АҚШ

Қазақстандықтар үшін АҚШ-та визасыз режим қашан енгізіледі?

156
(Жаңартылды 16:07 02.02.2018)
Қазақстанның азаматтарына қазір АҚШ визасы 10 жылға беріледі

АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Қазақстандағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы басшысы тілшілерге арналған дөңгелек үстел барысында қазақстандықтар үшін визасыз режим туралы пікір білдірді.

"АҚШ-тың визалық саясаты негізінен көптеген агенттіктерге бағынады: АҚШ үкіметі, мемлекеттік департамент. Біз Америкаға қазақстандықтардың келу мүмкіндігін кеңейткіміз келеді. Қазір он жылға виза беріп жүрміз. Бұрын 5 жылға берілетін. Әрі қарай қалай кеңейтуге болатынын көре жатармыз. АҚШ пен Қазақстан арасында визасыз режим қашан енгізілетін білмеймін, бірақ мұндай режимнің орнатылуын жоққа шығара алмаймын. Бірақ қазір біртіндеп ауқымын кеңейтіп жатырмыз", — деді Джордж Крол.

Айта кетсек, Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапары кезіндегі Дональд Трамппен кездесу барысында қазақстандықтар үшін АҚШ-та визасыз режимнің енгізілуіне үміт артатынын білдірген еді.

156
парламент палаталарының бірлескен отырысы

Қазақстанда қандай партиялар тіркелген?

21
Қазақстанда парламенттік сайлау 2021 жылдың қаңтарында өтеді, оған алты саяси партия қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан - Sputnik. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне сәйкес, 2020 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға әділет министрлігі хабарлады.

Саяси партиялардың тізімі

  • Nur Otan партиясы
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы
  • Қазақстан халықтық коммунистік партиясы
  • "Ауыл" ұлттық-демократиялық партиясы
  • "Бiрлік" саяси партиясы
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП)

Қазіргі таңда Қазақстан парламентінде саяси партиялардың үш фракциясы бар: "Нұр Отан", "Халықтық коммунистер" және "Ақ жол".

2021 жылы мәжіліс сайлауы өтеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен парламент мәжілісі депутаттарының сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі.

Қазақстанда парламент екі палаталы, ол мәжілістен - төменгі палатадан және сенаттан - жоғарғы палатадан тұрады.

Мәжіліс сайлауының тарихы
© Sputnik /
Мәжіліс сайлауының тарихы
21
Кілт сөздер:
Мәжіліс, партия
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Нұрлан Нығматулин

"Өте маңызды қадам": Нығматулин алдағы мәжіліс сайлауы туралы айтты

49
(Жаңартылды 11:47 21.10.2020)
Парламент сайлауы барлық саяси партияның өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді, дейді мәжіліс төрағасы

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті парламент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Әрине, парламент сайлауы еліміз үшін, соның ішінде халқымыз үшін өте маңызды қадам. Себебі парламент сайлауы барлық саяси партияның өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді", - деді Нығматулин мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда мәжіліс спикері алдағы сайлау демократияның нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге және еліміздің дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

"Партиялар бәсекелестік күресте халық сенімінің мандатын ала алады. Тәуелсіздік жылдарында болған парламент сайлауы болсын, президент сайлауы болсын, қазақстандықтар үнемі жоғары саяси мәдениетті көрсетіп келеді. Алдағы сайлау да қоғамдық диалогқа, әріптестікке және еліміздегі көппартиялы демократияның дамуына жағдай жасайды деп білемін", - деп атап көрсетті Нығматулин.

Айта кетсек, парламенттің төменгі палатасының кезекті сайлауын өткізу күнін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен бекітті.

Сонымен, мәжілісі сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан парламентке өтетін депутаттардың сайлауы 11 қаңтарға белгіленді. 

49
Кілт сөздер:
Мәжіліс, сайлау, Нұрлан Нығматулин
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, түнде аяз болады

Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, түнде аяз болады

320
(Жаңартылды 13:55 21.10.2020)
Скандинавия циклоны ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі, соған байланысты өңілерде күн бұзылады

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытады, деп хабарлады Қазгидромет мамандары.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде 22-24 қазан күндері қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын мол түседі.

Кей жерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Шығыста таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда апта соңында бұрқасын болуы мүмкін.

Еліміздің солтүстік және орталық аудандарында түнде ауа температурасы 5-13 аязға дейін төмендейді, ал оңтүстік өңірде 3 градус аяз болады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады

 

320
Кілт сөздер:
аяз, жаңбыр, қар