Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Назарбаев Мұхтар Құл-Мұхаммедті "Нұр Отан" партиясындағы қызметінен босатты

253
(Жаңартылды 18:16 01.02.2018)
Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы орталық кеңсесіне келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Президент кортежі 17.00-де партия кеңсесіне келді.

Ақорда баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің Бюро отырысына қатысты.

"Нұрсұлтан Назарбаев атқарған жұмысы үшін Мұхтар Құл-Мұхаммедке алғыс айтып, партия төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырды", — деп хабарлайды Ақорда.

253
Кілт сөздер:
"Нұр Отан" партиясы, Мәулен Әшімбаев, Назарбаев, Мұхтар Құл-Мұхаммед
Асқар Мамин

Мамин екі министрді не себепті ауыстырды сарапшылар пікірі

628
(Жаңартылды 18:55 19.01.2021)
Үкіметтің жаңа құрамында екі министр ғана ауысты. Ал бір министр үкімет басшысының орынбасары қызметін қоса атқарады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс сайлауынан кейін үкіметтің құрамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Министрлердің басым бөлігі өз орнын сақтап қалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Біржан Нұрымбетов мен ұлттық экономика министрлігін басқарған Руслан Дәленов қана қызметтен кетті.

Олардың орнына вице-министрлер келді. Ал сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарады. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген саясаттанушылар үкіметтегі кадрлық ауыс-түйісті түсіндірді. 

Министр мәртебесі көтерілді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың айтуынша, сыртқы істер министрінің мәртебесін вице-премьерге дейін көтеру тәжірибесі бұрын да болған. 

"1999 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі мен вице-премьер қызметін қатар атқарған. Сондықтан президент осы тәжірибені жақсы біледі. Сол кезде дипломатиялық корпусты дамытуға қатысты біраз маңызды шешімдер қабылданған болатын. Ал жаңа президенттің командасында сыртқы істер жүйесінен келген мамандар аз емес. Соңғы жылдары сыртқы істер министрлігіне экономикалық және инвестициялық сипаттағы міндеттерді жүктеуге тырысқан. Осы тәжірибе тағы қайталанатын шығар", - дейді Әшімбаев.

Ал саяси шолушы Ғазиз Әбішев тағы екі министрді еске алды. Олар да вице-премьер қызметін қоса атқарған.  

"Кезінде қаржы министрі болған Бақыт Сұлтановқа да вице-премьер қызметі жүктелген. Индустриализация қолға алынғанда Әсет Исекешев вице-премьер болды. Тұтас бір бағыттың міндеті бір министрге жүктелгенде осындай мәртебе беріледі. Себебі ол адам басқа вице-министрлерді шұғыл шақырып, кеңес өткізуі керек. Ведомствоаралық жобаларға жетекішілік етеді. Бізде сыртқы экономикалық бағытты күшейтіп жатқан сияқты", - деп атап көрсетті Әбішев.

Сарапшының сөзіне қарағанда, бүгінде әлемдік экономиканы қалпыну келтіру мен инфекциялық қауіпсіздік аясында интеграциялық жобаларды іске асырған маңызды. Еуразиялық экономикалық одақпен, батыс елдерімен, көрші Қытаймен де тығыз қарым-қатынас жүргізу керек. Сол себепті сыртқы істер министрін вице-премьерге дейін көтеріп отыр. 

Екі министр неге кетті

Данияр Әшімбаевтың ойынша, министр қызметінен кеткен екі шенеунік - сынға жиі ұшырағандар. Ал үкіметтің құрамы қатты өзгермейді деген болжам әу баста болған.

"Руслан Дәленов экономикалық "гуру" бола алмады. Толыққанды стратегия жасалған жоқ. Ал үкімет тарапынан қолға алынған шараларды жиі сынға алды. Біржан Нұрымбетовты ведомствоның сапасыз жұмысы үшін айыптаған. Оған қоса, туған ағасы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді", - дейді Әшімбаев. 

Осы орайда сарапшы 42 500 теңгенің жырын еске алды. Сол кезде есеп-қисаптың әдістемесі көп сөз болды. Электронды жүйеден де ақау шықты. Зейнетақы жинағын пайдалану бойынша алғашқы ұсыныстардың төңірегінде келіспеушілік болған. Ал Руслан Дәленовке мәжілісте жиі сыналатын.

"Дәленовті ғылыми-зерттеу саласына немесе ЕАЭО жүйесіне ауыстыратын шығар. Мәселен, Мәскеуге Еуразиялық комиссияға жіберуі мүмкін", - деп атап көрсетті Әбішев.

Үкімет құрамы тағы өзгере ме

Руслан Дәленовтың орнына ұлттық экономика вице-министрі болған Әсет Ерғалиев келді. Ол үкіметтегі ең жас министр. Жасы – 34-те.

"Ол жас, Лондонда жұмыс істеген. Мықты экономист, білімі де заман талабына сай", - дейді саяси шолушы Әбішев. 

Оның ойынша, биыл үкіметтің құрамы тағы өзгеруі мүмкін. 

"Меніңше, Асқар Мамин әзірше өз командасын сақтап қалғысы келіп отыр. Қазіргі жағдай да солай болып тұр. Оған министрлерді ауыстырған тиімсіз. Цой (Алексей Цой – денсаулық сақтау министрі) жақында ғана тағайындалған. Аймағамбетов (Асхат Аймағамбетов - білім және ғылым министрі) болса, өзін жақсы көрсете білді. Қалғаны бірқалыпты жұмыс істеп жатыр. Басшылық та солай бағалайтын шығар. Бәлкім, жазда өзгеріс болып қалады", - дейді Әбішев.

Ал саясаттанушы Самат Нұртаза Мамин командасын бір-бірімен ойнауға төселген хоккейшілерге теңеді. Сол себепті министрлердің басым бөлігі өз орнында қалды. 

"Әсіресе, пандемия кезінде оңай болған жоқ. 2020 жылы сәуір-қыркүйек айларында өте ауыр болды. Сол кезде министрлер кабинеті өз жұмысын таза "төртке" орындап шықты. Басшысы ауысқан екі министрлік осы "топтың" әлсіз буыны болған сияқты", - деп жазды Нұртаза Facebook парақшасында. 

Айта кетейік, бүгін екі жаңа министр халыққа адал қызмет етуге ант беріп, ресми түрде өз жұмысына кірісті.

628
Кілт сөздер:
пікір, сарапшы, министр, Асқар Мамин
Тақырып бойынша
"Үкімет мұны түсінген жоқ": депутаттар Маминді қолдамады
Бірнеше депутат премьер-министр кандидатурасын қолдамады – Тоқаев не деді
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Үкіметтің жаңа құрамы: ең жас министр
Тоқаев сегіз лауазымды тұлғаны қызметінен босатты
Үкімет отырысы

Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді

11
Үкіметтің жаңа құрамымен өтетін жиында республиканың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер қаралады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Ақорда.

Президент 19 қаңтарда премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

Мамин Тоқаевқа 26 қаңтардағы үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында айтты. Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер қаралады.

Сондай-ақ, кездесуде президентке Қазақстандағы санитарлық-эпидемиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы баяндалды.

Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуалдың бақылауда екенін жеткізді.

Премьер-министр Тоқаевқа коронавиурсқа қарсы вакциналар жөнінде мәлімет берді. Қазіргі уақытта отандық QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтың ІІІ сатысынан өткізіліп жатыр. Оның алдын ала тиімділігі 96 пайызды құрайды. "Спутник V" вакцинасының сапасы аттестациядан өткізілуде. Сондай-ақ GMP стандарты бойынша вакцина шығаратын биофарм зауытының құрылысы жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды.

Мемлекет басшысына тұрғын үй құрылысының даму қарқыны туралы да мәлімет берілді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 16,8 пайызға артып, 15,3 миллион шаршы метрге жеткен.

Кездесу соңында президент үкіметке Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа биылғы төрағалық қызметінің жоғары деңгейде атқарылуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Бұл көпжақты еуразиялық интеграцияның дамуына тың серпін береді.

11
Кілт сөздер:
Үкімет, жалақы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Жұмыс, қызмет

Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырма берді

47
Өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.

Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

47
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, президент
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
2021 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады