Жаңа рекорд, тартысты күрес пен жарқын жеңіс: Олимпиаданың әсерлі сәттері архив суреттер

85
Әдеттегідей араға төрт емес, бес жыл салып басталған жазғы Олимпиада ойындары тартысты өтіп жатыр. Бұл тарихтағы ең ұзақ күтуге тура келген Олимпиадаға айналды

Барлық көрермен әрбір Олимпиада ойындарынан жаңа рекорд пен тартысты жарыс, жарқын жеңіс пен әсерлі сәттерді күтеді.

Қазір Токио қаласында кезекті жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Ендеше бір мезет өткенге көз жүгіртіп, бұған дейінгі Олимпиадалардың Sputnik фототілшілері түсірген әсерлі сәттерін еске түсіріп көрейік.

Олардың қатарында Усейн Болт рекорды, КСРО мен АҚШ құрамаларының баскетбол алаңындағы шиеленісті жарысы, Германияның ауыр атлеті Матиас Штайнның штангі көтеру кезіндегі құлауы бар.

85
  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Хельсинкидегі (Финляндия) XV Жазғы Олимпиада ойындары (1952 жылдың 19 шілдесі – 3 тамызы). Жеңіл атлетика – найза лақтырудан 2-орынды иеленген Александра Чудина.

  • © Sputnik / Yuriy Somov

    Америкалық боксшы, жекпе-жек жеңімпазы. XX жазғы Олимпиада ойындары. Мюнхен, 1972 жыл.

  • © Sputnik / Aleksei Filippov

    Ричард Круз (Ұлыбритания) пен Александр Массиалас (АҚШ) XXXI жазғы Олимпиада ойындары кезінде рапирамен семсерлесу бойынша жеке біріншілікте жекпе-жекке шықты. Рио-де Жанейро, 2016 жыл.

  • © Sputnik

    КСРО – АҚШ құрамаларының баскетболдан жарысы. Токиодағы XVIII жазғы Олимпиада ойындары, 1964 жыл.

  • © Sputnik / Valeriy Melnikov

    2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары кезінде Матиас Штайнер (Германия) ауыр атлетика бойынша ерлер арасындағы жарысқа қатысуда.

  • © Sputnik / Aleksei Filippov

    ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары кезінде ҚХР мен Сербия құрамалары арасындағы волейболдан финалға шыққан серибиялық ойыншылар Майя Огненович (сол жақта) пен Йована Стеванович, 2016 жыл.

  • © Sputnik / Vladimir Fedorenko

    1980 жылы Мәскеудегі ХХІІ жазғы Олимпиада ойындары аясында В.Ленин атындағы Орталық стадионның Спорт сарайында Луиз Виржильго Моро (Бразилия) мен Цонио Атанасов (Болгария) 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдода бақ сынасып жатыр.

  • © Sputnik / Grigoriy Sysoyev

    Америкалық спортшы Дженнифер Сур сырықпен секіру бойынша ақтық сынға шықты. 2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары.

  • © Sputnik / Anton Denisov

    Ямайкадан келген жеңіл атлет Усэйн Болт 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада кезінде 100 метрге жүгіруден әлемдік рекорд орнатты. Бұл жарыстағы жаңа рекорд енді 9,69 секундты құрады.

  • © Sputnik / Sergey Guneev

    2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының синхронды жүзуден чемпиондары Ольга Брусникина мен Мария Киселева өнер көрсетуде.

  • © Sputnik / Dmitriy Donskoy

    1976 жылы ХХІ жазғы Олимпиада ойындары өткен Монреаль стадионындағы Олимпиада алауы.

  • © Sputnik / Dmitriy Donskoy

    Академиялық ескек есу бойынша жарысқа қатысушылар. XXV жазғы Олимпиада ойындары. Барселона, 1992 жыл.

  • © Sputnik / Vladimir Baranov

    66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша грек-рим күресінен финалда алтын медальді жеңіп алған Оңтүстік Корея өкілі Ким Хен У. Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары, 2012 жыл.

  • © Sputnik

    Токиодағы XVIII жазғы Олимпиада ойындары, 1964 жыл. Кеңестік ескекшілер Николай Чужиков, Анатолий Гришин, Вячеслав Ионов пен Владимир Морозов 1000 метр қашықтықта байдаркамен жарысу бойынша алтын медаль жеңіп алды. Екінші орын Германия Демократиялық Республикасы спортшыларына, қола жүлде Румыния Социалистік Республикасының өкілдеріне бұйырды.

  • © Sputnik / Sergey Guneev

    1980 жылы Мәскеуде өткен XXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан желаяқ Мирус Ифтер.

Кілт сөздер:
олимпиада, архив суреттер

Миллиондаған шина жиналған қоқыс алаңының қазіргі күйі мен болашағы қандай фото

130
Фотографтар Кувейтте орналасқан әлемдегі ең көп шина тасталған алаңды фотоға түсірді. Автокөлік шиналары қолданыстан шыққаннан кейін де әлемде маңызды экологиялық мәселе болып отыр

Кейінгі жылдары Кувейттің Джахра қаласынан жеті шақырым жерде орналасқан алып алаңда шамамен 50 миллион пайдаланылған автокөлік шинасы жиналды.

Тозған шиналардан бөлінетін химиялық заттарға байланысты ол өте маңызды экологиялық мәселе саналады. Оларды жою мәселесі әлем бойынша күн тәртібінде тұр.

Парсы шығанағындағы ең бай елдің бірі – Кувейт бұл мәселені шеше бастады. Елдегі барлық тозған автокөлік шинасы осы жерге жиналады, артынша қайта өңдеуге жіберіледі.

Жақында бұл ондаған миллион ескі шина Сауд Арабиясымен шекаралас Әл-Салмиде орналасқан қайта өңдеу зауытына жіберіледі. Кәсіпорын жыл сайын үш миллионға дейін шинаны қайта өңдеуден өткізуді жоспарлап отыр.

Ескі шиналарды енді не істейтінін және қоқыс алаңының орнында не пайда болатынын біздің фотолентадан көріңіз.

130
  • © REUTERS / Stephanie McGehee

    Қоқыс тастайтын жерде шиналар 20 жыл бойы жиналған. Фотода: Кувейттегі Әл-Салми ауданындағы зауытқа өңдеуге жіберілген тозған шиналар.

  • © REUTERS / Stephanie McGehee

    Қоқыс үйіндісі адамдар тұратын маңнан 7 шақырым жерде орналасқан.

  • © REUTERS / Stephanie McGehee

    Тұрғындар көп жылдан бері өрт шыққан кезде қоқыс аумағынан қап-қара улы түтін шығатынын айтып шағымданды. Фотода: жұмысшы Кувейттегі Әл-Салми ауданындағы зауытта шинаны қайта өңдеуден өткізуге дайындап жатыр.

  • © REUTERS / Stephanie McGehee

    EPSCO Global General Trading – Кувейттегі шиналарды қайта өңдейтін зауыт. Олар қазір барлық шинаны Сауд Арабиясымен шекаралас Әл-Салмидегі жаңа орынға тасымалдап жатыр. Сол жерде қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Фотода: мердігер Ибрахим Камал пайдаланылған шиналардың арасында тұр.

  • © REUTERS / Stephanie McGehee

    Кәсіпорын жылына үш миллионға дейін шинаны кәдеге жаратуды жоспарлап отыр. Фотода: Кувейттің Әл-Салми ауданындағы зауыт алдында жиналған шиналар.

  • © REUTERS / Stephanie McGehee

    Зауыт қызметкерлері ескі шиналарды сұрыптап, тегістейді. Содан кейін одан еден төсеніштерін жасайды.

  • © REUTERS / Stephanie McGehee

    Кәсіпорын ескі шиналарды қайтадан қолдануға болатын тауарға айналдыру арқылы қоғамға көмек көрсетіп жатқанына сенімді. Фотода: сириялық мердігер Ибрахим Камал Кувейттің Әл-Салми ауданындағы шина өңдеу зауытының алдындағы жүк тиегішке тапсырма беріп тұр.

  • © REUTERS / Stephanie McGehee

    Шина жиналған аумақ орнына жергілікті билік 25 000 жаңа үй салғысы келеді. Фотода: Кувейттің Әл-Салми ауданындағы шина өңдеу зауытының кешкі көрінісі.

Кілт сөздер:
фото
Тақырып бойынша
Ауғанстаннан қашқан жұлдыздар мен танымал тұлғалар – фото
Көне шаһарға саяхат: Тараздың туристік нысандары – фото
Есік-терезе сынып, шатыр құлады: әскери бөлімдегі жарылыстан бүлінген нысандар – фото
Тұңғиыққа батқан тіршілік: Кипр жағалауында суасты орман пайда болды – фото
Қоқыстан жасалған BMW, "ақылды" электрокар мен болашақтың басқа да көліктері – фото
Қызыл кілемдегі сән: MTV Video Music Awards премиясына жұлдыздар не киіп келді - фото
Киберакула мен робот-иттер: Бейжіңде робототехника конференциясы өтті – фото

85 жылдық тарихы бар зауытта қару-жарақ қалай жасалады фото

62
(Жаңартылды 14:47 20.09.2021)
Жылдың басында чехиялық қару өндіруші CZG (Ceska Zbrojovka Group) 2015 жылы банкротқа ұшыраған Colt холдингін сатып алды

Ал қыркүйекте Шығыс Еуропадан келген қару өндірушілер былтырғы кірісті екі есе көбейту туралы айта бастады.

Бұл алдағы бірнеше жылға арналған жоспар, алайда Ceska Zbrojovka Group табыстың өсу қарқыны мен ақция құнының 60%-ке өсуіне риза екенін жеткізді.

Чехияның Угерски-Брод қаласындағы Ceska Zbrojovka зауыты 1936 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде компания әлемдегі ең ірі қару өндірушілердің ондығына кірді.

Биыл құрылғанына 85 жыл болатын зауытта қару-жарақ қалай жасалатынын біздің фотолентадан көріңіз.

Оқи отырыңыз: 

62
  • © REUTERS / David W Cerny

    Угерски-Бродтағы Ceska Zbrojovka қару зауытының қызметкері тапаншаны көрсетіп тұр

  • © REUTERS / David W Cerny

    Чехияның Угерски-Брод қаласындағы Ceska Zbrojovka зауытында атыс қаруы осылай жасалады.

  • © REUTERS / David W Cerny

    Қару неғұрлым эргономикалық болуы үшін дизайнды жасаушы оның барлық бөлшегін ұстап көреді.

  • © REUTERS / David W Cerny

    Ceska Zbrojovka қару зауытының қызметкері мылтықты көрсетіп тұр.

  • © REUTERS / David W Cerny

    Ceska Zbrojovka зауытында жасалған тапаншаның бір бөлігі.

  • © REUTERS / David W Cerny

    Олар автоматты қару туралы бәрін біледі. Дайын болған тапаншаны бірінші болып ұстап көреді. Фотода: зауыт қызметкері өз жұмыс орнында отыр.

  • © REUTERS / David W Cerny

    Тапаншаның әр бөлігі сызбадағы үлгіге сай екені мұқият тексеріледі.

  • © REUTERS / David W Cerny

    Тапанша бөлшектері құрастырылу барысында мұқият тексеріледі

  • © REUTERS / David W Cerny

    Ceska Zbrojovka зауытының қызметкерлері әр тапанша мен мылтықты өздері жинайды.

  • © REUTERS / David W Cerny

    Угерски-Бродтағы Ceska Zbrojovka зауытының логотипі. Биыл зауыт 85 жылдығын атап өтеді.

  • © REUTERS / David W Cerny

    Чехияның Угерски-Брод қаласындағы Ceska Zbrojovka қару зауытында жұмысшы тапанша бөлшектерін жинап жатыр.

  • © REUTERS / David W Cerny

    Ceska Zbrojovka қару зауытында жұмысшы тапаншаның бір партиясын жинауды аяқтап жатыр.

Кілт сөздер:
фото, қару
Тақырып бойынша
Үш пышақ және тапанша: Нұр-Сұлтанда қаруланған азамат ұсталды
"Қаладағы соғыс": Қазақстан мен Ресей десантшылары шартты жауға тойтарыс берді
Ресейлік әскери роботтар алғаш рет алғы шепке жіберілді - видео
Қазақстанның Қарулы күштерінің бөлімдері елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді
портфель ұстаған адам

"Айына 643 мың теңге алады": сенатор мәслихат басшыларының жалақасын жариялады

20
(Жаңартылды 11:36 23.09.2021)
Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенаторлар жергілікті мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, бұл мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Бірақ әлі күнге дейін шешілген жоқ.

"Біз өңірлерге іс-сапармен шыққанда жергілікті мәслихаттардың мәртебесін көтеру бойынша әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екеніне куә болдық. Атап айтқанда, үкіметтің 2021 жылғы маусымдағы қаулысына орай, жергілікті деңгейде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі еседен артық көтерілген. Алайда барлық деңгейдегі мәслихат хатшыларының еңбекақысы сол бұрынғы қалпында қалып қойды. Ондай жағдай 2016 жылы да болған", - деді Бақтиярұлы сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда ол мәслихат хатшыларының жалақысын да жариялады.

Оның айтуынша, аудандық деңгейдегі мәслихат хатшысы аудандық мәслихат аппарат басшысынан екі есе, ал бөлім басшысынан 50 процентке төмен жалақы алады.

"Мысалы, Қызылорда облысында аудандық деңгейде мәслихат хатшысы 200 мың теңге, ал мәслихаттың аппарат басшысы 453 мың теңге, бөлім басшысы 302 мың теңге алады. Ал облыстық деңгейде мәслихат хатшысы 467 мың теңге, мәслихаттың аппарат басшысы 634 мың теңге, ал бөлім басшысы 400 мың теңге жалақы алады. Мәслихат хатшыларының аппарат қызметкерлерінен төмен жалақы алуы лауазымдық иерархия қағидаларының сақталмауына әкеліп соғуда", - деп атап өтті Бақтиярұлы.

Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды.

"Тексеру комиссиялары төрағаларының жалақысы тек 33 процентке, тексеру комиссиясы мүшелерінің жалақысы 17 процентке ғана көбейді. Ал басқа мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі немесе одан көп есеге өсті. Бұл ретте тексеру комиссиясының мүшелері өз өкілеттіліктеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдарының жұмысына баға беріп, тиімділігінің тәуелсіз қорытындысын әзірлейтінін атап өткен жөн", - дейді Бақтиярұлы.

Бұдан бөлек, сенаторлар мәслихаттарға қол жинау және петиция жасау құзіретін беруді ұсынды.

Олар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді сұрады.

Оқи отырыңыз: 

20
Кілт сөздер:
жалақы, сенатор, мәслихат
Тақырып бойынша
Аймағамбетов мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі өзгеретінін мәлімдеді
Министр қай өңірде орташа жалақы 321 мың теңгеге дейін өсетінін айтты
Ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі – жолдау
2022 жылы зейнетақы мен ең төменгі жалақы қанша болады