Саясат

Елбасы Ұлттық ғылым академиясында Досмұхамбетовтың егінін мақтады

© Photo : Официальный сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясына барды
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясына барды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Опера және ғылым театры. Бүгін Алматыдағы Абай атындағы МАОБТ-ты осылай атауға болар еді. Ол жерде Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

АСТАНА, 22 ақп — Sputnik. Сергей Ким. Мемлекет басшысы ғылым қызметкерлері алдында проблемалық мәселелерді көтеріп, елдің ғылым саласын кейінгі жаңғыртуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. 

Осылайша президент ғалымдардың экономиканың нақты секторымен жеткіліксіз деңгейдегі қарым-қатынасы туралы, сонымен қатар, ол ғылыми жұмыстардағы плагиат жағдайлары туралы хабардар екенін айтты. 

"Халықаралық тәжірибе аясында біз қазақстандық ғылымның бірқатар проблемалық мәселелерін көріп отырмыз. Әрине ғылымымызды, оның ішінде Академияны жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Біз нүкте қойдық деп отырған жоқпыз. Тәжірибені зерделеп отырмыз, уақыттың өзі күн сайын не істеу керек екенін, қалай жақсарту қажет екенін айтып беріп отыр. Біз ғылымды орталықсыздандырдық. Көптеген бөлігін жоғары оқу орындарына бердік, алайда олардың бәрі әлі инновациялық орталықтарға айнала қойған жоқ. Қазақстанның ғалымдары өз жұмыстарын белсенді түрде патенттеуде. Бірақ олардың басым көпшілігіне сұраныс жоқ. Ғылым негізінен мемлекет есебінен қаржыландырылуда. Іс жүзінде нақты сектордан тапсырыс түспей жатыр. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстарда плагиат жиі кездеседі, – деді Назарбаев жиналғандарды Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығымен құттықтап болған соң. 

Назарбаев ғылыми саладағы жемқорлық туралы білетінін де тіке айтты.

"Отандық  ғылымды дамыту бойынша тәсілдерді түбегейлі өзгертетін кез келді деп санаймын. Біз ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы заң, жалпы ғылым туралы заң қабылдадық. Ақша беру сатысын қысқарттық. Қарап, бірден ғалымға немесе зертханаға ақша беретін арнайы комиссия құрдық. Меніңше жақсы жаңалық, бірақ ол жерде де ғылымдағы шенеуніктер "жұлмалап алу" үшін жолдар табады. Енді осы заң толыққанды қолданылуы қажет, ол басқалардан емес сіз бен бізге байланысты", — деді президент. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғылымының қалыптасуындағы Академияның еңбегін ерекше атап өтіп, еліміздің ғылыми әлеуетін "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыруға пайдаланудың маңыздылығына назар аударды. 
Нұрсұлтан Назарбаевтың жұртшылық және зиялы қауым өкілдерімен, саяси қайраткерлермен кездесуі - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы қазақстандықтар үшін түбегейлі жаңа міндеттер туралы айтып берді

Сонымен бірге, Елбасы отандық басқару жүйесі мен ғылыми қызметті үйлестіруге қатысты бірнеше өзекті мәселеге тоқталды.

Осыған орай Қазақстан Президенті отандық ғылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды түбегейлі өзгертуді тапсырып, осы бағытта бірқатар нақты міндеттер белгіледі.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті академияның әлеуетін пайдалана отырып фундаменталды және гуманитарлық ғылыми жобалар сараптамасының сапасын жақсарту қажеттігін айтты.

"Ғылымды басқарудың, оны қаржыландырудың жаңа формат бойынша және уақтылы жүзеге асырылатын жаңа жүйесі енгізілді. Сондай-ақ, Ғылым академиясы жанынан әдеп жөніндегі алқалы орган құруды ұсынамын. Ол Ғалым кодексін және Жарияланымдар әдебі жөніндегі кодексті әзірлеп шыға алар еді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігіне Академиямен және жоғары оқу орындарымен бірге отандық ғылыми басылымдарды халықаралық рейтингтік базаларда ілгерілету жұмыстарын жүзеге асыруды тапсырды.

Сонымен қатар, Темірхан Досмұхамбетовтің шаруа қожалығын мақтады. Онда бұрынғы министр мен бизнесмен ғалымдармен бірлесіп, ғажайыпқа қол жеткізіп, гектарынан 50 центнер өнімділік алды. "Біз13 центнер алғанымызға мәзбіз. Қазақстан бойынша, жарайды елестетіп көріңдерші, 50-ге емес…, 25-ке дейін көтердік делік. Біз тау-тау жаңа азықтық астық жасаймыз", — деді президент. Ал операторлардың камералары ірі планмен масаттанған Досмұхамбетовке қаратылды. 

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін үздік зерттеушілерге қосымша гранттар тағайындау, сонымен бірге Орталық Азия елдерінің жас ғалымдарына Қазақстанда ғылыми зерттеу жүргізу үшін грант бөлу мәселесін зерделеу жөнінде тапсырма берді.


Жаңалықтар
0