Мухтар Аблязов, архивное фото

Әблязов негізін қалаған қозғалыс Қазақстанда экстремистік ұйым болып танылды

1003
(Жаңартылды 16:50 15.03.2018)
Астананың Есіл аудандық сотының шешімімен Әблязовтың қозғалысы заңсыз және экстремистік деп танылды

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Шетелде қашып жүрген олигарх Мұхтар Әблязов негізін қалаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы экстремистік ұйым деп танылды. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура өкілдері осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бас прокуратура "Қазақстанның демократиялық таңдауы" атты тіркелмеген қозғалыстың заңсыз қызметін анықтады. Оны Қазақстанда 20 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Мұхтар Әблязов құрған. Әблязов сотпен қылмыстық қоғамдастықты құрғаны, 7,5 млрд. АҚШ долларын ұрлап, шетелге шығарғаны үшін кінәлі болып танылған. Қылмыстық табыстарды заңдастыру фактілері бойынша бірқатар еуропалық елдерде Әблязовқа қатысты тергеу жүргізілуде. Ұлыбританияда Лондон қаласының Жоғарғы сотының шешімімен Әблязов пен оның сыбайластарынан 4 миллирад АҚШ доллары өндірілген", — деді бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Лоскутова. 

Оның мәлімдеуінше, шетелде сот жазасынан жасырынып, Әблязов Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын бұзып, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді насихаттау мен үгіттеу бойынша заңсыз әрекетін жалғастыруда. Интеренет желілер, месенджерлер, сондай-ақ әр түрлі әлеуметтік топтарға парақшалар тарату арқылы Әблязов белсенді түрде Қазақстанның азаматтарын қозғалысқа қосылуға шақырады, қазіргі биліктің жағымсыз бейнесін құрып, қоғамда наразылық көңіл-күйлер қалыптастыруда.
 
"Осылайша, жоспарлы түрде әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруда. Наразылық акциялардың бейбітшілігі туралы айтса да, қозғалыс басшысы М.Әблязов пен оның белсенділерінің қылмыстық мақсаты — билікті құлатып, басып алу болып табылады. Бұл әрекеттер «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заң бойынша саяси экстремизм болып саналады және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс ретінде қудаланады", — делінген бас прокуратураның мәлімдемесінде. 

Осыған байланысты Бас прокуратура "Прокуратура туралы" заңда көзделген өкілеттіктерін іске асырып, сотқа қозғалысты экстремистік ұйым деп тану туралы арызбен жүгінген.

"2018 жылғы 13 наурызда Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен аталған арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Сотпен қозғалыстың әрекеті экстремистік деп танылып, оған Қазақстан Республикасының барлық аумағында тыйым салынды. Сонымен қатар, бұл ұйымның әрекетін ақпараттық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, әлеуметтік желілері, мессенджерлер және бейне-хостингтер арқылы таратуға тыйым салынды. Бұдан басқа, әлеуметтік алауыздықты қоздыру, билікті басып алуды насихаттау және оған жария түрде шақыру фактілері бойынша ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде", — деді Лоскутова. 


"Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сот шешімінен кейін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының әрекетіне кез келген қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405 баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреді. "Қатысу" әрекетіне қозғалыстың идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады. Сонымен қатар, "қатысу" болып қозғалысты және оның басшысы Әблязовті қолдауда митингілерді, шерулерді, жария акцияларын және басқа жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу саналады. "Қаржыландыру" ұғымына Әбілязов пен қозғалысқа  ақшаны, өзге де мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық жасау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жатады. Сонымен қатар, істегі заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, қылмыстық жауаптылықтан босатылады", — делінген мәлімдемеде. 

1003
Кілт сөздер:
мәлімдеме, экстремистік ұйым, Бас прокуратура, Қазақстанның демократиялық таңдауы, Мұхтар Әблязов
Нұржан Әлтаев

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр депутат Әлтаев

429
(Жаңартылды 15:45 27.11.2020)
Нұржан Әлтаевқа жаңа партияның басқарушы органына кіру ұсынылды. Қазіргі уақытта ол Nur Otan партиясының мүшесі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағы жаңа саяси партия құрылатынын жариялады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев хабарлады.

"Менің білуімше, олар (El Tiregi – Sputnik) әділет департаментіне тіркеуге өтініш беріп үлгерген", - деп атап өтті Әлтаев.

Толығырақ 27 қарашада "El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының 7 бастамасын ашық талқылау" атты алғашқы халықтық ой-талқының отырысында хабарланады.  

Sputnik Қазақстан тілшісі Әлтаевтан Nur Otan партиясында қалуды жоспарлап отырған жоқсыз ба деп сұрады.

"Маған осы бастамашыл топтан жаңадан құрылған саяси партияның басқарушы органына кіру туралы ұсыныс түсті. Бұл ұсынысты қарастырып жатырмын, әлі шешім қабылдаған жоқпын", - деді Әлтаев.  

Сонымен бірге, депутат Nur Otan саяси партиясы ішінен саяси реформа жүргізу туралы ұсынысты еске түсірді. Егер ол орындалмаса, Әлтаев одан шығуы мүмкін.

"Себебі монополиялау жақсылыққа әкелмейді. Nur Otan партиясы осы саяси реформаны бастағанын күтемін. Егер бұл реформа жүргізілсе, онда партияда қаламын, оны әрі қарай жақтай беремін, партияға жұмыс істеймін. Егер Nur Otan партиясының осындай саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда мен бұл партиядан шығуға тура келеді", - деп сөзін түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды 

Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

2020 жылдың 5 қарашасында Орталық сайлау комиссиясы 6 саяси партияға сайлауға қатысуға рұқсат берді, жаңадан құрылған саяси партия 2021 жылғы науқанға қатыса алмайды.

27 қарашада ЖСДП партиясы съезд  өткізіп, сайлауға бойкот жариялау туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Қазақстанның бес саяси партиясы – Nur Otan, "Ақ жол", "Ауыл" "Адал" (бұрынғы "Бірлік") және Қазақстанның халық партиясы мәжіліс пен мәслихаттардағы орындарға таласады.  

429
Кілт сөздер:
Нұржан Әлтаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды – ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады
Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады
Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретіндегі миссиясын атады
ЖСДП жетекшісі Асхат Рақымжанов

Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады

885
(Жаңартылды 13:00 27.11.2020)
Партия төрағасының мұндай ұсынысы түрлі пікір қайшылығын тудырды. Бірақ басым көпшілігі бойкотты қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) мүшелерінің көпшілігі өздерінің көшбасшысы Асхат Рақымжановтың алда өтетін мәжіліс пен мәслихат сайлауына бойкот жариялау туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Партияның сайлау алдындағы съезі 27 қарашада өтті. Асхат Рақымжанов өз серіктестерін елдегі кез-келген сайлауды елеусіз қалдыруға шақырды.

"Билік оппозицияны дәстүрлі түрде сайлауға қосымша дауыс беру есебі ретінде қатысады және сайлауға қатысушылардың қосымша пайызын ғана алады деп санайды", - деді Рақымжанов.

ЖСДП төрағасы өз партиясының үкіметтік жобаға айналмауы керектігін баса айтты. Оның мұндай ұсынысы түрлі пікір қайшылығын тудырды. Бірақ басым көпшілігі – 32 партия мүшесі – бойкотты қолдады, үшеуі – қарсы, бесеуі – қалыс қалды.

"Мұндай шешім шынымен де қиын. Бірақ мен уақыт өте келе біздің шешіміміз дұрыс болғанын тарих өзі көрсетеді деген сенімдемін. Менің ойымша, бұған барлығы да көз жеткізеді. Парламенттің сайланбайтынына, оның тек басқарылатынына көз жеткізесіздер әлі", - деді Рақымжанов дауыс беру қорытындыларын шығарғаннан кейін.

Сонымен бірге, ол алдағы уақытта партияның жұмысын жалғастыра беру керектігін баса айтты.

"Өмір бұл бойкотпен тоқталмайтыны анық, әлі де сайлау болады. Біз партия құруды жалғастыруымыз керек. Уақыт өте жылдам. Біз биыл көп нәрсе жасауға тырыстық, бірақ объективті факторлар бізге кедергі болды", - деді ол.

Рақымжанов келесі жылы жақсы әрі жаңа мүмкіндіктер болады деп санайды. Сонымен бірге партияның келесі саяси кеңесінің жаңа бағдарламасын жасау туралы шешім қабылданды.

"Біз жаңару бағытын жариялауымыз керек. Партияның жаңаруы маңдайшадағы жазуды ауыстыру сияқты болмауы керек. Біз жұмыс әдісін өзгертуді де қолға алуымыз керек. Саяси кеңестің келесі отырысына партияның жаңа бағдарламасын әзірлеу қажет", - деді Рақымжанов.

Рақымжановтың айтуынша, президенттік сайлауға қатыспаған ЖСДП-ның парламенттік сайлауға бойкот жариялауы партияға ешқандай қауіп төндірмейді.

"Партиямыздың жабылуы үшін біз қатарынан екі парламенттік сайлауды өткізіп жіберуіміз керек", - деп түсіндірді ЖСДП жетекшісі.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды

Айта кету керек, 18 қыркүйекте ЖСДП төрағасының орынбасары Айдар Әлібаев партия келесі парламенттік сайлауға бойкот жарияламайды деп мәлімдеген болатын.

Ал енді Қазақстанның бес саяси партиясы мәжіліс пен мәслихаттардағы орындарға таласады. Олар : Nur Otan, "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Ауыл" ауылшаруашылық партиясы мен Adal (бұрынғы "Бірлік") және Қазақстан коммунистік халық партиясы.

885
Кілт сөздер:
партия, сайлау
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Adal партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады
Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті
Мәжіліс сайлауы: Қазақстанда кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды
қыз, архив

Қостанай облысында анасымен ұрсып қалған қыз өзіне қол салмақ болды

2487
(Жаңартылды 21:20 28.11.2020)
Оқиға Қостанай облысында болды. Қызды құтқару үшін полицейлер гараждың терезесін бұзып кірді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша— Sputnik. Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті.

Қостанай тұрғыны тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Ол қалаға жақын маңдағы Тобыл ауылында қызы гаражды ішінен жауып алып, өзіне қол жұмсамақ ниетте екенін хабарлайды.

Бірнеше минуттан кейін әйел айтқан мекенжайға полиция лейтенанты Амангелді Сыздықов пен Мүслім Исабаев келеді.

Олар гараж ішінен көлік қозғалтқышының дыбысын естиді, ал терезеден көлік ішінде отырған қызды көреді.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда 15 жасар қыз неге күйеуге шыққаны белгілі болды

Полицейлер гараж ішіне кірудің басқа жолы болмағандықтан терезені бұзып кіреді. Олар қызды таза ауаға алып шығады. Осы уақытта анасы да келіп жетеді.

Кейін белгілі болғандай, әйел қызымен ұрсып қалған, сондықтан бойжеткен өзіне қол салмақшы болады. Полицейлер олармен профилактикалық әңгіме өткізіп, екеуін үйге жеткізіп тастайды.

2487