Битва за Берлин көркем фильмінен үзінді

Рақымжан Қошқарбаевтың қызы: әкем ерлік жасадым деп санамайтын

849
(Жаңартылды 10:53 12.07.2019)
"Әкем соғыс туралы әңгіме қозғамаушы еді, ал қан майдан туралы фильмдерді көргенде күлетін, өйткені ондағы соғыс өмір ақиқатынан алыс", - деп әңгімеледі Әлия Қошқарбаева.

АСТАНА, 8 мамыр — Sputnik. Көп жылдар бойы кеңестік жүйенің сұрқия саясатының кесірінен қазақ жауынгерінің ерлігі бағаланбай келгені рас. Тек 62 жылдан кейін ғана Рақымжан Қошқарбаев пен оның майдандас серігі Григорий Болатовтың бірінші болып Рейхстагқа жеңіс туын тіккені мойындалды. 1945 жылы 30 сәуірде сағат 14.25-те Берлинде болған оқиға тарихта мәңгі қалмақ. 

"Әкем өзін ерлік жасадым деп санамайтын"

Астанада батырдың құрметіне ескерткіш бар. Аты аңызға айналған жауынгердің қолында Жеңіс туы биіктен желбірейді. Ескерткіш жанынан өткен сайын қаһарманның өр тұлғасына көз тастаған әр адам  оның ерлігіне бас иетіні анық.

  • Астанада Рақымжан Қошқарбаевқа орнатылған ескерткіш
    Астанада Рақымжан Қошқарбаевқа орнатылған ескерткіш
    © Sputnik / Болат Шайхинов
1 / 1
© Sputnik / Болат Шайхинов
Астанада Рақымжан Қошқарбаевқа орнатылған ескерткіш

"Ал әкем болса өзін ерлік жасады деп санамайтын. Ол жолым болып, рейхстагқа жеңіс туын тігу туралы бұйрық берілген алғашқылардың бірі едім деп айтатын. "Менің орнымда басқа біреу болса, ол да менің істегенімді істер еді" деп айтып отыратын маған", — деп әңгімеледі батырдың қызы Әлия Қошқарбаева. 

Рейхстагқа ту тіккен күн

"Біз рейхстагқа жақындаған кезде мен қызыл жалауды жазып жібердім де, оның бұрышына сия қарындашпен біздің полктің 674-ші нөмірін және "Лейтенант Қошқарбаев, қатардағы жауынгер Булатов" деп аты-жөнімізді жаздым", — 60-шы жылдардағы ақ-қара түсті архив кадрларынан сөйлеп отырған Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы 30 сәуірде рейхстагқа ту тігуге барған сәтін еске алады. – Болатов маған "Лейтенант жолдас, аты-жөнімізді жазғаныңыз дұрыс болды, әйтпесе, бізді өлтіріп тастаса, ешкім біздің осында жеткенімізді, біздің кім, қандай полктан екенімізді білмес еді" деді. Мен "Гриша, біз өлуге емес, жауынгерлік тапсырманы орындауға, қызыл туды тігуге бара жатқан жоқпыз ба? Екеуіміз туған бауырлардай болып кеттік, менің балалар үйінде өскенімді білесің ғой"…Шайқас 2 мамырға дейін жалғасты, осы кезден бастап 30 сәуір менің екінші туған күнім болып кетті". 

Путинге жеделхат: "Тарихи әділдік орнасын!"

Он екі жыл бұрын 2005 жылы 7 мамырда тарихшы Болат Асанов Ресей президенті Владимир Путинге жеделхат жолдап, лейтенант Қошқарбаевқа қатысты тарихи әділдікті орнатуды өтінеді. 

"Кантария мен Егоров бірінші болып туды тіккендер деген аңызға шүбә келтіру мен үшін ыңғайсыз, — дейді Болат Асанов, — бірақ Рейхстагқа туды 1945 жылы 30 сәуірде Берлин уақыты бойынша сағат 14.25-те Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тікті. Бұл туралы Левитан бүкіләлемдік радио бойынша хабарлады. Және бұл деректі дәлелдейтін көптеген құжаттар бар. Өткен жылы "Халықтар достығы" журналында жеңіс туын тіккен жауынгерлердің тағыдырына қатты алаңдаған 150-ші дивизияның аға лейтенанты, белгілі кеңес жазушысы Василий Субботиннің күнделігі жарық көрді. Ол былай деп жазған: «Әрине, Қошқарбаев пен Болатов қолына жауынгерлік туын ұстап көтерілгенде, рейхстагқа тігу үшін берілген ресми ту туралы ештеңе білген жоқ. Олар бәрі күні бұрын белгілі екенінен бейхабар еді. Екеуі қазып тасталған, гүрсілдеп атылып, жарылып жатқан алаңмен асқан өжеттілікпен жорғалап өтті. Олар тіккен ту шын мәнінде бірінші еді. Сондықтан дивизияның саяси бөлімі Әскери кеңестің туын ұмытып, рейхстагқа жеңіс туын тіккен екеуі деп мойындап, жауынгерлік басылымда осылай деп жазылды ("Воин родины" – 3-5 мамыр 1945ж.). Бірақ Жеңіс Туы болып екеуінің жалауы емес, "№5" ту болып танылды. Енді қазір еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін Болатов пен Қошқарбаевты емес, Кантария мен Егоровты біледі…" 

2005 жылы шілдеде Ресейдің әскери тарих институты Асановтың жеделхатына жауап жазып жібереді. 

Ресей әскери тарих институтының Болат Асановқа жолдаған хатынан үзінді: 

"РФ Қорғаныс министрлігі әскери тарих институтының қызметкерлері Сіздің жерлесіңіз, лейтенант Рақымжан Қошқарбаев ерлігінің құжат түрінде дәлелі бар екенін анықтады. 150-атқыштар дивизиясының 674-атқыштар полкінің командирі 1945 жылы 6 мамырда оны «Кеңес Одағының Батыры" атағына ұсынды. Оның марапаттау қағазынан: "29.04.1945 жылы взвод алғашқылардың қатарында Шпрее өзенінен өтіп, жаудың кескілескен ұрысына дес бермей, 30.04.1945 жылы рейхстагқа басып кіріп, Жеңіс туын тікті». 150-ші атқыштар дивизиясының командирлері мен 79-шы корпус командирінің тұжырымы: "Кеңес Одағының Батыры атағын алуға лайықты". Бірақ 1-ші Белорус майданының 3-ші соққы армиясының әскери қолбасшысының 8.6.1945 ж. №0121 бұйрығымен лейтенант Қошқарбаев КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан неміс басқыншыларымен шайқаста әскери тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, батырлық пен өжеттілік танытқаны үшін "Қызыл Ту" орденімен марапатталды". 

Шындық қап түбінде жатпайды

2005 жылы 15 шілдеде Рейхстагқа бірінші болып ту тіккендерге қатысты мәселенің түйіні тарқап, соңғы нүкте қойылды. Бірақ екі батыр өздері ерлігінің ресми түрде мойындалғанын білмей дүниеден өтті —  Болатов 1973 жылы, ал Қошқарбаев 1988 жылы өмірден озды.  

"Әкем ішіндегісін сездірмейтін, тіпті кейде ерлігінің мойындалғаны немесе мойындалмағаны оған бәрібір секілді көрінетін. Еш уақытта "мен ерлік жасадым" деп кеудесін ұрмаған адам. Жақсы әке, жақсы жар, жақсы дос бола білді… Өмірді өте қатты жақсы көретін. Достары көп болатын, күнде үйге қонақ келуші еді", — дейді қызы Әлия. 

"Кинодағы соғыс өмір ақиқатынан алыс" 

Қошқарбаевтар отбасында жыл сайын 9 мамырда жеңіс мейрамы үлкен қуанышпен тойланады. "Кең дастархан жайып, құрметті қонақтарды күтетінбіз" деп еске алады ардагердің қызы. Бірақ әкесі еш уақытта соғыс туралы әңгіме қозғамаған екен. 

"Әкем әрқашан бұл күні ұстамды, сабырлы болып, өз сезімін білдіртпейтін. Ішінде не барын айту қиын еді. Соғыс оны осындай адам қылып шыңдады деп ойлаймын. Тоғызыншы мамырда әкем түрлі шараларға шақыратынын, үйге қонақтар келетінін білетін…бірақ ешқашан ой түбінде жатқан сөздерімен, әсіресе соғыс туралы ойларымен бөліспейтін – ешқашан ондай болған емес", — деді ол. 

Бұған қоса, қызының айтуынша, Рақымжан Қошқарбаев соғыс туралы фильмдерді көрмеген екен. 

"Әкем кинодағының бәрі ертегі, соғыста бәрі мүлдем басқаша болды деп айтатын. Негізі, менің әкем ғана емес, соғыста болғандардың көпшілігі соғыс туралы фильмдерді көрмейді. Әкем тек "Освобождение" деген бір фильмді ғана көрген еді. Бәрі шулап көрген бұл кинода әкем көп дүние бұрмаланғанын айтты", — деп ерекше тебіреніспен аяқтады әңгімесін батырдың қызы. 

Мінеки, дәл Жеңіс алдында, соғыстың соңғы күндері басын қатерге тігіп, рейхстаг үстінде жеңіс туын желбіреткен ер жауынгер осындай адам болған…

849
Кілт сөздер:
Рақымжан Қошқарбаев, Ұлы Отан соғысы
Тақырып бойынша
Үшінші дүниежүзілік соғыс басталатын орын аталды
Ұлы Отан соғысы ардагерлері Жеңіс күнін әр елде қалай тойлайтынын айтып береді
Ардагер: Бигелдинов пен Қошқарбаев секілді батырларды жастардың білмеуі қынжылтады
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Нұр-Сұлтандағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды

Ресей елшісі Ұлы Отан соғысындағы жеңіске үлес қосқаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді

40
(Жаңартылды 13:28 22.06.2021)
Ресей Қазақстанда Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған іс-шаралар топтамасын өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай Ресейдің Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Алексей Бородавкин Нұр-Сұлтандағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

"Ұлы Отан соғысы, Гитлердің Кеңес Одағына шабуыл жасауы бүкіл кеңес халқы үшін үлкен апатқа айналды. Бұл отандық соғыс болғандықтан, барлық халық өз Отанын қорғауға білек сыбана кірісті және Қазақстан да шет қалған жоқ. Біз Қазақстанның Ұлы Отан соғысының шайқас даласындағы, соғыс үшін қажетті қару-жарақ пен әскери техника, азық-түлік өндірісіндегі үлесін ұмытқан жоқпыз. Осы үшін рақмет!", - деді Бородавкин ескерткішке гүл қою салтанатынан кейін.

© Sputnik / Абзал Калиев
Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай Нұр-Сұлтандағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі

Ол Ұлы Отан соғысы мен ондағы жеңіс – бұл "даңқ пен мақтаныш" екенін еске салды.

Оның айтуынша, Кеңес одағына шабуыл жасауға тек Германия емес, іс жүзінде бүкіл Еуропа қатысты: СС-ке (неміс тіліндегі Schutzstaffeln (SS) – күзет жасақтары) барлық дерлік еуропалық мемлекеттің азаматтары мүше болды.

"Фашистік Германияны жеңу және Еуропаны азат ету үшін алғыс біздің еуропалық әріптестеріміздің жүрегінде сақталады деп ойлаймын. Алайда қазір Еуропада болып жатқан жағдай бұл ақиқатты растай алмай отыр", - деді Бородавкин.

"Қазір бізге күш көрсетіп, ережелерге негізделген қандай да бір тәртіпті міндеттеуге тырысып жатқандар бар. Біз мұны басымыздан өткізіп көрдік және Екінші дүниежүзілік соғыс Ресейге қысым жасаудың жақсылыққа алып келмейтінін паш ететін сабақ болуы керек", - деді Ресейдің Қазақстандағы елшісі.

Возложение цветов ВОВ
© Sputnik / Абзал Калиев
1,2 миллионға жуық қазақстандық соғысқа аттанып, 600 мың сарбаз қаза тапты

Тура 80 жыл бұрын фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді. 1,2 миллионға жуық қазақстандық соғысқа аттанып, 600 мың сарбаз қаза тапты.

Русский дом Ұлы Отан соғысы басталған күнге арнап еске алу іс-шараларының топтамасын ұйымдастырып отыр. Ол шаралар 22 маусымда Нұр-Сұлтанда басталады.

В 80-ю годовщину начала Великой Отечественной войны Чрезвычайный и Уполномоченный посол России в Казахстане Алексей Бородавкин возложил цветы к Монументу защитников отечества в Нур-Султане
© Sputnik / Абзал Калиев
Ресейдің Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Алексей Бородавкин

22 маусымда сағат 12:15 – "Үнсіздік минуты". 1941 жылы дәл осы уақытта фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуылы туралы хабарлама тарады.

22 маусым сағат 16:00-де Нұр-Сұлтандағы Русский домда "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалдық ойыны қағидасы бойынша турнир өтеді. Жоба Қазақстанның Ядро қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылады.

22 маусымда "Артымызда Мәскеу. Офицер жазбалары" жобасы іске қосылады.

22 маусым – 8 шілде – Қазақстандық танымал суретші Ләйла Махаттың "Анамның жаулығы" Халықаралық арт-жобасының аясында бүкіл әлемдегі әйелдер видеоүндеу жолдайды.

Сондай-ақ, еске алу шаралары Қазақстанның басқа қалалары - Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Степногорск, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Өскемен және Оралда да өтеді.

40
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин

Ресей елшісі қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

65
Ресей елшісі Ұлы Отан соғысында қазақстандық жауынгерлер нацистік Германияны жеңуге орасан зор үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Ол қазақстандықтар мен ресейліктер қан майдан мен тылда КСРО-ның басқа халықтарымен бірдей ерлік көрсеткенін атап өтті.

"Нацистік Германияны жеңуге Қазақстан өлшеусіз үлес қосқанын жеке атап өтуді борышым деп санаймын. 1 миллион 350 мың қазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдарында 528 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, төртеуі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды", - деді Алексей Бородавкин.

Мәскеу үшін шайқаста Алматыда құрылған әйгілі 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясы ерекше көзге түсті. Астана іргесінде Гитлердің танкілерін тоқтатқан 28 панфиловшы батырдың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, деп жалғастырды елші.

Ол 1941 жылы қазіргі Қазақстан аумағында санаулы күндер ішінде қару-жарақ пен әскери техника өндірісі ұйымдастырылғанын еске салды. Қазақстан эвакуацияланған миллиондаған адамның туған үйіне айналды. Бұл жерде бәрі бір отбасыдай өмір сүрді, олардың басты құндылықтары табандылық, өзара көмек, жанашырлық, бауырмалдық болды.

"Қазақстанда Ұлы Отан соғысын ұмытпай, жас ұрпаққа кеңес халқының ұлы жеңісіне құрметпен қарауды үйрететіні қуанышты", - деді елші.

65
Кілт сөздер:
Ресей, Ұлы Отан соғысы, елші, Алексей Бородавкин
Тауарларды таңбалау

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

0
Шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады, деп мәлімдеді мемлекеттік крістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі қолданыстағы пилоттық жоба тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік крістер комитеті.

Сондай-ақ темекі өнімдерін таңбалау жұмысы да оңайлатылды – ол өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастырылады.

"Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстанда алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында іске қосылды. Бұған дейін міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады деп жоспарланған болатын.

Қаржылық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шараны енгізуге басты себеп – 2020 жылдың өзінде жасанды алкоголь өндіретін 50-ден астам жасырын цех жойылған. Көлеңкелі айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке, 400 мың литрге жуық спирт және 500 мың жалған есептеу-бақылау маркалары алынды.

Оқи отырыңыз:

0