Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Нұр-Сұлтанда жауған қалың қар тұрғындарды әбігерге салды – фото

Жазылу
Қазақстан астанасында қалың қар жауып, коммуналдық қызмет пен тұрғындарды әбігерге салды

Астана көшелері бүгін қалың қардың астында қалды. Соған байланысты көлік иелері тіпті ауласынан шыға алмады, жаяу жүргіншілер жолындағы омбы қардан аяқ алып жүргісіз. Тұрғындар автобус аялдамасына жету үшін түрлі айла-амал жасауға мәжбүр болды.

Елорда жолдарында коммуналдық қызмет жұмысшылары екі күннен бері үзіліссіз жұмыс істеп жатыр. Соған қарамастан көшелерде қалың қар жатыр, ал оның астында мұз қатқан. Сол себепті жеңіл көлікпен қатар автобустар да жолда "сырғанайды". Ал дәл кесте бойынша аялдамаға жетпеген автобустарды ұзақ уақыт күту керек. Ал кей аялдамада коммуналдық қызметтің қарды үйіп тастауына байланысты автобустар жолаушыларды діттеген жеріне жеткізе алмай әлек.

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 25 қарашада екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшті.

Елорда әуежайында таңертең ондаған рейс кейінге қалдырылды. Әкімшілік рейстердің кешігуі ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстарына байланысты екенін хабарлады.

Қалың қардың ортасында қалған Нұр-Сұлтан көрінісін фотолентадан көріңіз.

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан қаласында таңертең жұмысқа баратын тұрғындардың тең жартысы дерлік бүгін жұмысқа кешіккені анық. Көшелерді қалың қар басып, жолда көлік кептелісі болды.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
1/13
Нұр-Сұлтан қаласында таңертең жұмысқа баратын тұрғындардың тең жартысы дерлік бүгін жұмысқа кешіккені анық. Көшелерді қалың қар басып, жолда көлік кептелісі болды.
© Sputnik / Владислав ВодневӘйел арбада отырған баласын көтеріп, жаяу жүргіншілер жолымен кетіп барады. Көшедегі қар тізеге жетеді.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
2/13
Әйел арбада отырған баласын көтеріп, жаяу жүргіншілер жолымен кетіп барады. Көшедегі қар тізеге жетеді.
© Sputnik / Владислав ВодневАдамдар автобусты күтпей, жұмысқа жаяу бара жатыр.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
3/13
Адамдар автобусты күтпей, жұмысқа жаяу бара жатыр.
© Sputnik / Владислав ВодневАвтокөлік жүргізушілерінің көпшілігі түнімен жауған омбы қардан ауладағы көлігін шығара алмады.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
4/13
Автокөлік жүргізушілерінің көпшілігі түнімен жауған омбы қардан ауладағы көлігін шығара алмады.
© Sputnik / Владислав ВодневКоммуналдық қызмет жолдарды тазартуға барын салып жатыр, алайда қар үсті-үстіне жауып жұмысшыларды әбігерге салды.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
5/13
Коммуналдық қызмет жолдарды тазартуға барын салып жатыр, алайда қар үсті-үстіне жауып жұмысшыларды әбігерге салды.
© Sputnik / Владислав ВодневТаңғаларлық жайт – адамдардың жолдан өту тәсілі. Кейбірі қарды баспай, секіріп өтіп жүр.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
6/13
Таңғаларлық жайт – адамдардың жолдан өту тәсілі. Кейбірі қарды баспай, секіріп өтіп жүр.
© Sputnik / Владислав ВодневАуа райына байланысты қоғамдық көлік жұмысында да қиындық туындады.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
7/13
Ауа райына байланысты қоғамдық көлік жұмысында да қиындық туындады.
© Sputnik / СтрингерНұр-Сұлтан әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты ондаған рейс кешіктірілді.
В аэропорту Нур-Султана из-за непогоды задерживаются десятки рейсов  - Sputnik Қазақстан
8/13
Нұр-Сұлтан әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты ондаған рейс кешіктірілді.
© Sputnik / Владислав ВодневКоммуналдық қызмет қармен "күресемін" деп қоқыс жәшіктеріне жете алмай жатыр.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
9/13
Коммуналдық қызмет қармен "күресемін" деп қоқыс жәшіктеріне жете алмай жатыр.
© Sputnik / Владислав ВодневКоммуналдық қызмет жұмысшылары екі күннен бері бел жазбай жұмыс істеп, жағдайды реттеуге тырысып жатыр.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
10/13
Коммуналдық қызмет жұмысшылары екі күннен бері бел жазбай жұмыс істеп, жағдайды реттеуге тырысып жатыр.
© Sputnik / СтрингерЕлордалық әуежай әкімшілігі рейстердің ұшу-қону жолағы тазартылып болғанша кейінге қалдырылатынын хабарлады.
Ситуация в аэропорту Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
11/13
Елордалық әуежай әкімшілігі рейстердің ұшу-қону жолағы тазартылып болғанша кейінге қалдырылатынын хабарлады.
© Sputnik / Владислав ВодневТаңертең қалада автобустар сол жағалау көшелерінің бірінде тізбектеліп тұр.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
12/13
Таңертең қалада автобустар сол жағалау көшелерінің бірінде тізбектеліп тұр.
© Sputnik / Владислав ВодневБағдаршамдағы көңілсіз смайлик дәл бүгін астаналықтардың көңіл-күйін көрсетіп тұрғандай.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
13/13
Бағдаршамдағы көңілсіз смайлик дәл бүгін астаналықтардың көңіл-күйін көрсетіп тұрғандай.
Жаңалықтар
0