Саясат

Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуНазарбаев пен Путин
Назарбаев пен Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Ресейдің сириялық қақтығысты реттеуге қосқан зор үлесін атап өтті

АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Екі ел көшбасшылары биылғы 29-30 қаңтарда Сочиде өткен Сирия ұлттық диалогы конгресінің қорытындыларын талқылады. Қазақстан президенті Сирия дағдарысын реттеу үдерісіне Ресей Федерациясының қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы мен "Жаһандық дәуірдегі цифрлық күн тәртібі" атты форум туралы ой бөлісіп, Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жөнінде әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.

Жаңалықтар
0