Саясат

Сирия бойынша Астанадағы кезекті кездесу шілденің басында басталуы мүмкін

© Sputnik / Болат ШайхиновВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кепілгер мұсылман елдерінің өкілдері келіссөздерді Рамазаннан кейін өткізуді ұсынды

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Астанада өтетін Сирия жөніндегі бесінші кездесу шілденің басында Женевадағы сирияаралық келіссөздер қарсаңында өтуі мүмкін, деп жазады РИА Новости. 

Ресей сыртқы істер министрі орынбасары Михаил Богдановтың мәліметтеріне сәйкес, кепілгер мұсылман елдерінің өкілдері – Түркия мен Иран – кездесуді Рамазаннан кейін өткізу туралы ұсыныс жасады. 

"Шілденің басында болуы мүмкін. Оларда қазір Рамазан, сосын мейрам, содан кейін барлығы Астанаға барады. Менің ойымша Женева содан кейін бірден болатын шығарар", — деп атап өтті Богданов. 

Алданда кездесу 12-13 маусымға жоспарланған болатын; кейіннен Қазақстан СІМ келіссөздердің белгісіз уақытқа шегерілгенін хабарлаған. 


Жаңалықтар
0