Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

Назарбаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

55
(Жаңартылды 22:22 25.03.2018)
Ресми сапар барысында бірқатар құжатқа қол қойылды

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Қарсы алу рәсімінен соң Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені үшін Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға ризашылық білдірді.

"Менің ресми сапарымның Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаған шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның 100 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Мен үшін Сіздің әкеңізбен таныс болғаным – зор мәртебе", – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас қарым-қатынастар мен табысты кездесулер екі ел арасындағы байланыстардың дамуына тың серпін беретінін атап өтті.

"Өзара уағдаластықтарды іске асырудың арқасында тек 2017 жылы сауда-саттық көлемі 2 есе өсіп, 374 миллион доллардан 643 миллион долларға дейін жетті. Ал 2015 жылдан бастап бұл көрсеткіш 6 есе артты", – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев визасыз режім енгізу екі ел арасындағы қарым-қатынастарға оң әсер ететініне назар аударып, тараптар инвестицияларды қорғау, ғарыш технологиялары, су энергетикасы, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты әрі қарай ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті.

Соңында Қазақстан президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халиф бен Заид Әл Наһаянға деген ниеттестігін білдіріп, тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян ресми сапармен келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

"Халқымның және жеке өзімнің атынан Сізге Біріккен Араб Әмірліктері жеріне келгеніңіз үшін ризашылық білдіремін. Сапарыңыз сәтті болады деп сенемін. Біз бүгін бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қоямыз. Жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екенімізді айтқым келеді", – деді Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян. 

Ресми сапар барысында тараптар арасында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;
  • Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін (полиэтилен өндірісі) салуға қатысты ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы меморандум;
  •  Атырау облысындағы полипропилен өндіретін зауыт жұмысына қатысу үлесін сатып алуға байланысты өзара түсіністік туралы меморандум;
  • "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамының 49% акциясын сатып алудың негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім;
  •  "DP World" компаниясының "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамының капиталына қатысуының негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім;
  • Дубайдағы "ЭКСПО-2020" дүниежүзілік көрмесіне қатысу туралы шарт.     

55
Кілт сөздер:
Біріккен Араб Әмірліктері, Назарбаев, ресми сапар, президент
Ақорда ғимараты

Президент Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады  

139
(Жаңартылды 19:19 02.08.2021)
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне ықпал ететініне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды осы қызметке қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Арменияның премьер-министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.

Айта кетейік, парламент сайлауында Пашинянның "Азаматтық келісім" партиясы сайлаушылардың 53,92 дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын. Бүгін Армения президенті Армен Саркисян Никол Пашинянды премьер-министр лауазымына тағайындау туралы қаулыға қол қойды.

139
Ақорда

Тоқаев Ердоғанға: бауырлас түрік халқына көмек көрсетуге дайынбыз

154
(Жаңартылды 19:43 31.07.2021)
Қазақстан президенті Режеп Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы алапат өртке байланысты Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатын жолдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхат жолдады", - деп жазды Уәли.

Қазақстан президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, президент Режеп Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.

Айта кетері, Түркияда соңғы бірнеше күнде орман өрті өршіп тұр. Кеше Адана (Пос ауданы), Анталья (Манавгат, Аксеки, Газипаша), Мугла (Мармарис, Кёйджегиз), Мерсин (Айдынджик, Силифке), Османие (Кадирли) аймақтарында он ошақ сөндіріліп жатқаны хабарланды. Өрт салдарынан алты адам қаза болды, 180-нен астамы зардам шекті. Курортта демалып жатқан туристер қауіпсіз аймаққа көшірілді. 

Оқи отырыңыз: Анталиядағы алапат өрт: демалыстағы қазақстандық видео жариялады

 

154
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған
АҚШ полицейлері

АҚШ-тың гипердыбысты зымыраны тағы да сынақтан өте алмады

0
Алғашқы америкалық гипердыбысты зымыран прототипінің бірнеше сәтсіз сынағы АҚШ-тың Ресей мен Қытайдан технологиялық тұрғыда кейіндеп қалғанын көрсетеді   

28 шілдеде АҚШ-тың әскери-әуе күштері AGM-183A Air-Launched Rapid Response Weapon (ARRW) гипердыбысты зымыранын ұшыру сынақтарын сәтсіз аяқтады. Super duper missile өнімі Оңтүстік Калифорния жағалауында B-52H Stratofortress бомбалаушы ұшағынан бөлініп шықты, алайда реактивті тартылыс іске қосылмады. Прототипі Тынық мұхитқа құлады.

Сәуірдегі ұшу сынағы кезінде AGM-183A зымыраны тасымалдағыш ұшақтың қанатынан ажырамай, Эдвардс авиабазасына қайта оралды.

Салыстыру үшін айтсақ, ресейлік гипердыбысты "Кинжал" зымыран кешені 2017 жылдың желтоқсанында әскери-ғарыш күштеріне қарулануға қабылданды. Зымыран әскері қатарында стратегиялық мақсаттағы "Авангард" гипердыбысты блоктары 2019 жылдан бері кезекшілікте тұр. Ресейлік әскери-теңіз флоты "Циркон" кемеге қарсы гипердыбысты зымыранының мемлекеттік сынақтарын аяқтап жатыр. РФ әскери-ғарыш күштері үшін үлкен қашықтыққа ұша алатын Х-95 гипердыбысты зымыраны әзірленіп жатыр.

АҚШ перспективалы гипердыбысты зымыранын әзірлеуді 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. AGM-183A аппараты "сипаттамасы жағынан кез келген ресейлік аналогтан озық болады деп күтілуде". Бұл шындыққа жанаспайтын секілді.

Америкалықтар 5 Махтан асатын гипердыбысты жылдамдыққа қол жеткізуді әзірше армандап қана жүр. Ресейдің "Авангард" гипердыбысты блогы 28 Махқа дейінгі жылдамдықпен ұшады. "Кинжал" мен "Циркон" 10 Махқа дейін жылдамдықты үдете алады.

Ал Қытайдың орташа қашықтыққа ұшатын гипердыбысты DF-17 техникасы 10 Махты еңсере алады. Ол 2019 жылдан беру қарулануға қабылданған.

АҚШ-тың әскери-әуе күштері 2022 қаржы жылында 212,8 миллиард доллар, соның ішінде құпия жобалар үшін 39 миллиард доллар сұрап отыр. Бұл 2021 жылдың бюджетімен салыстырғанда 7,3 миллиард долларға жоғары. Гипердыбысты қаруды дайындауды қаржыландыру 386 миллионнан 438 миллион долларға дейін артады.

AGM-183A аппаратын дайындау 2018 жылы басталған болатын және Lockheed Martinм компаниясы 480 миллион долларға келісімшарт жасады. Оның жобалық қашықтығы 1600 километр болса, жылдамдығы 20 Махты құрауы керек.

The Drive басылымының мәліметі бойынша америкалық әскери-әуе күштері ARRW ұшу сынақтарының кестесі бойынша жеті жылға кешігіп келеді. Бастапқыда оны іске қосу 2020 жылға жоспарланған болатын. АҚШ-тың әскери бюджеті 700 миллиард доллардан баяғыда-ақ асып кетті. Әйтсе де әскери өнеркәсіптік кешен Пентагон үшін гипердыбысты зымырандар құрастырудан жақсы нәтиже көрсете алмай келеді.

Мәскеу мен Бейжің өз территориясын қорғау үшін басымды мақсатта гипердыбысты зымырандарды дайындауға кірісті. Ресей мен Қытай басқа мемлекеттерге әскери шабуыл жасап, басқыншылықпен айналысуды көздемейді. Бұл ұжымдық Батыстың кей кезде агрессияға толы әрекеттерінен қорғану үшін жасалып жатқан шаралар.

Америка Құрама Штаттары 2021 жылдың басында F-15EX сегіз жойғыш ұшағын қаржыландыруды мақұлдады (құны 1,2 миллиард доллар болатын келісімшарт). Бүкіл бірінші партия бойынша ықтимал шығын көлемі шамамен 23 миллиард долларды құрайды. Қалай дегенмен де бүгінде Ресей мен Қытай гипердыбысты қару-жарақ дайындауда оқ бойы озық шықты.

0