Саясат

Назарбаев пен Путин Челябинскідегі форум барысында қандай мәселелерді талқылайды?

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуВладимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев
Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Челябинскіде Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай Бірлескен мәлімдемеге қол қояды

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин 9 қарашада Челябинскіде қос елдің аймақаралық ынтымақтастығының 14-ші форумына қатысады.

Қостанайдағы  көлік зауыты, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Мемлекет басшысы көлік шығаратын отандық кәсіпорынның жұмысымен танысты

Бұл жолы Ресей-Қазақстан форумының негізгі тақырыбы адам капиталының дамуы болады.

Форумның жалпы отырысы алдында Путин мен Назарбаев кездесу өткізбек. Қос елдің басшылары екі жақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.  

Бірқатар мемлекетаралық, үкіметаралық, аймақтық және коммерциялық құжаттарға қол қою жоспарланған. Оның ішінде екі ел басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай Бірлескен мәлімдемеге қол қояды.

Жаңалықтар
0