Қазақстанның сыртқы істер министрі АҚШ-қа барды

Қазақстанның сыртқы істер министрі АҚШ-қа барды

43
(Жаңартылды 18:33 26.07.2018)
АҚШ-та Діни сенім бостандығын насихаттау бойынша бірінші министрлік конференция өтеді

АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың АҚШ-қа сапары басталды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның шақыруымен сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі бірінші министрлік конференцияға қатысу үшін Вашингтон қаласына барды.

Конференциядан бұрын 25 шілдеде Қайрат Әбдірахманов АҚШ мемлекеттік департаментінің басшылығымен, оның ішінде мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Джон Салливан және 1990-шы жылдары АҚШ сенаторы ретінде Жібек жолы стратегиясы бойынша ынтымақтастықты дамыту бастамасын көтерген, діни бостандық жөніндегі елші Сэм Браунбэкпен бірге бірқатар кездесу өткізді.

Қазақстанның СІМ басшысы Қайрат Әбдірахмановтың АҚШ-қа ресми сапары
© Photo : Қазақстан СІМ баспасөз қызметі
Қазақстанның СІМ басшысы Қайрат Әбдірахмановтың АҚШ-қа ресми сапары

Дипломаттар Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының қарыштап дамып келе жатқанын атап өтіп, 2018 жылдың қаңтарындағы Вашингтонға ресми сапары кезінде жасалған келісімдердің жүзеге асырылуы туралы сөз қозғады. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары

Сол күні министр америкалық жетекші компаниялар мен корпорациялар басшылығымен кездесіп, Қазақстанда бизнес үшін жасалып жатқан қолайлы жағдайлар туралы айтып берді.

Министр Елбасының экономиканы дамыту бойынша жүргізіп отырған саясаты негізінде ауқымды жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, байланыс және IT-технологиялар салаларында америкалық тәжірибені пайдаланып, инвестиция тартуға Қазақстанның мүдделі екеніне назар аударды. Осы және басқа да көптеген жобалар Қазақстан мен АҚШ-тың алдағы уақыттағы екі жақты ресми сапарлары барысында әзірленіп, іске асырылады.

Қазақстандықтар үшін АҚШ визасыз режимді қашан енгізеді?

43
Кілт сөздер:
дін, кездесу, халықаралық қатынастар, ресми сапар, сыртқы істер министрлігі, Қайрат Әбдірахманов, АҚШ, Қазақстан
Тақырып бойынша
Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің СІМ басшылары отырысы басталды
Назарбаевпен кездескен Корея СІМ басшысы Астанаға тәнті болғанын айтты
Түркия, Иран және Ресей СІМ басшылары наурызда Астанада бас қосады
Әбдірахманов Қытайда қысым көріп жатқан қазақтар туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш

Тоқаев БҰҰ бас хатшысына жеделхат жолдады

1648
(Жаңартылды 11:26 24.10.2020)
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

"Бүгінде барлық ұлт өткенге көз жүгірте отырып, БҰҰ-ның осы жылдар ішінде қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалай алады. Тіпті қазіргі, әлем бастан кешіп отырған геосаясат пен экономикадағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан өткеріп отырған кезде, БҰҰ-на миллиондаған адам, оның ішінде, осал топтар үлкен үмітпен қарайды", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ауысты 

"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуына және қорғалуына тікелей жауаптымыз. БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын растаймын", – деді Қазақстан президенті.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке және БҰҰ-ның барша қызметкеріне игі бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірді.

1648
Кілт сөздер:
жеделхат, БҰҰ
Тақырып бойынша
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

46
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

46
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

"Дүрліктіруге ниетті": министрлік атышулы фильмге қатысты түсініктеме берді

110
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел азаматтары ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы екені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді. 

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

"Журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар жұмсап, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тапты. Тіпті, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

110
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Борат