Саясат

Мәсімов: ҰҚК 10 жылда Қазақстанда 100-ге жуық терактінің алдын алды

© Photo : сайт КНБ РКҚҰК қызметкерлерінің суреті
ҚҰК қызметкерлерінің суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов қызмет нәтижелері туралы мақала жариялады

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті соңғы он жылда жүзге жуық террористік актінің алдын алды, деп жазады ведомство басшысы Кәрім Мәсімов "Казахстанская правда" газетінде жарияланған мақаласында. Мақала ҰҚК-нің құрылуына 25 толуына арналған. 

"Өткен 10 жылда ғана ҰҚК антитеррор қызметі террористік сипаттағы 100-ге жуық зорлық акциясының алдын алды. Халықаралық террористік ұйымдар тарапынан Қазақстанға ұмтылулар бейтараптандырылды. Күрделілігі бойынша бірегей операциялар жүргізілді – "Орталық Азия моджахедтерінің жамаат", "Хизб-ут-Тахрирх" құрылымдары тағы басқалар жойылды. Серіктестік арнайы қызметтермен бірлесіп, ондаған террористтер мен экстремистер  іздестіріліп экстрадицияланды, — деп келтіреді Мәсімов ведомство жетістіктерінен мысалдарды. 

Пара - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҰҚК сыбайлас жемқорлық істерін тергеумен айналысатын болады

ҰҚК басшысының сөзіне қарағанда, өткен 25 жылда Қазақстанның контрразведкасы мемлекеттік құпияларды қорғаудың, барлау-зиянкестік әрекеттерге және Қазақстанның ішкі ісіне заңсыз араласуына қарсы тұрудың жеке қорғаныс жүйесін қалыптастырған. Бастамалы шпионаждың бірқатар әрекеттері, сонымен қатар мемлекеттік органдарға еніп құпия ақпаратқа қол жеткізу бойынша жеке шетелдік арнайы қызметтер мен ұйымдардың жоспарларының жолы кесілді. 

"Сапфир" және "Виктория" контрразведкасының тамаша операциялары тарих еншісінде із қалдырды. 2007 жылы АҚШ президенті Джордж Буш: "АҚШ тарихында ядролық таратпау ісінде Қазақстаннан үздік серіктес болған емес", деп бекер айтпаған", — дейді Мәсімов. 

ҰҚК басшысы өз мақаласына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтіп, елбасының "ұлттық қауіпсіздік болмаса – мемлекет те болмайды" деген принципін еске алады. 

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 25 жыл бұрын, 1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының жарлығымен құрылды.  


Жаңалықтар
0