Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаевтың мұрагері кім болуы мүмкін: отбасы мүшесі ме, билік элитасы ма?

8425
(Жаңартылды 15:49 25.08.2018)
Қазақстанда бір жыл бұрын ел президенті сайлауына өзін-өзі ұсынуға тыйым салу туралы норма енгізілді. Ең жоғары лауазымға партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттар ғана сайлауға түсе алады. Саясаттанушы Андрей Чеботаревтың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагерлерінің аясы тарылып жатыр

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Қазақстанның екінші президентіне қазіргі ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаевта бар өкілеттіктер берілмейді. Билік транзиті жайлы мұндай пікірді "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев білдірді.

Президенттікке кімдер таласа алмайды? 

Чеботаревтің пікірінше, бүгінде елде билік транзитінің институционалдық сұлбасы көрініс тауып жатыр. Ол "Қауіпсіздік кеңесі туралы" заң жобасы мен "Сайлау туралы" заңға түзетулерді аргумент ретінде келтіріпті. Сонымен бірге, сарапшының пайымынша, соңғысы президент лауазымына кандидаттар тізіміне "қарапайым адамдардың" ғана емес, билік элитасының да енуіне тосқауыл болуы мүмкін.

"Егер бұрын кез келген адам ел президентіне өзін кандидат ретінде ұсына аламын деп есептесе, енді бұл құқық тек қана республикалық қоғамдық бірлестіктерге ғана беріледі. Біз өткен сайлауларда президенттікке лайықсыз адамдардың сайлауға түсуге әрекеттеніп, тіркеу кезеңінде шығып қалып жатқанын көрдік. Алайда, екінші жағынан, мемлекеттік қызметте ешқашан істемеген, ірі бизнес өкілдері болған адамдар бұдан былай сайлауға қатыса алмайды. Бұл ретте Forbes тізіміне кіретін олигархтарды айтуға болады", — деді  Чеботарев Евразия ұлттық университетіндегі көктемгі Еуразиялық жастар мектебінің ашылуында.  

Президенттікке кандидаттар ауру-сырқауы жоқтығын дәлелдеуі тиіс деген талапты Чеботарев "айлалы әрекет" деп бағалады.  

Альтернатива өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев
© Photo : "Урал-Еуразия" сарапшылар клубы
"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев

"Әлдекімді президенттікке кандидат ретінде жібергің келмей ме? Мархабат. Ол кез келген ауруханаға барады, ал оған Астанадан шалынған қоңырауға сүйеніп психикалық ауытқушылығы бар деп жазып береді. Адамды әкімшілік жауапкершілікке тартудың керегі жоқ, оның сырқат екенін айтса жеткілікті. Менің көзқарасым бойынша, мұның бәрі керексіз кандидаттарды жібермеу үшін жасалып жатыр. Алайда бұл қоғамнан емес, билік элитасынан шыққан тұлғаларға қатысты. Қарбалас шақ туған кезде президенттің айналасындағы адамдар өз адамын ұсынады, қарсы топтан біреу шығып, "Мен де ел басқара аламын" деуі мүмкін. Сол кезде осы технология қолданылады", — деп пікір білдірді Чеботарев.  

Президенттің қызынан "көлеңкелі кардиналға" дейін   

Чеботарев қазіргі таңда Қазақстанда "өз қатарын тазалау" жұмыстары жүріп жатыр деп есептейді. Сонымен қатар ол елдегі билік транзиті өзбек сценарийі бойынша өтетініне күмәнмен қарайды. Сарапшының айтуынша, Қазақстан жайлы не айтсаң да, көрші елдің элитасы анағұрлым ұйымшыл. Нұрсұлтан Назарбаев, саясаттанушының пікірінше, бөлшектелген билік топтарындағы тепе-теңдікті сақтай алады.       

"Біздің сарапшыларды екінші президент кім болатыны қызықтырады. Өз басым бұл сұраққа басымды қатырмаймын. Кім болса да, ол адам екінші Назарбаев болмайды. Бұл менің топшылауым. Тіпті өкілеттігі бойынша алып қарайтын болсақ. Қазақстанның екінші президенті болуға ұсынылмаса да, кем дегенде үміткерлерді талқылап, шешім шығарып, ықпал етуге құқығы бар тұлғаларды атап бере аламын", — дейді Чеботарев.

Саясаттанушы өз тізімін екі топқа бөлді: біріншісі – отбасы мүшелері, екіншісі – Назарбаевтың төңірегіндегі адамдар.

Бірінші орында Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы – парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева. "Құқықтарын алға тартатындар" тізімінде – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш, Чеботарев оның Назарбаевтың жиені екенін айтты.

Одан кейінгі кезекте – Ахметжан Есімов, қазір "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы.

Саясаттанушының төрттігіне Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев кіреді. Бірақ, оның пікірінше, Құлыбаев соңғы жылдары саясаттан алшақтап кетті. "Дегенмен, ол айтарлықтай беделді тұлға", — дейді Чеботарев. 

Президентке жақын тұлғалардың ішінен саясаттанушы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты және мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинді, президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековті, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті, сонымен бірге Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Болат Өтемұратовты атады. Саясаттанушының пайымдауынша, бизнесмен — "көлеңкелі кардинал".

"Қазіргі премьер-министр Бақытжан Сағынтаев туралы айтпағаным, ол тек техникалық орындаушы қызметін атқарады", — дейді Чеботарев.

"Ал Тасмағамбетов ше" деген сұраққа саясаттанушы "оны да бағалаймын" деп жауап берді.

Ельцин мырза сияқты

Саясаттанушы Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған "Қауіпсіздік кеңесі туралы" заң жобасының маңызына тоқталды.

"Заңның қабылдануы билік транзиті бірден болады деген сөз емес. Бірақ Назарбаев қалаған кезде, кез келген уақытта болуы мүмкін. Кезіндегі Ельцин мырза сияқты. Ол лауазымын сол кезде көпшілікке беймәлім премьер-министр Путин мырзаға бергісі келді ғой", — деп ойын қорытты саясаттанушы.

Оның айтуынша, транзиттің қашан болатыны туралы ғана пікір таластыра аламыз, ал оның ерте ме, кеш пе орын алатыны жалпыға мәлім жайт.

8425
Кілт сөздер:
Қазақстан, Назарбаев, президент сайлауы, үміткерлер, өкілеттік, мұрагер, билік транзиті
Тақырып бойынша
Дариға Назарбаева ҚР президентінің мұрагері туралы жауаптан жалтарды
Назарбаев өзін Қытайда кім деп атайтынын білді
Венера Назарбаева келін болып түскен Шайжүнісовтер әулеті жайлы не білеміз?
Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер
Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
Мұхтар Тайжан: Дариға Назарбаева Жер туралы заңға қарсы шықты
Дариға Назарбаева: Құдайға шүкір, орыс тілін әлі ешкім алып тастаған жоқ
Дариға Назарбаева: Елбасы - ең үлкен құрметке лайық адам
Дариға Назарбаева жаңа қызметке сайланды
Ақорда

Тоқаев Ердоғанға: бауырлас түрік халқына көмек көрсетуге дайынбыз

65
(Жаңартылды 19:43 31.07.2021)
Қазақстан президенті Режеп Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы алапат өртке байланысты Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатын жолдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхат жолдады", - деп жазды Уәли.

Қазақстан президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, президент Режеп Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.

Айта кетері, Түркияда соңғы бірнеше күнде орман өрті өршіп тұр. Кеше Адана (Пос ауданы), Анталья (Манавгат, Аксеки, Газипаша), Мугла (Мармарис, Кёйджегиз), Мерсин (Айдынджик, Силифке), Османие (Кадирли) аймақтарында он ошақ сөндіріліп жатқаны хабарланды. Өрт салдарынан алты адам қаза болды, 180-нен астамы зардам шекті. Курортта демалып жатқан туристер қауіпсіз аймаққа көшірілді. 

Оқи отырыңыз: Анталиядағы алапат өрт: демалыстағы қазақстандық видео жариялады

 

65
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған
Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті

Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау туралы: алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр

50
(Жаңартылды 16:36 27.07.2021)
Тоқаев сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретінін атап өтті

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорда.

Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.

"Шын мәнінде ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес. Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды.

Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев олардың халық сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенім білдірді.

Жиын соңында жаңадан сайланған әкімдер мемлекет басшысына өз бастамасын жүзеге асырғаны және еліміз бен ауыл игілігі жолында еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Қазақстанда 25 шілдеде ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткенін еске салып өтейік. 

50
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, сайлау
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0