Саясат

Тәжікстан президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуТәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архив сурет
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақпан айында Қазақстан мен Тәжікстан президенттері телефон арқылы сөйлесіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылаған еді

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон наурызда Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Тәжікстан президентін Астанаға шақырды

Бұл туралы бүгін мәжілісте ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов хабарлады. 

"Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 2018 жылдың 14 наурызында Қазақстанға сапарман келеді. Бұл сапар екі елдің ынтымақтастығын дамытуға серпін береді деген сенімдеміз", — деді Әбдірахманов. 

Ақпан айында Қазақстан мен Тәжікстан президенттері телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын.

Жаңалықтар
0