Саясат

"Камчаткаға барғым келеді" және Елбасының Ресейде айтқан басқа да сөздері

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Қиыр Шығыс пен Камчатканы БАӘ және Түркияға теңеді

АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Челябинскіде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесіп, қос елдің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін қозғап, әрі қарай дамыту әлеуетін талқылады. Назарбаев атап өткендей, екі елдің өңіраралық ынтымақтастығы — "экономикалық ықпалдастықтың негізі әрі ол ешқандай қиындықтарға қарамастан, дамып келеді".

  • "Еске сала кетсек, дәл осы жерде жыл сайын өңіраралық форум өткіземіз деп келіскенбіз. Ұмытпасам, көшеде бір жерде сыра іштік. Владимир Владимирович, биыл сізбен тағы да кездескеніме қуаныштымын", — деді Назарбаев кездесу барысында Путинге.
  • "Әр кездесуіміз – жаңа бір асу, ірі мәселелердің шешімі", — деп атап өтті Елбасы. 
  • "Ресейде біз, қазақстандықтар, білмейтін талай өңірлер бар. БАӘ, Түркияны көргенбіз, ал мұнда одан да қызық жерлер бар. Мәселен, өз басым Қиыр Шығысқа, Камчаткаға барғым келеді, бірақ сәті түспей жүр", — деді Назарбаев Қазақстан мен Ресейде туризмді дамыту мүмкіндіктері туралы пікір білдіріп. 
  • "Біздің еліміздің өңірлерінде ресейлік ЖОО филиалдарын ашу мүмкіндігін қарастыру қажет, ол жақта білім алуға деген сұраныс жоғары, әсіресе, республиканың оңтүстік аумақтарында", — деп ұсыныс білдірді Қазақстанның мемлекет басшысы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы сөз қозғап. 
  • "Екі ел денсаулық сақтау саласын цифрландыруда тәжірибе алмасуы тиіс. Астанада келесі жылдың алғашқы үш айында цифрландыру бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың арнайы форумын өткізуді ұсындым. Қазақстан мен Ресей бұл салада локомотив болуы тиіс", — деп сенім білдірді Назарбаев.

Форум нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды, оның ішінде екі ел арасындағы Каспийдің солтүстік бөлігінің түбіне шек қою туралы келісімнің хаттамасына бекітілген қосымша хаттамаға қол қойылып, "Түймазы-Омбы-Новосібір-2" және "Омбы-Павлодар" магистралді мұнай құбырларындағы технологиялық мұнай статусын анықтау бойынша үкіметаралық келісім жасалды.

Жаңалықтар
0