Саясат

Қазақстан мен Қытай бірлесіп Қорғас өзенінде бөгет салады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан мен Қытайдың тулары
Қазақстан мен Қытайдың тулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тиісті келісімге өткен жылы Қазақстанның астанасында қол қойылған

АСТАНА, 14 наурыз —Sputnik. Қазақстан мен Қытай бірлесіп Қорғас өзенінде сел ұстайтын бөгет салмақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан және Қытай тулары - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әбдірахманов Қытаймен ынтымақтастық қалай дамитынын айтты
Бүгін мәжіліс "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы  Қорғас өзенінде "Шүкірбұлақ (Алмалы)" бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа қабылдады. 

"Келісімге сәйкес әр тарап жобаның жалпы құнының елу пайызын мойнына алатын болады. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті заң жобасын жұмысқа қабылдап, ол бойынша 2018 жылдың 12 желтоқсанына дейін қорытынды әзірлеуге дайын", — деді мәжілістің жалпы отырысында комитет төрағасы Глеб Щегельский. 

Келісімге 2017 жылы 8 маусымда Астанада қол қойылған.

Жаңалықтар
0