Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қызмет пен міндет: қазақстандық полицияның тыныс-тіршілігі - фото

Жазылу
Өз Конституциясы бар тәуелсіз кез келген елдің құрылымында маңызды орны бар сала – ішкі істер қызметі. Себебі мемлекеттің күнделікті тыныс-тіршілігінде тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ететін де дәл осы полиция қызметкерлері

Осы орайда 2007 жылы ел президенті Полиция күнін бекіту туралы сәйкес жарлыққа қол қойған болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейін құқық қорғау органының жұмысын реттейтін алғашқы заңнамалық құжат – 1992 жылы елдегі Жоғарғы Кеңес қабылдаған "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заңы.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тәуелсіздік жылдарында құқық қорғау саласының 1,5 мың қызметкері мемлекеттік наградамен марапатталды. Өкінішке қарай, тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндетін орындау барысында 802 тәртіп сақшысы көз жұмып, 2 650 полицей жараланды.

Ал елде төтенше жағдай және карантин енгізілген кезде тәртіп сақшылары өздерінің тікелей қызметтік міндеттерін орындаумен қатар, дәрігерлермен бірге адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауда алдыңғы шепте тұр.

Полиция қызметкерлерінің ерен еңбегі туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз. 

© Sputnik / Абзал КалиевПолиция қызметкерінің жолдағы жұмысы – апаттың алдын алу және жол ережесін бұзатындардың заңға қайшы әрекеттеріне жол бермеу.
Полицейский предъявляет документы  - Sputnik Қазақстан
1/17
Полиция қызметкерінің жолдағы жұмысы – апаттың алдын алу және жол ережесін бұзатындардың заңға қайшы әрекеттеріне жол бермеу.
© Photo : МВД РКЦифрландыру полиция мен жүргізушілер арасындағы қарым-қатынасты айтарлықтай өзгертті.
Полицейский в ЦОУ - Sputnik Қазақстан
2/17
Цифрландыру полиция мен жүргізушілер арасындағы қарым-қатынасты айтарлықтай өзгертті.
© Sputnik / Абзал КалиевӘйтсе де ел аумағында күн сайын мыңдаған полицей кезекшілікті атқарып, қала мен ауыл тұрғындарның өмірін қауіпсіз ету үшін еңбектенуде.
Полицейские в масках идут мимо припаркованных автомашин - Sputnik Қазақстан
3/17
Әйтсе де ел аумағында күн сайын мыңдаған полицей кезекшілікті атқарып, қала мен ауыл тұрғындарның өмірін қауіпсіз ету үшін еңбектенуде.
© Photo : Департамент полиции Актюбинской области Бүкіл ел бойынша демалыс күндері және оқу жылы басталған шақта "Абайлаңыз, балалар!" арнайы операциясы өтеді.
Полицейский переводит школьников через дорогу по пешеходному переходу  - Sputnik Қазақстан
4/17
Бүкіл ел бойынша демалыс күндері және оқу жылы басталған шақта "Абайлаңыз, балалар!" арнайы операциясы өтеді.
© Sputnik / Тимур БатыршинПандемия кезінде тәртіп сақшылары қаладағы карантин шектеулерінің сақталуын қадағалады.
Полицейский в маске на площади Астана в Алматы  - Sputnik Қазақстан
5/17
Пандемия кезінде тәртіп сақшылары қаладағы карантин шектеулерінің сақталуын қадағалады.
© Sputnik / Тимур БатыршинМысалы, карантинге жабылған үйдің балалар ойнайтын ауласын күзетті.
Полицейский у огороженной детской площадки дома, закрытого на карантин, архивное фото - Sputnik Қазақстан
6/17
Мысалы, карантинге жабылған үйдің балалар ойнайтын ауласын күзетті.
© Photo : Информацонный медиа-портал POLISIA.KZҚолайсыз ауа райына байланысты республика аумағындағы жолдардың басым бөлігі жабық болған шақта полиция қызметкерлері тас жолда тұралап қалған жүргізушілердің жалғыз құтқарушысына айналады.
Полицейский во время спасательной операции: Холодно, но мы не теряем позитива   - Sputnik Қазақстан
7/17
Қолайсыз ауа райына байланысты республика аумағындағы жолдардың басым бөлігі жабық болған шақта полиция қызметкерлері тас жолда тұралап қалған жүргізушілердің жалғыз құтқарушысына айналады.
© Sputnik / Владислав ВодневОлар қала айналасындағы бекеттерде автокөлік иелерінің құжаттарын тексерді.
Проверка документов на полицейских постах, выставленных на выезде из Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
8/17
Олар қала айналасындағы бекеттерде автокөлік иелерінің құжаттарын тексерді.
© Sputnik / Тимур БатыршинСондықтан карантин шектеуі жеңілдетіліп, қалаға кіреберістегі бекеттерді алып тастағанда олар бәрінен қатты қуанған болар.
Полицейские готовятся к снятию блокпоста в Алматы  - Sputnik Қазақстан
9/17
Сондықтан карантин шектеуі жеңілдетіліп, қалаға кіреберістегі бекеттерді алып тастағанда олар бәрінен қатты қуанған болар.
© Sputnik / Тимур БатыршинПолиция қызметкерлері – қалада өтетін кез келген ірі іс-шараға міндетті түрде қатысады.
Вокруг места, где проходил чемпионат, дежурила полиция - Sputnik Қазақстан
10/17
Полиция қызметкерлері – қалада өтетін кез келген ірі іс-шараға міндетті түрде қатысады.
© Sputnik / Абзал КалиевПандемия кезінде әуежай мен теміржол бекетінде тәртіп күзеткен полиция қызметкерлерінің киім үлгісі медицина мамандарының киіміне қатты ұқсап қалды.
Полицейские в защитных костюмах в аэропорту Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
11/17
Пандемия кезінде әуежай мен теміржол бекетінде тәртіп күзеткен полиция қызметкерлерінің киім үлгісі медицина мамандарының киіміне қатты ұқсап қалды.
© Photo : пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Солтүстік Қазақстан облысындағы тас жолда болған ақтүтек боран кезінде полиция өртенген КамАЗ-ды сөндіруге көмектесті.
На трассе в Северо-Казахстанской области полицейские помогли потушить горящий КамАЗ - Sputnik Қазақстан
12/17
Солтүстік Қазақстан облысындағы тас жолда болған ақтүтек боран кезінде полиция өртенген КамАЗ-ды сөндіруге көмектесті.
© Sputnik / Тимур БатыршинПолиция қызметкерлері үшін Алматы маңайындағы бекеттерді жабу алдында өткен сапқа тұру салтанаты нағыз мейрамға айналды.
Полицейские на финальном построении на блокпосту - Sputnik Қазақстан
13/17
Полиция қызметкерлері үшін Алматы маңайындағы бекеттерді жабу алдында өткен сапқа тұру салтанаты нағыз мейрамға айналды.
© Photo : Департамент полиции Северо-Казахстанской областиПолиция сан түрлі мәселені шешуге атсалысады. Мысалы, қала көшесінде адасып қалған баламен бірге отыра тұру.
Сотрудник полиции с брошенным ребенком - Sputnik Қазақстан
14/17
Полиция сан түрлі мәселені шешуге атсалысады. Мысалы, қала көшесінде адасып қалған баламен бірге отыра тұру.
© Sputnik / Тимур БатыршинБұл да полиция қызметкері: тәртіп сақшыларының іздеу жұмыстарына етене араласатын сүйкімді төбет Ақтөс.
Служебно-розыскной пес Атос - Sputnik Қазақстан
15/17
Бұл да полиция қызметкері: тәртіп сақшыларының іздеу жұмыстарына етене араласатын сүйкімді төбет Ақтөс.
© Photo : Пресс-служба департамента полиции города Алматы Қалада үрейлі әрі түсініксіз оқыс жағдай бола қалса, полиция тұрғындарды қорғау мақсатында сол оқиғаның ортасында жүреді. Мысалы, тәртіп сақшылары азаматтардың атыс орнына жақындамауы үшін Алматыдағы "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешенінің жанында күзетте тұрды.
Полицейские у ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан
16/17
Қалада үрейлі әрі түсініксіз оқыс жағдай бола қалса, полиция тұрғындарды қорғау мақсатында сол оқиғаның ортасында жүреді. Мысалы, тәртіп сақшылары азаматтардың атыс орнына жақындамауы үшін Алматыдағы "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешенінің жанында күзетте тұрды.
© Photo : Пресс-служба департамента полиции Акмолинской области Полиция қызметкерлері Щучинскте мемориалдың ашылу салтанатында қаза тапқан әріптестерін үнсіздік минутымен еске алды.
Собравшиеся полицейские почтили память погибших коллег минутой молчания - Sputnik Қазақстан
17/17
Полиция қызметкерлері Щучинскте мемориалдың ашылу салтанатында қаза тапқан әріптестерін үнсіздік минутымен еске алды.
Жаңалықтар
0