекциялық қалдықтарға арналған сары пластик пакетке оралған коронавирус құрбаны бейнеленген. Фотограф осы туындсы үшін байқауда екінші орынды иеленді.

  • Фотограф Джозеф-Филипп Бевиллардтың "Кэтлин мен Бриджит, Дублин, Ирландия – 2020" атты фотосы үшінші орынға лайықты деп танылды. Суретте ирландиялық сығандардың өкілдері бейнеленген. Кей деректе пэйви деп аталатын бұл халық өз тілдері – шелта тілінде сөйлейді және өз салт-дәстүрі бар.

  • "Латидоамерика" суреті үшін төртінші орын испан фотографы Хавьер Арсенильяске тиесілі болды. Бұл фото есірткі сақтағаны үшін жасөспірімдерді құрықтау кезінде түсірілген.

  • Чили фотографы Хавьер Вергараның "Чили қарсылық көрсетуде" атты туындысында 2019 жылдың 11 қарашасында арнайы жасақтың көтерілісшілерге қарсы су шашуы кезіндегі қорғаныс әрекеті бейнеленген.

  • Оңтүстік Судандағы су басқан көшемен келе жатқан 70 жастағы Ньякек портреті. Британдық фотограф Питер Кейтон осы суреті үшін байқауда еркше құрметке ие болды.

  • Фотограф Педро Луис Айюриагеррдің "Құбыжық" атты суреті. Суретте тұманды күні бой тасалаған күлгін түсті инелік бейнеленген.

  • Бұл сурет Үндістандағы Халди фестивалі кезінде түсірілген. Туындыны Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Донелл Гумиран атты фотограф жолдаған. Шива аватарларының бірі – Шри Виттал Бирдевтің құрметіне ұйымдастырылатын мерекедегі бұл жоралғы адамға сәттілік алып келуі керек.

  • "Екібасты сұр жылан" сингапурлық фотограф Чин Леонг Теоны сескендірмесе керек. Оның улы жыланның бақаны бүтіндей жұтып жатқан сәтін түсірген суреті All About Photo Awards 2021 байқауындағы қазылар алқасының ерекше алғысына ие болды. Blue Insularis – ойықбасты жыландар арасындағы өте улы жылан.

  • "Тыйым". Тегеран фотографы Фаттах Зиноури бұл суретті Ирандағы ауған иммигранттары жайлы жоба аясындағы жұмыстары кезінде үйдегі студияда әзірлеген. Бұл туынды қазылар алқасының ерекше ескеруіне ие болды.

  • Вьетнамдық фотограф Фуок Хоай Нгуеннің "Теңіз жүрегі" атты туындысы. Фуйендегі балықшылар түнде суға жіберілген торды тарту арқылы күн сайын таңертең балық аулайды. Бұл тор пішінімен бір қарағанда жүректі еске түсіреді.

  • Поляк фотографы Якуб Вавржактың "Шектен тыс" атты картинасы. Суретте өз өмірін көркемсуретке арнаған Тадеуш Гапинский бейнеленген. Ол үнемі тыныш орындар мен ландшафттарды салатын.

  • Париждегі шеру кезінде түсірілген фото. Оны байқауға француз фотограф Орельен Мориссар жолдаған.

  • Италиялық фотограф Умберто Вердоливаның "Сұлулық жолы мен ынтызарлығы" атты суреті сарапшыларды таңғалдырып, All About Photo Awards 2021 қазылар алқасының айрықша құрметіне ие болды.

  • Индонезиялық Хардиджанто Будиман Солтүстік Кореяның ханшайымдары туралы тарихи фильмнен шабыт алып, "Апалы-сіңілілерге арналған өлең" атты фото түсірген.

Алматыдағы Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіштер фото

73
(Жаңартылды 20:57 08.05.2021)
  • Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ
  • Даңқ мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы 8 мамырда ашылды
  • Мемориалдың орталық бөлігі
  • Жеңіс күні қарсаңында Алматы әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Мәңгілік алау маңын күзетеді
  • Лабрадориттен жасалған текшелер
  • Бауыржан Момышұлының монументі
  • Момышұлы ескерткішінің жанына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы артиллериялық қарулар орнатылған
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Балтық флотының флагманы – Киров Қызыл ту крейсерінің қаруы
  • Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың бюсті
  • Панфиловшылар аллеясы саябақтың ішінде Қазыбек би көшесінен Гоголь көшесіне дейін созылып жатыр
  • Аллеяның бойында екі жағында 28 батыр-панфиловшылардың есімі жазылған гранит тұғырлар орнатылған
  • 1993 жылы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығының құрамына енді
  • Кеңес Одағының батыры, қазақстандық пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға ескерткіш 1997 жылы орнатылды
  • Ол мегаполистің қақ ортасында, Астана алаңының алдындағы скверде орналасқан
  • Әскери киім киген Кеңес Одағының батыр қыздарының мүсіндері қара және сұр граниттен жасалған.
  • Отан ұлдарына мәңгілік естелік мемориалы Алматы қаласының Алатау ауданындағы Қарасу кентінде орналасқан.
  • 2019 жылдың күзінде ескерткішті бәзбіреулер бұзып кеткен
  • Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ мемориалы Райымбек даңғылындағы орталық зираттың орталық аллеясында орналасқан.
  • Кеудесінде Даңқ ордені бар жауынгердің бейнесі
  • Ол жерге Алматы госпиталінде жарақаттан қайтыс болған 560 жауынгер жерленген
  • Жамбыл Жабаев ескерткіші Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінің жоғары жағында орналасқан.
  • Жыл сайын алматылықтар Ленинградтық өренім! өлеңі үшін ақынға құрмет көрсетеді
Бір жарым миллионға жуық қазақстандық Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан үшін шайқасқа аттанып, қан майданға қатысты. Оның 600 мыңнан астамы ерлікпен қаза тапты

Алматыда ерлікпен қаза тапқан және қан майданда Отан үшін от кешкен қазақстандық батырларға арналған ескерткіштерді Sputnik фотолентасынан тамашалаңыз.

28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ

Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ қазақстандықтардың ерлігін еске салатын мегаполистің ең көрнекті орны саналады. Саябаққа бұл атау Мәскеуді қорғау кезінде Ұлы Отан соғысы жылдарында 316-шы атқыштар дивизиясының 1075-полкінің 28 жауынгерінің жасаған ерлігін есте сақтау мақсатында берілген.

Саябақтағы мәңгілік алау Даңқ мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы 8 мамырда ашылды.

Мемориалдың ортасында ерліктің белгісі болып Мәскеуді ерлікпен қорғаған батыр-панфиловшылар бейнеленген. Оның алдында мәңгілік алау тұр. 2010 жылы саябақтың солтүстік жағында Кеңес Одағының батыры, панфиловшы, Мәскеу шайқасына қатысушы Бауыржан Момышұлының монументі орнатылды. Ол Панфилов дивизиясында Талғар атқыштар полкінің 1073-батальонына басшылық етті.

Саябаққа Оңтүстік жақтан кірген жерге 316-шы атқыштар дивизиясының командирі, Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың бюсті қойылған. Аты аңызға айналған командир 1941 жылы 18 қарашада Мәскеу маңындағы Гусенево ауылында қайтыс болды.

Генерал Панфилов ескерткішінен кейін бірден батыр-панфиловшылар аллеясы басталады. Ол саябақ аумағын Қазыбек би көшесінен Гоголь көшесіне дейін жалғасады. Оның бойында екі жағында 28 панфиловшы батырлардың есімі жазылған гранит тұғырлар орнатылған.

1993 жылы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығының құрамына енді.

Әлия мен Мәншүк ескерткіші

Екі қазақстандық, Кеңес Одағының батырлары, пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға ескерткіш 1997 жылы мегаполистің қақ ортасында, Астана алаңының алдына орнатылды.

Әскери киім киген қыздардың мүсіні қара және сұр граниттен жасалған. Мүсінші Сатыбалдин қос қыздан бөлек ескерткішке Жер ғаламшары мен бейбітшіліктің символы көгершіндерді ұшырып тұрған сәбилерді де қосқан. Бұл жер бетінде мәңгі тыныш болсын деген ниеттен туған.

"Отан ұлдарына мәңгілік естелік"мемориалы

"Отан ұлдарына мәңгілік естелік" мемориалы Алматы қаласының Алатау ауданындағы Қарасу кентінде орналасқан. Оның ортасында сол қолында ППШ автоматы бар қазақстандық солдаттың мүсіні орналасқан кешен бар. Сол жақта, гранит плитасына Ұлы Отан соғысы жылдары және майданда қаза тапқан 96 қазақстандықтың фамилиясы жазылған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновтің алып мүсіні ашылды – фото

2019 жылдың күзінде бәзбіреулер түрлі-түсті металдардан жасалған мемориалдың бір бөлігін алып кетіп, бүлдірген. Ескерткіш әлі күнге дейін қалпына келтірілмеді. Қала билігі оны жылдың соңына дейін қалпына келтіруге уәде берді.

"Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ" мемориалы

Ұлы Отан соғысын еске түсіретін бұл өте маңызды ескерткішті қала тұрғындары біле бермейді. Оған ескерткіштің орналасқан жері себеп болып отыр. Ол Райымбек даңғылындағы орталық зираттың орталық аллеясында орналасқан.

Ескерткіштің тарихы 1976 жылдан басталады. Ол жерге Алматы госпиталінде майданда алған жарақатынан қайтыс болған 560 жауынгер жерленген.

Жамбыл ескерткіші

1996 жылы Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінен жоғары орналасқан Жамбыл Жабаев ескерткіші бір қарағанда Ұлы Отан соғысын еске түсірмеуі мүмкін. Алайда мамыр мерекесінде оның жанында жыл сайын қала тұрғындары гүл шоқтарын қояды. Осылайша олар "Ленинградтық өренім!" өлеңін жазған ақынға құрмет көрсетеді.

Шығарма 1941 жылдың қыркүйегінде жарық көрген.

73
  • Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігін еске салатын мегаполистің ең көрнекті орны болып табылады

  • Даңқ мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы 8 мамырда ашылды
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Мәңгілік алауы бар Даңқ мемориалы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы 8 мамырда ашылды

  • Мемориалдың орталық бөлігі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Мемориалдың орталық бөлігінде "Подвиг" атауымен Мәскеуді неміс-фашист басқыншыларынан ерлікпен қорғаған батыр-панфиловшылар бейнеленген

  • Жеңіс күні қарсаңында Алматы әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Мәңгілік алау маңын күзетеді
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында Алматы әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Мәңгілік алау маңын күзетеді

  • Лабрадориттен жасалған текшелер
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Лабрадориттен жасалған текшелер астына он екі батыр-қала мен Брест қамалынан әкелінген жер капсуласы салынған.

  • Бауыржан Момышұлының монументі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    2010 жылы саябақтың солтүстік жағында Кеңес Одағының батыры, панфиловшы, Мәскеу шайқасына қатысқан Бауыржан Момышұлының монументі орнатылды. Панфилов дивизиясында ол Талғар атқыштар полкінің 1073-батальонында командир болды

  • Момышұлы ескерткішінің жанына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы артиллериялық қарулар орнатылған
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Момышұлы ескерткішінің жанына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы артиллериялық қарулар орнатылған.

  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Балтық флотының флагманы – Киров Қызыл ту крейсерінің қаруы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Балтық флотының флагманы – "Киров" Қызыл ту крейсерінің қаруы. 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының солтүстік-шығыс кіреберісінде орнатылған.

  • Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың бюсті
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Саябаққа оңтүстік жақтан кіргенде 316-шы атқыштар дивизиясының командирі, Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың бюсті орналасқан.

  • Панфиловшылар аллеясы саябақтың ішінде Қазыбек би көшесінен Гоголь көшесіне дейін созылып жатыр
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Панфиловшылар аллеясы саябақтың ішінде Қазыбек би көшесінен Гоголь көшесіне дейін созылып жатыр.

  • Аллеяның бойында екі жағында 28 батыр-панфиловшылардың есімі жазылған гранит тұғырлар орнатылған
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Аллеяның бойында екі жағында 28 батыр-панфиловшылардың есімі жазылған гранит тұғырлар орнатылған.

  • 1993 жылы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығының құрамына енді
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    1993 жылы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ Алматы мемлекеттік тарихи-сәулет және мемориалдық қорығының құрамына енді.

  • Кеңес Одағының батыры, қазақстандық пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға ескерткіш 1997 жылы орнатылды
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Кеңес Одағының батыры, қазақстандық пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловаға ескерткіш 1997 жылы орнатылды.

  • Ол мегаполистің қақ ортасында, Астана алаңының алдындағы скверде орналасқан
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Ол мегаполистің қақ ортасында, Астана алаңының алдындағы скверде орналасқан.

  • Әскери киім киген Кеңес Одағының батыр қыздарының мүсіндері қара және сұр граниттен жасалған.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Әскери киім киген Кеңес Одағының батыр қыздарының мүсіндері қара және сұр граниттен жасалған.

  • Отан ұлдарына мәңгілік естелік мемориалы Алматы қаласының Алатау ауданындағы Қарасу кентінде орналасқан.
    © Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

    "Отан ұлдарына мәңгілік естелік" мемориалы Алматы қаласының Алатау ауданындағы Қарасу кентінде орналасқан.

  • 2019 жылдың күзінде ескерткішті бәзбіреулер бұзып кеткен
    © Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

    2019 жылдың күзінде ескерткішті бәзбіреулер бұзып кеткен. Ол қазірге дейін жөнделмеген. Ескерткішті қалпына келтіру 2021 жылға жоспарланған.

  • Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ мемориалы Райымбек даңғылындағы орталық зираттың орталық аллеясында орналасқан.
    © Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

    "Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ" мемориалы Райымбек даңғылындағы орталық зираттың орталық аллеясында орналасқан.

  • Кеудесінде Даңқ ордені бар жауынгердің бейнесі
    © Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

    Мемориалдың құрамына биіктігі тоғыз метрлік сүмбі мен сарбаздар есімі жазылған тұғыр және кеудесінде Даңқ ордені бар жауынгердің бейнесі кіреді.

  • Ол жерге Алматы госпиталінде жарақаттан қайтыс болған 560 жауынгер жерленген
    © Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

    Ол жерге Алматы госпиталінде жарақаттан қайтыс болған 560 жауынгер жерленген

  • Жамбыл Жабаев ескерткіші Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінің жоғары жағында орналасқан.
    © Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

    Жамбыл Жабаев ескерткіші Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінің жоғары жағында орналасқан.

  • Жыл сайын алматылықтар Ленинградтық өренім! өлеңі үшін ақынға құрмет көрсетеді
    © Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur

    Жыл сайын алматылықтар "Ленинградтық өренім!" өлеңі үшін ақынға құрмет көрсетеді

Кілт сөздер:
Жеңіс күні, жеңіс

Әйгілі жазушы Сәбит Мұқанов өмірінің соңында қайда тұрды фото

134
  • Сәбит Мұқанов пен жары Мәриям Мұқанованың суреті
Алматыдағы Сәбит Мұқановтың мемориалдық-музей үйі 6 бөлмеден тұрады. Оның үшеуі – мемориалдық бөлім, үшеуі – әдеби бөлім

Әдеби бөлімде жазушының өмір жолын, қызметін баяндайтын, шығармашылық шеберханасынан сыр шертетін көптеген құнды құжаттар, фотосуреттер, қолжазбалар қойылған.

Мемориалдық бөлімде жазушының жұмыс кабинеті, қонақ бөлмесі мен демалыс бөлмелері қаз қалпында, жазушының тірі кезіндегі қалпын сақтаған.

Музей 1978 жылы ашылған. Музейді ашу туралы қаулы 1976 жылы шықты. Музей ішіндегі барлық затты Сәбит Мұқановтың жары Мәриям Мұқанова қаз қалпында өткізген. Мәриям Мұқанова Сәбит Мұқанов қайтыс болған соң бұл үйде екі жыл тұрған, содан кейін жаңа пәтер берілген соң сол жаққа көшкен.

Мұражайда 8 мыңнан аса экспонат бар. Оның ішінде Сәбит Мұқановтың қос домбырасы, бірнеше радио бар. Жеке бөлмесіндегі кітап сөресін арнайы тапсырыспен жасатқан. Ол жерде арнайы диван қоятын орын мен кітаптарды табуға оңай болуы үшін картотеканы әліпби бойынша орнатқан. Мұражай ішінде барлығы 4 мыңға жуық кітап қоры сақталған.

Тағы оқыңыз: Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үйдің қазіргі келбеті – фото

Мұқанов бұл үйде 1965 жылдан 1973 жылға дейін тұрған. Жазу үстелінде қолданған заттары қойылған. Жеке жұмыс бөлмесінде Сәкен Сейфуллиннің фотосуреті тұр. Ол Сейфуллинді өзінің ұстазы санаған.

Айта кетейік, Үкімет қаулысымен 1999 жылы Сәбит Мұқановтың музей-үйі және Ғабит Мүсіреповтің музей-үйі әкімшілік-басқару жағынан біріктіріліп, "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені" болып қайта құрылды. 2015 жылдан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" құрамына кірді.

Сәбит Мұқановтың музей-үйінен түсірілген суреттерді Sputnik Қазақстан фотолентасынан көре аласыз.

134
  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Әдеби бөлімде жазушының өмір жолын, қызметін баяндайтын, шығармашылық шеберханасынан сыр шертетін көптеген құнды құжаттар, фото-суреттер, қолжазбалар қойылған

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Мемориалдық бөлімде жазушының жұмыс кабинеті, қонақ бөлмесі мен демалыс бөлмелері қаз-қалпында, жазушының тірі кезіндегі қалпын сақтаған

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқановтың жұмыс бөлмесі

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Мұражайда 8 мыңнан аса экспонат бар, оның тең жартысы қаламгер көзі тірісінде жинаған кітаптар

  • Сәбит Мұқанов пен жары Мәриям Мұқанованың суреті
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқанов пен жары Мәриям Мұқанованың суреті

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Бала Сәбиттің суреті қойылған бөлме. Бұл жерде туған жерінің бір уыс топырағы мен бір уыс бидайы қойылған. Сондай-ақ қаламгер туып-өскен жұпыны үйдің макеті де бар

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқанов пен жарының жатын бөлмесі. Бөлме ерлі-зайыптылар тұрған кездегі қалпын сақтап қалған. Ішіне қаламгер мен жарының киімдері, жеке бұйымдары қойылған

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қаламгер қолданған сия сауыт

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқановтың домбырасы. Мұражайда екі домбыра бар. Бірі жұмыс бөлмесіне, бірі қонақ бөлмеде тұр

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Мәриям Мұқанованың көйлегі

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқанов Ақмола губерниясында 1900 жылы сәуірде кедей отбасыда дүниеге келген. Сәбит жеті жасқа толғанда әкесі, сегізге келгенде анасы қайтыс болған. Ол ағасы Мұстафаның қолында ержетті. Фотода Сәбит туған үй

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқанов жұмыс бөлмесіндегі кітап сөресін арнайы тапсырыспен жасатқан. Ол жерде арнайы диван қоятын орын мен кітаптарды табуға оңай болуы үшін картотеканы әліпби бойынша орнатқан. Мұражай ішінде барлығы 4 мыңға жуық кітап қоры сақталған

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қаламгердің депутаттық билеті. Фотода 1955 жылы 4 шақырылымның депутаты болып сайланғанын және 1959 жылы 5 шақырылым депутаты болып сайланғанын растайтын құжат. Ол сондай-ақ, 3 және 8 шақырылым депутаты болған

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқанов 1967 жылы Қазақ ССР-нің әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқанов 40-шы жылдары "Менің мектептерім" романын, "Балуан Шолақ" повесін, "Сырдария" романын, "Поэзия маршалы", "Майданға хат", "Жеңімпаз Қызыл Армия", "Фашизмнің ажалы" және тағы басқа прозалық және поэзиялық шығармаларын жазды.

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Жазушының жұмыс бөлмесінде тұрған экспонат

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқановтың жұмыс үстелі

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбеңе сыйға тартқан радио

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқанов 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы мен этнографиясы туралы зерттеу еңбектер және тағы басқа кітаптар жазып қалдырды

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қаламгердің жары Мәриям Мұқанованың жас кезі. Қаламгер "Сұлушаш" романын жарының шашына қарап бейнелеген

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    "Менің мектептерім" мемориалдық шығармасы. Бұл шығарманы қаламгер ата-анасы мен бауырларына арнаған

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Радио

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқановтың шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылған. Қаламгер драматургия саласында да көп еңбектенді. Қаламынан туған "Шоқан Уәлиханов", "Қашқар қызы", "Сәкен Сейфуллин" пьесалары сахналанған

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Отбасылық фотосурет. Сәбит Мұқанов екі рет үйленген. Бірінші жары көп тұрмай қайтыс болған соң, екінші рет шаңырақ көтереді. Жұбайы – Мәриям Қожахметқызы Мұқанова. Мәриям апаймен жазушы 47 жыл отасқан

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқанов өмірінің соңында Шоқан Уәлиханов жайлы еңбек жазумен айналысқан. Шоқан туралы жазған еңбегінің 2 кітабы ғана аяқталған. Шоқанның өнегелі өмірінің ғұмырнамасына айналған еңбек аяқталмаған күйде қалды. Фотода жазушы өмірінің соңында қолданған қаламсап

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сәбит Мұқановтың киімдері

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Фотода Сәбит Мұқанов, жары Мәриям Мұқанова, ұлы Арыстан. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің үлкен қызы Энгелина Сәбит Мұқановтың Арыстан есімді ұлына күйеуге шыққан

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    Үкімет қаулысымен 1999 жылы Сәбит Мұқановтың музей-үйі және Ғабит Мүсіреповтің музей-үйі әкімшілік-басқару жағынан біріктіріліп, "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені" болып қайта құрылды

Кілт сөздер:
музей, фото
Екпені тасымалдау

Денсаулық министрлігі отандық вакцинаға қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

64
(Жаңартылды 12:44 10.05.2021)
Ресми мәліметке сәйкес, стикерлеу жұмысы СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүргізілген

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандық студенттерді Қытайдан әкелінген вакцинаның жапсырмасын қазақстандық екпеге ауыстыруға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат тарап кетті. Денсаулық сақтау министрлігі оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.  

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиожазбада әйел медициналық оқу орнында оқитын студентті кездестіргенін айтады. Оның айтуынша, студенттерді сабақ уақытында жасырын түрде "СК-Фармацияның" қоймасына алып барады да, қытайлық вакцинаға қазақстандық екпенің стикерлерін жабыстыруға мәжбүрлейді. Сөйтіп, шетелдік препаратты отандық өнім ретінде ұсынады. Қоймаға ұялы телефонмен кіргізбейді және орындалуы тиіс күнделікті жоспар бекітілген.

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вакцинаны QazVac стикерлеріне ауыстыру туралы қауесетті жоққа шығарды.

Ресми мәліметке сәйкес, 30 сәуірде Қазақстанға "Hayat-Vax" вакцинасының 400 мың қаптамасы жеткізілді. Бұл – Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған қытайлық екпе.

Вакцинаның нұсқаулығы мен белгілері араб және ағылшын тілінде жазылған. Ал "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 242-бабына сәйкес, елімізде барлық дәрілік заттар қаптамасына қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулық анық таңбамен жазылып, айналымға түсуі тиіс.

"Қажетті белгілерді қоюға және нұсқаулығы бар парақтарды буып-түюге ерікті студенттер көмектесті", – дейді министрлік мамандары.

Стикерлеу СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүзеге асырылды. Әр қоймада 20-40 штаттық қызметкер жұмыс істеді. Жұмысты тездету мақсатында еріктілердің көмегі ұсынылды. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Алматы қаласында – 5 адам, Ақтөбе қаласында – 10 адам.

Оқи отырыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Қоймаға кірердің алдында барлық келушіге тиісті ережелер түсіндірілді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық та берілді. Ал стикерлер мен аннотацияларды дайындау, сондай-ақ стикерді қаптамаға жабыстыру волонтерлік қызмет негізінде жасалғандықтан, қандай да бір келісімдер мен шарттарға қол қою көзделмеген.

64
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Осы айда екі миллион адамға вакцина егеміз – Мамин
"Вакцина салдырмасаң, анықтама бермейміз": Түркістан облысында болған оқиға
Вакцина салдырғандардан қай кезде ПТР-анықтама талап етілмейді
Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды
Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды