Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы қорғаныс министрлеріне әлемдегі ең өткір проблема туралы айтты

51
(Жаңартылды 17:27 24.05.2018)
Қазақстан президенті Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты талқылады

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларымен және қорғаныс ведомстволарының министрлерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы әлемде және өңірде күрделі әскери-саяси ахуалдың сақталып отырғанын айтты, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың белсенді әрекет етіп, ақпараттық кеңістікке төнетін қауіп-қатердің артып келе жатқанына тоқталды.

Қазақстан президенті бірлескен оқу-жаттығулар мен операцияларды жүргізу барысында мемлекетаралық байланыстарды үйлестіру, ұжымдық тетіктерді жетілдіру, сондай-ақ өзара іс-қимылды пысықтау үшін қорғаныс ведомстволары мен қауіпсіздік кеңестері аппараттарының рөлі зор екенін атап өтті.

"Бірлескен қызмет келісілген бағытта және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясында нақтыланған жарғылық міндеттерге сәйкес жүргізілуге тиіс. Біздің жедел әрекет етуші ұжымдық күштеріміз әрдайым өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Алматы облысында өткен "Кобальт-2018" оқу-жаттығу шараларының нәтижелеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы практикалық шараларға ерекше көңіл бөлуге шақырды. Ол үшін "KADEX-2018" көрмесінің мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігін айтты.

"Қазір Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының біріккен штабының саны едәуір өсті. Сондықтан оның жұмысы сапалық тұрғыдан жақсарады деп үміттенуге құқымыз бар. Қазақстан халықаралық терроризмді жалпы әлемдегі және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жауапкершілігі аясындағы ең өткір проблема деп санайды", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті халықаралық терроризмге қарсы тұру ісінде ұжымдық күш-жігердің тиімді болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының халықаралық қоғамдастықпен байланысын кеңейту, шынайы қатерлерге қарсы тиімді шаралар ұйымдастыру, ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Ақорда баспасөз қызметінің, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сергей Шойгу "KADEX-2018" халықаралық көрмесінің маңыздылығына тоқталып, екі елдің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекетаралық байланыстарын нығайту үшін бұл шараның тиімділігін атап өтті.

51
Кілт сөздер:
Назарбаев, Сергей Шойгу, қорғаныс министрлері
Ақорда ғимараты

Президент Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады  

139
(Жаңартылды 19:19 02.08.2021)
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне ықпал ететініне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды осы қызметке қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Арменияның премьер-министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.

Айта кетейік, парламент сайлауында Пашинянның "Азаматтық келісім" партиясы сайлаушылардың 53,92 дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын. Бүгін Армения президенті Армен Саркисян Никол Пашинянды премьер-министр лауазымына тағайындау туралы қаулыға қол қойды.

139
Ақорда

Тоқаев Ердоғанға: бауырлас түрік халқына көмек көрсетуге дайынбыз

154
(Жаңартылды 19:43 31.07.2021)
Қазақстан президенті Режеп Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы алапат өртке байланысты Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатын жолдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхат жолдады", - деп жазды Уәли.

Қазақстан президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, президент Режеп Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.

Айта кетері, Түркияда соңғы бірнеше күнде орман өрті өршіп тұр. Кеше Адана (Пос ауданы), Анталья (Манавгат, Аксеки, Газипаша), Мугла (Мармарис, Кёйджегиз), Мерсин (Айдынджик, Силифке), Османие (Кадирли) аймақтарында он ошақ сөндіріліп жатқаны хабарланды. Өрт салдарынан алты адам қаза болды, 180-нен астамы зардам шекті. Курортта демалып жатқан туристер қауіпсіз аймаққа көшірілді. 

Оқи отырыңыз: Анталиядағы алапат өрт: демалыстағы қазақстандық видео жариялады

 

154
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған
АҚШ полицейлері

АҚШ-тың гипердыбысты зымыраны тағы да сынақтан өте алмады

0
Алғашқы америкалық гипердыбысты зымыран прототипінің бірнеше сәтсіз сынағы АҚШ-тың Ресей мен Қытайдан технологиялық тұрғыда кейіндеп қалғанын көрсетеді   

28 шілдеде АҚШ-тың әскери-әуе күштері AGM-183A Air-Launched Rapid Response Weapon (ARRW) гипердыбысты зымыранын ұшыру сынақтарын сәтсіз аяқтады. Super duper missile өнімі Оңтүстік Калифорния жағалауында B-52H Stratofortress бомбалаушы ұшағынан бөлініп шықты, алайда реактивті тартылыс іске қосылмады. Прототипі Тынық мұхитқа құлады.

Сәуірдегі ұшу сынағы кезінде AGM-183A зымыраны тасымалдағыш ұшақтың қанатынан ажырамай, Эдвардс авиабазасына қайта оралды.

Салыстыру үшін айтсақ, ресейлік гипердыбысты "Кинжал" зымыран кешені 2017 жылдың желтоқсанында әскери-ғарыш күштеріне қарулануға қабылданды. Зымыран әскері қатарында стратегиялық мақсаттағы "Авангард" гипердыбысты блоктары 2019 жылдан бері кезекшілікте тұр. Ресейлік әскери-теңіз флоты "Циркон" кемеге қарсы гипердыбысты зымыранының мемлекеттік сынақтарын аяқтап жатыр. РФ әскери-ғарыш күштері үшін үлкен қашықтыққа ұша алатын Х-95 гипердыбысты зымыраны әзірленіп жатыр.

АҚШ перспективалы гипердыбысты зымыранын әзірлеуді 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. AGM-183A аппараты "сипаттамасы жағынан кез келген ресейлік аналогтан озық болады деп күтілуде". Бұл шындыққа жанаспайтын секілді.

Америкалықтар 5 Махтан асатын гипердыбысты жылдамдыққа қол жеткізуді әзірше армандап қана жүр. Ресейдің "Авангард" гипердыбысты блогы 28 Махқа дейінгі жылдамдықпен ұшады. "Кинжал" мен "Циркон" 10 Махқа дейін жылдамдықты үдете алады.

Ал Қытайдың орташа қашықтыққа ұшатын гипердыбысты DF-17 техникасы 10 Махты еңсере алады. Ол 2019 жылдан беру қарулануға қабылданған.

АҚШ-тың әскери-әуе күштері 2022 қаржы жылында 212,8 миллиард доллар, соның ішінде құпия жобалар үшін 39 миллиард доллар сұрап отыр. Бұл 2021 жылдың бюджетімен салыстырғанда 7,3 миллиард долларға жоғары. Гипердыбысты қаруды дайындауды қаржыландыру 386 миллионнан 438 миллион долларға дейін артады.

AGM-183A аппаратын дайындау 2018 жылы басталған болатын және Lockheed Martinм компаниясы 480 миллион долларға келісімшарт жасады. Оның жобалық қашықтығы 1600 километр болса, жылдамдығы 20 Махты құрауы керек.

The Drive басылымының мәліметі бойынша америкалық әскери-әуе күштері ARRW ұшу сынақтарының кестесі бойынша жеті жылға кешігіп келеді. Бастапқыда оны іске қосу 2020 жылға жоспарланған болатын. АҚШ-тың әскери бюджеті 700 миллиард доллардан баяғыда-ақ асып кетті. Әйтсе де әскери өнеркәсіптік кешен Пентагон үшін гипердыбысты зымырандар құрастырудан жақсы нәтиже көрсете алмай келеді.

Мәскеу мен Бейжің өз территориясын қорғау үшін басымды мақсатта гипердыбысты зымырандарды дайындауға кірісті. Ресей мен Қытай басқа мемлекеттерге әскери шабуыл жасап, басқыншылықпен айналысуды көздемейді. Бұл ұжымдық Батыстың кей кезде агрессияға толы әрекеттерінен қорғану үшін жасалып жатқан шаралар.

Америка Құрама Штаттары 2021 жылдың басында F-15EX сегіз жойғыш ұшағын қаржыландыруды мақұлдады (құны 1,2 миллиард доллар болатын келісімшарт). Бүкіл бірінші партия бойынша ықтимал шығын көлемі шамамен 23 миллиард долларды құрайды. Қалай дегенмен де бүгінде Ресей мен Қытай гипердыбысты қару-жарақ дайындауда оқ бойы озық шықты.

0