Саясат

Трамп Назарбаевпен кездесуінің видеосын жариялады

© REUTERS / Kevin LamarqueНұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуінің видеокадрларын АҚШ президенті Twitter-дегі жеке аккаунтында жариялады

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінің видеосын Twitter-дегі жеке аккаунтында жариялады. Видеороликті бір миллионнан астам адам көрді. 

"Бүгін Ақ үйде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алу мен үшін құрмет", — деп жазды Трамп. 

​Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та ресми сапармен жүр. Кездесу барысында мемлекет басшысы мен АҚШ президенті саяси және қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Қазақстан президентінің айтуынша, келіссөздер барысында Солтүстік Корея төңірегіндегі ахуалға, сондай-ақ Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қатынастардың күрделене түсуіне байланысты мәселелер талқыланды. 


Жаңалықтар
0