Саясат

Назарбаев пен Путин не туралы сөйлесті?

© Photo : АқордаНұрсұлтан Назарбаев Ақтауда Владимир Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда Владимир Путинмен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті

АҚТАУ, 13 тамыз — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда Каспий саммитіне қатысу үшін келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан
Саясат
Бес мемлекеттің басшысы Каспий теңізін ресми түрде бөліп алды

Мемлекет басшысы көрші елдің президентіне ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларға жол ашатын Каспий маңы елдерінің айтулы саммитіне белсенді атсалысқаны үшін ризашылық білдірді.

"Екі жақты қарым-қатынастарымыз барлық бағытта, әсіресе, экономика, әскери-техника және ғарыш салаларында ілгерілеп келеді. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық мәселелер де қарқынды дамуда", – деді Назарбаев. 

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Каспий маңы елдері саммиті жұмысының нәтижелерімен құттықтап, мұның Қазақстанның өзінде болған оқиға ретінде тарихқа енетінін айтты.

"Бұл – жиырма жыл ішінде қол жеткізілген елеулі оқиға. Ұзаққа созылған талқылаулар мен пікірталастардан кейін шешім табылды. Осы шешімнің Каспий маңы өңіріндегі ынтымақтастығымыздың дамуына септігін тигізетіні сөзсіз", – деді Ресей президенті.

Назарбаев Руханимен кездесті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Руханимен кездесті

Путин екі ел арасындағы өзара тауар айналымының артқанын атап өтіп, барлық ірі жобалар мен бағдарламалар, соның ішінде ғарыш, энергетика және көлік салалары одан әрі дами беретінін, сондай-ақ елдеріміздің оң нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдіретінін айтты.

"Сізге Ресей мен Қазақстан қарым-қатынастарына ерекше көңіл бөлгеніңіз үшін ризалығымды білдіргім келеді", – деді ол. 

Сонымен қатар, тараптар алдағы уақытта Петропавл қаласында өтетін өңіраралық форумның және Душанбеде болатын ТМД саммитінің мәселелерін талқылады.

Ал РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Путинге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Юрий Хачатуровқа қатысты жағдайды талқылауды ұсынған. 

Хачатуров он жыл бұрын Арменияда төңкеріс жасамақ болды деп айыпталып отыр. 2018 жылдың тамыз айының басында оған елден шығуға рұқсат берілді. 

Юрий Хачатуров ҰҚШҰ-ның Бас хатшылығына өткен жылы 3 жылға отырды. Енді Армения оны ауыстырмақ ниетте, өйткені Хачатуров 2008 жылы наурызда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікке ілінген. 

Жаңалықтар
0