Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері

Майдандастарын құтқару үшін кеудесін оққа тосты: Сүндетқали Есқалиевтің ерлігі

236
Қазақстандық Сүндетқали Есқалиев небәрі жиырма жасында мәңгі өшпес ерлік көрсетіп, тарихта батыр болып қалды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларусьті азат ету жолындағы ұрыста майдандастарын құтқару үшін дұшпан оғына өз кеудесін тосты

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Сүндетқали Есқалиевтің есімі батысқазақстандықтарға жақсы таныс. Өйткені олардың жерлесі Александр Матросовтың ерлігін қайталады — қан майданда оқ боратқан жау пулеметіне жер бауырлап барып, амбразураны өз денесімен жаба құлады.

Осылайша жанқиярлық ерлігімен майдандастарының өмірін құтқарып қалды. Ерекше ерлігі үшін Есқалиевке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларусьті азат ету жолындағы шайқасқа 1500-ден астам қазақстандық қатысты. Олардың арасында майдан алаңында ерлікпен қаза тапқан 20 жастағы автоматшы Сүндетқали Есқалиев те бар еді.

Қазақстаннан шыққан батыр жайлы не білеміз

Сүндетқали Есқалиев 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Константиновка ауылында дүниеге келген. Бастауыш білімнен кейін колхозда жүргізуші болып жұмыс істеді.

18 жасында әскерге алынды. Гарнизон мектебінде әскери дайындықтан өткен соң, кескілескен ұрыс жүріп жатқан Беларуське жіберілді.

Дзот времен Великой Отечественной войны
© Sputnik / Анатолий Гаранин
Ұлы Отан соғысы кезіндегі дзот

Есқалиев Могилев облысы Лудчицы ауылының маңында фашистердің қорғаныс шебін бұзып өтті. Қазақ жауынгері алғашқылардың бірі болып дұшпан траншеясына ұмтылды. 1944 жылы 24 маусымға қараған түні жау нүктесін жоюға аттанды. Есқалиев жер бауырлап дзотқа жетіп, граната лақтырды. Бірақ жау пулеметінің үні өшкен жоқ. Осы кезде ол ұшып тұрып, амбразураны өз денесімен жаба құлады.

Туыстарының естелігі

Жәмила Имашева – Сүндетқали Есқалиевтің кіші қарындасы. 1949 жылы соғыстан кейін туған, ағасының ерлігін бала кезінен естіп өскен.

"Анам мен әкем 1984 жылы Беларуське республиканы неміс-фашист басқыншыларынан азат етудің 40 жылдығына барды. Могилев облыстық атқару комитеті оларды Сүндетқали Есқалиев ерлікпен қаза тапқан Лудчицы ауылында орнатылған мемориалдың ашылу салтанатына шақырды", - деді Айнагүл Битенова Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Батыр жиенінің айтуынша, монумент елу метрлік қорғанды еске түсіреді, төменде алты Кеңес Одағы батырының кескіні бейнеленген.

Есқалиевтің туысқандары бұрынғы Могучий кентінің орнында орналасқан "Лудчицкая высота" мемориалды кешенінде болды. Бауырластар зиратында алтын әріптермен "Кеңес Одағының батыры Сүндетқали Есқалиев. 1924 жылы туған. 1944 жылы 24 маусымда қаза тапты" деп жазылған.

"Менің анам Сүндетқали Есқалиев құрамында болған 556 атқыштар полкінің ардагерлерімен кездесіп, әңгімелесті",  - деді Айнагүл Битенова.

Марапаттар

Мәңгі өшпес ерлігі үшін Сүндетқали Есқалиевке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Тағы оқыңыз: Ұлы Отан соғысы: Ресейде екі қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Туған ауылы Константиновкада (қазіргі Аққұдық) батырға бюст орнатылған, мектепке есімі берілді. Могилев облысы Могучий партизан ауылында ескерткіш тұрғызылды, Беларусьте Минск пен Быхов қаласындағы көшелер Есқалиевтің есімімен аталады.

Жауынгердің сүйегі Яново кентіндегі бауырластар зиратында қайта жерленді.

236
Кілт сөздер:
Жеңіс күні, Беларусь, Ұлы Отан соғысы
Тақырып бойынша
9 мамыр: Ұлы Отан соғысында Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
Жеңіске тағзым: Нұркен Әбдіров туралы фильм қалай түсірілді
Карантин кезінде ардагерлерді Жеңіс күнімен қалай құттықтайды
Ардагерлерге материалдық көмек көрсетуге 7,6 млрд теңге бөлінді
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан туралы деректер
Көпшілік біле бермейтін Ұлы Отан соғысының батырлары
Сергей Казанцев, халықаралық Достар мектеп-лицейінің оқушысы

Алматылық оқушының Момышұлы туралы еңбегі халықаралық байқауда үздік деп танылды

12
(Жаңартылды 15:50 15.10.2020)
Қазақстандық оқушы Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы ақпарат жинап, зерттеу еңбегін әзірлеген

АЛМАТЫ, 15 қазан - Sputnik. Россотрудничествоның "Победа – одна на всех!" халықаралық байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Әлемнің 11 елінен қатысқан 35 жеңімпаздың арасында қазақстандық оқушы Сергей Казанцев те бар. Бұл туралы жарысты ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Байқауға 14 мемлекеттің – Қазақстанның, Абхазияның, Әзербайжанның, Беларусьтің, Арменияның, Қырғызстанның, Молдованың, Тәжікстанның, Түрікменстанның, Өзбекстанның, Украинаның, Оңтүстік Осетияның, сондай-ақ Италия мен Францияның 14-17 жас аралығындағы оқушылары қатысты.

"Жоба 300 шетелдік мектептің тоғыз мыңға тарта қатысушысын қамтыды. Бұл – жақсы көрсеткіш. Біз Ресей мен шетел мемлекеттердің ортақ тарихын зерделеуге бағытталған мұндай жобалардың оқушылардың қызығушылығын тудыратынына тағы да көз жеткіздік", – деді ұйымдастыру комитетінің жетекшісі, Россотрудничество басшысының орынбасары Михаил Брюханов.

Өз кезегінде Россотрудничествоның басшысы Евгений Примаков әлемнің көптеген елінен келген жастардың үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенін атап өтті. Олар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өздерінің туған ауылдары мен қалаларында болған оқиғаларға қатысты мыңдаған фактіні жаңғыртты.

"Бұл әр қатысушының тарихи жадыны сақтауға қосқан баға жетпес үлесі", – деп есептейді ол.

Оқушы Бауыржан Момышұлы туралы бейнеролик әзірледі

35 жеңімпаздың біреуі – қазақстандық оқушы. Оның есімі – Сергей Казанцев. Он бес жасар алматылық "Достар" халықаралық мектеп-лицейінің сегізінші сыныбында оқиды. Акция кураторы, оқытушы-тәлімгер Наталья Лановенконың айтуынша, Сергей орасан жұмыс атқарған. Ол Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы ақпарат жинап, зерттеу еңбегін әзірлеген.

Оқушыға мектеп әкімшілігі мен "Достар" халықаралық мектеп-лицейінің мұғалімдері – сурет пәнінен сабақ беретін Людмила Гринь мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, акция кураторы Наталья Лановенко қолдау көрсетті. Мысалы, сурет пәнінен сабақ беретін Людмила Гринь қашықтан оқыту режимі кезінде оқушылармен бірлесіп, Ұлы Отан соғысына қатысты суреттер дайындады.

"2020 жылдың қаңтарында мектебіміз "Панфилов с нами" халықаралық акциясына қатысты, Сережаға генерал Панфиловтың, панфиловшыл-жерлестеріміздің ерлігі қатты әсер етті. Сергей "Панфилов с нами" халықаралық акциясы аясында ұйымдастырылған байқаудың шарттарын көрген кезде Кеңес Одағының Батыры, жазушы, жерлесіміз Бауыржан Момышұлының өмірбаянын зерттегісі келді", – деп дейді Наталья Лановенко.

Сергей Казанцев 2020 жылдың мамырында сыныптастары алдында Момышұлы туралы зерттеу еңбегінің таныстырылымын жасайды.

Ол өз баяндамамасын бейнеролик түрінде әзірлеген, оған деректі фильмдердің фрагменттерін қосып, музыкамен әрлеген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наталья Никитична (@natalia.nikitichna)

Наталья Лановенконың айтуынша, Сергей математика пәнінен өтетін олимпиадаларда, шахмат турнирлерінде, зияткерлік байқауларда және мәнерлеп оқу жарыстарында жеңіске жетіп жүрген үлгілі оқушы.

Батырлар ерлігі ұмытылмайды

Сергей Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген отандасымыздың ерлік пен қаһармандық үлгісін көрсеткенін, қазір батырларға ескерткіштер орнатылып, олардың есімдері көшелерге берілгенін жазады. Өйткені, "олар біздің тамырымыз, біздің мақтанышымыз" деп есептейді оқушы.

Ол Бауыржан Момышұлының тұлғасы мен тағдыры қатты қызықтырғанын, қазақ батырының Мәскеу түбіндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі сонау 1941 жылдары аңызға айналғанын, бұл туралы әйгілі орыс жазушысы Александр Бектің "Волоколамское шоссе" повесінде жазылғанын айтады.

Сергей Казанцев кейінгі жас буын сұрапыл соғыс жылдары Отанын қорғаған батырлардың ерен ерлігін әрқашан есінде сақтайтынын атап өтті.

"Победа – одна на всех!" байқауы

Мектеп оқушыларына арналған "Победа – одна на всех!" халықаралық байқауы Ресей мен шет елдер халықтарының ортақ тарихи қаһармандарын анықтауға арналған ақпараттық-ағартушылық жоба. Ол жастардың бойында батырлардың ерлік істерінің үлгісін қалыптастыруға және елінің тарихы мен Ұлы Отан соғысының ұмытылмас оқиғаларын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. 

Сергей Казанцев, ученик международной школы-лицея Достар
© Photo : предоставлены учителем-куратором Натальей Лановенко
Сергей Казанцев, Достар халықаралық мектеп-лицейдің оқушысы

Байқауға қатысушылар 1941-1945 жылдары майданда шайқасқа түскен, тылда жұмыс істеген, ұлты мен дініне қарамастан, неміс-фашист басқыншыларын жеңудің ортақ үлгісін көрсеткен жандар туралы мәліметтерді іздеді.

"Победа – одна на всех!" жобасын Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай, Россотрудничество мен "Сделаем вместе!" қозғалысы бірлесіп ұйымдастырды.  2019 жылы өткізілген "Наши герои" халықаралық байқауы Ресей мен көршілес елдер халықтарының ортақ тарихын зерттеуге арналған болатын.

Оқи отырыңыз: Ұлы Отан соғысы: қазақ жауынгері мен оның қызметтік иті туралы қызықты әңгіме

12
Кілт сөздер:
оқушылар, Ұлы Отан соғысы
Тақырып бойынша
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі елге жеткізілді
Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгердің сүйегі елге қайтарылады – брифинг
Қазақстанда "Жеңіске 75 жыл" монеталары айналымға шықты
Жеңіске - 75 жыл: Байқоңырда ардагерлерге медаль табысталды
Ұлы отан соғысы жылдары Қазақстанның қай өңірі бомбаланды
Іздеу тобы, архивтегі фото

Киевте қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі туған елінде жерленеді

81
Ресей мен Украинаның іздеу отрядтары Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан Қызыл армия жауынгерлерінің сүйектерін Қазақстанға тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Ұлы Отан соғысына қатысқан бес қазақстандықтың сүйегі жер қойнына тапсырылады. Төрт жауынгер Ресейден, тағы біреуі Украинадан табылды, деп хабарлады "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова.

"2020 жылдың наурызында украиналық "Вертикаль" іздеу тобымен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру барысында 1940 жылдың ақпанында әскерге шақырылған Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, жауынгер Қайыржан Тікшекеевтің сүйегі табылды", - деді Мушанова Sputnik Қазақстан агенттігінің мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Қазіргі таңда жауынгердің сүйегі Қазақстан Республикасының Киевтегі әскери атташесіне тапсырылды және 2020 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстанға жеткізіледі. Жауынгердің немересі Марат Тікшекеев оны Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Дәукара ауылында жерлеуді жоспарлап отыр.

"Вертикаль" мамандандырылған іздеу бірлестігінің жетекшісі Владимир Жарконың айтуынша, сарбаз сүйегінің қалдығы жүгері алқабынан табылған.

"2020 жылдың 30 наурызында Киев облысының Макаров ауданында жүргізілген далалық жұмыстар кезінде біз Қызыл әскердің төрт сарбазының сүйегін таптық, олардың біреуі қазақ Қайыржан Тікшекеев болып шықты. Біз жеке сәйкестендіру белгісі арқылы сарбаз туралы деректерді анықтадық. Оның сүйегінің қалдығы жүгері өсірілетін егістік алқабынан табылды. Бұл бауырластар зираты емес, Тікшекеев өзінің соңғы шайқасын осы жерде өткізген. Ол 1941 жылы Киевті қорғаған 28-ші атқыштар дивизиясының құрамында болған", - деді Жарко.

Марат иТикшекеев – внук погибшего воина Кайыржана Тикшекеева
© Sputnik / Владислав Воднев
Қаза болған жауынгер Қайыржан Тікшекеевтің немересі Марат Тікшекеев

Қазақстандықтың туыстарымен әлеуметтік желі арқылы байланыс орнатылған.

"Біз әлеуметтік желінің көмегімен сарбаздың туыстарын, немересі Маратты тез тауып алдық. Facebook-ке жаздық, ол бірден жауап берді, артынан хат жазыстық, біртіндеп достық қарым-қатынас орнаттық. Кейін Қазақстан елшілігі бізбен байланысқа шықты. Ал 18 қыркүйекте сарбаздың сүйегін туған жеріне жөнелттік", - деп атап өтті іздеу отрядының өкілі.

1941 жылдан бастап іздеген

Әскери жауынгердің немересі Марат Тікшекеевтің айтуынша, туыстарының Қайыржан Тікшекеев туралы дерек іздегеніне 80 жылға жуықтаған.

"1940 жылы атам әскер қатарына шақырылады. Соғыс басталған кезде ол Украина майданына жіберіледі. Сол жерден 1941 жылдың жазына дейін хат келіп тұрады. Содан кейін онымен байланыс үзіліп, ол хабар-ошарсыз кеткен сарбаздардың тізіміне ілікті. Алайда біздің әулетіміз іздеу шараларын тоқтатқан жоқ. Алдымен әжем, кейін әкем іздеді. 2004 жылы әкем дүниеден өткеннен кейін іздеу шараларымен өзім айналыстым. Қолымда атамның хаттары, ол туралы кейбір мәліметтер болды", - деді Марат Тікшекеев.

Кайыржан Тикшекеев
© Photo : Из семейного архива Тикшекеевых
Қайыржан Тікшекеев

Ол Украинаның іздеу отрядының өкілдеріне, Қазақстанның қорғаныс министрлігіне және "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігіне атасының сүйегін туған жерінде қайта жерлеуге қолғабыс тигізгені үшін алғыс білдірді.

"Алғашқыда сүйек қалдықтарын "заңсыз қазушылар" тапқан, олар іздеу бірлестігіне келіп, сол жерді мұқият қарап шығуды өтінген. Нәтижесінде жүгері алқабында мерт болған көп сарбаздың сүйегі жатқаны белгілі болды. Ал атамыздың сүйегінің табылғанын әлеуметтік желілер арқылы білдік. Қазір оны жер қойнына тапсыруға қатысты шаралар толығымен дайын, барлық туысымыз бұл күнді асыға күтіп отыр", - деді Қайыржан Тікшекеевтің немересі.

Тағы бір жауынгердің сүйегі елге жеткізіледі

Райгүл Мушанова сондай-ақ Ресей жерінен табылған басқа жауынгерлердің де сүйегін отанына жіберу туралы айтып берді.

"Atamnyn Amanaty" қауымдастығының, ресейлік және қазақстандық іздеу жүйелерінің, қорғаныс министрлігінің, Ресей Федерациясы мен Қазақстан елшіліктерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында Қазақстаннан шақырылған және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза тапқан төрт Қызыл Армия жауынгерінің сүйектерін елге жеткізуге мүмкіндік туды. Олар кезінде хабарсыз кеткендер тізіміне енгізілген сарбаздар", - деді деп атап өтті ол.

Мушанова бұл миссияның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, 75 жыл бойы бұл сарбаздар туралы жылт еткен жаңалықты туыстары мен достары асыға күткен. Бүгінде есімдері ел жадында сақталған жауынгерлер туралы отбасылық естеліктер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

2019 жылдың қазанында  "Atamnyn Amanaty " қоғамдық бірлестігі 1942 жылдың тамыз айынан бастап хабар-ошарсыз кетті деп саналған сарбаз Сүйінбай Мәзібаевтың сүйегін Алматы облысының Сүмбе ауылына жеткізіп, салтанатты түрде жер қойнына тапсыру шарасын ұйымдастырды.

Заместитель председателя правления общественного объединения Atamnyn Amanaty Райгуль Мушанова
© Sputnik / Владислав Воднев
"Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова

2020 жылдың 23 мамырында Медет Аманжоловты Қарағанды облысы Ақадыр ауылында жерлеу үшін  сүйегін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

2020 жылдың қыркүйек айында Қазақстанға Қызыл армияның екі жауынгерінің сүйегі тапсырылды. Жағыпар Қайларовтың сүйегі Алматы облысының Жетіген ауылына, Әзікен Нұғмановтың сүйегі Ақмола облысына жеткізілді.

Ленинград түбіндегі шайқаста қаза тапқан Ескендір Ойнаровтың сүйегін елге жеткізу үшін келіссөздер жүргізілуде.

"Константин Москвин жетекшілік ететін "Иван Сусанин" отряды Санкт-Петербург маңында қазба жұмыстарын жүргізіп, жерлесіміз Ойнаров Ескендірдің сүйегін көтерді. Біз Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасын туған жерінде қайта жерлеу үшін  Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігіне хабарластық.  Олар жауынгердің туыстарын табуға көмектесті", - деді Мушанова.

81
Кілт сөздер:
соғыс, қазақстандық жауынгер
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

0
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

0