Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әлемдегі ең үлкен таңдай қақтырарлық бассейндер – фото

Жазылу
Пандемия салдарынан кейбір курорттардың жабылып, жаздың көзді ашып жұмғанша өтіп бара жатқанына қарамастан көз қуантып, көңіл көтеру үшін виртуалды саяхатқа аттануға болады. Осы тұста әлемнің ең таңғажайып бассейндерін тамашалауды ұсынамыз

Бұл ең терең, ең үлкен, ең теңдессіз су тоғандары болып саналады. Шомылуды жаны сүйетін кез келген адам осы басссейндерге бір сүңгуді армандайтыны анық.

Әлемнің түрлі елінде салынған бұл бассейндердің көпшілігі Гиннесс рекордтар кітабына енген.

Олар ең жаңа заманауи техникамен жабдықталып, зәулім үйлердің жоғарғы қабатында орналасқан және дайвингпен әуестенетіндер үшін мейлінше терең болып келеді.

Кейбір бассейнге кіру де оңай емес. Себебі келушілер үшін белгілі бір талаптар қарастырылған.

© Depositphotos.com / Pierre-Yves BabelonЕгер әлемдегі ең үлкен бассейнде шомылғыңыз келсе, онда Чилиге жол тартыңыз. Ол жергілікті Альгарробо курортында, San Alfonso del Mar Resort қонақ үйінің территориясында орналасқан. Теңіз жағалауын бойлай созылған бассейннің аумағы 8 гектарды құрайды. Бұл бассейнге су дәл сол теңізден келіп түседі. Аталған қонақ үй жыл сайын бассейн үшін төрт миллион долларға жуық қаражат жұмсайды. Бұл нысан жергілікті ғана емес, әлемдік сәулетті нысан болып саналады. San Alfonso del Mar Resort қонақ үйінің бассейні Гиннесс рекордтар кітабына енген. Чили жағалауындағы судың үнемі тым салқын болып, шомылуға жарамсыздығы осындай бассейн орнатуға түрткі болды.
Бассейн Сан-Альфонсо-дель-Мар в Чили  - Sputnik Қазақстан
1/11
Егер әлемдегі ең үлкен бассейнде шомылғыңыз келсе, онда Чилиге жол тартыңыз. Ол жергілікті Альгарробо курортында, San Alfonso del Mar Resort қонақ үйінің территориясында орналасқан. Теңіз жағалауын бойлай созылған бассейннің аумағы 8 гектарды құрайды. Бұл бассейнге су дәл сол теңізден келіп түседі. Аталған қонақ үй жыл сайын бассейн үшін төрт миллион долларға жуық қаражат жұмсайды. Бұл нысан жергілікті ғана емес, әлемдік сәулетті нысан болып саналады. San Alfonso del Mar Resort қонақ үйінің бассейні Гиннесс рекордтар кітабына енген. Чили жағалауындағы судың үнемі тым салқын болып, шомылуға жарамсыздығы осындай бассейн орнатуға түрткі болды.
© AFP 2024 / Ethan Miller / Getty Images North America Американың Лас-Вегас қаласындағы Golden Nugget қонақ үйіндегі бассейнде шомылып жүрген адамдардың көз алдында акулалар жүзіп жүреді. Бұл өте әсем океанариумды қамтитын нағыз ойын-сауық орталығы. Үш деңгейлі бассейнде демалушылар бір уақытта тынығып, шомылып және теңіздегі тіршілік иелерін тамашалай алады.
Самый пугающий бассейн в американском отеле Golden Nugget  - Sputnik Қазақстан
2/11
Американың Лас-Вегас қаласындағы Golden Nugget қонақ үйіндегі бассейнде шомылып жүрген адамдардың көз алдында акулалар жүзіп жүреді. Бұл өте әсем океанариумды қамтитын нағыз ойын-сауық орталығы. Үш деңгейлі бассейнде демалушылар бір уақытта тынығып, шомылып және теңіздегі тіршілік иелерін тамашалай алады.
© Depositphotos.com / Benedetta BarbantiMarina Bay Sands қонақ үйінің шатырындағы пейзажды бассейн. Осы тұстан Сингапурдың әсем бейнесін судан шықпай-ақ тамашалауға болады. 55-ші қабаттағы қонақ үй шатыры бассейннен бөлек ландшафты бақ, демалыс аумағы, дәмханалар мен бар қарастырылған үлкен терраса түрінде салынған.
 Пейзажный бассейн на закате в Skypark, который возвышается над отелем Marina Bay Sands в Сингапуре  - Sputnik Қазақстан
3/11
Marina Bay Sands қонақ үйінің шатырындағы пейзажды бассейн. Осы тұстан Сингапурдың әсем бейнесін судан шықпай-ақ тамашалауға болады. 55-ші қабаттағы қонақ үй шатыры бассейннен бөлек ландшафты бақ, демалыс аумағы, дәмханалар мен бар қарастырылған үлкен терраса түрінде салынған.
CC BY 2.0 / Forgemind ArchiMedia / Kois Associated ArchitectsМинимализмге толы бассейн Грекияның Тинос аралындағы Kois Associated Architects жеке резиденциясында орналасқан. Ғимарат аумағынан тыс созылып жатқан шатырда бассейн орналасуының әсерінен ол шатыр түгелдей судан тұратындай көрінеді. Шатырдан Эгей теңізінің бейнесін тамашалуға болады.
Самый минималистичный бассейн в частной резиденции Kois Associated Architects, Греция  - Sputnik Қазақстан
4/11
Минимализмге толы бассейн Грекияның Тинос аралындағы Kois Associated Architects жеке резиденциясында орналасқан. Ғимарат аумағынан тыс созылып жатқан шатырда бассейн орналасуының әсерінен ол шатыр түгелдей судан тұратындай көрінеді. Шатырдан Эгей теңізінің бейнесін тамашалуға болады.
CC BY-SA 2.0 / Tommy He / Bloody Pool at The LibraryБұл Таиландтың Чавенг жағажайындағы Bloody Pool at The Library қызыл бассейні. Бассейн түбіне төселген қызыл және қызғылт сары тақтайшалар суға үрейлі бейне береді. Бұл әсерді батып бара жатқан күннің қызыл шұғыласы тіпті еселей түседі. Алайда қорқуға еш себеп жоқ, өйткені бұл әлемдегі ең тыныш демалыс орындарының бірі.
Самый красный бассейн в отеле The Library Resort, Таиланд - Sputnik Қазақстан
5/11
Бұл Таиландтың Чавенг жағажайындағы Bloody Pool at The Library қызыл бассейні. Бассейн түбіне төселген қызыл және қызғылт сары тақтайшалар суға үрейлі бейне береді. Бұл әсерді батып бара жатқан күннің қызыл шұғыласы тіпті еселей түседі. Алайда қорқуға еш себеп жоқ, өйткені бұл әлемдегі ең тыныш демалыс орындарының бірі.
© AFP 2024 / Oliver Morin"Көгілдір лагуна" бассейні Исландиядағы Grindavik-те орналасқан. Бұл да әлемдегі ең танымал бассейндердің бірі.
Термальный бассейн Голубая лагуна в Исландии  - Sputnik Қазақстан
6/11
"Көгілдір лагуна" бассейні Исландиядағы Grindavik-те орналасқан. Бұл да әлемдегі ең танымал бассейндердің бірі.
© Photo : Press service of PERIДайвинг пен су астында жүзуге арналған әлемдегі ең терең бассейн Польшада, Варшава қаласына жақын жерде орналасқан. Мұнда кез келген адам жүзу қабілетін арттырып, терең суда жүзуді пысықтай алады. Бассейн тереңдігі – 45 метр, көлемі – 8 мың текше метр су. Бұл әлемдік рекорд.
Самый глубокий бассейн для дайвинга в мире, Польша - Sputnik Қазақстан
7/11
Дайвинг пен су астында жүзуге арналған әлемдегі ең терең бассейн Польшада, Варшава қаласына жақын жерде орналасқан. Мұнда кез келген адам жүзу қабілетін арттырып, терең суда жүзуді пысықтай алады. Бассейн тереңдігі – 45 метр, көлемі – 8 мың текше метр су. Бұл әлемдік рекорд.
© AFP 2024 / Justin TallisSky Pool 25 метрлік аспалы ашық бассейні Лондонда, Nine Elms ауданындағы тұрғын үй ғимаратының арасында орналасқан. Конструкцияның салмағы сумен қоса есептегенде 400 тоннаны құрайды. Бұл бассейнде аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғана шомыла алады. Оны 750 тонналық мобильді кран орнатқан.
Первый в мире прозрачный 25-метровый открытый бассейн, известный как Sky Pool, Британия - Sputnik Қазақстан
8/11
Sky Pool 25 метрлік аспалы ашық бассейні Лондонда, Nine Elms ауданындағы тұрғын үй ғимаратының арасында орналасқан. Конструкцияның салмағы сумен қоса есептегенде 400 тоннаны құрайды. Бұл бассейнде аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғана шомыла алады. Оны 750 тонналық мобильді кран орнатқан.
© Photo : Address Hotels Дубайдағы Address Beach Resort курорттық бассейні әлемдегі ең биік панорамалы бассейн ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл нысан 294 метр биіктікте, ғимараттың 77-ші қабатында орналасқан. Пейзажды бассейннің аумағы 560 шаршы метрді құрайды.
Самый высокий в мире панорамный бассейн Address Beach Resort в Дубае - Sputnik Қазақстан
9/11
Дубайдағы Address Beach Resort курорттық бассейні әлемдегі ең биік панорамалы бассейн ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл нысан 294 метр биіктікте, ғимараттың 77-ші қабатында орналасқан. Пейзажды бассейннің аумағы 560 шаршы метрді құрайды.
CC BY 2.0 / Daniel Ramirez / Swimming in the SkyБиіктігі 23 метр, түбі шыныдан жасалған бассейн Гонолулудағы Anaha кешенінің жетінші қабатында орналасқан. Бұл бассейнде шомылу кезінде биіктіктен әсем көріністі тамашалауға болады. Бассейн түбі соққыға төзімді, ылғал мен бактерия әсеріне төтеп бере алатын акрил шыныдан дайындалған. Биіктікте шомылу еш қауіп төндірмейді.
Консольный бассейн со стеклянным дном в Гонолулу  - Sputnik Қазақстан
10/11
Биіктігі 23 метр, түбі шыныдан жасалған бассейн Гонолулудағы Anaha кешенінің жетінші қабатында орналасқан. Бұл бассейнде шомылу кезінде биіктіктен әсем көріністі тамашалауға болады. Бассейн түбі соққыға төзімді, ылғал мен бактерия әсеріне төтеп бере алатын акрил шыныдан дайындалған. Биіктікте шомылу еш қауіп төндірмейді.
CC BY 2.0 / Steve Jurvetson / Amangiri PoolАҚШ-тағы Үлкен каньон бөктерінде орналасқан Amangiri қонақ үйі. Құрылыс кезінде жартастың бірі сол күйінде қалдырылып, ол ғимараттың ең көрікті тұсына айналды. Осы жерде бассейн салынған. Оның құрылысы кезінде табиғи материалдар қолданылды.
Бассейн Аманджири в штате Юта - Sputnik Қазақстан
11/11
АҚШ-тағы Үлкен каньон бөктерінде орналасқан Amangiri қонақ үйі. Құрылыс кезінде жартастың бірі сол күйінде қалдырылып, ол ғимараттың ең көрікті тұсына айналды. Осы жерде бассейн салынған. Оның құрылысы кезінде табиғи материалдар қолданылды.
Жаңалықтар
0