Саясат

Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

© Photo : tvk-uko.kzҒабидолла Әбдірахымов
Ғабидолла Әбдірахымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкент қаласының әкімі жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Ғабидолла Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.  

Бүгін "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімі бойынша партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовты таныстырды. Ал Зауытбек Тұрысбеков басқа қызметке ауысуына байланысты босатылды. 

Шымкент әкімі автобусқа кешігіп, соңынан жүгірді - Sputnik Қазақстан
Видео
Шымкент әкімі автобусқа кешігіп, соңынан жүгірді

Мұхтар Құл-Мұхаммед Зауытбек Тұрысбековке партия қатарындағы тиімді еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, жаңа Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне табыс тіледі. Зауытбек Қауысбекұлы аталған қызметке осы жылдың маусым айында тағайындалған болатын.

Әбдірахымов Ғабидолла 1975 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономист және мемлекеттік әкімшіліктік басқару мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Әр жылдары жауапты басшылық қызметтерде болды. Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.

Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметіне дейін Шымкент қаласының әкімі болды.


Жаңалықтар
0