Саясат

Қазақстан Ресей мен АҚШ-ты сириялық реттеу бойынша диалог құруға шақырды

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанадағы Сирия бойынша кездесу
Астанадағы Сирия бойынша кездесу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада Ресей, Иран және Түркияның сыртқы саясат ведомствосы басшылары Сириядағы ахуалды әрі қарай реттеу процесін талқылап жатыр

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Астанада Сириядағы бітімгерліктің кепіл мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері бас қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресей, Иран және Түркияның сыртқы саясат ведомствосы басшылары елдегі ахуалды әрі қарай реттеу процесін талқылап жатыр.

Сирия туы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Түркия, Иран және Ресей СІМ басшылары наурызда Астанада бас қосады

Кездесудің ашылуында Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов атап өткендей, Астанада өткен сирияаралық реттеу бойынша 8 кездесу "тығырыққа тірелген келіссөздер процесіне қайта жол ашуға" мүмкіндік берді.

"Тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денесін жеткізу, із-түзсіз жоғалғандарды іздеу бойынша жұмыс топтардың атқарған қызметі аса маңызды деп санаймыз. Біздің пайымдауымызша, бұл топтың жұмыстары қақтығысушы тараптар арасындағы сенімді нығайтып, біздің қызметіміздің әрі қарай дамуына айтарлықтай қарқын береді. Келіссөздер басталғалы бері төрт деэскалация аймағы белгіленіп, қарулы қақтығысты тоқтату режимін қадағалау механизмдері құрылды. Астаналық процестің басқа да нәтижелері мен деректерін атап өтпеске болмайды", — деді Әбдірахманов. 

СІМ басшысы атап өткендей, сириялық процес БҰҰ бастамаларынан алшақтамайды, керісінше женевалық процеспен интеграциялануға бағытталған.

"Аймақтардағы шиеленістердің күшеюіне байланысты аймақтық субъектілер, Ресей мен АҚШ, ең әуелі осы мәселе бойынша конструктивті диалог бастауы тиіс деп санаймыз, қос күштің тығыз ынтымақтасуы барлық мүдделі елдерге септігін тигізеді", — деді Әбдірахманов.

Келіссөздер барысында кепіл елдер Сириядағы ахуалды реттеу бойынша ынтымақтастықтың алғашқы жылында қол жеткізілген нәтижелерді талдап, әрі қарай іске асырылатын шараларды жоспарлайды.

Жаңалықтар
0