Саясат

ҚР СІМ: Сирия бойынша кездесу Астанада 4-5 шілдеде өтеді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР СІМ
ҚР СІМ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын Сириядағы жағдайды талқылау бойынша кездесу Қазақстанның елордасында 10 шілдеде өтеді деп хабарланған

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Қатысушылар Сириядағы жағдайды, Астанадағы келіссөздердің алдыңғы раундтары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын, оның ішінде Сирия аумағында жанжалды тежеу аймақтарын құруды талқылауды жоспарлауда, деп хабарлайды   сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі.  

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының, Түркия Республикасының және Иран Ислам Республикасының сыртқы саяси ведомстволарымен келісе отырып, Сирия бойынша Астана процесінің шеңберінде жоғары деңгейдегі бесінші халықаралық кездесудің 2017 жылғы 4-5 шілдеде Астанада өтетіндігі туралы хабарлайды", — делінген хабарламада.

Виды Астаны - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сирия бойынша Астанадағы кезекті кездесу шілденің басында басталуы мүмкін

Ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілгер-елдер – Иран, Ресей және Түркия – әрі қарай мақұлдау мақсатымен Сирияда жанжалды тежеу аймақтарының параметрлерін регламенттейтін құжаттарды қарастырады, сондай-ақ Сирияда жанжалды тежеу аймақтарын құру туралы меморандумға сәйкес гуманитарлық көмектің кедергісіз қатынауын, инфрақұрылым объектілерін қайта қалпына келтіру мәселелерін талқылайды деп көзделуде. 

Сирия бойынша Астана процесінің жоғары деңгейдегі алдыңғы кездесуі 2017 жылғы 3-4 мамырда Қазақстанның бас қаласында өтті. Келіссөздерге кепілгер-мемлекеттермен бірге Сирия үкіметінің және қарулы оппозициясының, сондай-ақ БҰҰ, Иордания және АҚШ делегациялары қатысты.

Кездесудің басты қорытындысы кепілгер-мемлекеттердің Сирияда жанжалды тежеу аймақтарын құру туралы меморандумға қол қоюы болды. Аталған құжат зорлық-зомбылықты тоқтатуға, Сирияның бірлігі мен аумақтық біртұтастығын сақтауға, сондай-ақ қақтығысты саяси реттеуге бағытталған.

Астана процесі Сириядағы жағдайды реттеу жолындағы қосымша арна болып табылады. Мүдделі тараптар бас қосатын негізгі алаңның БҰҰ аясында Женевадағы келіссөздер екендігі белгілі.


Жаңалықтар
0