Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Ұрылардың қара тізіміне" енген аң-құстардың қызықты суреттері

Жазылу
Клептоман мысық, ұры шағала, бабуиндер бандасы... Бақылап отырсақ, кейбір құстар мен жануар иесіз жатқан затты иемденіп алуға қарсы емес. Дастархандағы ас болсын, жағажайдағы киім болсын, көзіне түскенді іліп әкететін аң-құс жетерлік

Олардың кейбірі тіпті "ұрылардың" қара тізіміне енген. Өзгенің дүниесін ұрлап әкететін аң-құс қылмыс үстінде ұсталса да, жазасыз кетеді. Себебі оларды жауапкершілікке тартып, түрмеге қамай алмайсың.

Аң-құстардың тонаумен айналысуын тамашалау қаншалықты қызықты болғанымен, кейде аса қолайсыз жағдай да болады. Олар, негізінен, ас-тамақ, ашық түсті немесе жылтыр затты, ұя салу үшін қажетті дүниені ұрлайды.

Мысалы, Таиландта алып піл үй қабырғасын құлатып, ас бөлмесінде тұрған ұнды ұрламақ болған.

Сол сияқты, маймыл, мысық, түлкі, жанат, қарға мен шағаланың да ұрлыққа әуестігі бұрыннан белгілі. Олар сәл қараусыз қалған дүниені алып кететіндер қатарында.

Осындай аса ептілердің тізімінде тағы қандай аң-құс бар екенін сурет топтамасынан көріңіз.

© AFP 2024 / Radchadawan Peungrasopporn / Facebook Таиландағы үй қабырғасын бұзып кірген піл. Ол ас бөлмесінде тұрған қаптағы ұнды алып кетпек болған
Пробивший стену жилого дома слон в Таиланде - Sputnik Қазақстан
1/9
Таиландағы үй қабырғасын бұзып кірген піл. Ол ас бөлмесінде тұрған қаптағы ұнды алып кетпек болған
© AFP 2024 / Adele Landauer Берлиндегі Тойфельзее көлінің жағасында демалып жатқан ер адамның ноутбугы мен киімін қабан алып қашып барады
Обнаженный мужчина в погоне за костюмом после того, как кабан украл его ноутбук, когда он отдыхал на берегу озера Тойфельзее в Берлине - Sputnik Қазақстан
2/9
Берлиндегі Тойфельзее көлінің жағасында демалып жатқан ер адамның ноутбугы мен киімін қабан алып қашып барады
© AP Photo / Schalk van Zuydam Кейптаунның шетіндегі Миллерс-Пойнтта Монреальден келген туристердің машинасына бабуиндер шабуылдады, Оңтүстік Африка
Туристы из Монреаля подверглись нападению бабуинов на свою машину в Миллерс-Пойнт на окраине Кейптауна, Южная Африка - Sputnik Қазақстан
3/9
Кейптаунның шетіндегі Миллерс-Пойнтта Монреальден келген туристердің машинасына бабуиндер шабуылдады, Оңтүстік Африка
© AFP 2024 / Ozan Kose Ыстамбұлда мысық қармаққа түскен балықты ұстап алуға тырысып жатыр
Кот прыгает, чтобы поймать рыбу в Стамбуле - Sputnik Қазақстан
4/9
Ыстамбұлда мысық қармаққа түскен балықты ұстап алуға тырысып жатыр
© AFP 2024 / Emmanuel DunandБрюссельдегі бақта тиін бисквит жеп отыр
Рыжая белка ест бисквит в саду в Брюсселе - Sputnik Қазақстан
5/9
Брюссельдегі бақта тиін бисквит жеп отыр
© AFP 2024 / STRDELДәм іздеп, тұмсығын терең ыдысқа салған қабыланның басы кептеліп қалды, Үндістан
Леопард, застрявший головой в горшке, Индия - Sputnik Қазақстан
6/9
Дәм іздеп, тұмсығын терең ыдысқа салған қабыланның басы кептеліп қалды, Үндістан
© AP Photo / Rye Police DepartmentАвтомобиль дөңгелектерінің арасына тығылған жанаттар
Еноты, прячущиеся за колесом автомобиля - Sputnik Қазақстан
7/9
Автомобиль дөңгелектерінің арасына тығылған жанаттар
© Sputnik / Vitaliy Ankov / Медиабанкке өтуПриморск океанариумының аумағындағы түлкі баласы. Мұнда түлкілердің үлкен жанұясы тұрақтаған. Олар билет кассаларының жанындағы контейнерлердің түбін өз ұясына айналдырды. Тіпті адамдардан қорықпайды. Керісінше, океанариумге келушілерді қарсы алып, адамдардың дәмді ас ұсынуын күтіп тұрады
Лисенок с пакетиком сока в зубах - Sputnik Қазақстан
8/9
Приморск океанариумының аумағындағы түлкі баласы. Мұнда түлкілердің үлкен жанұясы тұрақтаған. Олар билет кассаларының жанындағы контейнерлердің түбін өз ұясына айналдырды. Тіпті адамдардан қорықпайды. Керісінше, океанариумге келушілерді қарсы алып, адамдардың дәмді ас ұсынуын күтіп тұрады
© AFP 2024 / Joe Klamar Венада мүйізтұмсықты құс стақандағы кофені зерттеп тұр
Птица-носорог исследует стакан с кофе в Вене - Sputnik Қазақстан
9/9
Венада мүйізтұмсықты құс стақандағы кофені зерттеп тұр
Жаңалықтар
0