Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Алматылық фотографтың суреттері Drone Awards байқауында жоғары бағаланды

Жазылу
Drone Awards-2021 аэросуреттер байқауының қазылар алқасы әлемнің жүз елінен қатысқан фотографтардың ең әсерлі туындыларын таңдап алды

Жеңімпаздар арасында алматылық фотограф Александр Власюк пен оның "Жағажай маусымы" атты суреті де бар.

Алматылық фотограф қыс мезгіліндегі аязға қарамастан, Қапшағай су қоймасында "күнге қыздырынып", мұздық үстінде жатқан жұпты түсірген. Бұл сурет Drone Awards аэросуреттер байқауында "Адамдар" номинациясында екінші орынды иеленді.

Александр Власюк Drone Awards байқауына осымен екінші рет қатысып отыр. Бұл жолы алматылық фотографқа сәттілік серік болған сыңайлы.

Бірақ Александрдың халықаралық фотобайқаулардың жеңімпазы атануы бірінші рет емес. Оның бұдан басқа да марапаттары жетерлік.

Drone Awards аэросуреттер байқауында биіктен, яғни дрон, парашют, дирижабль, батпырауық немесе басқа да әдістердің көмегімен түсірілген суреттер іріктелді.

Бұл жылы конкурсқа кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алды. Байқауға әлемнің 102 елінің фотографтары өз туындыларын жолдаған. "Сұрала қаздар қысты қарсы алуда" атты суреті үшін норвегиялық Терье Колаас гран-при жеңіп алды.

Drone Awards аэросуреттер байқауының басқа да жеңімпаздары түсірген суреттерді Sputnik материалынан тамашалаңыз.

© Photo : Alexandr Vlassyuk / Drone Awards Александр Власюктың "Жағажай маусымы" атты суреті "Адамдар" номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. Сурет Қапшағай су қоймасында минус он градусты аязда түсірілген
Снимок Beach Season фотографа Alexandr Vlassyuk, занявший 1 место в категории People в конкурсе Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
1/15
Александр Власюктың "Жағажай маусымы" атты суреті "Адамдар" номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. Сурет Қапшағай су қоймасында минус он градусты аязда түсірілген
© Photo : Terje Kolaas / Drone Awards Фотограф Терье Колаас (Terje Kolaas) көктемнің орнына қыста ұшып келген қысқатұмсықты сұрала қаздардың суреті үшін байқау гран-приі мен жыл фотографы деген атаққа ие болды. Сурет Норвегияда түсірілген. Климаттың өзгеруіне байланысты құстар жыл сайын қар ерімей-ақ ерте ұшып келуде. Олар барлық кезде бір бағдармен келеді. Сондықтан дрон көмегімен осындай сурет түсіруге мүмкіндік бар
Снимок Pink-Footed Geese Meeting the Winter фотографа Terje Kolaas, победивший в конкурсе Drone Awards 2021  - Sputnik Қазақстан
2/15
Фотограф Терье Колаас (Terje Kolaas) көктемнің орнына қыста ұшып келген қысқатұмсықты сұрала қаздардың суреті үшін байқау гран-приі мен жыл фотографы деген атаққа ие болды. Сурет Норвегияда түсірілген. Климаттың өзгеруіне байланысты құстар жыл сайын қар ерімей-ақ ерте ұшып келуде. Олар барлық кезде бір бағдармен келеді. Сондықтан дрон көмегімен осындай сурет түсіруге мүмкіндік бар
© Photo : Sergei Poletaev / Drone Awards"Қала" аталымы бойынша Сергей Полетаев "Қала мен қыс жайлы ауыспалы пікір" суретімен жеңімпаз атанды
 Снимок Metaphorical Statement About City and Winter фотографа Sergei Poletaev, занявший 1-е место в категории Urban конкурса Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
3/15
"Қала" аталымы бойынша Сергей Полетаев "Қала мен қыс жайлы ауыспалы пікір" суретімен жеңімпаз атанды
© Photo : Lampson Karmin Yip / Drone AwardsЛэмпсо Кармин Иптың (Lampson Karmin Yip) "Бір кадр" атты суреті "Спорт" номинациясы бойынша қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды
Снимок One Shot фотографа Lampson Karmin Yip, высоко оцененный в категории Sport конкурса Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
4/15
Лэмпсо Кармин Иптың (Lampson Karmin Yip) "Бір кадр" атты суреті "Спорт" номинациясы бойынша қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды
© Photo : Qasim Al Farsi / Drone AwardsЖасыл тасбақа Оман жағалауында жұмыртқалағаннан кейін суға қайта оралуда. Кадр авторы Касима әл Фарси (Qasim Al Farsi) "Жабайы табиғат" категориясында жеңді
Снимок Back to Adventure фотографа Qasim Al Farsi, занявший 1-е место в категории Wildlife конкурса Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
5/15
Жасыл тасбақа Оман жағалауында жұмыртқалағаннан кейін суға қайта оралуда. Кадр авторы Касима әл Фарси (Qasim Al Farsi) "Жабайы табиғат" категориясында жеңді
© Photo : Phu Khanh Bui / Drone AwardsПху Кхан Буи (Phu Khanh Bui) "Әруақтарға дұға жаса" дейді. Кадр қазылар алқасының жоғары бағасын алды
Снимок Pray for Souls фотографа Phu Khanh Bui, высоко оцененный в категории People  конкурса Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
6/15
Пху Кхан Буи (Phu Khanh Bui) "Әруақтарға дұға жаса" дейді. Кадр қазылар алқасының жоғары бағасын алды
© Photo : Trung Pham Huy / Drone Awards "Мангр тоғайындағы балық аулау" суреті Чунг Фам Хаюға (Trung Pham Huy) "Адамдар" категориясынжа жеңіс алып келді
Снимок Fishing in Mangrove Forest фотографа Trung Pham Huy, занявший 1 место в категории People в конкурсе Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
7/15
"Мангр тоғайындағы балық аулау" суреті Чунг Фам Хаюға (Trung Pham Huy) "Адамдар" категориясынжа жеңіс алып келді
© Photo : Martin Sanchez / Drone Awards "Табиғат" категориясында Мартин Санчестің (Martin Sanchez) ғарыштан түсірілген суретіне тең келетін туынды болмады. Суретте Исландиядағы вулкан атылуы бейнеленген
Снимок Extragalactic фотографа Martin Sanchez, занявший 1 место в категории Natureв конкурсе Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
8/15
"Табиғат" категориясында Мартин Санчестің (Martin Sanchez) ғарыштан түсірілген суретіне тең келетін туынды болмады. Суретте Исландиядағы вулкан атылуы бейнеленген
© Photo : Gheorghe Popa / Drone Awards "Абстракция" категориясында Георге Попаның (Gheorghe Popa) "Уланған өзен" жұмысы үздік деп танылды
Снимок Poisoned River фотографа Gheorghe Popa, занявший 1 место в категории Abstract в конкурсе Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
9/15
"Абстракция" категориясында Георге Попаның (Gheorghe Popa) "Уланған өзен" жұмысы үздік деп танылды
© Photo : Matteo Originale / Drone Awards "Мәңгілікке өзіңмен бірге". Фото авторы Маттео Оригинале (Matteo Originale) "Үйлену тойы" номинациясында жеңді
Снимок Verso l'Infinito Insieme a Te фотографа Matteo Originale, занявший 1 место в категории Wedding в конкурсе Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
10/15
"Мәңгілікке өзіңмен бірге". Фото авторы Маттео Оригинале (Matteo Originale) "Үйлену тойы" номинациясында жеңді
© Photo : Paolo Crocetta / Drone Awards Паоло Крокеттаның (Paolo Crocetta) жұмысы "Қала" номинациясында жоғары бағаланды
Снимок Passaggio Sospeso фотографа Paolo Crocetta, высоко оцененный в категории Urban в конкурсе Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
11/15
Паоло Крокеттаның (Paolo Crocetta) жұмысы "Қала" номинациясында жоғары бағаланды
© Photo : Ran Tian / Drone Awards Дуойишудегі күріш алқабы фантастикалық кейіпке енген. Сурет авторы Ран Тиан (Ran Tian) "Абстракция" номинациясында үздік деп танылды
Снимок Duoyishu Terraces фотографа Ran Tian, высоко оцененный  в категории Abstract в конкурсе Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
12/15
Дуойишудегі күріш алқабы фантастикалық кейіпке енген. Сурет авторы Ран Тиан (Ran Tian) "Абстракция" номинациясында үздік деп танылды
© Photo : Phil De Glanville / Drone Awards "Спорт" категориясында "Кемпірқосақ шетіндегі алтын" суретінің авторы – Фил Де Гланвилль (Phil De Glanville) жеңді
Снимок Gold at the End of the Rainbow фотографа Phil De Glanville, занявший 1 место в категории Sport в конкурсе Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
13/15
"Спорт" категориясында "Кемпірқосақ шетіндегі алтын" суретінің авторы – Фил Де Гланвилль (Phil De Glanville) жеңді
© Photo : Krzysztof Krawczyk / Drone Awards Батыл қалыңдықты түсірген Кшиштоф Кравчиктің (Krzysztof Krawczyk) бұл суреті "Үйлену тойы" категориясында жоғары бағаланды
Снимок Natural bride фотографа Krzysztof Krawczyk, высоко оцененный в категории Wedding в конкурсе Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
14/15
Батыл қалыңдықты түсірген Кшиштоф Кравчиктің (Krzysztof Krawczyk) бұл суреті "Үйлену тойы" категориясында жоғары бағаланды
© Photo : Jim Picôt / Drone Awards "Күннің батуы кезіндегі түйе көлеңкелері" атты сурет Джим Пикоға (Jim Picôt) "Қала" номинациясында жоғары бағаға ие болды
Снимок Camel Shadows at Sunset фотографа Jim Picôt, высоко оцененный в категории Nature в конкурсе Drone Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
15/15
"Күннің батуы кезіндегі түйе көлеңкелері" атты сурет Джим Пикоға (Jim Picôt) "Қала" номинациясында жоғары бағаға ие болды
Жаңалықтар
0