Майамиде жағажай сән апталығы өтті фото

47
  •  Miami Swim Week
  •  Miami Swim Week
Әлемге танымал Майами-Бичте Miami Swim Week жағажай сән апталығы өтті. Бойшаң әрі сымбатты сұлулар шомылуға арналған киімдердің түрлі үлгісін талғамы мен таңдауы жоғары көрермендерге паш етті

Қазір суға шомылғанда киетін киімнің қайсысы сәнді екенін білмейсіз бе? Онда Американың Флорида штатындағы Майамиде өткен жағажай сән апталығынан ең сәнді "су киімін" тамашалай аласыз.

Сән апталығы аясында бикини, жамылғы сынды шомылуға арналған киімдерді сахнадан бөлек пальма мен суы тұнық бассейн жағасында да көрсетті.

7 шілдеде басталған бұл шара 11 шілдеде аяқталды. Miami Swim Week Жағажай сән апталығына жыл сайын Майами қаласында әлемнің түрлі елінен жиналған дизайнерлер мен сәнқойлар қатысады. Бұл бір уақытта көрме әрі шоу форматын қамтитын іс-шара.

Осы жылдың шомылу маусымында қандай киімдер сәнге айналғанын суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

47
  •  Miami Swim Week
    © AFP 2021 / FERNANDA CALFAT

    Американың Флорида штатындағы Goodtime қонақ үйінде Miami Swim Week жағажай сән апталығы өтті

  • © AFP 2021 / Fernanda Calfat / Getty Images

    Miami Swim Week жағажай сән апталығында жыл сайын әлемнің түрлі елінен келген дизайнерлер мен киім өндірушілер өз өнімдерін таныстырады

  • © AFP 2021 / Fernanda Calfat / Getty Images

    Бұл суға шомылатын киімдер, жағажай жабдықтары, аксессуарлар мен бикинидің әлемдегі ең танымал көрсетілімі.

  • © AFP 2021 / Fernanda Calfat / Getty Images

    Miami Swim Week жыл сайын өтеді. Шара танымал Майами-Бичте сән әлеміндегі жаңалықтарға қызығушылық танытатындардың басын қосады.

  • © AFP 2021 / Fernanda Calfat / Getty Images

    Көрсетілім кезінде сұлулар түрлі брендтердің топтамаларын таныстырды.

  • © AFP 2021 / Fernanda Calfat / Getty Images for Sinesia Karol

    Қара нәсілді модель Sinesia Karol презентациясы кезінде

  • © AFP 2021 / Fernanda Calfat / Getty Images

    Бұл шарада әлемнің түкпір-түкпірінен келген дизайнерлер өз туындыларын ұсынады.

  • © AFP 2021 / Fernanda Calfat/Getty Images for Sinesia Karol

    Жағажайдағы киім мен қажетті жабдықтардың алуан түрін таныстыратын бұл шоу төрт күнге созылды.

  • © AFP 2021 / Fernanda Calfat/Getty Images for Sinesia Karol

    Мүсінінде мін жоқ сұлуларды көріп, белгілі дизайнерлердің жағажай киімдерін сатып алу және жағажай сәніндегі трендтер туралы білу үшін қонақтар алуан түрлі елдерден жиналады.

  •  Miami Swim Week
    © AFP 2021 / FERNANDA CALFAT

    Осы жылдың шомылу маусымында рюштер, воландар, пастель түстер, гүлді принт сәнге айналды.

  • © AFP 2021 / Fernanda Calfat/Getty Images for Sinesia Karol

    Бұл жерден ашық киінуді ұнатпайтындарға арналған киім үлгілерін де табуға болады.

  • © AFP 2021 / Getty Images for Oh Polly/Frazer Harrison

    Жағажай сән апталығы 7-11 шілде аралығында өтті.

Кілт сөздер:
сән, фото

Әлемдегі ең үлкен таңдай қақтырарлық бассейндер фото

101
Пандемия салдарынан кейбір курорттардың жабылып, жаздың көзді ашып жұмғанша өтіп бара жатқанына қарамастан көз қуантып, көңіл көтеру үшін виртуалды саяхатқа аттануға болады. Осы тұста әлемнің ең таңғажайып бассейндерін тамашалауды ұсынамыз

Бұл ең терең, ең үлкен, ең теңдессіз су тоғандары болып саналады. Шомылуды жаны сүйетін кез келген адам осы басссейндерге бір сүңгуді армандайтыны анық.

Әлемнің түрлі елінде салынған бұл бассейндердің көпшілігі Гиннесс рекордтар кітабына енген.

Олар ең жаңа заманауи техникамен жабдықталып, зәулім үйлердің жоғарғы қабатында орналасқан және дайвингпен әуестенетіндер үшін мейлінше терең болып келеді.

Кейбір бассейнге кіру де оңай емес. Себебі келушілер үшін белгілі бір талаптар қарастырылған.

101
  • © Depositphotos / Pierre-Yves Babelon

    Егер әлемдегі ең үлкен бассейнде шомылғыңыз келсе, онда Чилиге жол тартыңыз. Ол жергілікті Альгарробо курортында, San Alfonso del Mar Resort қонақ үйінің территориясында орналасқан. Теңіз жағалауын бойлай созылған бассейннің аумағы 8 гектарды құрайды. Бұл бассейнге су дәл сол теңізден келіп түседі. Аталған қонақ үй жыл сайын бассейн үшін төрт миллион долларға жуық қаражат жұмсайды. Бұл нысан жергілікті ғана емес, әлемдік сәулетті нысан болып саналады. San Alfonso del Mar Resort қонақ үйінің бассейні Гиннесс рекордтар кітабына енген. Чили жағалауындағы судың үнемі тым салқын болып, шомылуға жарамсыздығы осындай бассейн орнатуға түрткі болды.

  • © AFP 2021 / Ethan Miller / Getty Images North America

    Американың Лас-Вегас қаласындағы Golden Nugget қонақ үйіндегі бассейнде шомылып жүрген адамдардың көз алдында акулалар жүзіп жүреді. Бұл өте әсем океанариумды қамтитын нағыз ойын-сауық орталығы. Үш деңгейлі бассейнде демалушылар бір уақытта тынығып, шомылып және теңіздегі тіршілік иелерін тамашалай алады.

  • © Depositphotos / Benedetta Barbanti

    Marina Bay Sands қонақ үйінің шатырындағы пейзажды бассейн. Осы тұстан Сингапурдың әсем бейнесін судан шықпай-ақ тамашалауға болады. 55-ші қабаттағы қонақ үй шатыры бассейннен бөлек ландшафты бақ, демалыс аумағы, дәмханалар мен бар қарастырылған үлкен терраса түрінде салынған.

  • Минимализмге толы бассейн Грекияның Тинос аралындағы Kois Associated Architects жеке резиденциясында орналасқан. Ғимарат аумағынан тыс созылып жатқан шатырда бассейн орналасуының әсерінен ол шатыр түгелдей судан тұратындай көрінеді. Шатырдан Эгей теңізінің бейнесін тамашалуға болады.

  • Бұл Таиландтың Чавенг жағажайындағы Bloody Pool at The Library қызыл бассейні. Бассейн түбіне төселген қызыл және қызғылт сары тақтайшалар суға үрейлі бейне береді. Бұл әсерді батып бара жатқан күннің қызыл шұғыласы тіпті еселей түседі. Алайда қорқуға еш себеп жоқ, өйткені бұл әлемдегі ең тыныш демалыс орындарының бірі.

  • © AFP 2021 / Oliver Morin

    "Көгілдір лагуна" бассейні Исландиядағы Grindavik-те орналасқан. Бұл да әлемдегі ең танымал бассейндердің бірі.

  • Дайвинг пен су астында жүзуге арналған әлемдегі ең терең бассейн Польшада, Варшава қаласына жақын жерде орналасқан. Мұнда кез келген адам жүзу қабілетін арттырып, терең суда жүзуді пысықтай алады. Бассейн тереңдігі – 45 метр, көлемі – 8 мың текше метр су. Бұл әлемдік рекорд.

  • © AFP 2021 / Justin Tallis

    Sky Pool 25 метрлік аспалы ашық бассейні Лондонда, Nine Elms ауданындағы тұрғын үй ғимаратының арасында орналасқан. Конструкцияның салмағы сумен қоса есептегенде 400 тоннаны құрайды. Бұл бассейнде аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғана шомыла алады. Оны 750 тонналық мобильді кран орнатқан.

  • © Photo : Address Hotels

    Дубайдағы Address Beach Resort курорттық бассейні әлемдегі ең биік панорамалы бассейн ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл нысан 294 метр биіктікте, ғимараттың 77-ші қабатында орналасқан. Пейзажды бассейннің аумағы 560 шаршы метрді құрайды.

  • Биіктігі 23 метр, түбі шыныдан жасалған бассейн Гонолулудағы Anaha кешенінің жетінші қабатында орналасқан. Бұл бассейнде шомылу кезінде биіктіктен әсем көріністі тамашалауға болады. Бассейн түбі соққыға төзімді, ылғал мен бактерия әсеріне төтеп бере алатын акрил шыныдан дайындалған. Биіктікте шомылу еш қауіп төндірмейді.

  • АҚШ-тағы Үлкен каньон бөктерінде орналасқан Amangiri қонақ үйі. Құрылыс кезінде жартастың бірі сол күйінде қалдырылып, ол ғимараттың ең көрікті тұсына айналды. Осы жерде бассейн салынған. Оның құрылысы кезінде табиғи материалдар қолданылды.

Кілт сөздер:
фото

Жаңа рекорд, тартысты күрес пен жарқын жеңіс: Олимпиаданың әсерлі сәттері архив суреттер

75
Әдеттегідей араға төрт емес, бес жыл салып басталған жазғы Олимпиада ойындары тартысты өтіп жатыр. Бұл тарихтағы ең ұзақ күтуге тура келген Олимпиадаға айналды

Барлық көрермен әрбір Олимпиада ойындарынан жаңа рекорд пен тартысты жарыс, жарқын жеңіс пен әсерлі сәттерді күтеді.

Қазір Токио қаласында кезекті жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Ендеше бір мезет өткенге көз жүгіртіп, бұған дейінгі Олимпиадалардың Sputnik фототілшілері түсірген әсерлі сәттерін еске түсіріп көрейік.

Олардың қатарында Усейн Болт рекорды, КСРО мен АҚШ құрамаларының баскетбол алаңындағы шиеленісті жарысы, Германияның ауыр атлеті Матиас Штайнның штангі көтеру кезіндегі құлауы бар.

75
  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Хельсинкидегі (Финляндия) XV Жазғы Олимпиада ойындары (1952 жылдың 19 шілдесі – 3 тамызы). Жеңіл атлетика – найза лақтырудан 2-орынды иеленген Александра Чудина.

  • © Sputnik / Yuriy Somov

    Америкалық боксшы, жекпе-жек жеңімпазы. XX жазғы Олимпиада ойындары. Мюнхен, 1972 жыл.

  • © Sputnik / Aleksei Filippov

    Ричард Круз (Ұлыбритания) пен Александр Массиалас (АҚШ) XXXI жазғы Олимпиада ойындары кезінде рапирамен семсерлесу бойынша жеке біріншілікте жекпе-жекке шықты. Рио-де Жанейро, 2016 жыл.

  • © Sputnik

    КСРО – АҚШ құрамаларының баскетболдан жарысы. Токиодағы XVIII жазғы Олимпиада ойындары, 1964 жыл.

  • © Sputnik / Valeriy Melnikov

    2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары кезінде Матиас Штайнер (Германия) ауыр атлетика бойынша ерлер арасындағы жарысқа қатысуда.

  • © Sputnik / Aleksei Filippov

    ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары кезінде ҚХР мен Сербия құрамалары арасындағы волейболдан финалға шыққан серибиялық ойыншылар Майя Огненович (сол жақта) пен Йована Стеванович, 2016 жыл.

  • © Sputnik / Vladimir Fedorenko

    1980 жылы Мәскеудегі ХХІІ жазғы Олимпиада ойындары аясында В.Ленин атындағы Орталық стадионның Спорт сарайында Луиз Виржильго Моро (Бразилия) мен Цонио Атанасов (Болгария) 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдода бақ сынасып жатыр.

  • © Sputnik / Grigoriy Sysoyev

    Америкалық спортшы Дженнифер Сур сырықпен секіру бойынша ақтық сынға шықты. 2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары.

  • © Sputnik / Anton Denisov

    Ямайкадан келген жеңіл атлет Усэйн Болт 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада кезінде 100 метрге жүгіруден әлемдік рекорд орнатты. Бұл жарыстағы жаңа рекорд енді 9,69 секундты құрады.

  • © Sputnik / Sergey Guneev

    2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының синхронды жүзуден чемпиондары Ольга Брусникина мен Мария Киселева өнер көрсетуде.

  • © Sputnik / Dmitriy Donskoy

    1976 жылы ХХІ жазғы Олимпиада ойындары өткен Монреаль стадионындағы Олимпиада алауы.

  • © Sputnik / Dmitriy Donskoy

    Академиялық ескек есу бойынша жарысқа қатысушылар. XXV жазғы Олимпиада ойындары. Барселона, 1992 жыл.

  • © Sputnik / Vladimir Baranov

    66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша грек-рим күресінен финалда алтын медальді жеңіп алған Оңтүстік Корея өкілі Ким Хен У. Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары, 2012 жыл.

  • © Sputnik

    Токиодағы XVIII жазғы Олимпиада ойындары, 1964 жыл. Кеңестік ескекшілер Николай Чужиков, Анатолий Гришин, Вячеслав Ионов пен Владимир Морозов 1000 метр қашықтықта байдаркамен жарысу бойынша алтын медаль жеңіп алды. Екінші орын Германия Демократиялық Республикасы спортшыларына, қола жүлде Румыния Социалистік Республикасының өкілдеріне бұйырды.

  • © Sputnik / Sergey Guneev

    1980 жылы Мәскеуде өткен XXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан желаяқ Мирус Ифтер.

Кілт сөздер:
олимпиада, архив суреттер
Портфель, архивтегі фото

"Мен сізді аяймын, апа": Маңғыстауда әкім тойға келген қонақтардың алдынан шықты видео

0
Шенеунік той тойлауға келген әжейге бір күнде 14 адам өлгенін, қазір 1400 адам ауруханада жатқанын жеткізіп, карантинді сақтауды өтінді  

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамханаға тойға келген қонақтарды қарсы алып, үйге кері қайтуын сұрады, деп жазды Lada.kz.

Мұнайлы ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиндік шаралар енгізілгеніне қарамастан, жауапсыз тұрғындар той өткізбек болды.

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамхана алдында қонақтарды қарсы алды. Шенеунік көлікте отырған әжейге карантинді сақтау қажеттігін түсіндіріп жатқанда рейд қызметкерлері осы сәтті видеоға түсіріп алыпты.

"Мен сізді аяймын, апа. Бүгін облыста 14 адам өлді. Құдай сақтанғанды сақтайды. Қазір 1400 адам ауруханада жатыр. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз, келін, балаларыңызды, мына кішкентай сәбиді ойлаңыз", – деді әкім өтпей қалған тойдың қонақтарының біріне.

0