Саясат

Дариға Назарбаева жаңа қызметке сайланды

© Photo : ҚР СІМ баспасөз қызметі Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланды
Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парламент cенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева жаңа лауазымға ие болды

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. ҚР парламенті сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланды, деп хабарлады ҚР СІМ ресми сайты.

ҚР Сыртқы істер министрлігі ғимараты - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҚР СІМ: Бішкек Қазақстанмен келісімнің күшін жою туралы жариялаған жоқ

Назарбаева осы лауазымда парламент сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованы ауыстырды. Өзінің кіріспе сөзінде Назарбаева осы саладағы заманауи талаптар мен жаһандық трендтерге жауап беретін сыртқы саяси ведомство мен азаматтық қоғамның тікелей байланысын қамтамасыз ету қоғамдық кеңестің басты міндеті болып қалатынын атап өтті.

"Қазақстан өзінің Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігін, ұлттық мүдделерімізді ілгерілету үшін, ең бастысы, БҰҰ тарихында Қауіпсіздік Кеңесінде тұңғыш рет ұсынылып отырған Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін пайдалануда", — деп хабарлады отырыста сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Биыл 25-жылдығы атап өтілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің нығайтуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Дариға Назарбаеваға мерейтойлық медаль табыс етілді.

Жаңалықтар
0