Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

2021 жылы әлемге танымал қандай тұлғалар өмірден өтті – фото

Жазылу
2021 жылы әлемге танымал жұлдыздар, дарынды музыканттар мен актерлар, талантты спортшылар, жазушылар, журналистер, ғалымдар, көрнекті саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері мәңгілік мекенге аттанды
2021 жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алып жатқан шақта оларды тағы бір еске алайық.
Өкінішке қарай, былтыр әлемде орны толмас қаза көп болды. Оған коронавирус пандемиясының да әсері болғаны анық. Күтпеген қаза талайды есеңгіретіп тастады.
Мәңгілік мекеніне аттанғандар қатарында мәдениет және спорт, ғылым, бизнес пен саясат саласының қайраткерлері бар.

Оқи отырыңыз: 

 
 
© AFP 2024 / Joel Saget"Соңғы дем", "Маман", "Мінсіз" фильмдерінің жұлдызы Жан-Поль Бельмондо 6 қыркүйекте Париждегі өз үйінде көз жұмды. Дарынды әртіс авторлық кино мен мейнстримді тамаша үйлестіре білді. Ол "жаңа толқын" режиссерлерімен бірлесе жұмыс жасауының арқасында көрерменге кеңінен танымал болды. Бірақ киносүйер қауым оның триллер мен боевиктегі рөлдерін жоғары бағалады.
Соңғы дем, Маман, Мінсіз фильмдерінің жұлдызы Жан-Поль Бельмондо 6 қыркүйекте Париждегі өз үйінде көз жұмды. Дарынды әртіс авторлық кино мен мейнстримді тамаша үйлестіре білді. Ол жаңа толқын режиссерлерімен бірлесе жұмыс жасауының арқасында көрерменге кеңінен танымал болды. Бірақ киносүйер қауым оның триллер мен боевиктегі рөлдерін жоғары бағалады.  - Sputnik Қазақстан
1/13
"Соңғы дем", "Маман", "Мінсіз" фильмдерінің жұлдызы Жан-Поль Бельмондо 6 қыркүйекте Париждегі өз үйінде көз жұмды. Дарынды әртіс авторлық кино мен мейнстримді тамаша үйлестіре білді. Ол "жаңа толқын" режиссерлерімен бірлесе жұмыс жасауының арқасында көрерменге кеңінен танымал болды. Бірақ киносүйер қауым оның триллер мен боевиктегі рөлдерін жоғары бағалады.
© AFP 2024 / Hannah MсKay / POOLҰлыбритания патшайымының жұбайы Эдинбург герцогы Филипп (1921-2021) өзінің 100 жылдық мерейтойына небәрі екі ай қалғанда қайтыс болды. II Елизаветамен 74 жыл отау құрған консорт ханзада 9 сәуірде көз жұмды.
Ұлыбритания патшайымының жұбайы Эдинбург герцогы Филипп (1921-2021) өзінің 100 жылдық мерейтойына небәрі екі ай қалғанда қайтыс болды. II Елизаветамен 74 жыл отау құрған консорт ханзада 9 сәуірде көз жұмды.  - Sputnik Қазақстан
2/13
Ұлыбритания патшайымының жұбайы Эдинбург герцогы Филипп (1921-2021) өзінің 100 жылдық мерейтойына небәрі екі ай қалғанда қайтыс болды. II Елизаветамен 74 жыл отау құрған консорт ханзада 9 сәуірде көз жұмды.
© Sputnik / Медиабанкке өтуНина Ургант 3 желтоқсанда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Ол жай актриса емес, Нина Ургант әйелге тән нәзіктік пен қайсарлықтың символы болды. Ол сомдаған рөлдердің ішіндегі ең жоғарғы бағаға ие болғаны – "Белоруссия вокзалы" әскери фильміндегі Рая есімді медбикенің рөлі. Нина Ургант осы фильмде орындаған Булат Окуджаваның "Мұнда құстар ән салмайды" әні бүгінде Жеңіс күнін тойлау кезінде міндетті түрде қойылатын композицияға айналды.
Нина Ургант 3 желтоқсанда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Ол жай актриса емес, Нина Ургант әйелге тән нәзіктік пен қайсарлықтың символы болды. Ол сомдаған рөлдердің ішіндегі ең жоғарғы бағаға ие болғаны – Белоруссия вокзалы әскери фильміндегі Рая есімді медбикенің рөлі. Нина Ургант осы фильмде орындаған Булат Окуджаваның Мұнда құстар ән салмайды әні бүгінде Жеңіс күнін тойлау кезінде міндетті түрде қойылатын композицияға айналды.  - Sputnik Қазақстан
3/13
Нина Ургант 3 желтоқсанда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Ол жай актриса емес, Нина Ургант әйелге тән нәзіктік пен қайсарлықтың символы болды. Ол сомдаған рөлдердің ішіндегі ең жоғарғы бағаға ие болғаны – "Белоруссия вокзалы" әскери фильміндегі Рая есімді медбикенің рөлі. Нина Ургант осы фильмде орындаған Булат Окуджаваның "Мұнда құстар ән салмайды" әні бүгінде Жеңіс күнін тойлау кезінде міндетті түрде қойылатын композицияға айналды.
© AFP 2024 / Philippe Lopez2021 жылы ғаламшардағы танымал дизайнерлердің бірі Вирджил Абло да өмірден озды. Louis Vuitton брендінің ерлерге арналған топтамасының креативті директоры Off-White брендінің негізін қалаушы 41 жаста болатын. Вирджил 2019 жылдан бері обырдың сирек кездесетін түрімен және жүрек ангиосаркомасымен күресіп келді және ол өз дерті туралы көпшілікке жария етпеді.
2021 жылы ғаламшардағы танымал дизайнерлердің бірі Вирджил Абло да өмірден озды. Louis Vuitton брендінің ерлерге арналған топтамасының креативті директоры Off-White брендінің негізін қалаушы 41 жаста болатын. Вирджил 2019 жылдан бері обырдың сирек кездесетін түрімен және жүрек ангиосаркомасымен күресіп келді және ол өз дерті туралы көпшілікке жария етпеді.  - Sputnik Қазақстан
4/13
2021 жылы ғаламшардағы танымал дизайнерлердің бірі Вирджил Абло да өмірден озды. Louis Vuitton брендінің ерлерге арналған топтамасының креативті директоры Off-White брендінің негізін қалаушы 41 жаста болатын. Вирджил 2019 жылдан бері обырдың сирек кездесетін түрімен және жүрек ангиосаркомасымен күресіп келді және ол өз дерті туралы көпшілікке жария етпеді.
© AP Photo / Invision / Chris PizzelloДиксилендтен Италияға қоныс аударған иммигрант, "Грэмми" сыйлығын 22 рет алған ұлы Чик Кориа 9 ақпанда сирек кездесетін қатерлі ісік түрінен көз жұмды. Ол қайтыс болар алдында жақындары мен жанкүйерлеріне хат қалдырып, оларға өзіне шабыт бергені үшін алғыс білдірді.
Диксилендтен Италияға қоныс аударған иммигрант, Грэмми сыйлығын 22 рет алған ұлы Чик Кориа 9 ақпанда сирек кездесетін қатерлі ісік түрінен көз жұмды. Ол қайтыс болар алдында жақындары мен жанкүйерлеріне хат қалдырып, оларға өзіне шабыт бергені үшін алғыс білдірді.  - Sputnik Қазақстан
5/13
Диксилендтен Италияға қоныс аударған иммигрант, "Грэмми" сыйлығын 22 рет алған ұлы Чик Кориа 9 ақпанда сирек кездесетін қатерлі ісік түрінен көз жұмды. Ол қайтыс болар алдында жақындары мен жанкүйерлеріне хат қалдырып, оларға өзіне шабыт бергені үшін алғыс білдірді.
© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуАҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл 84 жасында коронавирустың асқынуынан қайтыс болды. 2001 жылы ол АҚШ Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалған алғашқы афроамерикалық болды.
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл 84 жасында коронавирустың асқынуынан қайтыс болды. 2001 жылы ол АҚШ Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалған алғашқы афроамерикалық болды. - Sputnik Қазақстан
6/13
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл 84 жасында коронавирустың асқынуынан қайтыс болды. 2001 жылы ол АҚШ Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалған алғашқы афроамерикалық болды.
© AP Photo / Richard Drew"Сұхбат патшасы" саналатын Ларри Кинг коронавирус жұқтырып ауруханаға түскеннен кейін артынша 23 қаңтарда Лос-Анджелесте көз жұмды. Ол 1985-2010 жылдар аралығында Larry King Live бағдарламасында танымал тұлғалармен 50 мыңнан астам сұхбат жүргізген. "Эмми" және екі рет Пибоди сыйлығының лауреаты атанды, Cable ACE сыйлығының бірнеше дүркін иегері.
Сұхбат патшасы саналатын Ларри Кинг коронавирус жұқтырып ауруханаға түскеннен кейін артынша 23 қаңтарда Лос-Анджелесте көз жұмды. Ол 1985-2010 жылдар аралығында Larry King Live бағдарламасында танымал тұлғалармен 50 мыңнан астам сұхбат жүргізген. Эмми және екі рет Пибоди сыйлығының лауреаты атанды, Cable ACE сыйлығының бірнеше дүркін иегері.  - Sputnik Қазақстан
7/13
"Сұхбат патшасы" саналатын Ларри Кинг коронавирус жұқтырып ауруханаға түскеннен кейін артынша 23 қаңтарда Лос-Анджелесте көз жұмды. Ол 1985-2010 жылдар аралығында Larry King Live бағдарламасында танымал тұлғалармен 50 мыңнан астам сұхбат жүргізген. "Эмми" және екі рет Пибоди сыйлығының лауреаты атанды, Cable ACE сыйлығының бірнеше дүркін иегері.
© AFP 2024 / Astrid Stawiarz / Getty Images Голливуд жұлдызы кіші Роберт Даунидің әкесі үлкен Роберт Дауни 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол соңғы бес жыл бойы Паркинсон дертімен күресті.
Голливуд жұлдызы кіші Роберт Даунидің әкесі үлкен Роберт Дауни 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол соңғы бес жыл бойы Паркинсон дертімен күресті.  - Sputnik Қазақстан
8/13
Голливуд жұлдызы кіші Роберт Даунидің әкесі үлкен Роберт Дауни 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол соңғы бес жыл бойы Паркинсон дертімен күресті.
© Sputnik / Ramil Sitdikov / Медиабанкке өтуВладимир Меньшов 5 шілдеде коронавирустан көз жұмды. Ол бастапқыда өзін дарынды актер ретінде танытса, 1970-жылдардың ортасына қарай "Ойын" музыкалық фильмінің режиссері ретінде сәтті туынды жасап шығарды. 1981 жылы "Мәскеу көз жасына алданбайды" фильмі "Оскар" сыйлығын алды. Одан кейін көрермен күні бүгінге дейін сүйіп көретін "Махаббат пен көгершіндер", "Ширли-мырли" сынды бірқатар туынды түсірілді.
Владимир Меньшов 5 шілдеде коронавирустан көз жұмды. Ол бастапқыда өзін дарынды актер ретінде танытса, 1970-жылдардың ортасына қарай Ойын музыкалық фильмінің режиссері ретінде сәтті туынды жасап шығарды. 1981 жылы Мәскеу көз жасына алданбайды фильмі Оскар сыйлығын алды. Одан кейін көрермен күні бүгінге дейін сүйіп көретін Махаббат пен көгершіндер, Ширли-мырли сынды бірқатар туынды түсірілді.  - Sputnik Қазақстан
9/13
Владимир Меньшов 5 шілдеде коронавирустан көз жұмды. Ол бастапқыда өзін дарынды актер ретінде танытса, 1970-жылдардың ортасына қарай "Ойын" музыкалық фильмінің режиссері ретінде сәтті туынды жасап шығарды. 1981 жылы "Мәскеу көз жасына алданбайды" фильмі "Оскар" сыйлығын алды. Одан кейін көрермен күні бүгінге дейін сүйіп көретін "Махаббат пен көгершіндер", "Ширли-мырли" сынды бірқатар туынды түсірілді.
© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуАлександр Градский 28 қарашада 72 жасқа қараған шақта бас миының инфаркті және коронавирустың асқынуынан өмірден өтті. Ол 200-ден астам ән жазып, ондаған фильмнің, рок-опера мен балеттің композиторы атанды. "Ғашықтар романсынан" кейін Billboard журналы Градскийді "Жыл жұлдызы"деп атады. Қазіргі жастар үшін Градский "Голос" телешоуындағы қатаң әрі салмақты жетекші ретінде есте қалады.
Александр Градский 28 қарашада 72 жасқа қараған шақта бас миының инфаркті және коронавирустың асқынуынан өмірден өтті. Ол 200-ден астам ән жазып, ондаған фильмнің, рок-опера мен балеттің композиторы атанды. Ғашықтар романсынан кейін Billboard журналы Градскийді Жыл жұлдызыдеп атады. Қазіргі жастар үшін Градский Голос телешоуындағы қатаң әрі салмақты жетекші ретінде есте қалады.  - Sputnik Қазақстан
10/13
Александр Градский 28 қарашада 72 жасқа қараған шақта бас миының инфаркті және коронавирустың асқынуынан өмірден өтті. Ол 200-ден астам ән жазып, ондаған фильмнің, рок-опера мен балеттің композиторы атанды. "Ғашықтар романсынан" кейін Billboard журналы Градскийді "Жыл жұлдызы"деп атады. Қазіргі жастар үшін Градский "Голос" телешоуындағы қатаң әрі салмақты жетекші ретінде есте қалады.
© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуБорис Грачевский коронавирустан айыға алмаған күйі 14 қаңтарда көз жұмды. Есімі өзі басқарған "Ералаш" журналымен синоним іспеттес болып кеткен режиссер тәрбиелі мәні бар фильмдерді мұра етіп қалдырып кетті.
Борис Грачевский коронавирустан айыға алмаған күйі 14 қаңтарда көз жұмды. Есімі өзі басқарған Ералаш журналымен синоним іспеттес болып кеткен режиссер тәрбиелі мәні бар фильмдерді мұра етіп қалдырып кетті.  - Sputnik Қазақстан
11/13
Борис Грачевский коронавирустан айыға алмаған күйі 14 қаңтарда көз жұмды. Есімі өзі басқарған "Ералаш" журналымен синоним іспеттес болып кеткен режиссер тәрбиелі мәні бар фильмдерді мұра етіп қалдырып кетті.
© кадр из фильма "Три орешка для Золушки""Күлбикеге арналған үш жаңғақ" фильмі бойынша көрерменге жақсы таныс Либуше Шафранкова 9 маусымда қайтыс болды. Чех актрисасы соңғы жылдары онкологиялық аурумен күресті.
Күлбикеге арналған үш жаңғақ фильмі бойынша көрерменге жақсы таныс Либуше Шафранкова 9 маусымда қайтыс болды. Чех актрисасы соңғы жылдары онкологиялық аурумен күресті.  - Sputnik Қазақстан
12/13
"Күлбикеге арналған үш жаңғақ" фильмі бойынша көрерменге жақсы таныс Либуше Шафранкова 9 маусымда қайтыс болды. Чех актрисасы соңғы жылдары онкологиялық аурумен күресті.
© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өту"Ирония судьбы" фильміндегі Женя Лукашин, "Служебный роман" фильміндегі Новосельцев, "Гараж" фильміндегі Хвостов көрермен жадында мәңгі қалады. Экранға Андрей Мягков шыққаннан кейін лирикалық рөлді үздік сомдайтын одан артық актер табылмайтыны белгілі болды. Мягков 18 ақпанда жүрек талмасынан көз жұмды.
Ирония судьбы фильміндегі Женя Лукашин, Служебный роман фильміндегі Новосельцев, Гараж фильміндегі Хвостов көрермен жадында мәңгі қалады. Экранға Андрей Мягков шыққаннан кейін лирикалық рөлді үздік сомдайтын одан артық актер табылмайтыны белгілі болды. Мягков 18 ақпанда жүрек талмасынан көз жұмды.  - Sputnik Қазақстан
13/13
"Ирония судьбы" фильміндегі Женя Лукашин, "Служебный роман" фильміндегі Новосельцев, "Гараж" фильміндегі Хвостов көрермен жадында мәңгі қалады. Экранға Андрей Мягков шыққаннан кейін лирикалық рөлді үздік сомдайтын одан артық актер табылмайтыны белгілі болды. Мягков 18 ақпанда жүрек талмасынан көз жұмды.
Жаңалықтар
0