Ғаламшардағы экологиялық проблемалар: 15 әсерлі фото

99
Environmental Photographer Of The Year-2021 байқауында кім жеңіске жеткенін біздің фото топтамадан көріңіз. Бұл суреттер сізге ерекше әсер сыйлары сөзсіз

Фотографтар адамзаттың назарын Жер ғаламшарындағы экологиялық проблемаларға аударды.

Environmental Photographer Of The Year байқауы осымен он төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Әділ қазылар алқасы бүкіл әлемнен экология тақырыбына жиналған суреттердің арасынан ең үздігін таңдау үшін үлкен жұмыс атқарды.

Бұл жолы фотобайқау жеңімпазы атағы испан фотографы Антонио Арагон Ренунциоға бұйырды. Ол Ганадағы жағажайда қираған үйдің ортасында жатқан баланы түсіріп алған. Сурет Батыс Африка елдерінде су деңгейінің көтерілуі проблемасын қозғайды. Судың тасуынан мыңдаған адам өз үйін тастап қашуға мәжбүр.

Байқауға қатысқан авторлар өз суреттерін жариялау арқылы адамдарды қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге шақырды.

Биыл байқауға 120-дан астам елден 7 мыңға жуық өтінім түскен.

Экология тақырыбындағы үздік суреттер мен климат өзгерісінің адамзат өміріне қалай әсер ететінін Sputnik фото топтамасынан көріңіз.

99
  • "Сыновья начавшегося прилива" деп аталатын фото байқау жеңімпазы атанды. Суретте Ганадағы жағажайда мұхит суының тасуынан қираған үйдің ортасында жатқан ұл бала бейнеленген

  • Фотограф Селия Куялдің Мексикада балық қармағына түсіп қалған теңіз мысығы бейнеленген суреті.

  • Жас авторлар арасында үздік атанған үнді фотографы Амаан Алидің "Инферно" атты фотосы. Ол Нью-Делиде өз үйінің маңында орман өртін сөндіріп жатқан баланы түсіріп алған.

  • Гавриил Григоровтың бұл фотосында "Умка-2021" арктикалық экспедициясы қатысушылары көрсетілген. Олар Франц-Иосиф жері архипелагындағы аралдардың бірінде ақ аюлар популяциясын есепке алу бағдарламасы аясында ақ аюдың салмағын өлшеп жатыр.

  • "Тірі қалғандар" суреті. Бір отар қой құрғақшылықтан жарылып кеткен жерден шөп іздеп айналып жүр. Бангладеш фотографы Ашрафул Ислам "Табандылығы үшін" номинациясында жеңіске жетті.

  • Кенияда Кевин Оньянго түсірген "Соңғы дем" суреті. Бұл көрініс байқау көрермендері мен әділ қазыларда ерекше әсер қалдырды. Фотода өсімдіктен оттегі жұтып тұрған бала бейнеленген, оның артында құмды дауыл соғып тұр.

  • "Топан су" фотосы "Болашақтағы тіршілік ортасы" номинациясында үздік деп танылды. Суретте – Италиядағы Панаро өзенінің тасыған сәті.

  • "Жұмысбасты ана" суреті. Әйел кішкентай баласымен арнайы бағанада балық кептіріп жатыр. Авторы – Бангладеш фотографы Рибен Дхар.

  • Байқау финалисі Джей Хуангтің "Шөлдегі собор" фотографиясы.

  • Байқау финалисі Субрата Дейдің "Пластикке көмілген қоршаған орта" фотосы. Суретте: пластик бөтелкелерді қайта өңдеу зауытында жүрген бала.

  • Елена Пахалюктің Қырымдағы лай-батпақты жанартау түсірілген "Сурья" суреті. Автор жаһандық жылыну біртіндеп осындай жанартаулардың жойылуына әкеп соғады дейді.

  • Симоне Трамонтенің бұл суретінен фотобиореактор — хлорелла, спирулина және өзге де фотосинтезделетін микробалдырларды өсіруге арналған құрылғыны көресіздер.

  • Үнді фотографы Сандипани Чаттопадхьяйдың "Жасыл тосқауыл" фотосы. Кадрда – Дамодар өзеніндегі балдырлардың гүлдеуі. Автордың айтуынша, өзендегі тірі организмдер оттегі жетіспеуінен өліп жатыр.

  • Бангладеш фотографы Зиаул Хукенің "Қатерлі саяхат" суреті: бала қаланың әр түкпірінен пластик жинап, сату үшін фабрикаға апарады.

  • "Теңіз ортасының ластануы". Фотограф Нгуен Дуй Синх түсірген. Суретте: жағажай маңында орналасқан тоғандардан құралған аквамәдениет.

Кілт сөздер:
фото, экология

Ерекше түйсік иелері: төрт аяқты достардың суреттері

53
(Жаңартылды 18:09 02.12.2021)
  • Мужчина держит собаку под плащом во время дождя
  • Один из кандидатов в мэры Нью-Йорка пришел на голосование со своим котом
  • Домашний любимец на костюмированной вечеринке
  • Кошка с котенком сидят в кормушке для птиц
  • Женщина идет с собакой на руках мимо эмблемы Олимпиады в Пекине
  • Женщина несет кота на плече по улице
  • Домашний любимец в детской коляске на марафоне через Босфор в Стамбуле
  • Женщина идет за покупками, неся кота в сумке
  • Полицейская собака участвует в конкурсах на празднике в Непале
  • Щенок чихуа-хуа в костюме к Хэллоуину
  • Овчарка стала мамой для новорожденных львят
  • Собаки из досмотровой группы на железной дороге в Германии
  • Служебная собака в тактическом шлеме на военной выставке
Бүгінде қоғамды ит пен мысық немесе басқа да үй жануарынсыз елестету мүмкін емес. Оларды иелері өз баласындай еркелетіп, жоғары деңгейде қамқорлық танытуға дағдыланған

Бұрынғы уақытта үйдегі кеміргіштермен күресу және үй-ауланы күзеті үшін ғана қажет болған жануарларды қазір үйдің қақ төрінен кездестіруге болады. Кейбір иелері оларға арнайы киіп тіктіріп, сән көрсетіліміне де қатыстырады.

Сонымен қатар күздің соңғы күнінде үй жануарларының күнін атау әдетке айналған. Бұл бейресми мереке әлемнің көп елінде аталады. Дата адам баласына өз қамқорлығына алған жануарларға қамқорлықпен қарауды еске салады.

Жануарлардың құқығын қорғау және оларға қатысты зорлық пен қатыгездікті жазалау мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі уақытта әлемнің түкпір-түкпірінде осы тақырыпта түрлі акциялар, флешмобтар мен қаражат жинау шаралары өтуде.

Мұндай шаралар адам баласын аң-құс пен жан-жануарға мейірімділік танытуға, оларды жақсы көруге және қамқорлық танытуға үгіттейді. Бұл, әсіресе, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аса маңызды.

53
  • Мужчина держит собаку под плащом во время дождя
    © REUTERS / P. RAVIKUMAR

    Төрт аяқтылар ондаған мыңжылдық бойы адамзатпен бірге етене тіршілік етіп келеді. Оларды адалдық эталоны деп атауға болады. Суретте: Үндістандағы нөсер кезінде ер адам дірілдеген таксаны сырт киімінің ішіне тығып жатыр

  • Один из кандидатов в мэры Нью-Йорка пришел на голосование со своим котом
    © REUTERS / CARLO ALLEGRI

    Егер он мың жылдан бері адам жанында өмір сүріп келе жатқан мысықтар туралы айтатын болсақ, онда үй мысығы алғаш рет Таяу Шығыста неолит дәуірінде пайда болды және оның бүкіл әлемге таралуы Классикалық кезеңде (б.з.д. V-IV ғғ.) күшейе түсті. Бұл шақта Мысыр мысығы бүкіл Ескі әлемде "сәнге айналды". Бүгінде жұмсақ түкті бұл жануарды баладан бастап ересекке дейін жақсы көреді: Суретте: Нью-Йорк мэрі қызметіне үміткерлердің бірі сайлау учаскесіне үй жануарымен келді

  • Домашний любимец на костюмированной вечеринке
    © REUTERS / TINGSHU WANG

    Жануарларды қолға үйрету туралы түпнұсқа дерек жоқ. Себебі жазбаша жазбаша дереккөз сақталмаған, ал археология бұл мәселеде ақсаңдап келеді. Әлбетте, қолға үйретуге тамақ іздеп келген жабайы аң себепші болды. Тамақтандыруды әдетке айналдыру арқылы адамдар қауіпті көршіні кәдеге жарата алды

  • Кошка с котенком сидят в кормушке для птиц
    © REUTERS / PAVEL MIKHEYEV

    Қазіргі уақытта батыс әлемінде мысықты сүйетіндер өте көп. Ежелгі уақытта мысықтар ауылдардағы және кемелердегі кеміргіштермен күресу үшін ғана қолданылды. Сонымен қатар мысықтар осылай адамдарды кеміргіштер арқылы таралатын көптеген қауіпті аурулардан қорғады. Сондықтан үй мысығының рөлін жете бағаламауға болмайды. Суретте: Алматыдағы саябақта қос мысық құстарды бақылап отыр

  • Женщина идет с собакой на руках мимо эмблемы Олимпиады в Пекине
    © REUTERS / THOMAS PETER

    Біраз бұрын иттерді қолға үйрету Азияда шамамен 15 мың жыл бұрын болған деп есептелді. Бірақ жақында археологтар Франциядағы Шове үңгірінде палеолит дәуіріне жататын баланың табанының жанынан қасқыр табанының ізін тапты. Бұл иттерді қолға үйрету 30 000 жылдан астам уақыт бұрын пайда болғанын білдіреді

  • Женщина несет кота на плече по улице
    © REUTERS / FABIAN HAMACHER

    Мысықтар Антарктидадан басқа барлық құрлықта кездеседі. Сондықтан ғалымдар олардың эволюциялық жетістігі даусыз екені айтады. Адаммен ұзақ уақыттан бері бірге өмір сүріп жатқанына қарамастан олар әлі де өз бетінше серуендейді

  • Домашний любимец в детской коляске на марафоне через Босфор в Стамбуле
    © REUTERS / DILARA SENKAYA

    Иттердің көзіндегі махаббатқа адам баласының елжірейтінін ескерсек, кім-кімді қолға үйреткені туралы дауласуға болады

  • Женщина идет за покупками, неся кота в сумке
    © AP Photo / Pavel Golovkin

    Үй мысығының ДНҚ-сы жолбарыстыкімен 95,6% сәйкес келетінін білесіз бе? Иә, иә, диванға жайғасқан сүйкімді төрт аяқты әлемдегі ең қауіпті жыртқыштың толық көшірмесі болып табылады

  • Полицейская собака участвует в конкурсах на празднике в Непале
    © REUTERS / NAVESH CHITRAKAR

    Негізінде иттердің генетикалық эволюциясы адамдікіне ұқсас. Себебі адамдар төрт аяқты серіктерімен бірге қоныс аударып отырған. Иттер адамдар лагеріне кездейсоқ келген қасқырлардан таралған деп санауға болады. Олар қолға үйретілгеннен кейін адамдарға аң аулау мен күзетте көмекші болған. Жаңа зерттеулер көрсеткендей, барлық ит бүгінде көзі жойылған қасқырлардың бір немесе бірнеше ұқсас популяциясынан таралғанын дәлелдеді

  • Щенок чихуа-хуа в костюме к Хэллоуину
    © REUTERS / CAITLIN OCHS

    Иттердің әртүрлі тұқымы нақты мақсатты көздеген селекционерлер жұмысының нәтижесі болып отыр. Бірақ ит қай тұқымға жатса да, оның адам баласына деген махаббаты мінсіз

  • Овчарка стала мамой для новорожденных львят
    © REUTERS / JON NAZCA

    Иттердің арғы тегі жабайы қасқыр болғанымен, кейде олар мейірімділіктің ғажайып үлгісі бола алады. Мысалы, мына овчарка жаңа туған екі абданға қамқор болып отыр

  • Собаки из досмотровой группы на железной дороге в Германии
    © REUTERS / KAI PFAFFENBACH

    Қолға үйретілгеннен кейін аңшылық рефлекстері жоғалуына қарамастан, иттердің негізгі қабілеттерінің бірі - иіс сезу мүшесі сол күйінде сақталып қалды. Ол аң ізіне түсіп, олар жақындағанда үреді. Осылайша аңшылық төбеттерге деген қажеттілік туындады. Бір қызығы, иттің адам қолынан тамақтануға дағдыланып, өз бетінше азық табуды ұмытып қалған. Сондықтан ол жемтігін ұстап, оны иесіне әкелуге үйренген

  • Служебная собака в тактическом шлеме на военной выставке
    © REUTERS / BENOIT TESSIER

    Қолға үйрету кезінде адам қасқырды алып, оны бірден қолға үйрете алмады. Себебі қасқыр өте қауіпті, ірі жыртқыш. Бірақ иттер арасында да түрлі мінезді төбетті кездестіруге болады. Мысалы, олар өзі тұратын отбасы мүшелерін жақсы көріп, басқа адамдарды жау ретінде қабылдауы мүмкін. Сол сияқты бүкіл адам баласын дос көретін иттер де кездеседі

Кілт сөздер:
фото
Тақырып бойынша
"Мамонт даласы" жаһандық жылынуды тоқтатуға қалай көмектеседі – фото
Нұр-Сұлтанда жауған қалың қар тұрғындарды әбігерге салды – фото
96 жылдық тарихтан сыр шертеді: Әуезов театрының музейінде қандай жәдігерлер бар – фото
Ұйқысыздыққа шалдыққан тұрғындар арнайы автобуспен сапарға аттанады - фото
Ніл жағалауындағы мереке: сфинкстер аллеясы туристер үшін қайта ашылды – фото

Ніл жағалауындағы мереке: сфинкстер аллеясы туристер үшін қайта ашылды фото

30
Мысырдың ең көрікті қалаларының бірі Луксорда "Құдай жолының" ашылу салтанаты өтті. Бұл жолдың өн бойында көне мысырлық фараондардың мәңгілік мекенін күзетушілер – сфинкстер орын тепкен. Тылсымға толы мерекенің қалай өткені туралы суреттер топтамасынан көре аласыз

Реставрациядан кейін Сфинкстер аллеясының ұзындығы үш километрге жуықтады. Оны мыңнан астам ежелгі мүсіндер "күзетіп тұр".

Жол біздің дәуірімізге дейінгі 380-362 жылдары билік еткен 13-ші династиядан шыққан Нектанеб I перғауынның тұсында салынған. Аллея Луксор ғибадатханасын солтүстікке қарай, Ніл өзенінен сәл жоғары орналасқан Карнак ғибадатханасымен байланыстырады.

Ежелгі уақытта бір ғибадатханадан екіншісіне жеткізетін жолдың бұл бөлігін "Құдай жолы" деп атаған. Көп ғасыр бұрын мысырлық билеушілердің салтанатты шерулері осы қасиетті аллеямен жүріп өткен және діни мерекелер ұйымдастырылған.

Бетін құм жауып, адам жанарынан жасырын қалған көне мүсіндерді археологтар анықтағанға дейін талай ғасыр өтті.

Мысырдың әйгілі көрнекі нысанында 2010 жылдан бері қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатты. Енді ол туристер үшін қайта ашылды.

Ежелгі Сфинкстер аллеясының ашылу салтанаты қалай өткенін суреттер топтамасынан көріңіз.

30
  • © REUTERS / Mohamed Abd El Ghany

    Луксор ғибадатханасының алдындағы алғашқы сегіз сфинкс мүсінін 1949 жылы мысырлық археолог Закария Гинеим тапты.

  • © Sputnik / Radwan ElMagd

    Луксордағы Сфинкстер аллеясының ашылу салтанаты ашық аспан астында өтті.

  • © Sputnik / Radwan ElMagd

    Салтанатты шара кезінде көне мысырлық киім киген жүздеген әртіс көне жолмен жүріп өтті.

  • © AFP 2021 / Khaled Desouki

    Қазба жұмыстары кезінде қошқар басы бар 250 сфинкс және адам басты 807 сфинкс табылды.

  • © Sputnik / Radwan ElMagd

    Сфинкстер аллеясында археологтардың жұмысы күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. Ғалымдар әлі де көне мүсіндерді іздеуде.

  • © AP Photo / Mohamed El-Shahed

    Көне жолдың ашылу салтанатына Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси мен туризм және көне жәдігерлер министрі Халед әл-Энани қатысты.

  • © AFP 2021 / Khaled Desouki

    Халед әл-Энанидің айтуынша, мысырлық Луксор қаласы ашық аспан астындағы әлемдегі ең үлкен музейге айналды.

  • © AP Photo / Mohamed El-Shahed

    Іс-шара кезінде гала-концерт пен костюмдер шоуы ұйымдастырылды.

  • © AFP 2021 / Khaled Desouki

    "Перғауындар жолы" Луксор мен Карнак ғибадатхана кешендерін байланыстырып тұр.

  • © Sputnik / Radwan ElMagd

    Көне ескерткіш саяхатшылар мен туристердің серуендеу аймағына айналуы керек.

  • © AP Photo / Mohamed El-Shahed

    Кешке уақытта бұл жолға түрлі шамдар жарық түсіріп тұрады.

  • © Sputnik / Radwan ElMagd

    Енді бұл жаңа нысан Шарм-әл-Шейх пен Хургададағы көптеген экскурсиялық турға енгізіледі.

  • © Sputnik / Radwan ElMagd

    Сфинкстер аллеясында діни мерекелер кезіндегі салтанатты шерулер өткізіліп келді.

  • © Sputnik / Radwan ElMagd

    Бұл жерде соңғы қалпына келтіру жұмыстары 2010 жылы басталды.

Кілт сөздер:
фото
Тақырып бойынша
Ғаламшардағы экологиялық проблемалар: 15 әсерлі фото
Әлемдегі ең әдемі волейболшының бірі Қазақстанда ойнайды – фото
Әлем елдерінің ерекше әскери киімдері – фото
Ұйқысыздыққа шалдыққан тұрғындар арнайы автобуспен сапарға аттанады - фото
"Мамонт даласы" жаһандық жылынуды тоқтатуға қалай көмектеседі – фото
Жусан операциясы

Сирияға кеткен мыңға жуық қазақстандықтың 600-і оралды Назарбаев

0
Қазақстанның тұңғыш президенті елге оралған 600 қазақстандықтың ішінде 33 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Сирияға кеткен қазақстандықтар туралы айтты.

"Qazaq. History of the Golden Man" ("Қазақ. Алтын адамның тарихы") фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Елбасы Ислам мемлекетінің* қызметі толығымен экстремистік идеологияға негізделгенін мәлімдеді.

"Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп айтылған. Олардың мұсылмандықпен ешқандай байланысы жоқ, олар дінді өз мақсаты үшін пайдаланатын экстремистер. Бұл Исламның өзіне зиян тигізеді", - деді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті республикадан Сирияға бір мыңға жуық азамат кеткенін, олардың 600-і отанға оралғанын хабарлады.

"Біз 600 адамды қайтардық, оның ішінде 303 ер адам. Отыз үшіне қатысты тергеу жүргізіп жатырмыз. Жұмысы жоқ, қиыншылық көрген адамдар сол жерге кетті. Онда өмір керемет болатынына уәде береді. Сондықтан ол жаққа бүкіл отбасымен бірге барды. Өздерін ұрып-соғып, өлтірген кезде ғана жағдайды түсінді", - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасы исламның және бүкіл әлемнің ірі орталықтарының бірі болып табылатын Сирияның қирауы мәселесіне қатысты өз өкінішін білдірді.

"Мен ол жерде болдым, керемет ғимараттарды көрдім... Олар біздің балалар көре алмайтын бүкіл адамзаттың тарихи, мәдени естелігін жойды", - деді Назарбаев.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ұлттық қауіпсіздік комитеті "Жусан" гуманитарлық арнайы операциясы аясында Сирия мен Ирактан қазақстандықтарды қайтару бойынша 5 арнайы операция өткізді.

Бұл арнайы гуманитарлық операцияның бірінші кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 6 қаңтарында ұйымдастырылды.

ИМ* – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

0
Кілт сөздер:
Назарбаев, Сирия, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Назарбаев өзінің арманы туралы айтты
Назарбаев Қазақстан Қырымға қатысты дауыс беруден неге қалыс қалғанын түсіндірді
Назарбаев Қазақстан жастарына үндеу жасады – видео
Қазақстан алдағы жүз жылда ешкімге соғыс ашпайды – Назарбаев
Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды