Саясат

Назарбаев Путинге: БАҚ түймедейді түйедей еткенді қоюы керек

Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әрдайым Ресеймен бірге жұмыс істейтінін атап өтті

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Ресей басшысы Владимир Путин Сочиде ЕАЭО саммиті қарсаңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлайды РИА Новости.

ЕАЭО - Sputnik Қазақстан
Экономика
ЕАЭО Иран және Қытаймен келісімге қол қояды

"Кеше кешке бейресми жағдайда бастаған әңгімемізді жалғастырып отырғанымызға өте қуаныштымын", — деді Путин Назарбаевпен бірге ресми кездесуді ашып жатып. 

"Қазақстан – біздің стратегиялық одақтасымыз және ең жақын серіктестеріміздің бірі ғана емес, екі ел арасындағы қарым-қатынас табысты әрі жоспарлы дамып жатыр. Былтыр экономикада жақсы нәтижеге қол жеткіздік – тауар айналымы 30,5 процентке өсті", — деген Путин Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі әрі маңызды инвесторы болып қала беретінін атап өтті. 

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан әрдайым Ресейдің жанында екенін, әрқашан бірге жұмыс істеп, барлық бағыт бойынша бірге ілгерілейтінін" атап өтті. 

"Екі ел арасында жұмыс қалыпты жүріп жатыр. Біз кеше барлық мәселені талқыладық. Көрші елдер арасында мәселе туындамай тұрмайды, бірақ екі ел үкіметтері барлық түйткілді ешқандай айғай-шусыз шеше алатын жағдайда", — деді Қазақстан президенті. 

Назарбаев екі ел халқын дүрліктіріп, дау туғызатындарға мән бермейтінін айтты. 

"Біз одақтас, жақын мемлекеттерміз. Сондықтан қос елдің бұқаралық ақпарат құралдары қандай да бір мәселе туындаса, "түймедейді түйедей еткенді" қоюы керек. Біз 25 жыл бойы оларды шешіп келеміз", — деді Қазақстан басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Путин Назарбаевтың қандай қасиетіне таңғалатынын айтты

Еске салып өтсек, 14 сәуірде АҚШ, Франция және Ұлыбритания Сирияға соққы жасағаннан кейін Ресей БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақырған болатын. Мәскеу "АҚШ пен оның одақтастарының Сирияға қатысты агрессиясын" айыптайтын қарардың жобасын таратты. Отырыс барысында құжатқа дауыс берілді. Ресей, Қытай және Боливия жақтап дауыс берді. Сегіз ел, оның ішінде  АҚШ, Франция мен Ұлыбритания қарсы шықты, тағы төрт ел, оның ішінде Қазақстан дауыс беру кезінде қалыс қалды. Сөйтіп Ресейдің Сирияға соққы жасауды тоқтатуға шақыратын қарарын БҰҰ қауіпсіздік кеңесі қабылдамай тастады.

Іле-шала "Ресей" телеарнасының жүргізушісі Владимир Соловьев Қазақстанның позициясына қатысты пікірін білдірді.

"Біз Қазақстанмен қарым-қатынас жайында бір нәрсені білмей жүрміз бе? Мүмкін екі елдің арасынан қара мысық жүгіріп өткен шығар? Біз Қазақстанды және Нұрсұлтан Әбішұлын өте қатты құрметтейміз. Бірақ осындай сын сағаттарда не болып жатқанын түсінгің келеді", — деген еді ресейлік тележүргізуші.

Жаңалықтар
0