Smart Nail немесе тырнақтағы микрочип - фото

77
Сұлулық пен жоғары технологиялар әлемінде жаңа трендтер пайда бола бастады. Соның бірі – маникюр кезінде тырнаққа орналастырылатын чип. Бұл кімге және не үшін қажет екені туралы суреттер топтамасында толығырақ

Шетелдік, әсіресе Дубайдағы сұлулық салондарында маникюр кезінде қыз-келіншектердің тырнағына шағын чип орнату бойынша жаңа қызмет үлкен сұранысқа ие болып келеді.

Smart Nail деп аталатын бұл жаңашылдықтың ерекше артықшылығы бар. Микрочип тырнаққа оңай орналастырылады және оны қолдану әдісі де қарапайым. "Ақылды маникюрді" тырнақтың кез келген дизайнымен үйлестіруге болады.

Көп жағдайда чипті жасанды тырнаққа бекітіп, содан кейін ол тырнақты клиенттің өз тырнағының үстіне жабыстырады.

Мұндай жоғары технологиялық маникюр иелері "тылсым күшке" ие болады: олар қолын икемдеу арқылы есепшоттағы ақыны төлеп, мессенджер мәліметтерін жолдай алады және электронды құлпы бар есіктерді аша алады. Ол үшін небәрі чип орнатылған саусақты қажетті құрылғыға жақындату қажет.

Smart Nail туралы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

77
  • © REUTERS / Rula Rouhana

    Smart Nail маникюрінің суға төзімділігі жоғары. "Ақылды тырнақты" қуаттаусыз қолдана беруге болады: Суретте: Дубайдағы сұлулық салондарының бірінде клиенттің саусағына микрочип жапсырылып жатыр.

  • © REUTERS / Rula Rouhana

    Мұндай "жоғары технологиялық маникюр" қауіпсіз материалдардың көмегімен жасалады. Оған тіпті бір жылдық кепілдік те беріледі.

  • © REUTERS / Rula Rouhana

    Чипті орнатуда еш қиындық жоқ: чипті жасанды пластик тырнаққа, яғни типске орнатып, одан кейін әлгі типсті клиенттің өз тырнағының үстіне жабыстырады.

  • © REUTERS / Rula Rouhana

    Чип өте жұқа әрі жұмсақ. Ол тырнақ бетіне тегіс орналасады. Клиент маникюр дизайнын таңдаса жеткілікті.

  • © REUTERS / Rula Rouhana

    "Ақылды тырнақ" иесі төлем жасап, чипте жазылған жеке деректерімен бөлісе алады және тағы басқа да әрекеттерді орындай алады. Ол үшін NFC-технологиясы бар смарт-құрылғыға саусақ ұшын жақындатса жеткілікті. Олардың қатарында смартфон да бар.

  • © REUTERS / Rula Rouhana

    Мұндай чиптердің қалыңдығы үлгісіне қарай 0,05-0,15 миллиметр шамасында болады.

  • © REUTERS / Rula Rouhana

    Алайда мұндай микрочиптер әзірше үлкен көлемдегі деректерді сақтай алмайды. Әйтсе де дербес деректерді қорғау деңгейі аса жоғары. Өйткені ол мәліметтер саусағыңыздың ұшында болады.

  • © REUTERS / Rula Rouhana

    Чип бар тырнақ LED шаммен жабдықталады. Жоғары жиілік сигналына жақындаған сәтте әлгі шам жанып-өше бастайды.

АҚШ-та табиғи сұлулықты бағалайтын кезекті сән апталығы өтті фото

157
АҚШ-тағы Orlando Swim Week сән апталығында бойшаң сұлулармен қатар плюс-сайз модельдер де сән көрсетіп, сұлулықтың алуан қырлы болатынын дәлелдеді. Ол үшін адамның дене бітімі арық, түрі мінсіз болуы міндетті емес

Қазір бүкіл әлемнің сұлулары жағажай сәніндегі трендтерді мұқият бақылап отыр. Жаз маусымы бел ортасынан асқан шақта уақытты жағажайда өткізуге барынша асыққан дұрыс.

Алайда жазға дейін арықтап үлгермеген болсаңыз, қапаланбаңыз. Себебі қазір табиғи сұлулық нағыз сәнге айналды.

Мұны АҚШ-та өткен Orlando Swim Week сән көрсетілімі толыққанды дәлелдей алды. Себебі сән апталығының подиумында арық, бойшаң, мінсіз сұлу модельдер ғана емес, плюс-сайз өлшемді киім киетін арулар да сән көрсетіп, шынайы сұлулықпен көпшілікті тамсандырды.

157
  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    Қазіргі сән индустриясы эталондар мен стандарттардан бас тартып, табиғи сұлулыққа баса көңіл бөліп жүр.

  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    Дизайнерлер дене бітімі мінсіз әрі арық модельдерге ғана емес, шынайы адамдарға арналған киім-кешек дайындауға ұмтылып жатыр.

  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    Табиғи сұлулықтың бағасы арта бастады.

  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    Сән подиумдарында ұзын бойлы, артық салмағы жоқ арулармен қатар сән әлемінің стандартына сәйкес келмейтін сұлулар жиі көрініп жүр.

  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    АҚШ-тағы Orlando Swim Week сән көрсетілімі табиғилыққа бет бұрған жаңа трендтің айқын көрінісіне айналды.

  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    Подиумда дене бітімі толық сұлулар сән көрсетті.

  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    Әйтсе де олардың табиғи сұлулығы көз үйренген ұзын бойлы, арық модельдерден еш кем түспеді.

  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    "Шынайы болу" - Orlando Swim Week сән көрсетілімінің ұраны.

  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    Орландодағы hiTechMODA Orlando Swim Week сән апталығындағы Manduvi Swimwear топтамасы.

  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    Көрермендер суға шомылуға арналған киім кез келген қыз-келіншектің ажарын аша түсетініне көз жеткізді.

  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    Модель Орландодағы сән апталығында S28 Fashions суға шомылуға арналған киімдер топтамасын таныстырып тұр.

  • © AFP 2021 / Gerardo Mora/Getty Images for hiTechMODA

    Орландодағы hiTechMODA Orlando Swim Week сән апталығындағы Go Swimwear конкурсына қатысушылар.

Аспандағы беймәлім нысандар: қайсысы шын, қайсысы жалған фото

580
  • Американские ВВС зафиксировали НЛО в небе над Сан-Диего
Жер жүзінде адам баласына беймәлім қанша құпия бар? Оның түрлі құбылысы мен жаратылысы әлем ғалымдарын таңғалдырудан танбай келеді

Жалпы жер бетіндегі әрбір есті адамды "мына алып галактикада тағы кімдер тіршілік етеді" деген сұрақ бір рет болса да мазалайтыны анық.

Адам баласы толыққанды түсінік бере алмайтын түрлі құбылыс жетерлік. Қазір адамзат өзінің технологиялық үдерістің шыңына көтерілгеніне сенімді. Бірақ кейбір дүниелер бұл ойға қатысты күмән тудырады.

Жыл сайын ғаламшардың түрлі бұрышынан ұшатын беймәлім нысандар туралы көптеген хабарлама келіп түседі. Оларды фото мен видеоға түсіруге тырысады және авторлар аномалиямен бетпе-бет келгеніне сенімді.

Бірақ көп жағдайда "ұшатын тәрелке" небәрі аспандағы дрон, құс, әуе шамы немесе құлап жатқан спутник антеннасы екені анықталады.

Әйтсе де мыңдаған фото мен видеоның арасында расында да адам баласы үшін беймәлім нысандар кездеседі. Ол құбылыстар физика заңына бағынбайтын, логикалық тұрғыда түсіндіруге келмейтін сипатта болады.

Осы секілді бір қарағанда өзге ғаламшарлықтардың ұшатын кемесіне ұқсайтын мына суреттердің қайсысы шынайы, қайсысы "жасанды" екенін анықтап көріңіз.

580
  • © Sputnik / S. Dergunov

    Швейцария тауларындағы беймәлім ұшатын нысан (НЛО), 1990 жыл.

  • Германиядағы Штутгарт әуежайының аспанында көзге түскен беймәлім нысан, 2011 жылдың 8 қазаны.

  • © AP Photo / Michael Savage

    1956 жылдың 24 шілдесінде Сан-Бернардинода 15 жастағы Майкл Сэвидж түсірген сурет, Калифорния.

  • Американские ВВС зафиксировали НЛО в небе над Сан-Диего
    YouTube / Warrior Poet

    2020 жылдың 26 сәуірінде АҚШ Әскери-теңіз күштерінің пилоттары түсіріп, қорғаныс министрлігі ұсынған беймәлім нысан видеосының скриншоты.

  • © AFP 2021 / TV GRAB

    Аспандағы отты шар. Бұл суретті 1999 жылдың 12 желтоқсанында Тайвань тұрғыны Ли Чун-Хунг түсіріп алған.

  • © Sputnik / Alexei Danichev

    Кипрдегі Протарас қаласының аспанындағы бұлт, 2016 жылдың 30 қазаны.

  • © AP Photo / Rex Heflin

    Калифорниядағы Санта-Анаға жақын маңайда 1965 жылдың 3 тамызында Рекс Хефлин түсірген сурет.

  • © AFP 2021 / Jiji Press / Stringer

    Жапония аспанындағы беймәлім ұшатын нысан, 2020 жылдың 17 маусымы.

  • © AP Photo / Erich Kaiser

    1954 жылдың 3 тамызында Австриядағы Райхенштайн тауынан түскенде фотограф Эрих Кайзердің көзіне іліккен ұшатын аппараттар.

  • © AP Photo

    Нью-Мексико мемлекеттік университетінің студенті түсірген сурет, 1967 жылдың 12 наурызы.

  • © AP Photo

    Орегондағы Сейлем қаласының аспанындағы жұмбақ нысан.

  • 1952 жылы Нью-Джерсиде анықталған беймәлім нысан. Алайда бұл суреттің жасанды екені дәлелденген. Орталық барлау қызметі мұрағатынан.

  • Меерсбург аспанындағы жұмбақ аппарат. Бұл сурет те "жасанды" болып шықты.

  • Бұл ұшатын үш бұрышты аппарат 1990 жылдың 15 маусымында Валлония аспанында түсірілді-міс деген ақпарат тараған. Бельгия.

  • Лентикулярлы бұлт. Бұл аспан құбылысын адамдар көбіне өзге ғаламшарлықтардың ғарыш кемесімен шатастырады, 2010 жылдың 27 тамызы.

Кілт сөздер:
фото
Нью-Йорк қаласы

АҚШ экономикасына дефолт қаупі төнді 

0
Пандемия кезінде экономика көлемінен асып түскен Американың мемлекеттік қарызы шарықтау шегіне жетті. Үкімет дефолт қаупі жайлы сөз етуде. Шығынға жол бермес үшін конгресс тез арада жедел әрекетті қолға алмақ

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Америкалықтар 2008 жылдағы дағдарыстан бері сырттан қарыз алуды арттырып келеді. Обама билікте болған кезде тоғыз триллионға, Трамптың кезінде жеті триллион долларға ұлғайды. 2018 жылы жалпы ішкі өнімнің 78 процентіне жетті – Дүниежүзілік банк мұны қауіпті деп атады.

Қарыз шегін арттыру керек, әйтпесе күзде қаржы міндеттемелеріне қызмет көрсету бойынша проблема туындауы мүмкін. Кредиторлар АҚШ-тың қарызды өтеу мүмкіндігіне күмәнданса, не болатыны туралы РИА Новости материалында. 

Болжам бойынша мемлекеттік қарыз АҚШ экономикасының көлемінен он жылдан кейін ғана асуы керек. Алайда пандемия мен ұлттық шаруашылықты қолдауға арналған үлкен шығындардың салдарынан бұл әлдеқайда ертерек қалыптасты. Тәуелсіз есептеулер бойынша 2020 жылы билік ел экономикасына тоғыз триллион долларға жуық қаражат салды. Соның нәтижесінде мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ден асып түсті. 

Наурыздың соңына қарай 28 триллион доллар немесе ЖІӨ-нің 101 проценті. Мұндай жағдай тарихта бір рет қана – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден, 1946 жылы болды. Ол кезде көрсеткіш 106 процентті құрады. Ал қарыз өсіп жатыр: қазір - 28,5 триллион доллар. Заң бойынша енді қарыз алуға болмайды. 

АҚШ мемлекеттік қарыздың шарықтау шегіне бірінші рет жетіп отырған жооқ. 2008 жылдағы дағдарыстан кейін бұл көрсеткіш тұрақты өсіп жатыр. 

2019 жылы Трамп 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін мемлекеттік қарызды шектеусіз ұлғайтуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Межелі күннен кейін Қаржы министрлігі облигациялар сату есебінен қосымша қаражат тарта алмайды.

Алайда Вашингтонның бұдан басқа амалы жоқ. Пандемия кезінде экономиканы қолдауға жұмсалған қомақты шығын салдарынан бюджетте үлкен саңылау пайда болды. 

Бюджет тапшылығы негізінен мемлекеттік облигацияларды сату есебінен жабылып жатыр. 2020 қаржы жылында (30 қыркүйекте аяқталды) тапшылық кемінде үш есе – 3,1 триллион долларға дейін ұлғайды. Алайда коронавирусқа қарсы күрес бойынша барлық шараларды есептегенде, ол төрт триллионға жететінін анық. 

Осылайша Вашингтонның алдында екі жол тұр: 31 шілдеге дейін мемлекеттік қарыз шегін арттыру немесе қарыз алу лимитінің әрекет етуін тоқтату. Әйтпесе АҚШ-тың қаржы министрі Джанет Йеллен конгреске жолдаған хатында ескерткендей, ел дефолтқа тап болып, экономикаға орны толмас шығын келтіріледі. 

Қаржы министрлігі "қосымша шұғыл шаралар" қабылдауға тура келеді. Алайда Йеллен атап өткендей, қаржы мекемесінің мемлекеттік төтенше қаржыландыру қолдану мүмкіндігі қатты шектеулі. 

"Мұнда көптеген факторға байланысты айтарлықтай белгісіздік бар. Соның ішінде үкіметтің төлемдері мен түсімдерін бірнеше ай бұрын есептеу проблемалары да бар", - деді министр. 

Алайда шекті көтермесе, жаңа қаржы жылында, 1 қазанға қарай қарызға қызмет көрсету қабілеті тоқтатылады. Негізінен дәл сол күні АҚШ қарзынашылығы шығынды 150 миллиард долларға қысқартуға тура келеді.

Жалпы қаржы министрі мемлекеттік қарыздың рекордтық өсімін көздеп отыр. Алайда бұған байланысты конгресте бірауызды шешім болмай тұр. Демократтардың пікірінше, шекті арттыру керек. Республикашылдар Байден мен үкіметтен шығындарды қысқартып, үлкен қарызды азайту шараларын қабылдауды талап етіп отыр.

Соған қарағанда шекті қарыздың деңгейін кезекті рет көтереді. Ал экономистер АҚШ дефолтын "ақырзаман" ретінде қарастырып жатыр. 

"Америкалықтар мұндайға ешқашан жол бермеген. Бұл қауіпті жағдай болар еді", - деп санайды JPMorgan-ның АҚШ бойынша бас экономисі Майкл Фероли. 

Бірақ дефолт болу қаупінің өзі-ақ нарықта дүрбелең тудыруы мүмкін. Егер ешқандай шара қабылданбаса, АҚШ Қаржы мекемесі 30 шілдеде мемлекеттік бағалы қағаздарды да, мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп отырған жергілікті органдардың  қағаздарын да сата алмай қалады.

2011 жылы өкілдер палатасының қарыз шегін көтеруден бас тартуы мен дефолт қаупінің туындауына байланысты Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі тарихта алғаш рет АҚШ-тың дербес кредиттік рейтингін төмендетті. Соның артынша-ақ қор нарығында құлдырау бола жаздады: тиісті органдар бір мәмілеге келгенге дейін S&P 500 индексі бес күн қатарынан төмендеді. 

CNBC атап өткендей, осы жолы мемлекеттің қарызды өтеу мүмкіндігіне күмәнданған кредиторлар Вашингтоннан әлдеқайда жоғары процентті талап етуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде домино әсерін қалыптастырады: ипотекалық және автокредиттен бастап корпоративтік қарызға дейінгі проценттік мөлшерлемелер жаппай өсе бастайды.

Ал бұл тұрақтылыққа оң әсер етпейтіні анық. "Қаржы дағдарысы күшейіп, жұмыс орындары мен америкалықтардың жинақтарына қауіп төнеді. Бұл біз пандемиядан кейін қайта аяққа тұрмаған кезде болып отыр", - дейді Джанетт Йеллен. 

Кредиторлар АҚШ үкіметінің қарыз өтеу қабілетіне жиі күмәнданып отыр. Америкалық жетекші қаржыгердің бірі, Bridgewater Associates атты әлемдегі ірі хедж-қордың негізін қалаушы миллиардер Рэй Далио атап өткендей, бюджет, сауда теңгерімі мен қазіргі операциялардың есебі бойынша үштік тапшылық жақын уақытта шетелдік инвесторларды қазынашылық облигациялардан үркітіп, доллардың құлдырауына себепші болады. Бұл көлемі жағынан 2008 жылғы дағдарыстан ғана емес, 1930 жылғы Ұлы депрессиядан да асып түсуі мүмкін қаржы дағдарысына апаратын тікелей жол.

0