Саясат

Депутаттар Астанаға президенттің есімін беруді қайта ұсынды

© AP Photo / Sergei GritsВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Керемет Астанамызды ғана емес, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған тұлғаға көрсетілетін құрмет ретінде әділетті болады

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланып жатқан парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Астанаға Президенттің есімін беруді тағы көтерді. 

"2008 жылы мен Астана халықаралық әуежайын тұңғыш Президент, көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атауды ұсынған болатынмын. Бұл бастама қоғамда кеңінен талқыланды. Менің ойымша, үлкен қолдауға ие болды", — деді Сенат депутаты Дархан Қалетаев. 

Архивное фото Нурсултана Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Саясат
Депутаттар Елбасының саяси, тарихи тұлғасын Ата Заңда айқындауды ұсынды

Осыған орай, депутаттың айтуынша, тұңғыш президенттің есімін елордаға және ел нысандарына беру жөніндегі әріптестерінің ұсынысы өзекті және уақытылы болып табылады. 

Бұл ұсынысты депутат Павел Казанцев те қолдады. 

"Мен байырғы Ақмола тұрғыны ретінде бұл ұсыныс біздің тамаша астанамызды ғана емес, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған тұлғаға көрсетілетін құрмет ретінде әділетті деп ойлаймын", — деді депутат. 

Мінберге шығып, сөз сөйлеген басқа да депутаттар бұл ұсынысқа қолдау білдірді. 


Жаңалықтар
0