Философияға толы портреттер: байқау жеңімпаздары анықталды - фото

53
Әсерлі әрі әдемі сәтті ерекше бейнеде ұсынуға бағытталған International Portrait Photographer of the Year 2021 байқауының жеңімпаздары анықталды

Адамның жеке портретін сан қырынан танытатын International Portrait Photographer of the Year 2021 айқауына әлемнің барлық еліндегі фотографтар қатысты. Конкурстың қазылар алқасы портрет суреттердің үздік авторларын анықтады.

Байқауға кәсіби де, әуесқой да фотографтар қатысты. Конкурс шарты бойынша суреттер 2019 жылдың 1 қаңтарынан кейін түсірілген болуы керек.

International Portrait Photographer of the Year 2021 – бұл филосифиялық ойды жеткізуге арналған, адамдардың сырт бейнесі мен сұлулығынан бұрын, сюжеттің мәні мен астары маңызды болатын конкурс. Сондықтан байқауға ұсынылған суреттердің қай-қайсысын да картина деп бағалап, өнер туындысына жатқызуға болады.

Австралиядан қатысқан фотограф Форгу Явари конкурс жеңімпазы атанды. "Портрет тарихы" номинациясы бойынша оның екі суреті үздік деп танылды және "Мінез" номинациясында да екінші орынды иеленді.

Басқа да фоторгафтардың сезім мен ойға толы суреттерін топтамадан тамашалаңыз.

53

Әлемдегі ең үлкен таңдай қақтырарлық бассейндер фото

14
Пандемия салдарынан кейбір курорттардың жабылып, жаздың көзді ашып жұмғанша өтіп бара жатқанына қарамастан көз қуантып, көңіл көтеру үшін виртуалды саяхатқа аттануға болады. Осы тұста әлемнің ең таңғажайып бассейндерін тамашалауды ұсынамыз

Бұл ең терең, ең үлкен, ең теңдессіз су тоғандары болып саналады. Шомылуды жаны сүйетін кез келген адам осы басссейндерге бір сүңгуді армандайтыны анық.

Әлемнің түрлі елінде салынған бұл бассейндердің көпшілігі Гиннесс рекордтар кітабына енген.

Олар ең жаңа заманауи техникамен жабдықталып, зәулім үйлердің жоғарғы қабатында орналасқан және дайвингпен әуестенетіндер үшін мейлінше терең болып келеді.

Кейбір бассейнге кіру де оңай емес. Себебі келушілер үшін белгілі бір талаптар қарастырылған.

14
  • © Depositphotos / Pierre-Yves Babelon

    Егер әлемдегі ең үлкен бассейнде шомылғыңыз келсе, онда Чилиге жол тартыңыз. Ол жергілікті Альгарробо курортында, San Alfonso del Mar Resort қонақ үйінің территориясында орналасқан. Теңіз жағалауын бойлай созылған бассейннің аумағы 8 гектарды құрайды. Бұл бассейнге су дәл сол теңізден келіп түседі. Аталған қонақ үй жыл сайын бассейн үшін төрт миллион долларға жуық қаражат жұмсайды. Бұл нысан жергілікті ғана емес, әлемдік сәулетті нысан болып саналады. San Alfonso del Mar Resort қонақ үйінің бассейні Гиннесс рекордтар кітабына енген. Чили жағалауындағы судың үнемі тым салқын болып, шомылуға жарамсыздығы осындай бассейн орнатуға түрткі болды.

  • © AFP 2021 / Ethan Miller / Getty Images North America

    Американың Лас-Вегас қаласындағы Golden Nugget қонақ үйіндегі бассейнде шомылып жүрген адамдардың көз алдында акулалар жүзіп жүреді. Бұл өте әсем океанариумды қамтитын нағыз ойын-сауық орталығы. Үш деңгейлі бассейнде демалушылар бір уақытта тынығып, шомылып және теңіздегі тіршілік иелерін тамашалай алады.

  • © Depositphotos / Benedetta Barbanti

    Marina Bay Sands қонақ үйінің шатырындағы пейзажды бассейн. Осы тұстан Сингапурдың әсем бейнесін судан шықпай-ақ тамашалауға болады. 55-ші қабаттағы қонақ үй шатыры бассейннен бөлек ландшафты бақ, демалыс аумағы, дәмханалар мен бар қарастырылған үлкен терраса түрінде салынған.

  • Минимализмге толы бассейн Грекияның Тинос аралындағы Kois Associated Architects жеке резиденциясында орналасқан. Ғимарат аумағынан тыс созылып жатқан шатырда бассейн орналасуының әсерінен ол шатыр түгелдей судан тұратындай көрінеді. Шатырдан Эгей теңізінің бейнесін тамашалуға болады.

  • Бұл Таиландтың Чавенг жағажайындағы Bloody Pool at The Library қызыл бассейні. Бассейн түбіне төселген қызыл және қызғылт сары тақтайшалар суға үрейлі бейне береді. Бұл әсерді батып бара жатқан күннің қызыл шұғыласы тіпті еселей түседі. Алайда қорқуға еш себеп жоқ, өйткені бұл әлемдегі ең тыныш демалыс орындарының бірі.

  • © AFP 2021 / Oliver Morin

    "Көгілдір лагуна" бассейні Исландиядағы Grindavik-те орналасқан. Бұл да әлемдегі ең танымал бассейндердің бірі.

  • Дайвинг пен су астында жүзуге арналған әлемдегі ең терең бассейн Польшада, Варшава қаласына жақын жерде орналасқан. Мұнда кез келген адам жүзу қабілетін арттырып, терең суда жүзуді пысықтай алады. Бассейн тереңдігі – 45 метр, көлемі – 8 мың текше метр су. Бұл әлемдік рекорд.

  • © AFP 2021 / Justin Tallis

    Sky Pool 25 метрлік аспалы ашық бассейні Лондонда, Nine Elms ауданындағы тұрғын үй ғимаратының арасында орналасқан. Конструкцияның салмағы сумен қоса есептегенде 400 тоннаны құрайды. Бұл бассейнде аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғана шомыла алады. Оны 750 тонналық мобильді кран орнатқан.

  • © Photo : Address Hotels

    Дубайдағы Address Beach Resort курорттық бассейні әлемдегі ең биік панорамалы бассейн ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл нысан 294 метр биіктікте, ғимараттың 77-ші қабатында орналасқан. Пейзажды бассейннің аумағы 560 шаршы метрді құрайды.

  • Биіктігі 23 метр, түбі шыныдан жасалған бассейн Гонолулудағы Anaha кешенінің жетінші қабатында орналасқан. Бұл бассейнде шомылу кезінде биіктіктен әсем көріністі тамашалауға болады. Бассейн түбі соққыға төзімді, ылғал мен бактерия әсеріне төтеп бере алатын акрил шыныдан дайындалған. Биіктікте шомылу еш қауіп төндірмейді.

  • АҚШ-тағы Үлкен каньон бөктерінде орналасқан Amangiri қонақ үйі. Құрылыс кезінде жартастың бірі сол күйінде қалдырылып, ол ғимараттың ең көрікті тұсына айналды. Осы жерде бассейн салынған. Оның құрылысы кезінде табиғи материалдар қолданылды.

Кілт сөздер:
фото

Жаңа рекорд, тартысты күрес пен жарқын жеңіс: Олимпиаданың әсерлі сәттері архив суреттер

49
Әдеттегідей араға төрт емес, бес жыл салып басталған жазғы Олимпиада ойындары тартысты өтіп жатыр. Бұл тарихтағы ең ұзақ күтуге тура келген Олимпиадаға айналды

Барлық көрермен әрбір Олимпиада ойындарынан жаңа рекорд пен тартысты жарыс, жарқын жеңіс пен әсерлі сәттерді күтеді.

Қазір Токио қаласында кезекті жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Ендеше бір мезет өткенге көз жүгіртіп, бұған дейінгі Олимпиадалардың Sputnik фототілшілері түсірген әсерлі сәттерін еске түсіріп көрейік.

Олардың қатарында Усейн Болт рекорды, КСРО мен АҚШ құрамаларының баскетбол алаңындағы шиеленісті жарысы, Германияның ауыр атлеті Матиас Штайнның штангі көтеру кезіндегі құлауы бар.

49
  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Хельсинкидегі (Финляндия) XV Жазғы Олимпиада ойындары (1952 жылдың 19 шілдесі – 3 тамызы). Жеңіл атлетика – найза лақтырудан 2-орынды иеленген Александра Чудина.

  • © Sputnik / Yuriy Somov

    Америкалық боксшы, жекпе-жек жеңімпазы. XX жазғы Олимпиада ойындары. Мюнхен, 1972 жыл.

  • © Sputnik / Aleksei Filippov

    Ричард Круз (Ұлыбритания) пен Александр Массиалас (АҚШ) XXXI жазғы Олимпиада ойындары кезінде рапирамен семсерлесу бойынша жеке біріншілікте жекпе-жекке шықты. Рио-де Жанейро, 2016 жыл.

  • © Sputnik

    КСРО – АҚШ құрамаларының баскетболдан жарысы. Токиодағы XVIII жазғы Олимпиада ойындары, 1964 жыл.

  • © Sputnik / Valeriy Melnikov

    2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары кезінде Матиас Штайнер (Германия) ауыр атлетика бойынша ерлер арасындағы жарысқа қатысуда.

  • © Sputnik / Aleksei Filippov

    ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары кезінде ҚХР мен Сербия құрамалары арасындағы волейболдан финалға шыққан серибиялық ойыншылар Майя Огненович (сол жақта) пен Йована Стеванович, 2016 жыл.

  • © Sputnik / Vladimir Fedorenko

    1980 жылы Мәскеудегі ХХІІ жазғы Олимпиада ойындары аясында В.Ленин атындағы Орталық стадионның Спорт сарайында Луиз Виржильго Моро (Бразилия) мен Цонио Атанасов (Болгария) 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдода бақ сынасып жатыр.

  • © Sputnik / Grigoriy Sysoyev

    Америкалық спортшы Дженнифер Сур сырықпен секіру бойынша ақтық сынға шықты. 2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары.

  • © Sputnik / Anton Denisov

    Ямайкадан келген жеңіл атлет Усэйн Болт 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада кезінде 100 метрге жүгіруден әлемдік рекорд орнатты. Бұл жарыстағы жаңа рекорд енді 9,69 секундты құрады.

  • © Sputnik / Sergey Guneev

    2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының синхронды жүзуден чемпиондары Ольга Брусникина мен Мария Киселева өнер көрсетуде.

  • © Sputnik / Dmitriy Donskoy

    1976 жылы ХХІ жазғы Олимпиада ойындары өткен Монреаль стадионындағы Олимпиада алауы.

  • © Sputnik / Dmitriy Donskoy

    Академиялық ескек есу бойынша жарысқа қатысушылар. XXV жазғы Олимпиада ойындары. Барселона, 1992 жыл.

  • © Sputnik / Vladimir Baranov

    66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша грек-рим күресінен финалда алтын медальді жеңіп алған Оңтүстік Корея өкілі Ким Хен У. Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары, 2012 жыл.

  • © Sputnik

    Токиодағы XVIII жазғы Олимпиада ойындары, 1964 жыл. Кеңестік ескекшілер Николай Чужиков, Анатолий Гришин, Вячеслав Ионов пен Владимир Морозов 1000 метр қашықтықта байдаркамен жарысу бойынша алтын медаль жеңіп алды. Екінші орын Германия Демократиялық Республикасы спортшыларына, қола жүлде Румыния Социалистік Республикасының өкілдеріне бұйырды.

  • © Sputnik / Sergey Guneev

    1980 жылы Мәскеуде өткен XXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан желаяқ Мирус Ифтер.

Кілт сөздер:
архив суреттер, олимпиада
Аблай Мырзахметов

42 500 теңге төлеуге негіз жоқ кәсіпкерлер палатасы

7
(Жаңартылды 19:41 28.07.2021)
Кәсіпкерлердің Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ, деді Абылай Мырзахметов

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 42 500 теңгеден төлеуге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі жағдайды толық локдаун деп айтуға болмайды. Шектеу бар, әрине, бірақ біз мұны әзірге демалыс күндердегі шектеу деп атаймыз. Барлығының Ashyq арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ. Әрине, демалыста бизнес шығынға ұшырайды деген сөзбен келісемін, алайда бұл төтенше жағдай немесе локдаун емес. Яғни әзірге 42 500 теңге төлеуге құқықтық негіз жоқ", - деді Мырзахметов баспасөз мәслихатында.

Ол карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпкерлер кірісінен айырылып жатқанын түсінетінін айтты. Десе де бизнесмендерге аптасына бес күн жұмыс істеуге жағдай жасалып отыр.

"Бір аптадан кейін Ashyq жобасының лидерлері үшін жағдайды жақсартамыз. Егер сен бизнесмен болсаң, Ashyq-қа қосылсаң, түн ортасына дейін жұмыс істей аласың", - деді басқарма төрағасы.

Мырзахметов бір жұмадан кейін нысандардың жұмысына талдау жасалып, Ashyq көшбасшылрына демалыста да жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін екенін атап өтті.

7
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин