Әлия Молдағұлова арналған ескерткіш

17 жасында майданға аттанған Әлия Молдағұлова туралы қызықты деректер

27159
(Жаңартылды 10:38 12.07.2019)
Кеңес одағының батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлова туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Әлия Молдағұлова 1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Оның шын есімі – Ілия.

Әкесі Нұрмұхамет Сарқұлов бай баласы болғаны үшін кеңес үкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырайды. Оны НВКД тергеуге шақырады. Ол түрмеге отырмас үшін бас-сауғалап қашуға мәжбүр болған. Анасы Маржан қызы Әлия, ұлы Бағдатпен жалғыз қалады.

"Менің әкем – Әубәкір. Ол – Әлияның анасы Маржанның туған бауыры. Маржан тірі кезінде бауырына "Маған бірдеңе болып қалса, Әлияны өзіңмен бірге алып кет. Оған тәрбие бер. Сонда ғана менің жаным тыныш болады" деп аманатын айтқан екен. Бұл сөздерді әкем мәңгілік есте сақтады", - дейді Әлияның немере сіңлісі Баян Молдағұлова "Хабар" телеарнасындағы "Тайны и судьбы великих казахов" бағдарламасына берген сұқбатында.

Қазақ даласындағы ашаршылық

Қазақ даласында жүргізілген ұжымдастыру салдарынан жұт басталды. Бұл уақыт Әлияның балалық шағымен тұспа-тұс келді. Ашаршылықтың зардабын Сарқұловтар отбасы да тартқан. Маржан балаларына тамақ тауып беру үшін көрші әйелдермен картоп теруге барады. Алайда сонда күзетшінің қорқытпақ болып атқан оғынан дүние салады.

Әлия 6 жасында бауыры Бағдатпен жетім қалады.

Кейін Маржанның бауыры Әубәкір Молдағұлов Әлияны бауырына басса, Бағдатты Нұрмұхамет Сарқұловтың әпкесі тәрбиелеуге алады. Ол кейін қайтыс болған. Бағдаттың неден көз жұмғаны әлі күнге дейін белгісіз.

Тағы оқыңыз: Талғат Бигелдинов туралы не білу керек?

Әлия неге фамилиясын өзгертті?

Бай баласы болғаны үшін қуғын-сүргін көріп, жасырынып өмір сүрген Нұрмұхамет Сарқұлов Әлияны Ақтөбе қаласында тұратын нағашы ағасы Әубәкір Молдағұловтың тәрибесіне берген. Ол Ташкентте жоғары оқу орнын бітірген сауатты, әскери қызметтегі адам болады.

Нұрмұхамет Сарқұлов Әлияның анасының фамилиясын алғанын қалайды.

Ал тағы бір деректер бойынша, Әубәкір Әлияны тәрбиесіне алған соң, оған өз фамилиясын берген. Осылайша, ол Әлия Молдағұлова болады. Бұл деректі Қазақстанның ұлттық мұрағатының қызметкері Ақзада Хайруллинқызы растаған.

"Әкесі көрген қуғын-сүргінді көрмесін деп туысқандары Әлияның тегін "Молдағұлова" деп өзгертеді.  Ленинградтағы құжаттарда оның аты Лия, Аня деп тіркелді. Бірақ ешқайда "Әлия" деген есім жоқ. Себебі, ленингдрадтықтар оны Аня ретінде таныды. Сондықтан мектеп журналдарында, оқу үлгерімі табельдерінде Әлия "Аня Молдағұлова" деп жазылды", - дейді ол "Тайны и судьбы великих казахов" бағдарламасына берген сұқбатында.

Сонымен қатар Молдағұлованың сіңлісі Әліп Үсенованың айтуынша, Нұрмұхамет Сарқұлов НВДК қызметкелерінің бақылауында болған. Тіпті, түрмеге де қамалыпты.

"Бір ай бойы Әлияның әкесі Нұрмұхамет түрмеде болды. Бірақ оны біреу қорғап хат жазды. Сөйтіп, ол бостандыққа шықты. Бірақ ол үнемі үрей құшағында жүрді. Туған жерінен көшіп кетті. Қой бағып, шопан болды", - дейді ол.

Мерген қыз орыс тілін қалай үйренді?

Әубәкір Молдағұлов Қызылорда теміржол станциясында әскери комендант болып жұмыс істейді. Молдағұлованың немере сіңлісі Баянның айтуынша, 1930 жылы Әубәкір отбасымен және Әлиямен бірге Алматы қаласына көшіп келеді.

"Олар Ленин даңғылындағы №15 үйде тұрды.  Әубәкірдің отбасы тату еді. Алматыда оның Ермек есімді ұлы дүниеге келеді. Әлияға жасыл қала ұнады. Ол таудан ағып, Ленин даңғылымен өтетін бұлаққа қатты таңғалды. Аулада балалармен ойнады. Бірақ Әлия орыс тілін білген жоқ. Оған қиын болды. Әлиямен бірге сіңлім Сафура тұрып жатты. Аралары бір жас болды.  Әкем бос уақытында оларға орыс тілі мен грамматикасын үйретті. Оның Мәскеуге оқуға түсемін деген жоспары болды. Ол қыздардың орыс мектебіне баратынын білді", - дейді Баян Молдағұлова .

Мәскеудегі жаңа өмір

1933 жылы Әубәкір Молдағұлов Әулиеата қаласындағы қазіргі Таразға жаңа қызметке тағайындалады. Ол отбасымен бірге Әулиеатаға көшеді. Осы жылы Әлия 1-сыныпқа барады. Ал 1934 жылы Әубәкір Молдағұлов Мәскеу әскери транспорт академиясына оқуға түседі.  Ол Мәскеуге оқуға аттанғанда жиенін сондағы №35 мектепке береді. Ал 1938 жылы жұмыс барысымен Ленинградқа қоныс аударғанда, Әлияны үйдің іргесіндегі мектеп-интернатқа береді. Баян Молдағұлова бұл жағдайды былайша түсіндірді.

"1938 жылы әкем отбасымен бірге Ленинград қаласына көшті. 1940 жыл оларға ауыр тиеді. Өйткені, үйде әкемнің 3 баласы болды. Осылайша, әке-шешем қыздардың бірін үйдің іргесіне тиіп тұрған, мектеп-интернатқа беру керек деген шешім шығарады", - дейді ол "Дегдар" деректі фильміне берген сұқбатында.

Кейін Әлия оқыған білім ордасы балалар үйі болып өзгереді.

Қазақтың мерген қызы

Әлия 1942 жылы Ленинградтағы №46 мектепті бітіріп, Рыбинск қаласындағы авация техникумына оқуға түседі. Осы жылдың 18 желтоқсанында аудандық әскери комиссариаттың жолдамасымен Мәскеудегі мерген қыздарды даярлайтын орталық мектепке қабылданады.

Әскери мектепті үздік бітірген Әлия өз өтініші бойынша 17 жасында 1943 жылдың тамыз айында майданға аттанды. Ол екінші Балтық жағалауы флотының 22 әскери тобы 54 атқыштар тобының бригадасы құрамында отан алдындағы борышын өтейді. Осы жылдың қазанында мерген қыз 32 жау солдаты мен офицерінің көзін жойыпты. Осы уақытта ол туыстарына былай деп хат жазыпты.

"Бүгін таңертеңгі жиында командиріміз 3 қадам алға шығарды да "Мерген Молдағұлова 14 фашисті атып түсірді. Оны ерлігі үшін командование атынан алғыс жариялаймын" деді. Сөйтті де әскерлердің алдында мені өз ұлындай құшақтап, бетімнен сүйді" – дейді Әлия өз хатында.

Қазақтың батыр қызы 1944 жылдың 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданы Казалиха деревнясы үшін болған соғыста фашист офицерінің қолынан қаза тапты. Ол Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия әнінің тарихы

Сондай-ақ 1975 жылы қазақ композиторы, дирижер, педагог Сейдолла Бәйтереков "Әлия" әнін жазған болатын. Алғашында жас әнші Нағима Есқалиеваға ұсынылады.

Бірақ бұл ән сол кездегі 17 жастағы әнші, қазіргі Қазақстаның халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауында танылды.  Ол 1976 жылы "Золотой Орфей" байқауында бұл әнді шырқап, бірінші орынды иеленді. Мәскеуліктер "Әлия" әнін "Ең үздік жыл әні" деп жоғары бағалайды. "Әлия" әні арқылы қазақстандық әнші Роза Рымбаева көпшіліктің көзайымына айналды.

Әлия Молдағұлованың есімі халық жадында

Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Шымкенттегі №29 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі мен әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий теңізіндегі жүк таситын теплоходына қазақтың қайсар, мерген қызы Әлияның есімі берілген.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан (Астана), Ақтөбе, Алматы, Ресейдің астанасы Мәскеу, Санкт-Петербург (Ленинград) қалаларында, Новосокольники ауданында Әлияға ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық музей жұмыс істейді.

27159
Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы, Әлия Молдағұлова, қызықты деректер
Тақырып:
Өмірбаяндар (116)
Тақырып бойынша
"Шопыр" болған Әубәкіров: қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы не білеміз - фото
Қазақтың "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешова туралы не білеміз?
"Халқым менен де биік": Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?
Бүгін даңқты батыр Бауыржан Момышұлының туған күні
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин

Ресей елшісі қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

47
Ресей елшісі Ұлы Отан соғысында қазақстандық жауынгерлер нацистік Германияны жеңуге орасан зор үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Ол қазақстандықтар мен ресейліктер қан майдан мен тылда КСРО-ның басқа халықтарымен бірдей ерлік көрсеткенін атап өтті.

"Нацистік Германияны жеңуге Қазақстан өлшеусіз үлес қосқанын жеке атап өтуді борышым деп санаймын. 1 миллион 350 мың қазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдарында 528 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, төртеуі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды", - деді Алексей Бородавкин.

Мәскеу үшін шайқаста Алматыда құрылған әйгілі 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясы ерекше көзге түсті. Астана іргесінде Гитлердің танкілерін тоқтатқан 28 панфиловшы батырдың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, деп жалғастырды елші.

Ол 1941 жылы қазіргі Қазақстан аумағында санаулы күндер ішінде қару-жарақ пен әскери техника өндірісі ұйымдастырылғанын еске салды. Қазақстан эвакуацияланған миллиондаған адамның туған үйіне айналды. Бұл жерде бәрі бір отбасыдай өмір сүрді, олардың басты құндылықтары табандылық, өзара көмек, жанашырлық, бауырмалдық болды.

"Қазақстанда Ұлы Отан соғысын ұмытпай, жас ұрпаққа кеңес халқының ұлы жеңісіне құрметпен қарауды үйрететіні қуанышты", - деді елші.

47
Кілт сөздер:
Алексей Бородавкин, елші, Ұлы Отан соғысы, Ресей
Талғат Бигелдиновтің алып мүсіні

Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновтің алып мүсіні ашылды фото

112
(Жаңартылды 15:34 08.05.2021)
Осы күндері батырдың есімі әуе қорғанысы күштерінің әскери институты мен Қарағанды "Жас ұлан" республикалық мектебіне берілген

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Елордада 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

К подножию памятника возложили цветы
© Photo : пресс-служба министерства обороны Казахстана
Әскерилер есткерткіш алдына гүл дестесін қойды

Алып мүсін Сарыарқа даңғылы бойындағы Кенесеры мен Абай көшесінің ортасындағы аллеяда орналасқан. Дәл сол жерден Талғат Бигелдинов көшесі басталады. Ескерткіш қоладан және граниттен жасалды. Мүсінші – Нұрлан Далбай,  ал сәулетші – Расул Сатыбалдиев. Олар Ұлы Отан соғысы жылдары кезіндегі жас ұшқыш Бигелдиновтің бейнесін жасап шықты. Батырдың кеудесінде медальдары да бейнеленген.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов соғыс жылдары ИЛ-2 шабуылдаушы ұшағымен 305 рет аспанға көтерілді. Батылдығы мен ерлігі үшін Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз, III дәрежелі Даңқ, I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды, екі рет Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Дважды Герой Советского Союза Талгат Бегельдинов
© Sputnik / Иосиф Будневич
Екі рет Кеңес Одағының Батыры атанған Талғат Бигелдинов

Ол соғыстан кейінгі жылдары әскери және азаматтық авиация саласында жұмыс істеді, қоғамдық қызметпен айналысты. Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты мен Қарағанды "Жас ұлан" республикалық мектебіне батырдың есімі берілген. Аталған оқу орындарының аумағында аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткіштері тұр. Енді тағы бір мүсін астананың ортасында ашылып отыр.

Оқи отырыңыз: Мүгедек жан Жеңіс күні құрметіне Уфадан Астанаға арбамен сапар шекті

Ескерткіштің ашылу салтанатына Талғат Бигелдиновтәң қыздары – Галина мен Райхан да қатысты.

112
Кілт сөздер:
ескерткіш, Талғат Бигелдинов
Тақырып бойынша
Жеңіс күні қарсаңында әскери ансамбль автобус жолаушыларының көңілін көтерді
Бүгін – Жеңіс күні
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов жайлы не білеміз?
Ресейдің 30-ға жуық қаласында Жеңіс күні құрметіне әскери парад өтеді
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов жайлы не білеміз?
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

39
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

39
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы