Дубайдағы ЭКСПО: Қазақстан мен өзге елдердің павильондары фото

90
  • Экспо-2021
Дубайдағы ЭКСПО дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан павильонына сүйсінгендер мен таңғалғандар көп, себебі кең даланың еркіндігін паш ететін отандық павильонның архитектурасы да ерекше

Дубай Қазақстан астанасынан ЭКСПО дүниежүзілік көрмесін өткізу эстафетасын қабылдады. Сондықтан көрме ашылған күні Дубай әміршісі, Біріркен Араб Әмірліктері премьер-министрі, вице-президенті Ұлы Мұхаммед ибн Рашид әл-Мактум мен көрменің бас директоры Рим әл-Хашими республика павильонын тамашалады.

Көрмеге қатысушы 192 мемлекеттің әрқайсысының өз павильоны жасақталған. Қазақстан павильонына келсек, "Мүмкіндіктер" деген атаумен таныстырылған бұл павильон үш қабаттағы үш түрлі экспозициялық алаңнан тұрады. Ол БАӘ, АҚШ, Швейцария, Австрия, Сауд Арабиясы Корольдігі, ҚХР, Жапония, Үндістан мен Беларусь Республикасы павильондарының жанына жайғасқан.

Көрме ашылған күннен бері оның аумағында көптеген іс-шара өтті. Айталық, Қазақстан Kazakhstan Green Day деген бірыңғай атау аясында бірнеше іскерлік кездесу ұйымдастырды. Қазақстан, Еуропа мен Азиядан келген сарапшылар тұрақты даму келешегі, биотүрлілікті сақтау және "жасыл" технологияларды енгізу жайын талқылады.

Қазақстан ЭКСПО аясында жоспарлаған іс-шаралар қатарында қазақстандық виртуоз скрипкашы және дирижер Марат Бисенғалиев таныстыратын Mission to Mars симфониясының премьерасы бар.

Павильонның экспозициялық контенті қарқынды даму, мәдени алуан түрлілік, адам және табиғи ресурстар, оның туристік, технологиялық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндайды.

Қазақстан ЭКСПО көрмесіне 1998 жылдан бері қатысып келеді. Көрме ұйыдастырушылары атынан отандық павильондар бірнеше рет арнайы марапат та алған.

Дүниежүзілік әмбебап көрмелер 1851 жылдан бері өткізіліп келеді және олар жаңа жетістіктер мен технологияларды таныстыруға арналған ең ауқымды әлемдік алаңға айналды. "ЭКСПО-2020" Дүниежүзілік көрмесі 2021 жылдың 1 қазаны мен 2022 жылдың 31 наурызы аралығында Дубайда өтіп жатыр. Бұл пандемия басталған шақтан бері жаһандық деңгейде өткізіліп жатқан алғашқы шара болып отыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың сөзінен кейін ЭКСПО-ға жұмсалатын қаражат қайта қаралатын болды

 

90
  • Экспо-2021
    © Sputnik / Бусажида Касымбекова

    Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде Қазақстан павильоны айналасындағы басқа алаңдармен мінсіз үйлесім тапты. Оған "Мүмкіндіктер" деген атау берілген.

  • © AP Photo / Jon Gambrell

    Дубайдағы "ЭКСПО 2020" Дүниежүзілік көрмесінде акробаттар өнер көрсетті.

  • © AP Photo / Kamran Jebreili

    Ұлыбритания павильонының қызметкері "ЭКСПО-2020" көрмесіне келушілерді қарсы алып тұр.

  • © AP Photo / Kamran Jebreili

    Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесі ашылғаннан кейінгі алғашқы күндердің бірінде француздардың салтанатты шарасы өтті. Бұл күнгі француз маршына музыканттар мен бишілер қатысты.

  • © AFP 2021

    "ЭКСПО-2020" көрмесіндегі Сауд Арабиясы павильонына келушілер.

  • © AP Photo / Jon Gambrell

    Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде бойжеткен роботпен селфиге түсіп тұр.

  • © AP Photo / Jon Gambrell

    Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде биік таяқша арқылы жүретін акробат өнер көрсетіп жатыр.

  • © AFP 2021 / Giuseppe Cacace

    Адамдар "ЭКСПО-2020" көрмесіндегі Германия ұлттық павильонының интерьерін қызықтап тұр.

  • © AP Photo / Jon Gambrell

    Дубайда өтіп жатқан "ЭКСПО-2020" көрмесіне келушілер Сауд Арабиясының павильонында қызыл құмға аяқ баса алады.

  • © AP Photo / Jon Gambrell

    "ЭКСПО-2020" көрмесін өткізіп жатқан ел – Біріккен Араб Әмірліктерінің павильоны.

  • © AP Photo / Kamran Jebreili

    Қонақтар Жапония павилонындағы экспозицияларды тамашалап тұр.

  • © AFP 2021

    Марокко павильонындағы вестибюль көшпенділердің саятшылыққа арналған шатырына ұқсайды - ұлттық нақыштағы кілемшелер төселген.

  • © AFP 2021

    Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесінде волонтерлер Сьерра-Леон павильонының жанынан өтіп бара жатыр.

  • © AP Photo / Jon Gambrell

    Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесі аумағындағы шыныға ұқсас фонтан.

  • © AFP 2021

    Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесі аумағында тұрғызылған "қолшатырлар" астында кетіп бара жатқан адам. Павильондар арасындағы кеңістікке күннен көлегейлейтін түрлі конструкциялар – матадан тігілген пердеден бастап күн батареясы бар "қолшатырлар" орналастырылған.

  • © Sputnik / Бусажида Касымбекова

    Көрмеге келушілердің айтуынша, Дубайдағы "ЭКСПО-2020" көрмесіндегі Қазақстан павильонынан "даланың иісі аңқиды". Павильонның шағын көлеміне қарамастан, мұнда әрбір көрермен иен даланың еркіндігін сезіне алады.

Кілт сөздер:
ЭКСПО, фото

Әлемдегі ең ұзын әйелдер 10 таңғажайып фото

35
(Жаңартылды 18:18 20.10.2021)
  •  Эрика Эрвин
Аяқ-қолы да жіптіктей бойшаңдарға әркез қызыға қарайтындар көп. Бойы ұзын қыз-келіншек көпшілік ортада өзіне көз тартып, елдің сүйсінуіне себеп болатыны сөзсіз

Бірақ мұндай сұлулықтың кері тұсы да бар. Яғни, шамадан тыс ұзын бой қолайсыздық тудыратын сәттер де болады. 

Мына супермодельдер, актрисалар, спортшылар – екінің біріне бұйырмаған ұзын бой иелері. Біздің суреттердегі қыз-келіншектің көбі бой көрсеткіші бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Олардың қатарында түркиялық Румейса Гельги, бразилиялық Элисани-да-Крус Сильва мен супермодель Эрика Эрвин бар.

Талайды таңғалдыратын ұзын бойлы арулар туралы толығырақ суреттер топтамасынан көре аласыз.

Оқи отырыңыз: 

 

 

35
  • © REUTERS / Cagla Gurdogan

    Румейса Гельги ең ұзын әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы 215,16 сантиметр. Бұл аномалия Уивер синдромынан туындаған. Ол арнайы құралдың көмегімен ғана қозғалады. Қазір Румейса 24 жаста. Ол Түркияда, Карабюк провинциясында тұрады. Суретте: Румейса Гельги анасы Сафие Гелгимен бірге өз үйінің алдында тұр, 2021 жылдың 14 қазаны.

  •  Эрика Эрвин
    © AP Photo / Tonya Wise

    Модель, актриса және тележүргізуші Эрика Эрвин. Ол әлемдегі ең ұзын супермодель. Эрика да Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы - 203 сантиметр.

  • Бразилиядағы ең ұзын бойдың иесі Элисани-да-Крус Сильва. Оның бойы - 203 сантиметр. Сильваның өзінен бір жарым метрге аласа сүйген жігіті бар. Махаббат бойға да қарамайтынына көз жетті. Ғашықтардың ерекше суреті бүкіл әлемге тарап кетті.

  • © AFP 2021 / LARRY BUSACCA

    Америкалық актриса Линдсей Хейворд ұзын бойымен (2,03 метр) ғана емес, физикалық күшімен де белгілі. Ол реслингпен айналысады және қажет болса ересек ер адамды лақтырып жібере алады.

  • © Sputnik / Evgeny Biyatov

    Ресейлік баскетболшы Мария Степанованың бойы 2,03 метрді құрайды.

  • © AP Photo / PHIL MEYERS

    Сэнди Аллен - әйгілі америкалық цирк және кино актрисасы. 2009 жылы қайтыс болғанға дейін ол әлемдегі ең ұзын әйел болып саналды. Оның бойының ұзындығы 2,32 метр болды.

  • © Sputnik / Роман Кручинин

    Ресейдің танымал волейболшысы Екатерина Гамова. 11 жасында оның бойы 172 сантиметр болды, қазір - 2,02 метр.

  • © AFP 2021

    Азиядағы ең ұзын әйел - Қытай тұрғыны Яо Дефэн. Оның бойы – 2,3 метр. Бұл суретте Яо Дефэн бойының өсуін тоқтату бойынша ем қабылдаған Гуанчжоу қаласындағы Санджиу госпиталінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғыс білдіріп тұр. Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы 2012 жылы 40 жасында дүниеден өтті.

  • © AFP 2021 / Ethan Miller / Getty Images

    Америкалық баскетболшы Бритни Грайнердің бойы 2,06 метр.

  • © Sputnik / Ramil Sitdikov

    Ресейлік баскетболшы Екатерина Лисина өзінің бойымен (2,1 метр) ғана емес, сонымен қатар ұзын аяқтарымен (1,32 метр) бүкіл әлемге танымал. Ол осының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Кілт сөздер:
фото, әйелдер

Пандемия әсері ме? "Кальмар ойыны" әлемді жаулап алды фото

47
Миллиардтаған адам көріп, жүз мыңдаған пікір мен қызу таласқа себеп болған "Кальмар ойыны" сериалы әлемде үлкен танымалдылыққа ие болды

Сериал авторы – оңтүстік кореялық сценарист және режиссер Хван дон Хек өз туындысын "жолы болмағандардың ойыны" деп атаса да, кейбір елде, мысалы Біріккен Араб Әмірліктерінде мұндай ойындар расында да кеңінен таралып, үлкен сұранысқа ие болып отыр. Мұндай ойын өткізуге пандемия да кедергі болмады.

"Кальмар ойыны" – бұл өмір үшін күресіп, көп ақша үшін бәсекеге түсетіндер туралы драмалық сериал. Ол Оңтүстік Корея кинематгорафына тән қатыгездік пен аяусыз көріністерге толы.

Сериал Netflix платформасында 17 қыркүйектен бастап көрсетіле бастады да, бір айдың ішінде әлемнің 90 елінде адамдар ең көп көрген фильмдер қатарына енді. Бұл сериалдың феноменді табысының құпиясы неде?

Cцена из первого сезона южнокорейского веб-сериала Игра в кальмара
NETFLIX / AFP/YOUNGKYU PARK
"Кальмар ойыны" сериалы

"Кальмар ойыны" туралы пікірлер қақ жарылады. Оны жақтаушылар да, даттаушылар да көп. Бір нәрсе анық – бұл сериал ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Барлық көрермен бірауыздан "жаның ашитын" кейіпкердің болмауын бұл кинотуындының басты ерекшелігі деп атады. "Кальмар ойынына" қатысқан 456 адамның әрқайсысы өмірде қиын жағдайға тап болғандар. Алайда мұндай қиындыққа кез келуіне ол адамдардың өз әрекеті себепші. Мәселен, бірі баласын тастаса, енді бірі қарт анасына қараудан бас тартқан. Әрбір қатысушы ақырында барлығы дерлік өлетінін білсе де, оңай жолмен ақша табамын деген оймен ойынды жалғастыра береді.

Сонымен қатар шынайы өмір мен ойын желісін шатастырып алмас үшін екі жағдайды екі түрлі түс арқылы көрсету көрермен көңілінен шыққан. Сюжеттің баяу дамуына қарамастан, экраннан көз алмай отырып көруге итермелейтін сериал екенін де киносүйер қауым мойындады.

Сериал авторы Хван де Хек сериал идеясы 2008 жылы анасы және әжесімен бірге тұрып, қаражат жағынан қатты қысылған шақта пайда болғанын айтты.

Сериалды түсіру жұмыстары пандемияға дейін 2019 жылы басталған. Алайда коронавирус салдарынан оны тоқтатып қоюға тура келді. Әйтсе де бұл жағдай "Кальмар ойыны" төңірегінде көп ақпараттың пайда болып, оған көрермен қызығушылығын арттыруға оңтайлы әсер етті. 

Оқи отырыңыз: 

47
  • © REUTERS / Vidhyaa Chandramohan

    Ойыншылар Әбу-Дабидегі кәріс мәдени орталығындағы шынайы "Кальмар ойынына" қатысар алдында суретке түскен сәті.

  • © REUTERS / Eloisa Lopez

    Netflix киностудиясы түсірген "Кальмар ойыны" сериалындағы "кейіпкер" – биіктігі 3 метр болатын қуыршақ Филиппиндегі Кесон-Сити сауда орталығының алдында орнатылды.

  • © AFP 2021 / Hector Retamal

    Netflix-тің "Кальмар ойыны" сериалында көрсетілген қытырлақ тәтті далгонас сататын Шанхайдағы дүкеннің алдына жиылған жұрт. Жалпы бұл кинотуындыны Қытайда көрсетуге тыйым салынған. Сондықтан оны көп қытай жасырын көрді. Әйтсе де бұл кинотуындының танымалдылығына кедергі бола алмады. Кино табынушылары кәмпиттен бастап басты кейіпкерлердің спорт киімдеріне дейін сатып алуда.

  • © REUTERS / Edgar Su

    Сингапурдегі Brown Butter дәмханасы "Кальмар ойыны" сериалының желісі бойынша ойын ұйымдастырды. Енді дәмханаға келген кез келген адам тәтті қытырлақтан пішін "ойып" көре алады.

  • © AP Photo / Ahn Young-joon

    Ер адам "Кальмар ойыны" сериалында көрініс тапқан дәстүрлі балалар ойынын қызымен бірге ойнап жүр.

  • © AFP 2021 / Bryan Bedder / Getty Images for ReedPop

    Джейкоб Джавитс орталығында New York Comic Con 2021 шарасында "Кальмар ойыны" сериалындағы күзетші және аниме кейіпкері Sailor Moon болып киінген косплеерлер.

  • © AFP 2021 / Yelim Lee

    Сеулде көшедегі саудагер Netflix түсірген "Кальмар ойыны" сериалында көрсетілген тәтті қытырлақ кәмпит далгондарды дайындап жатыр.

  • © REUTERS / Vidhyaa Chandramohan

    Ойыншылар Әбу-Дабидегі кәріс мәдени орталығында өтетін "Кальмар ойыны" жарысына бара жатыр.

  • © REUTERS / Edgar Su

    Сингапурдегі Brown Butter дәмханасының есігіне ілінген Netflix туындысы "Кальмар ойыны" сериалына қатысты маңдайша жазу.

  • © REUTERS / Heo Ran

    Көшедегі саудагер Netflix түсірген "Кальмар ойыны" сериалының арқасында танымал болған далгондарды әзірлеуде.

азық-түлік

"Жемқорлыққа жол беріп алдық": Тоқаев азық-түлік бағасына қатысты пікір білдірді

12
Оның айтуынша, азық-түлік бағасының өсімі әлем нарығындағы күрделі мәселе

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Ақорда. 

Президент жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Ол жерде мемлекет басшысы "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоспарымен танысты.

Оның айтуынша, азық-түлік бағасының өсімі әлем нарығындағы күрделі мәселе. 

Әлемде барлық тауардың бағасы шамамен 40-50 пайызға қымбаттады. Елде азық-түлік бағасы қордаланған мәселелердің салдарынан қымбаттап отыр.

"Бұл мәселені шұғыл шешуге қанша тырыссақ та, жағдайды өздеріңіз де көріп отырсыздар. Аталған мәселені жүйелі түрде шешуіміз қажет. Ауыл шаруашылығы саласына қыруар қаржы бөлсек те, азық-түліктің басым бөлігін сырттан аламыз. Өзге елдер субсидияның не екенін де білмейді. Білсе де, дәл осындай мол қаржы бөлінбейді. Бір жағынан адамдарды босаңсытып жібердік, екінші жағынан сыбайлас жемқорлыққа жол беріп алдық", – деді президент.

Президент бұл мәселемен түбегейлі айналысу керек екенін, үкіметке, ауыл шаруашылығының жаңа министріне міндет жүктегенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: 

12
Кілт сөздер:
президент, азық-түлік, баға
Тақырып бойынша
"Әрбір 10-шы тұрғын зардап шегеді": президент азық-түлік тапшылығы туралы айтты
Азық-түлік қымбаттады: Үкіметте баға өсімін тежеу мәселесі талқыланды
Қостанай облысының тауар өндірушілері елордаға 270 тонна азық-түлік әкеледі
Нұр-Сұлтандағы жәрмеңке: Қарағанды облысы 600 тонна азық-түлік әкеледі