Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әйгілі жазушы Сәбит Мұқанов өмірінің соңында қайда тұрды – фото

Жазылу
Алматыдағы Сәбит Мұқановтың мемориалдық-музей үйі 6 бөлмеден тұрады. Оның үшеуі – мемориалдық бөлім, үшеуі – әдеби бөлім

Әдеби бөлімде жазушының өмір жолын, қызметін баяндайтын, шығармашылық шеберханасынан сыр шертетін көптеген құнды құжаттар, фотосуреттер, қолжазбалар қойылған.

Мемориалдық бөлімде жазушының жұмыс кабинеті, қонақ бөлмесі мен демалыс бөлмелері қаз қалпында, жазушының тірі кезіндегі қалпын сақтаған.

Музей 1978 жылы ашылған. Музейді ашу туралы қаулы 1976 жылы шықты. Музей ішіндегі барлық затты Сәбит Мұқановтың жары Мәриям Мұқанова қаз қалпында өткізген. Мәриям Мұқанова Сәбит Мұқанов қайтыс болған соң бұл үйде екі жыл тұрған, содан кейін жаңа пәтер берілген соң сол жаққа көшкен.

Мұражайда 8 мыңнан аса экспонат бар. Оның ішінде Сәбит Мұқановтың қос домбырасы, бірнеше радио бар. Жеке бөлмесіндегі кітап сөресін арнайы тапсырыспен жасатқан. Ол жерде арнайы диван қоятын орын мен кітаптарды табуға оңай болуы үшін картотеканы әліпби бойынша орнатқан. Мұражай ішінде барлығы 4 мыңға жуық кітап қоры сақталған.

Тағы оқыңыз: Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үйдің қазіргі келбеті – фото

Мұқанов бұл үйде 1965 жылдан 1973 жылға дейін тұрған. Жазу үстелінде қолданған заттары қойылған. Жеке жұмыс бөлмесінде Сәкен Сейфуллиннің фотосуреті тұр. Ол Сейфуллинді өзінің ұстазы санаған.

Айта кетейік, Үкімет қаулысымен 1999 жылы Сәбит Мұқановтың музей-үйі және Ғабит Мүсіреповтің музей-үйі әкімшілік-басқару жағынан біріктіріліп, "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені" болып қайта құрылды. 2015 жылдан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" құрамына кірді.

Сәбит Мұқановтың музей-үйінен түсірілген суреттерді Sputnik Қазақстан фотолентасынан көре аласыз.

© Sputnik / Тимур БатыршинӘдеби бөлімде жазушының өмір жолын, қызметін баяндайтын, шығармашылық шеберханасынан сыр шертетін көптеген құнды құжаттар, фото-суреттер, қолжазбалар қойылған
Сәбит Мұқановтың мемориалдық-музей үйі  - Sputnik Қазақстан
1/28
Әдеби бөлімде жазушының өмір жолын, қызметін баяндайтын, шығармашылық шеберханасынан сыр шертетін көптеген құнды құжаттар, фото-суреттер, қолжазбалар қойылған
© Sputnik / Тимур БатыршинМемориалдық бөлімде жазушының жұмыс кабинеті, қонақ бөлмесі мен демалыс бөлмелері қаз-қалпында, жазушының тірі кезіндегі қалпын сақтаған
Сәбит Мұқановтың мемориалдық-музей үйі - Sputnik Қазақстан
2/28
Мемориалдық бөлімде жазушының жұмыс кабинеті, қонақ бөлмесі мен демалыс бөлмелері қаз-қалпында, жазушының тірі кезіндегі қалпын сақтаған
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқановтың жұмыс бөлмесі
Сәбит Мұқановтың жұмыс бөлмесі - Sputnik Қазақстан
3/28
Сәбит Мұқановтың жұмыс бөлмесі
© Sputnik / Тимур БатыршинМұражайда 8 мыңнан аса экспонат бар, оның тең жартысы қаламгер көзі тірісінде жинаған кітаптар
Сәбит Мұқановтың мемориалдық-музей үйі  - Sputnik Қазақстан
4/28
Мұражайда 8 мыңнан аса экспонат бар, оның тең жартысы қаламгер көзі тірісінде жинаған кітаптар
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқанов пен жары Мәриям Мұқанованың суреті
Сәбит Мұқанов пен жары Мәриям Мұқанованың суреті - Sputnik Қазақстан
5/28
Сәбит Мұқанов пен жары Мәриям Мұқанованың суреті
© Sputnik / Тимур БатыршинБала Сәбиттің суреті қойылған бөлме. Бұл жерде туған жерінің бір уыс топырағы мен бір уыс бидайы қойылған. Сондай-ақ қаламгер туып-өскен жұпыны үйдің макеті де бар
Сәбит Мұқановтың мемориалдық-музей үйі - Sputnik Қазақстан
6/28
Бала Сәбиттің суреті қойылған бөлме. Бұл жерде туған жерінің бір уыс топырағы мен бір уыс бидайы қойылған. Сондай-ақ қаламгер туып-өскен жұпыны үйдің макеті де бар
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқанов пен жарының жатын бөлмесі. Бөлме ерлі-зайыптылар тұрған кездегі қалпын сақтап қалған. Ішіне қаламгер мен жарының киімдері, жеке бұйымдары қойылған
Сәбит Мұқанов пен жарының жатын бөлмесі - Sputnik Қазақстан
7/28
Сәбит Мұқанов пен жарының жатын бөлмесі. Бөлме ерлі-зайыптылар тұрған кездегі қалпын сақтап қалған. Ішіне қаламгер мен жарының киімдері, жеке бұйымдары қойылған
© Sputnik / Тимур БатыршинҚаламгер қолданған сия сауыт
Сәбит Мұқановтың сия сауыты - Sputnik Қазақстан
8/28
Қаламгер қолданған сия сауыт
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқановтың домбырасы. Мұражайда екі домбыра бар. Бірі жұмыс бөлмесіне, бірі қонақ бөлмеде тұр
Сәбит Мұқановтың домбырасы - Sputnik Қазақстан
9/28
Сәбит Мұқановтың домбырасы. Мұражайда екі домбыра бар. Бірі жұмыс бөлмесіне, бірі қонақ бөлмеде тұр
© Sputnik / Тимур БатыршинМәриям Мұқанованың көйлегі
Мәриям Мұқанованың көйлегі - Sputnik Қазақстан
10/28
Мәриям Мұқанованың көйлегі
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқанов Ақмола губерниясында 1900 жылы сәуірде кедей отбасыда дүниеге келген. Сәбит жеті жасқа толғанда әкесі, сегізге келгенде анасы қайтыс болған. Ол ағасы Мұстафаның қолында ержетті. Фотода Сәбит туған үй
Сәбит Мұқанов дүниеге келген үй  - Sputnik Қазақстан
11/28
Сәбит Мұқанов Ақмола губерниясында 1900 жылы сәуірде кедей отбасыда дүниеге келген. Сәбит жеті жасқа толғанда әкесі, сегізге келгенде анасы қайтыс болған. Ол ағасы Мұстафаның қолында ержетті. Фотода Сәбит туған үй
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқанов жұмыс бөлмесіндегі кітап сөресін арнайы тапсырыспен жасатқан. Ол жерде арнайы диван қоятын орын мен кітаптарды табуға оңай болуы үшін картотеканы әліпби бойынша орнатқан. Мұражай ішінде барлығы 4 мыңға жуық кітап қоры сақталған
Сәбит Мұқановтың жұмыс бөлмесіндегі кітап сөресі - Sputnik Қазақстан
12/28
Сәбит Мұқанов жұмыс бөлмесіндегі кітап сөресін арнайы тапсырыспен жасатқан. Ол жерде арнайы диван қоятын орын мен кітаптарды табуға оңай болуы үшін картотеканы әліпби бойынша орнатқан. Мұражай ішінде барлығы 4 мыңға жуық кітап қоры сақталған
© Sputnik / Тимур БатыршинҚаламгердің депутаттық билеті. Фотода 1955 жылы 4 шақырылымның депутаты болып сайланғанын және 1959 жылы 5 шақырылым депутаты болып сайланғанын растайтын құжат. Ол сондай-ақ, 3 және 8 шақырылым депутаты болған
Сәбит Мұқановтың депутаттық билеті  - Sputnik Қазақстан
13/28
Қаламгердің депутаттық билеті. Фотода 1955 жылы 4 шақырылымның депутаты болып сайланғанын және 1959 жылы 5 шақырылым депутаты болып сайланғанын растайтын құжат. Ол сондай-ақ, 3 және 8 шақырылым депутаты болған
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқанов 1967 жылы Қазақ ССР-нің әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды
Сәбит Мұқанов 1967 жылы Қазақ ССР-нің әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды - Sputnik Қазақстан
14/28
Сәбит Мұқанов 1967 жылы Қазақ ССР-нің әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқанов 40-шы жылдары "Менің мектептерім" романын, "Балуан Шолақ" повесін, "Сырдария" романын, "Поэзия маршалы", "Майданға хат", "Жеңімпаз Қызыл Армия", "Фашизмнің ажалы" және тағы басқа прозалық және поэзиялық шығармаларын жазды.
Сәбит Мұқановтың шығармасы - Sputnik Қазақстан
15/28
Сәбит Мұқанов 40-шы жылдары "Менің мектептерім" романын, "Балуан Шолақ" повесін, "Сырдария" романын, "Поэзия маршалы", "Майданға хат", "Жеңімпаз Қызыл Армия", "Фашизмнің ажалы" және тағы басқа прозалық және поэзиялық шығармаларын жазды.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖазушының жұмыс бөлмесінде тұрған экспонат
Сәбит Мұқановтың музей-үйі - Sputnik Қазақстан
16/28
Жазушының жұмыс бөлмесінде тұрған экспонат
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқановтың жұмыс үстелі
Сәбит Мұқановтың жұмыс үстелі - Sputnik Қазақстан
17/28
Сәбит Мұқановтың жұмыс үстелі
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбеңе сыйға тартқан радио
Сәбит Мұқановқа сыйға тартқан радио - Sputnik Қазақстан
18/28
Сәбеңе сыйға тартқан радио
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқанов 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы мен этнографиясы туралы зерттеу еңбектер және тағы басқа кітаптар жазып қалдырды
Сәбит Мұқановтың музей-үйі - Sputnik Қазақстан
19/28
Сәбит Мұқанов 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы мен этнографиясы туралы зерттеу еңбектер және тағы басқа кітаптар жазып қалдырды
© Sputnik / Тимур БатыршинҚаламгердің жары Мәриям Мұқанованың жас кезі. Қаламгер "Сұлушаш" романын жарының шашына қарап бейнелеген
Мәриям Мұқанованың жас кезі - Sputnik Қазақстан
20/28
Қаламгердің жары Мәриям Мұқанованың жас кезі. Қаламгер "Сұлушаш" романын жарының шашына қарап бейнелеген
© Sputnik / Тимур Батыршин"Менің мектептерім" мемориалдық шығармасы. Бұл шығарманы қаламгер ата-анасы мен бауырларына арнаған
Менің мектептерім мемориалдық шығармасы - Sputnik Қазақстан
21/28
"Менің мектептерім" мемориалдық шығармасы. Бұл шығарманы қаламгер ата-анасы мен бауырларына арнаған
© Sputnik / Тимур БатыршинРадио
Сәбит Мұқановтың музей-үйі - Sputnik Қазақстан
22/28
Радио
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқановтың шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылған. Қаламгер драматургия саласында да көп еңбектенді. Қаламынан туған "Шоқан Уәлиханов", "Қашқар қызы", "Сәкен Сейфуллин" пьесалары сахналанған
Сәбит Мұқановтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
23/28
Сәбит Мұқановтың шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылған. Қаламгер драматургия саласында да көп еңбектенді. Қаламынан туған "Шоқан Уәлиханов", "Қашқар қызы", "Сәкен Сейфуллин" пьесалары сахналанған
© Sputnik / Тимур БатыршинОтбасылық фотосурет. Сәбит Мұқанов екі рет үйленген. Бірінші жары көп тұрмай қайтыс болған соң, екінші рет шаңырақ көтереді. Жұбайы – Мәриям Қожахметқызы Мұқанова. Мәриям апаймен жазушы 47 жыл отасқан
Сәбит Мұқановтың отбасы - Sputnik Қазақстан
24/28
Отбасылық фотосурет. Сәбит Мұқанов екі рет үйленген. Бірінші жары көп тұрмай қайтыс болған соң, екінші рет шаңырақ көтереді. Жұбайы – Мәриям Қожахметқызы Мұқанова. Мәриям апаймен жазушы 47 жыл отасқан
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқанов өмірінің соңында Шоқан Уәлиханов жайлы еңбек жазумен айналысқан. Шоқан туралы жазған еңбегінің 2 кітабы ғана аяқталған. Шоқанның өнегелі өмірінің ғұмырнамасына айналған еңбек аяқталмаған күйде қалды. Фотода жазушы өмірінің соңында қолданған қаламсап
Сәбит Мұқановтың музей-үйі - Sputnik Қазақстан
25/28
Сәбит Мұқанов өмірінің соңында Шоқан Уәлиханов жайлы еңбек жазумен айналысқан. Шоқан туралы жазған еңбегінің 2 кітабы ғана аяқталған. Шоқанның өнегелі өмірінің ғұмырнамасына айналған еңбек аяқталмаған күйде қалды. Фотода жазушы өмірінің соңында қолданған қаламсап
© Sputnik / Тимур БатыршинСәбит Мұқановтың киімдері
Сәбит Мұқановтың киімдері - Sputnik Қазақстан
26/28
Сәбит Мұқановтың киімдері
© Sputnik / Тимур БатыршинФотода Сәбит Мұқанов, жары Мәриям Мұқанова, ұлы Арыстан. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің үлкен қызы Энгелина Сәбит Мұқановтың Арыстан есімді ұлына күйеуге шыққан
Сәбит Мұқанов отбасымен - Sputnik Қазақстан
27/28
Фотода Сәбит Мұқанов, жары Мәриям Мұқанова, ұлы Арыстан. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің үлкен қызы Энгелина Сәбит Мұқановтың Арыстан есімді ұлына күйеуге шыққан
© Sputnik / Тимур БатыршинҮкімет қаулысымен 1999 жылы Сәбит Мұқановтың музей-үйі және Ғабит Мүсіреповтің музей-үйі әкімшілік-басқару жағынан біріктіріліп, "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені" болып қайта құрылды
 Сәбит Мұқановтың музей-үйі - Sputnik Қазақстан
28/28
Үкімет қаулысымен 1999 жылы Сәбит Мұқановтың музей-үйі және Ғабит Мүсіреповтің музей-үйі әкімшілік-басқару жағынан біріктіріліп, "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені" болып қайта құрылды
Жаңалықтар
0