Саясат

Назарбаев АҚШ-қа сапары табысты болғанын мәлімдеді

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанАмерика Құрама Штаттарына ресми сапардың қорытындылары жөніндегі кеңес
Америка Құрама Штаттарына ресми сапардың қорытындылары жөніндегі кеңес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті ПА басшысы және көмекшілерімен сапарының қорытындыларын талқылады

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Саясат
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп қандай келісімге келді?
Кеңеске президент әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, президенттің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов, президенттің көмекшілері Н.Онжанов пен Ә.Смайылов қатысты. 

Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

– Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Қазақстан президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. 


Жаңалықтар
0