Миллиондаған долларға бағаланған цифрлық галлюцинация: Гонконгта ерекше көрме ашылды

96
Digital Art Fair Asia көрмесінде ұсынылған барлық туындыны ерекше криптотокендерге айналдырып, Sotheby's онлайн-аукционында сату жоспарланып отыр

Гонконгтағы Digital Art Fair Asia (DAFA) аясында цифрлық өнер саласында жұмыс істейтін қырықтан астам суретшінің туындысы көрермен назарына ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрме озық тенологияларды қолдану арқылы заманауи өнерге арналған Азиядағы алғашқы физикалық өнер жәрмеңкесіне айналды.

Көбі видео және иммерсивті инсталляция түрінде орындалған суретшілердің жұмыстарын айрықша NFT-ға (non-fungible token, өзара алмаспайтын токен, цифрлық нысан ерекшелігінің сертификаты іспеттес – Sputnik) айналдырып, Sotheby's онлайн-аукционында сату жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар бұл көрмедегі Immersive аумағында түрік-америкалық жаңа медиа суретшісі Рефик Анадол туындылары және Prestige аумағында заманауи өнердегі медиа мен коллекциялар ұсынылған.

Фотограф Дерри Эйнсворт пен қала өнері бойынша маман Ханна Смит дайындаған Pioneer аумағында көрмеге келушілер цифрлық өнер саласының алдыңғы шебіндегі суретшілердің жұмыстарымен таныса алады. Ал New Media аумағында саунд суретші, қытай хип-хопының негізін қалаушы МС Янның туындылары орналастырылған. Сондай-ақ Virtual Reality Art Experience аумағында 2005 жылы құрылған dslcollection VR алғашқы виртуалды көркемсурет музейінің экспозициясын көруге болады.

Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты иммерсивті арт-инсталляциясында суретшінің 2018 жылдан бері NASA-мен бірлесіп дайындаған суреттер қолданылған. Sotheby's аукцион үйі өзінің виртуалды алаңында Гонконгтағы көрме туындыларының цифрлық нұсқасын сатуды көздеп отыр. Олардың пікірінше, Анадолдың жұмыстарын 600 мыңнан 5,5 миллион Гонконг доллары көлемінде бағалауға болады.

Гонконгтағы көрме-жәрмеңке 17 қазанға дейін жалғасады.

96
  • © REUTERS / Tyrone Siu

    Гонконгтағы Цифрлық өнер жәрмеңкесінде Sotheby's онлайн-аукционы арқылы сатуға жоспарланған медиасуретші Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты иммерсивті арт-инсталляциясы.

  • © REUTERS / Tyrone Siu

    Sotheby's аукционындағылардың айтуынша, медиасуретші Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты иммерсивті арт-инсталляциялар топтамасы Халықаралық ғарыш станциясы, Хаббл мен MRO телескоптарымен түсірілген және жазылған екі миллионнан астам өңделмеген суретті қолдану арқылы дайындалған. Бұл айрықша туындыларды машина арқылы тану және генерациялауға арналған кең мәліметтер жинағын қамтамасыз етіп отыр.

  • © REUTERS / Tyrone Siu

    Гонконгтағы Цирфлық өнер жәрмеңкесіне келген адам Қытай суретшісі Ян Юнлянның "Түнде жарқыраған" атты бейнеинсталляциясымен селфиге түсіп тұр.

  • © REUTERS / Tyrone Siu

    Жәрмеңкеге келген бойжеткен Энди Уорхол мен Бипл ретінде танымал цифрлық суретші Майк Винкельманның "Атаусыз" атты цифрлық туындысының алдында суретке түсіп тұр.

  • © REUTERS / Tyrone Siu

    Медиасуретші Рефик Анадолдың "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" атты әрбір иммерсивті арт-инсталляциясын Sotheby's 600 мыңнан 5,5 миллион Гонконг доллары көлемінде бағалап отыр.

  • © REUTERS / Tyrone Siu

    Рефик Анадол "Машина галлюцинациялары – Ғарыш: Метаәлем" топтамасындағы өзінің арт-инсталляцияларын NASA-мен бірлесіп дайындайды.

  • © REUTERS / Tyrone Siu

    Гонконгтағы Цифрлық өнер жәрмеңкесіндегі Szabotage ретінде танымал Густав Сабоның "Өз биткоиндарыңды алыңдар" атты картиналар топтамасы.

Тақырып бойынша
Дубайдағы ЭКСПО: Қазақстан мен өзге елдердің павильондары – фото
Нағыз экстрим мен ұмытылмас сәт: ерекше үйлену тойлары – фото
Танымал фильмдер мен сериалдар қайда түсірілді – фото
Алматыға күз келді – фото
Қазақ кимешекті қай кезден және қалай киген - фото

Әлемдегі ең ұзын әйелдер 10 таңғажайып фото

2
(Жаңартылды 18:18 20.10.2021)
  •  Эрика Эрвин
Аяқ-қолы да жіптіктей бойшаңдарға әркез қызыға қарайтындар көп. Бойы ұзын қыз-келіншек көпшілік ортада өзіне көз тартып, елдің сүйсінуіне себеп болатыны сөзсіз

Бірақ мұндай сұлулықтың кері тұсы да бар. Яғни, шамадан тыс ұзын бой қолайсыздық тудыратын сәттер де болады. 

Мына супермодельдер, актрисалар, спортшылар – екінің біріне бұйырмаған ұзын бой иелері. Біздің суреттердегі қыз-келіншектің көбі бой көрсеткіші бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Олардың қатарында түркиялық Румейса Гельги, бразилиялық Элисани-да-Крус Сильва мен супермодель Эрика Эрвин бар.

Талайды таңғалдыратын ұзын бойлы арулар туралы толығырақ суреттер топтамасынан көре аласыз.

Оқи отырыңыз: 

 

 

2
  • © REUTERS / Cagla Gurdogan

    Румейса Гельги ең ұзын әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы 215,16 сантиметр. Бұл аномалия Уивер синдромынан туындаған. Ол арнайы құралдың көмегімен ғана қозғалады. Қазір Румейса 24 жаста. Ол Түркияда, Карабюк провинциясында тұрады. Суретте: Румейса Гельги анасы Сафие Гелгимен бірге өз үйінің алдында тұр, 2021 жылдың 14 қазаны.

  •  Эрика Эрвин
    © AP Photo / Tonya Wise

    Модель, актриса және тележүргізуші Эрика Эрвин. Ол әлемдегі ең ұзын супермодель. Эрика да Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы - 203 сантиметр.

  • Бразилиядағы ең ұзын бойдың иесі Элисани-да-Крус Сильва. Оның бойы - 203 сантиметр. Сильваның өзінен бір жарым метрге аласа сүйген жігіті бар. Махаббат бойға да қарамайтынына көз жетті. Ғашықтардың ерекше суреті бүкіл әлемге тарап кетті.

  • © AFP 2021 / LARRY BUSACCA

    Америкалық актриса Линдсей Хейворд ұзын бойымен (2,03 метр) ғана емес, физикалық күшімен де белгілі. Ол реслингпен айналысады және қажет болса ересек ер адамды лақтырып жібере алады.

  • © Sputnik / Evgeny Biyatov

    Ресейлік баскетболшы Мария Степанованың бойы 2,03 метрді құрайды.

  • © AP Photo / PHIL MEYERS

    Сэнди Аллен - әйгілі америкалық цирк және кино актрисасы. 2009 жылы қайтыс болғанға дейін ол әлемдегі ең ұзын әйел болып саналды. Оның бойының ұзындығы 2,32 метр болды.

  • © Sputnik / Роман Кручинин

    Ресейдің танымал волейболшысы Екатерина Гамова. 11 жасында оның бойы 172 сантиметр болды, қазір - 2,02 метр.

  • © AFP 2021

    Азиядағы ең ұзын әйел - Қытай тұрғыны Яо Дефэн. Оның бойы – 2,3 метр. Бұл суретте Яо Дефэн бойының өсуін тоқтату бойынша ем қабылдаған Гуанчжоу қаласындағы Санджиу госпиталінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғыс білдіріп тұр. Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы 2012 жылы 40 жасында дүниеден өтті.

  • © AFP 2021 / Ethan Miller / Getty Images

    Америкалық баскетболшы Бритни Грайнердің бойы 2,06 метр.

  • © Sputnik / Ramil Sitdikov

    Ресейлік баскетболшы Екатерина Лисина өзінің бойымен (2,1 метр) ғана емес, сонымен қатар ұзын аяқтарымен (1,32 метр) бүкіл әлемге танымал. Ол осының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Кілт сөздер:
фото, әйелдер

Пандемия әсері ме? "Кальмар ойыны" әлемді жаулап алды фото

42
Миллиардтаған адам көріп, жүз мыңдаған пікір мен қызу таласқа себеп болған "Кальмар ойыны" сериалы әлемде үлкен танымалдылыққа ие болды

Сериал авторы – оңтүстік кореялық сценарист және режиссер Хван дон Хек өз туындысын "жолы болмағандардың ойыны" деп атаса да, кейбір елде, мысалы Біріккен Араб Әмірліктерінде мұндай ойындар расында да кеңінен таралып, үлкен сұранысқа ие болып отыр. Мұндай ойын өткізуге пандемия да кедергі болмады.

"Кальмар ойыны" – бұл өмір үшін күресіп, көп ақша үшін бәсекеге түсетіндер туралы драмалық сериал. Ол Оңтүстік Корея кинематгорафына тән қатыгездік пен аяусыз көріністерге толы.

Сериал Netflix платформасында 17 қыркүйектен бастап көрсетіле бастады да, бір айдың ішінде әлемнің 90 елінде адамдар ең көп көрген фильмдер қатарына енді. Бұл сериалдың феноменді табысының құпиясы неде?

Cцена из первого сезона южнокорейского веб-сериала Игра в кальмара
NETFLIX / AFP/YOUNGKYU PARK
"Кальмар ойыны" сериалы

"Кальмар ойыны" туралы пікірлер қақ жарылады. Оны жақтаушылар да, даттаушылар да көп. Бір нәрсе анық – бұл сериал ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Барлық көрермен бірауыздан "жаның ашитын" кейіпкердің болмауын бұл кинотуындының басты ерекшелігі деп атады. "Кальмар ойынына" қатысқан 456 адамның әрқайсысы өмірде қиын жағдайға тап болғандар. Алайда мұндай қиындыққа кез келуіне ол адамдардың өз әрекеті себепші. Мәселен, бірі баласын тастаса, енді бірі қарт анасына қараудан бас тартқан. Әрбір қатысушы ақырында барлығы дерлік өлетінін білсе де, оңай жолмен ақша табамын деген оймен ойынды жалғастыра береді.

Сонымен қатар шынайы өмір мен ойын желісін шатастырып алмас үшін екі жағдайды екі түрлі түс арқылы көрсету көрермен көңілінен шыққан. Сюжеттің баяу дамуына қарамастан, экраннан көз алмай отырып көруге итермелейтін сериал екенін де киносүйер қауым мойындады.

Сериал авторы Хван де Хек сериал идеясы 2008 жылы анасы және әжесімен бірге тұрып, қаражат жағынан қатты қысылған шақта пайда болғанын айтты.

Сериалды түсіру жұмыстары пандемияға дейін 2019 жылы басталған. Алайда коронавирус салдарынан оны тоқтатып қоюға тура келді. Әйтсе де бұл жағдай "Кальмар ойыны" төңірегінде көп ақпараттың пайда болып, оған көрермен қызығушылығын арттыруға оңтайлы әсер етті. 

Оқи отырыңыз: 

42
  • © REUTERS / Vidhyaa Chandramohan

    Ойыншылар Әбу-Дабидегі кәріс мәдени орталығындағы шынайы "Кальмар ойынына" қатысар алдында суретке түскен сәті.

  • © REUTERS / Eloisa Lopez

    Netflix киностудиясы түсірген "Кальмар ойыны" сериалындағы "кейіпкер" – биіктігі 3 метр болатын қуыршақ Филиппиндегі Кесон-Сити сауда орталығының алдында орнатылды.

  • © AFP 2021 / Hector Retamal

    Netflix-тің "Кальмар ойыны" сериалында көрсетілген қытырлақ тәтті далгонас сататын Шанхайдағы дүкеннің алдына жиылған жұрт. Жалпы бұл кинотуындыны Қытайда көрсетуге тыйым салынған. Сондықтан оны көп қытай жасырын көрді. Әйтсе де бұл кинотуындының танымалдылығына кедергі бола алмады. Кино табынушылары кәмпиттен бастап басты кейіпкерлердің спорт киімдеріне дейін сатып алуда.

  • © REUTERS / Edgar Su

    Сингапурдегі Brown Butter дәмханасы "Кальмар ойыны" сериалының желісі бойынша ойын ұйымдастырды. Енді дәмханаға келген кез келген адам тәтті қытырлақтан пішін "ойып" көре алады.

  • © AP Photo / Ahn Young-joon

    Ер адам "Кальмар ойыны" сериалында көрініс тапқан дәстүрлі балалар ойынын қызымен бірге ойнап жүр.

  • © AFP 2021 / Bryan Bedder / Getty Images for ReedPop

    Джейкоб Джавитс орталығында New York Comic Con 2021 шарасында "Кальмар ойыны" сериалындағы күзетші және аниме кейіпкері Sailor Moon болып киінген косплеерлер.

  • © AFP 2021 / Yelim Lee

    Сеулде көшедегі саудагер Netflix түсірген "Кальмар ойыны" сериалында көрсетілген тәтті қытырлақ кәмпит далгондарды дайындап жатыр.

  • © REUTERS / Vidhyaa Chandramohan

    Ойыншылар Әбу-Дабидегі кәріс мәдени орталығында өтетін "Кальмар ойыны" жарысына бара жатыр.

  • © REUTERS / Edgar Su

    Сингапурдегі Brown Butter дәмханасының есігіне ілінген Netflix туындысы "Кальмар ойыны" сериалына қатысты маңдайша жазу.

  • © REUTERS / Heo Ran

    Көшедегі саудагер Netflix түсірген "Кальмар ойыны" сериалының арқасында танымал болған далгондарды әзірлеуде.