Токио Олимпиадасы: Жапония астанасы дүбірлі додаға қалай дайындалып жатыр фото

39
  • Небоскребы Олимпийской деревни в Токио
  • Мальчик в маске проходит мимо логотипов Олимпиады в Токио
Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды

Қазақстан құрамасы Токио-2020 қарсаңында 27 спорт түрінен 97 лицензия жеңіп алды. Қазақстандық рекордтың бірі теннисте – сегіз лицензия! Бұл спорт түрінен Александр Бублик, Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, сондай-ақ Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Ярослава Шведова жарысқа түседі. Сонымен қатар Зарина Дияс жалғыз ойнайтын турнирге қатысатыны туралы белгілі болды.

Чемпион Ольга Рыпакова бірнеше рет олимпиада жүлдесін жеңіп алған жеңіл атлетика саласындағы спорттық жүріс, биіктікке секіру, 100, 200 және 400 метрге жүгіру, марафон және үш аттап секіру түрлеріне он бір лицензия берілді.

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин екі лицензия жеңіп алды және ол 100 және 200 метр қашықтықта браспен жүзуде жарысқа түседі.

Қазақстандық "Астана" велокомандасының көшбасшысы Алексей Луценко командамен және жеке веложарысқа түседі.

Қазақстандық спорт гимнастикасының жалғыз өкілі Милад Карими Олимпиададағы жеті бірдей лицензияны жеңіп алды.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында барлығы 97 спортшы Қазақстан Туын көтеріп шығады.

Токио дүбірлі додаға қалай дайындалып жатқанын суреттер топтамасынан көріңіз.

 

 

39
  • © REUTERS / Kim Kyung-Hoon

    Олимпиаданың екі символы – көгершін мен олимпиада сақиналары. Қазіргі Олимпиада ойындарына бастамашылық еткен Пьер де Кубертен үшін бұл екі символ спорт бірлігі мен сұлулығын, сондай-ақ бейбітшілікті білдірді.

  • © REUTERS / Edgar Su

    Коронавирус бар-жоғын анықтау орталығында спорт командалары да, журналистер де тест тапсырады.

  • © REUTERS / Kyodo

    Бұл Олимпиада ойындарында қауіпсіздікке басымдылық берілуде. Жапонияның жағалау күзеті Токиодағы спортшылар қалашығының жанында оқу-жаттығулар өткізіп жатыр.

  • Небоскребы Олимпийской деревни в Токио
    © AP Photo / Jae C. Hong

    Бұл Токиодағы Олимпиада қалашығы. Алайда мына зәулім үйлерден тұратын аумақты "қалашық" деп кішірейтіп атау қиындау секілді.

  • © REUTERS / Issei Kato

    Британдық құраманың қызметкері Олимпиада қалашығында спортшыларды дайындауға арналған жабдықтарды тасып жүр.

  • © REUTERS / Issei Kato

    Олимпиада қалашығына кіретін аумақты полиция күзетіп тұр.

  • © REUTERS / Kim Kyung-Hoon

    Санаулы күндерден кейін Токиодағы Ұлттық стадионда Олимпиада алауы жағылады.

  • © REUTERS / Kai Pfaffenbach

    Олимпиада баспасөз орталығындағы күзет қызметкерлері түскі үзіліс кезінде әлеуметтік желіні ақтарып отыр.

  • © AP Photo / Jae C. Hong

    Олимпиада ойындарының бойтұмарлары Мирайтова (Miraitowa) мен Сомейти (Someity) бейнеленген автобустар Токио көшелерінде жүр.

  • © AP Photo / Kiichiro Sato

    Олимпиада символы қаланың барлық ауданында орналастырылған және оған токиолықтардың көзі үйренген секілді.

  • Мальчик в маске проходит мимо логотипов Олимпиады в Токио
    © AP Photo / Eugene Hoshiko

    2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін Токио-2020 Олимпиада ойындары кезінде 33 спорт түрі бойынша 339 жүлде табысталады.

Кілт сөздер:
фото, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы (25)

Сәтті кадр: Алматыда қай жерде суретке түсуге болатынын білесіз бе фото

104
  • Лето в Алматы
  • Лето в Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
Алматы – еліміздің мәдени, тарихи және қаржы орталығы. Алматыны айтқан кезде бірден ойға келетін жер көп. Бірі қаланы алмамен, бірі биік тауларымен байланыстырса, енді бірі тіршілігі қайнаған қызу өмірмен байланыстырады

Әрбір алматылық қалаға келген қонаққа қала ортасында тұрған бөлек әлем – ботаникалық баққа, тауларға қол созым жерде тұрған Тұңғыш президент паркіне барып, ескі әрі жаңа ғимараттарды көруге кеңес береді.

Күнделікті өмірді әлеуметтік желі арқылы көрсететін уақытта фотоға түсуге болатын көрікті жерлерді іздейтін адам да көп. Мың бояулы қаланың әр бұрышында ерекше фото жасауға болады. Осындай орындар туралы Sputnik Қазақстан материалынан біле аласыз. 

104
  • Лето в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    1932 жылы құрылған Ботаникалық бақ 2019 жылы жөндеуден өтті. Бір жылға жалғасқан жаңарту жұмыстарынан кейін бақ іші жаңаша түрге енді. Жол жөнделіп, демалуға арналған орындықтар қойылды. Тіпті шағын көлшік пайда болды.

  • Лето в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Жалпы аумағы 103,6 гектар аумақтағы бақта фотоға түсуге болатын жер жетерлік. Қаз-қатар тұрған ағаштар да, арнайы фотоға түсу үшін жасалған арка да сән беріп тұр. Тек аздап қиялды қосса жеткілікті.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қала тұрғындары мен қонақтары саябақ ішіндегі орындықтарда да әдемі фото түсіре алады. Оған жайқалған ағаштар реңк береді

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Көктем шыға демалыс сайын қала тұрғындары дәл осы баққа келуге асығады. Себебі мұнда таза ауада қаланың дәл ортасында отырып күйбең тіршіліктен тынығуға мүмкіндік бар

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қала тұрғындары үшін тағы бір ерекше жер – тұңғыш президент паркі. Қаланың жоғары жағында орналасқан саябақтан тау ерекше көрінеді.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Тұңғыш президент паркінің күз кезіндегі келбеті

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Әл-Фараби мен Науаи көшелерінің қиылысында орналасқан бұл саябақ 2010 жылы ашылған. Бұл жерде жыл сайын алма көрмесі мен спорттан жарыстар өтеді. Ал жастар "мұнара" маңында фотосессия жасап, Lovestory түсіреді

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қала тұрғындары арасында танымал жердің бірі – Нұрлы тау ғимараты. Әл-Фараби көшесінде орналасқан бұл бизнес орталық қабырғасының әйнектен жасалғанымен ерекшеленеді

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қазақ-Британ техникалық университеті. 1957 жылы құрылысы аяқталған бұл ғимарат бір кездері ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің Үкімет үйі болды. Төле би көшесінде орналасқан ғимарат әлі күнге дейін келбеті мен маңызын жоғалтпаған

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Ескі мен жаңа үйлесім тапқан бұл ғимарат маңында қала тұрғындары фотоға түскенді ұнатады.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алматылық бойжеткен Қазақ-Британ техникалық университеті алдындағы субұрқақта фотоға түсіп жүр.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимары алыстан мен мұндалап тұр.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Бойжеткен Абай атындағы опера театры маңында фотоға түсіп тұр.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Бойжеткен Абай атындағы опера театры маңында фотоға түсіп тұр.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алматыдағы ерекше көшелердің біріне композитор Мұқан Төлебаевтың аты берілген. Мұнда бір кездері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов секілді жазушылар мен Дінмұхамед Қонаев тұрған.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Орталық гүлзардағы субұрқақ

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Астана алаңына қарама-қарсы орналасқан орталық гүлзар ішінде жастар махаббаттың белгісі ретінде құлыпты бекітіп, кілтін суға тастайды. Дәл осы жерде субұрқақ жанында фотоға түсуге мүмкіндік бар.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қалада адам көп жиналатын жердің бірі – Арбат. Мұнда қаланың қызу тіршілігін көрсетіп, ары-бері өткен адамдар мен жұмыстан кейін демалып отырғандар арасында фотоға түсуге болады.

Кілт сөздер:
сурет, фото, Алматы

Меккеде пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатыр фото

96
Әлем мұсылмандары пандемия салдарынан екі жыл қатарынан қажылықтан бас тартуға мәжбүр

Осы жылы ислам әлеміндегі қасиетті орынға баратындар саны 60 мыңнан аспайды. Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі дәл осынша квота бөлген. Бұл пандемияға дейінгі қажылық етуші адам санынан 50 есе аз. Пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатқанын суреттер топтамасынан көріңіздер.

Сонымен қатар Қағба айналуға ниет еткен мұсылмандардың барлығы коронавирусқа қарсы ведомство мақұлдаған вакцинаны салдыруға тиіс және киелі орынға келуден көп дегенде үш күн бұрын тапсырған ПТР-тесті болуы керек.

Меккенің өзінде де мұсылмандар әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруге міндетті.

Құлшылық етушілер Сауд Арабиясына өткен аптаның соңынан бастап келе бастады. Осы жылы "қысқартылған" қажылық 17-22 шілде аралығында өтеді.

Осы уақыт ішінде түрлі елден келген мұсылмандар қажылық кезінде міндетті саналатын түрлі жөн-жоралғыны орындайды. Олардың қатарында Қағбаның киелі тасын жеті рет айналу, Арафат тауына шығу, шайтанға тас ақтыру сынды іс-әрекеттер бар.

Қажылық әрбір мұсылман үшін исламдағы бес парыздың бірі болып саналады.

96
  • © AFP 2021

    Дәстүрлі киім киген және бетперде таққан құлшылық етушілер Меккедегі Қағба киелі тасының жанына жиналып жатыр. Осы жылы Сауд Арабиясы вакцина салған азаматтарға қысқартылған көлемде қажылықты өтеуге рұқсат етті.

  • © REUTERS / Ahmed Yosri

    Мұсылмандар Мекке қаласындағы Үлкен мешіттегі Қағба айналасында тәуап орындап жатыр, Сауд Арабиясы.

  • © REUTERS / Saudi Ministry of Media

    Меккедегі Қағба айналасында тәуапты орындау кезіндегі әйел адам.

  • © REUTERS / Ahmed Yosri

    Құлшылық етуші мұсылман қажылық алдында Мина ауданында өзі орналасқан шатыр айналасын тазалап жатыр.

  • © REUTERS / Ahmed Yosri

    Қажылыққа арналған ақ түсті киім киген мұсылман қажылыққа аттану үшін Джиддадағы король Абдель Азиз атындағы халықаралық әуежайға келді, Сауда Арабиясы.

  • © REUTERS / Saudi Ministry of Media

    Меккедегі қажылық кезінде Үлкен мешітте мұсылмандар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып умраны орындап жатыр.

  • © REUTERS / Ahmed Yosri

    Джиддадағы король Абдель Азиз атындағы халықаралық әуежайда аквариум алдында ер адам селфи түсіріп тұр.

  • © REUTERS / Saudi Ministry of Media

    Панемияға дейінгі жылдары Қағба тасының айналасына жиналған жұрт қарасынан бас айналардай болса, осы жылы киелі тасты тек 60 мың мұсылман ғана айналып жүре алады.

  • © REUTERS / Ahmed Yosri

    Меккеде қажылықты өтер алдында мұсылман ер адамдар дәрет алып, исламдағы бес парыздың біріне дайындалып жатыр.

  • © REUTERS / Saudi Ministry of Media

    Меккедегі Үлкен мешітке қарай бет алған мұсылман мен әуеге көтерілген бір топ кептер.

Кілт сөздер:
Мекке, фото, қажылық
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айтты

0
Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Махараштра штатында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Із-түзсіз жоғалған отандастарыңыз өз отбасыларына аман-есен оралсын. Осындай қиын-қыстау шақта біз Үндістан халқымен біргеміз", – делінген жеделхатта.

Тағы оқыңыз: "Қайғырып көңіл айтамын": Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

Үндістанның орталығындағы Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

84 мыңнан астам адам штатттың оңтүстігіндегі Пуна округінде қауіпсіз аймаққа орналастырылды.

Үнді метеорология бюросы Махараштра штатының әкімшілік орталығы Мумбаидағы нөсер жауынға байланысты дабылдың қызыл деңгейін жариялады. Табиғи апат салдарынан қала тұрғындарын жарық және сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады.

0
Кілт сөздер:
көңіл айту, Үндістан, Қасым-Жомарт Тоқаев