Архивтегі фото

Соғыста қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі

141
(Жаңартылды 21:54 03.06.2020)
1942 жылы қаза болған Өмірзақ Қазанғаповтың сүйегін ресейлік іздеу отряды Смоленск облысының аумағынан тапты

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандық солдаттың сүйегін табыстау өтті.

Останки погибшего в годы войны казахстанца вернутся на Родину
Соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі

Сарбаздың мәйітін 2019 жылы Смоленск облысы Тёмкин ауданының аумағынан ресейлік "Кобальт" іздеу отрядының жауынгерлері тапқан болатын. Оның жеке деректері қасында сақталған жауынгер медальонынан анықталды – Өмірзақ Қазанғапов, 1904 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

"РФ қорғаныс министрлігінің мұрағаттық ақпарына сәйкес, ол 1942 жылы 14 тамызда 120-шы жеке атқыштар бригадасының құрамында Ржев-Сычевка шабуыл операциясының барысында мерт болған", - деп хабарлады Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.

Деректер сәйкестендірілгеннен кейін "Кобальт" іздеу отрядының командирі Иван Зобнин өзінің қазақстандық серіктесі – павлодарлық "Майдан Жолы" іздеу отрядының командирі Александр Шитовпен байланысқан. Оның көмегімен Өмірзақ Қазанғаповтың туыстары табылды. Енді елшіліктің жәрдемімен жауынгердің сүйегін отанына жеткізіп, құрметпен қайта жерлеу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің қайда жерленгені 77 жылдан кейін анықталды 

141
Кілт сөздер:
адамның сүйегі, Ұлы Отан соғысы
Тақырып бойынша
"Қарағандыға хат жібер...": Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровтің көзсіз ерлігі
Аты аңызға айналған Т-34: Жарылған танкте үш күн жатып, аман қалған қазақ жауынгері
Соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары туралы не білеміз?
Жүзден аса фашистің көзін жойды: Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров туралы не білеміз
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі елге жеткізілді
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Нұр-Сұлтандағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды

Ресей елшісі Ұлы Отан соғысындағы жеңіске үлес қосқаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді

40
(Жаңартылды 13:28 22.06.2021)
Ресей Қазақстанда Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған іс-шаралар топтамасын өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай Ресейдің Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Алексей Бородавкин Нұр-Сұлтандағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

"Ұлы Отан соғысы, Гитлердің Кеңес Одағына шабуыл жасауы бүкіл кеңес халқы үшін үлкен апатқа айналды. Бұл отандық соғыс болғандықтан, барлық халық өз Отанын қорғауға білек сыбана кірісті және Қазақстан да шет қалған жоқ. Біз Қазақстанның Ұлы Отан соғысының шайқас даласындағы, соғыс үшін қажетті қару-жарақ пен әскери техника, азық-түлік өндірісіндегі үлесін ұмытқан жоқпыз. Осы үшін рақмет!", - деді Бородавкин ескерткішке гүл қою салтанатынан кейін.

© Sputnik / Абзал Калиев
Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай Нұр-Сұлтандағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі

Ол Ұлы Отан соғысы мен ондағы жеңіс – бұл "даңқ пен мақтаныш" екенін еске салды.

Оның айтуынша, Кеңес одағына шабуыл жасауға тек Германия емес, іс жүзінде бүкіл Еуропа қатысты: СС-ке (неміс тіліндегі Schutzstaffeln (SS) – күзет жасақтары) барлық дерлік еуропалық мемлекеттің азаматтары мүше болды.

"Фашистік Германияны жеңу және Еуропаны азат ету үшін алғыс біздің еуропалық әріптестеріміздің жүрегінде сақталады деп ойлаймын. Алайда қазір Еуропада болып жатқан жағдай бұл ақиқатты растай алмай отыр", - деді Бородавкин.

"Қазір бізге күш көрсетіп, ережелерге негізделген қандай да бір тәртіпті міндеттеуге тырысып жатқандар бар. Біз мұны басымыздан өткізіп көрдік және Екінші дүниежүзілік соғыс Ресейге қысым жасаудың жақсылыққа алып келмейтінін паш ететін сабақ болуы керек", - деді Ресейдің Қазақстандағы елшісі.

Возложение цветов ВОВ
© Sputnik / Абзал Калиев
1,2 миллионға жуық қазақстандық соғысқа аттанып, 600 мың сарбаз қаза тапты

Тура 80 жыл бұрын фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді. 1,2 миллионға жуық қазақстандық соғысқа аттанып, 600 мың сарбаз қаза тапты.

Русский дом Ұлы Отан соғысы басталған күнге арнап еске алу іс-шараларының топтамасын ұйымдастырып отыр. Ол шаралар 22 маусымда Нұр-Сұлтанда басталады.

В 80-ю годовщину начала Великой Отечественной войны Чрезвычайный и Уполномоченный посол России в Казахстане Алексей Бородавкин возложил цветы к Монументу защитников отечества в Нур-Султане
© Sputnik / Абзал Калиев
Ресейдің Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Алексей Бородавкин

22 маусымда сағат 12:15 – "Үнсіздік минуты". 1941 жылы дәл осы уақытта фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуылы туралы хабарлама тарады.

22 маусым сағат 16:00-де Нұр-Сұлтандағы Русский домда "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалдық ойыны қағидасы бойынша турнир өтеді. Жоба Қазақстанның Ядро қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылады.

22 маусымда "Артымызда Мәскеу. Офицер жазбалары" жобасы іске қосылады.

22 маусым – 8 шілде – Қазақстандық танымал суретші Ләйла Махаттың "Анамның жаулығы" Халықаралық арт-жобасының аясында бүкіл әлемдегі әйелдер видеоүндеу жолдайды.

Сондай-ақ, еске алу шаралары Қазақстанның басқа қалалары - Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Степногорск, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Өскемен және Оралда да өтеді.

40
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин

Ресей елшісі қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

65
Ресей елшісі Ұлы Отан соғысында қазақстандық жауынгерлер нацистік Германияны жеңуге орасан зор үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Ол қазақстандықтар мен ресейліктер қан майдан мен тылда КСРО-ның басқа халықтарымен бірдей ерлік көрсеткенін атап өтті.

"Нацистік Германияны жеңуге Қазақстан өлшеусіз үлес қосқанын жеке атап өтуді борышым деп санаймын. 1 миллион 350 мың қазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдарында 528 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, төртеуі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды", - деді Алексей Бородавкин.

Мәскеу үшін шайқаста Алматыда құрылған әйгілі 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясы ерекше көзге түсті. Астана іргесінде Гитлердің танкілерін тоқтатқан 28 панфиловшы батырдың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, деп жалғастырды елші.

Ол 1941 жылы қазіргі Қазақстан аумағында санаулы күндер ішінде қару-жарақ пен әскери техника өндірісі ұйымдастырылғанын еске салды. Қазақстан эвакуацияланған миллиондаған адамның туған үйіне айналды. Бұл жерде бәрі бір отбасыдай өмір сүрді, олардың басты құндылықтары табандылық, өзара көмек, жанашырлық, бауырмалдық болды.

"Қазақстанда Ұлы Отан соғысын ұмытпай, жас ұрпаққа кеңес халқының ұлы жеңісіне құрметпен қарауды үйрететіні қуанышты", - деді елші.

65
Кілт сөздер:
Ресей, Ұлы Отан соғысы, елші, Алексей Бородавкин
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

0
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

0